Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:58, доклад
Банк 1994 жылдан бері экономикалық серіктес ретінде Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Негізінен Азия даму банкі шағын және орта бизнесті, қала мен ауыл инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан, банк қызметкерлері серіктестікті дамыта отырып, Қазақстанның жоғарғы табысқа кенелетіндігіне еш күмән келтірмейді. Бұған қоса банк Қазақстанда көлік, энергетика, ауыз су мәселелерін де назардан тыс қалдырмайды. Мәселен, Азия даму банкі 2004 жылы «Ауыз су» мемлекеттік саласында 34,6 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз беру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын оңалтуға септігін тигізген. Енді, банк 2012-2016 жылдар аралығында 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.
Азия даму банкі елімізге 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартпақ
2012-09-19 Жаңалықтар, Экономика Қарау 174
Бүгін Азия даму банкі мен Қазақстан серіктестікті дамытудың жаңа бағыттарына тоқталды.
Банк 1994 жылдан бері экономикалық серіктес ретінде Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Негізінен Азия даму банкі шағын және орта бизнесті, қала мен ауыл инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан, банк қызметкерлері серіктестікті дамыта отырып, Қазақстанның жоғарғы табысқа кенелетіндігіне еш күмән келтірмейді. Бұған қоса банк Қазақстанда көлік, энергетика, ауыз су мәселелерін де назардан тыс қалдырмайды. Мәселен, Азия даму банкі 2004 жылы «Ауыз су» мемлекеттік саласында 34,6 миллион АҚШ доллары көлемінде қарыз беру арқылы халықтың тұрмыс жағдайын оңалтуға септігін тигізген. Енді, банк 2012-2016 жылдар аралығында 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр. Жаңа стратегия үкіметтің 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасымен тығыз байланыста болмақ. «Жаһанды дағдарыс билеп тұрған кезде ел өркениетінің алға ілгерлеуі - Қазақстанның дұрыс ұстанымда келе жатқандығын айқындайды», - дейді мамандар.
Гуангуи ЛИ, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры:
- Бүгін Қазақстан
орта табыстан жоғарғы табыс
елі деген мәртебеге ие
06.01.2012 aslan
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
«Инвестиция» деген сөз латынның «инвест» (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік «ноу-хау», әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл — акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер «мұның бәрін «нағыз капитал» терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады ? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор — бұл
капиталды салған кезде, көбіне басқа
біреудің ең алдымен ойлайтыны
Кәсіпкер — бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер — бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.
Ойыншы — қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты — табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық — саудагерлік іс — әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық
қызметтің маңызды аспектісі
— шетел инвесторларының
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1)шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2)елдің ұлттық
мүдделері үшін қызмет
3)жерді, жылжымайтын
дүние-мүлікті пайдалану
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға
субсидиялар беру;
4)пайда әкетіліміне
үкімет кепілдіктерін немесе
оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын
беру.[17; 448-456 бет]
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық «Мооdy′s Investors Service» рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық
реформаларды табысты жүзеге асыру
үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық
валюта қоры, Еуропалық қайта құру
және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия
даму банкі секілді беделді
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,
Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.
Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.
Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар
Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.
Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
Ковалев В.В. Финансовый анализ Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
ИНВЕСТИЦИЯ АРНАСЫ КЕҢІП КЕЛЕДІ
3 мамыр 2012 | 0 | Экономика | 65 рет оқылды
«Астана – Еуразияның
алтын қақпасы. Осы қақпадан аттаған
әрбір инвестор өзінің бизнес мүмкіндігін
ғана кеңейтіп қоймай, Қазақстанның жаңа
астанасын құрушылардың тарихи шеңберіне
енеді».
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бұл сөзі Астананың тәуелсіз Қазақстандағы
ауқымды жоба ретіндегі экономикалық
және инвестициялық әлеуетін ғана емес,
оның табыстары мен жетістіктерін де айқын
аңғартады.
Астананың жан-жақты дамуын
дүниежүзілік қауымдастыққа таныстыру
міндетін жыл сайын «Astana Invest»
халықаралық инвестициялық
«Astana Invest – 2012» форумы биылғы 24 мамырда
V Астана экономикалық форумы ауқымында
өтеді. Форумның ұйымдастырушысы – Астана
қаласының әкімдігі. Қаланың инновациялық
және экономикалық дамуының өзекті мәселелері
ең жоғары деңгейде қарастырылады. Қалыптасқан
дәстүрге сай форумды Премьер-министр
Кәрім Мәсімов пен Астана әкімі Иманғали
Тасмағамбетов ашады. Форумға шетелдердің мемлекеттік
органдар мен қаржы институттарының, бизнес
құрылымдарының, халықаралық ірі корпорациялардың,
шетелдік инвес- торлар мен экономиканың
нақты секторының өкілдері – барлығы
500-ден астам адам қатыспақшы.
