Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 12:03, лекция
Фитоценоздағы өсімдіктер басқа өсімдіктермен бірігіп тірішілік етеді: саңырауқұлақтармен, бактериялармен, балдырлармен, жануарлармен, бұлар өздері әсер етедә және өз әсерлерін бірігіп жеңеді. Осы ағзалармен өсімдіктердің өзара байланысын есепке алмайынша фитоценоздағы өсімдікарасындағы түрлі өзара қарым-қатынас түрлерін анықтау мүмкін емес. Өсімдіктер мен ағзалар арасындағы өзара қарым-қатынасты түсіну үшін консорция туралы түсініктің болуы қажет.
1. Консорция туралы ұғым. Олардың түрлері.
2. Паратизим және оның түрлері. (Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар арасындағы қарым-қатынастар)
3. Симбиотикалық (мутуализмдік) контактілі өзара қарым-қатынасы.
Лианаларға сабағы әлсіз, жоғары өсуіне тіректі қажет ететіндер жатады. Лианалар топырақта тамырланады және ағаштар мен бұталардың діңінде, ал шөпті фитоценоздарда – сабақтары күштірек шөп түрлерінде бекінеді. Осы түрдің консорты ретінде және фитоценоз компонентерімен бәсекелечтік қатынаста болады. Лианаларға ағаштектес мен шөптектес өсімдіктер, селагинелла, ашықтұқымдылар және әртүрлі жабықтұқымдас өкілдері жатады. Лиана арасында мико-, бактериосимбиотрофты, құртқоректі өсімдіктер, сапротрофтар бар. Лианалар қарапайым жер үстілік өсімдіктердің жинақталған (сомкнутый) фитоценоздарға бейімделу кезінде пайда болған.
Лиана мөлшері көп тропикалық жаңбырлы орманда (2000 түрге дейін) екі жастық дара топтарымен көрсетілген: ірілер, тек ағаштектестер лиана, жоғары деңгейдегі ярустарға жетеді; майдалар көбіне шөптектестерде кездеседі.
Көптеген ағаштармен біріккен лианалар үшін температура және азотпен қамтамасыз етілуі маңызды. Тропикалық орманда лианалар фитоценоз құрлымын анықтауда үлкен роль атқарады. Өсімдіктер мен лианалар арасындағы олардың беріктігі үшін өзара байланыс комменсализм ретінде қарастырылады. Бұл қатынастар лиана үшін пайдалы тірек ретінде қолданады және өсімдіктерге зиянсыз. Алайда, сөзсіз лиана өсімдік-тірегіне және қоршаған орта арқылы жанама әсерін тигізеді. Егер лиана көп болса, фитоклимат құруға, жарық режиміне, ауа ылғалдығына және т.б. қатысады. Олар біраз көміртегіні жұтып, басқа өсімдіктерде жеткізілуін төмендетеді. Жарықты төмендете отырып, төмен өсімдіктерге жеткізбейді. Лиананың тамыр жүйесі туралы ешқандай мәліметтер жоқ, сондықатан оның су мен қоректік минералды элементтерге бәскелестігі туралы айту қиын. Лианалардың салмағы ауырлаған кезде діңнің немесе сабақтың сынуына әкеледі.
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтар:
1.Консорция туралы ұғым. Олардың түрлері.
2.Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар арасындағы қарым-қатынастар.
3.Өсімдіктердің симбиотикалық бактериялар, азотфиксерлеуші актиномиециттермен өзара қарым-қатынастар.
Информация о работе Өсімдіктер мен олардың консорттарының арасындағы қарым-қатынастары