«Astana Invest – 2012» форумында жылдан жылға
жасарып, жайнай түскен елорданы республиканың
ғана емес, бүкіл Еуразияның саяси- әкімшілік
орталығы жақында құрылған Кеден одағының
тірегі ретінде дамыту жайы қарастырылады.
Жиынды ұйымдастырушылар Астананы өркендетуге,
ыңғайлы «ақылды қала» ретінде берекелі
тұрмыс кешіп, белсенді тірлік істеуге
мейлінше инновациялық қырын жетілдіруге
аса көңіл бөліп отыр. Шапшаң әрі жоспарлы
түрде дамып келе жатқан кіндік қала өзіне
артылған үміттерді ақтап келеді.
Астананың экономикалық базасы негізгі
екі бөліктен – құрылыстан және шағын,
орташа кәсіпкерліктен тұрады, ел астанасының
инвестициялық көркі осы екі секторға
тәуелді. 2011 жылғы инвестициялар көлемі
3,9 млрд доллардан асты, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен
35,7%-ға жоғары.
Тікелей инвестицияларды тарту барынша
ашық, екі жаққа да тиімді әрі серіктестер
арасындағы жоғары сенімге сүйенуі керек.
Осы шешуші қызметті алдағы «Astana Invest –
2012» форумы өзіне артқалы отыр. Жиын әлеуетті
инвесторлар аймақта бизнес жүргізудің
экономикалық, құқықтық және басқа жағдайларымен,
Астананың кәсіпорындары мен ұйымдарының
түрлі жобаларымен танысып, олардың инвестициялық
мүмкіндіктерін бағалай алады. Қатысушылар
халықаралық және аймақтық инвестициялық
ынтымақтастық мәселелері мен оның келешегін
ресми және іскер өкілдер арасында талқыға
салады.
Екі жыл бойы форум өзіне жүктелген міндеттер
ауқымын сәтті атқарып келеді. Өткен жылы
«Astana Invest» форумы беделді мәміле алаңы
екенін дәлелдеді. Жиын жұмысына әлемнің
23 елінің 700-ден астам өкілі қатысты. Олардың
қатарында халықаралық бизнес-элита өкілдері,
Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия және
Парсы шығанағының қаржы сарапшылары,
Қазақстанның және шетелдің ұлттық компанияларының,
мемлекеттік басқару орындарының, даму
институттарының мамандары, ірі және орташа
бизнес жетекшілері бар.
Биылғы форумға да үлкен үміт артылып
отыр. Иә, «Astana Invest – 2012» бағдарламасы
мазмұнды және қызықты болары сөзсіз.
Ол үш: «Астана – Еуразия жүрегі және Кеден
одағының қақпасы»; «Астананың инвестициялық
мүмкіндіктері мен келешегі»; «Ақылды
қалаға» арналған инвестиция» атты мәжілісті
қамтиды.
Спикерлер мен модераторлар ретінде әртүрлі
елдің танымал қайраткерлері: ҚР Экономикалық
даму және сауда вице-министрі Т.М.Жақсылықов,
ЕврАзЭС бас хатшысы орынбасары М.Х.Мұсатаев,
«Patentes Talgo SL» компаниясының жеке-дара басқарушы
директоры Хосе Мария Ариол Фабре, «Ертеңгі
күн қаласы» халықаралық жоба жетекшісі
Тобиас Реггелин, Фраунгофер Институты,
ТМД елдері мен РФ аймақтары бойынша IBM
вице-президенті Алтухов Л.Г., «Бизнес
Оулу» (Финляндия) директоры Джуха Ала-Мурсула,
Еуропа мен Орталық Азия бойынша IFC директоры
Томаш Тельма және т.б. таңдалды.
Әлеуетті инвесторларға қала кәсіпорындарының
инвестициялық жобалары бойынша толық
аймақтық дерекқоры ұсынылады.
Осылайша, соңғы жылдары Қазақстанның
бас қаласының экономикалық және инновациялық
дамуына инвестиция салушыларды ынталандыру
ісі жанданып келеді. Сарапшылар болжауы
бойынша, биылғы «Astana Invest –2012» форумы
осы үрдіске өз үлесін молынан қосады.
Информация о работе Азия даму банкі елімізге 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартпақ