Бақ – саябақ өнерінің даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 09:39, реферат

Описание работы

Саябақтардың және ландшафтты өнердің даму тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Бұл мәліметті тарихшылардың, ақын – жазушылардың шығармаларынан оқуға болады.
Соңғы жылдары бақ – саябақ өнерінің БҰҰ қарамағындағы бақтар комитеті жұмыс істейді және ландшафтты архитекторлардың халықаралық федерациясы құрылған. Әлемдік комитет саябақ ескерткіштерінің тізімін құрған.

Работа содержит 1 файл

Лекция.docx

— 31.69 Кб (Скачать)

Бақ – саябақ өнерінің даму тарихы

 

Саябақтардың  және ландшафтты өнердің даму тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Бұл  мәліметті тарихшылардың, ақын –  жазушылардың шығармаларынан оқуға  болады.

Соңғы жылдары бақ – саябақ өнерінің БҰҰ қарамағындағы бақтар комитеті жұмыс істейді және ландшафтты архитекторлардың халықаралық федерациясы құрылған. Әлемдік комитет саябақ ескерткіштерінің тізімін құрған.

Египет. Бұл мемлекеттің саябақтары б.ғ.д. 278-2550 жылдарында салынған. Бақтарда ағаш, жүзім егілген. Клеопатра патшаның саябағында інжір, пальма, қараған өсірген.

Ассирия – Вавилон. Қазіргі Ирак территориясына гүлдер отырғызылып әдемі құстар өсірілді. Бұл б.ғ.д. 2340. Ефрат өзені  жағасында Ассирия патша әйелі  Семирамиданың атымен аспалы бақ  салында ұзындығы 48м болған.

Үндістан. Индустардың ағаштарға бас июі  ежелгі дәстүр болып саналады. Бұл  елде Таджмахал мавзолейі салынған.

Персияны  – раушан гүлінің отаны деп  атайды. Персияда парадизад деген  саябақ құрылды. Жабайы аңдар аулайтын жер болды. Аңдардан қорғаныш мұнаралар  салынды. Жол бойына шынар ағаштары отырғызылады.

Қытай біздің эрамызға дейінгі XII ғасырда  алғашқы бақ Геу патшасы салған. Қытайда бақтар екі бағытта қалыптасқан  бірінші – минагюлі бұл бақтарда ағаштардың түрі өскен. Екінші үлкен  жер көлемін алып жатыр. Пекин  қаласындағы бақтың көлемі 300га жерге  орналасқан. Саябақтары тастар, мраморлар, құстар мен жануарлар суреті салынған.

Жапония. Біздің эрамыздың 592-628 ж.ж. император  Суйко кезінде бақтар дамыған. Суреттер орналастырылып таулардың, тастардың, судың пейзаждары қолданылған. Жапонияда  бақтар тен сай деп аталады.

Грецияда  бақтар ерте орта ғасырдан бастап салынған бақтар құрамында жеті ағаштары және биік ағаштарда қатарланып отырғызылған. Алаңдарда құрылған. Александр Македонский  Александрия қаласында қаланың  ¼ бақтар алып жатқан.

Рим. Рим империясының дамуында б.ғ.д. 65-80 ж.ж. басталған. Көбіне жеміс ағаштар өсірілген., бақтар тірі қорғанышпен қоршалған. Бақтар ауыл шаруашылық жерлерде орналасқан.

Испания бақ салу XI-XIII ғ.ғ басталған. Ауданы 530-1550м².

Орта  ғасырда бақтарда утилитарлық бағытта  дамыды.

Ірі феодалдар демалуға арналған бақтар салды. Бақтардың монастрлік типінде  жемісті ағаштар, көкеністер, дәрілік  өсімдіктер өсірілді. Бақтың феодалдық  типі, ұлы Карлдың 788-814 ж.ж. утилитарлық  және ойындар өткізуге арналған түрлері  дамыды. Жаздық аллеялар жасалып жеміс  ағаштары және гүлдер отырғызылды ботаникалық  бақтар құрылды. 1493 жылдары экзотикалық  өсімдіктермен толтырылды. XVII ғасырда  Францияда бақ-саябақ өнері дамыды. Ағаштар әсіресе жалпақтылардан саябақтар құрылды. Саябақтың аумағы 100 га атпен аралауға мүмкіндік жасалынған.

 

XIX-XX ғ.ғ.  Батыс Европа және АҚШ бақ  өнері

 

Пейзажы саябақтар жасау Англиядан бастайды. Ландшафтты жайылым және төбешіктер арасындағы өсіп тұрған ағаш топтары, шабындықтары. Тірі қоршаумен бөлінген. XVIII ғасырдың пейзаждары романтизммен тығыз байланысты сондықтан оны  романтикалық деп атайды. XIX ғасырдың басында қоғамдық бақтар пайда болды. Бұл қала халқы дем алатын орынға айналды. Оларда спорт кешендері, кордтары, футбол алаңы, мейманханалар, кафелер  салынды. Нью – Йорктан орталық  саябағы 5-6 этажды үйлердің ортасында  қайықта жүзетін су қоймасы жасалып, айналасы ағаш бұталармен көмкерілген. Осыған ұқсас орман саябақтары Голландияда  құрылып қала халқына дем алу  үшін пайдаланды. Көлемі 895 гектар.

 

Ресейдің Бақ саябақ өнері

 

Ресейдің  саябақтары V ғасырда пайда болған. XIII ғасырда Киевте Юрий Долгорукийдің  бақ пен бақшасы болған. Мәскеуде бақтар кең тарауы XIV-XV ғасырда бақ  салынған. Бақ өнерінің дамуына Измаилов бағы ерекше орын алады. Жеміс ағаштары ауыл шаруашылық дақылдары гүлдер отырғызылған. Бақтар қоршалған.

Петергоф  бағы (102га) 1715 жылы салынған. Революцияға  дейін бақтар саябақтар патша  резиденциялары маңында және Болгардың  жерлерінде салынды.

Ұлы жеңістен кейін Совет халқының батырларына  арналған мемориалдық сая бақтар жеңіс сая бақтары салынды. Қалалық  аудандық үй маңында, балалар бақшасында ботаникалық демалыс бақтары  салынды.

Қазақстанда жаңа әдіспен микроклиматты жақсарту үшін Шевченко қаласында Алматыда демалатын  пейзажды мәдени саябақ салынды.

 

 

Шектеулі  пайдалануға отырғызылған ағаштар

 

Тұрғын үйлердің аумағына ағаштар отырғызу.

Бұл жүйенің  негізгі құрылымдарының элементі тұрғын үйлердің аумағын, аула бақтарды көгалдандыру, сол соңғы мектеп, балабақша, спорттық кешендерді көгалдандыру.

Топтасқан құрылысты  көгалдандыру аумағына 2-3 га. Бір - екі  қабатты құрылысты үйлердің айналасына жидекті жемісті ағаш түрлерін көбірек  отырғызған дұрыс болады.

Балабақша мекемелерін  көгалдандыру. Дұрыс ұйымдастырылған  көгалдандыру, шағын учаскенің ауасын жақсартады. Балаларды табиғатпен таныстырады, көркемдікті сезгіштік, сезімді  оятады. Табиғатты сүюге тәрбиелейді  және сауықтырғыштық маңызы бар. Балабақшалардың  аумағын безендіру әдістері, гүлзада  егу, көп гүлденуді өсіріп, ашық түсті  қош иісті бұталар отырғызылады. Мектеп жасына дейінгі балалар бақшасы.

Мектеп жасына топтаған балалар бақшасының алаңына  кроны жалпақ, штамбысы жоғары бір  – екі биік ағаш топтары отырғызылады. Тікенекті улы ағаштарды отырғызудан  сақ болу керек, отырғызылатын ағаштар  құрылыстан 10м бұталар 5м алыс орналастырылады  және олар аласа қоршаумен қорғалады.

Көгалдандыруға  отырғызылған ағаштардың аумағы бір  балағы 18-24м³Мектептің учаскесінде  серуендейтін аллея қажет.  

 

Көгалдандырылған  ағаштардың атқаратын  қызметіне қарай бөлініп аталуы

 

Жасыл желекті ағаштарды отырғызу қаланың  құрлысына жоспарлауға әсер ететін факторлардың бірі. Өйткені адамдардың тіршілігі үшін қажетті кішкене  аумақта климатты өзгертіп, тазалық  гигиенаны жақсартады. Сонымен қоса мекен жайлардың көрінісін құрып  қалыптастырады.

Жасыл желекті ағаштарды ауылдарға  және қалаларға отырғызып орналастыру  атқаратын қызметіне байланысты келесі топтарға бөлінді.

А) Жалпылық пайдалану – қала бағы, мәдени және демалыс бағы скверлер, бульварлар, шағын аудандық бақтар.

Б) Шектеулі пайдалану – мектеп аумағында, балалар мекемесінде спорттық кешендерде, денсаулық және өнеркәсіп мекемесінде.

В) Арнайы мақсатта – ботаникалық, зоологиялық  бақтар, көшетханалық, гүлшаруашылық  бақтар.

Бақтар. Олар көптеген әр түрлі іс шаралар жүргізілетін демалып өткізетін. Айтарлықтай көп ағаштар отырғызылған. Бір адамға 75-100м² көлемдегі құрылыс.

Бау-бақша. Күнделікті демалатын жеміс ағаштарын егілген үй маңында демалатын тынығатын. Ағаштар отырғызылған алаң. Баудың көлемінде 80-90% ағаштар, қалғаны жол және құрылысқа бөлінген.

Скверлер. Қала ішіндегі кішкене бау. Сквер кіші көлемді ағаштар отырғызылған құрылым 0,15-2,0 га. Жер және климаттық жағдайларға байланысты төменгі жағында ашық салынған гүлзада өсіріледі. Сквердің ағаш отырғызылған көлемі барлық аумағының 65-70% жолдар 25-30%, құрылыстар 2-5%.

Бульварлар. Көшенің ішкі жағындағы алаңға ағаш егу. Бульварлардың негізгі қызметі жасаулар жүретін жол екі жағына ағаштар отырғызып аздап демалып адамдарға тазалық гигиеналық және таза ауа жұғып отыратын мүмкіндік жасау. Сыртқы жағына бұталардың отырғызып оған күтім ретінде жасалынады. Бульварлардың көлденеңі 10-40м ағаштардың арақашықтығын. Бульварлардың аумағы жолдар 25-30%, гүлзада 2-5%, бұталар 20-25%, ағаштар 30-40%, көгал алаң 10-20%.

Көшелерді көгалдандыру. Көшелерде көркейтудегі ең қажетті құрамы ол ағаштар отырғызу. Көгалдандыру нәтижесінде үйлер, жолдар, күннің қызуының жолдан қорғайды. Адамдарға  жайлы жағдай туғызады және көшелерінде  сәулетті көрініс береді.

Көшелерді көгалдандыруға ағаш және бұталар қолданылады. Көгалдандырудың қарапайым үлгісі ол, ағаштарды жолдың екі жағына бір қатарлап отырғызу. Екінші үлгі тратуармен жүретін жолдың арасына  ағашты топтайты және олардың қатарына бұталарды да отырғызуды қарастыруға  болады. Ағаштарды отырғызған реолактың  көлденең жалпақтығы 1,5-3,0м, үйлердің қабырғасынан бес метр алыс болу керек.

Ағаштардың  арақашықтығы 5-6м жалпақ крондылардың арасы 7-8м. жолдың шегінен ағаштың  діңіне дейін 1-2м, ал діңнің тратуарға  дейінгі алыстығы 0,8м.

Жалпақтығы 12-15м көшелерге бірінші дәрежелі биіктіктегі ағаштарды отырғызуға болмайды. Ал бұталарды пайдалануға  рұқсат етіледі.

 

Емханалар мекемелерінің аумағын көгалдандыру

 

Емханалардың  аумағын көгалдандырудың мақсаты  оларды іргелес көшелерден оңашалау және сырқаттыларға денсаулығын  қалпына келтіретін тынығатын қолайлы  жағдай жасау.

Бұл аумақты желден, шаң тозаңнан, айғай  шудан қорғау қажет. Жасыл аймақтың көлемі 70% кем болмауы керек. Бір  адамға 30-50м ағаштармен көгалдандырылған жер қажет. Құрамы қысы жазы көгеріп  тұратын қылқанды ағаштар болуы  керек. Тұқымы маңайды ластайтын  теректің аналық түрін және улы тікенекті  ағаштарды отырғызуға болмайды.

Емхана  мекемелерінде сырқаттар, дем алып таза ауада отыратын сол сияқты серуендейтін аумақ қарастырылған жөн. Емхана ауиағындағы бақтарда жанға жайлы  тиетін гүлзадалармен безендіру  ұсынылады.

 

Өнеркәсіп мекемелерін көгалдандыру

 

Өнеркәсіп орындарын көгалдандыру мақсаты  – оны жақсартып жайғастыру. Күннің ыстығынан қорғап жұмыскерлердің қысқа  мерзімде көлеңкеде шаңмен, судан  алыс шағын демалуға мүмкіндік жасау. Көгалдандырылған жердің көлемі кәсіпорынның аумағының 15-20% қамтуы керек.

Негізгі кіретін есіктің алдына сквер  жасап көрікті бұталарды отырғызып, гүлзада егіп жасыл алаң жасау  ұсынылады. Заводтың жолдарына тығыз  қатарлап ағаштар мен бұталар  орналастырылады. Тұрмыстық үй бөлменің алдында демалып отыратын алаңда ағаштар мен бұталар отырғызлып гүлзадалр егілуі қажет. Бұлар шаң  тозаңды азайтады.

 

Су бассейндерінің аумағының айналасын көгалдандыру

 

Өзен, көлдердің су тасып көбеюі кезінде  батпақтануда, суалып, кеуіп қалудан  қорғау мақсатында айналаны баурайын су көзінің алдында ағаштар отырғызылады. Өзен көлдердің жағасына отырғызылған ағаштар жағаны шаюдан, топырақтың жуылып кетуінен, су көздерін ластанудан сақтайды. Өзен көлдердің жағасына ағаштардың қай түрін болсада  отырғызуға болады.

Отырғызылатын ағаштардың ландшафтты құрылысынжобалау негіздері

 

Бақ-саябақтың  ландшафттылығын жасауды жобаланғанда саябақ құрушы бақтарға, скверлерге, бульварларға ағаштарды отырғызу жүйесін біліп, оларды көркем жасаусаябақ құрушының  ойланып, ойын іске асыратын туындысы.

Бақ-саябақ ландшафт элементтеріне жататын  заттар: құрылыстар, ағаштар, бұталар, өсімдіктер, тастар, жолдар, көпірлер, үйлер. Бақ-саябақ ландшафтының барлық түрі жер бедерімен топырақ және сол жердің ауасына байланысты.

Бақ-саябақтың  барлық элементтерінің орналастыру  әдемілігін сәулеттілік талапқа  сай тиоптау бақ-саябақтың сәулеттілік  шеберлігі деп аталады.

Негізгі мақсат әр бір көгалдандырылған аумақты  ерекше өзіне тән сәулеттіліктің барлық білімдерінің үйлесіп тұрған жарасымдылығын көрсету. Бұл көріністің негізгі құрылыс материалдары тірі өсімдіктер. Олар өсу даму үрдісінде  өздерінің түрін, бояуын, өзгертіп көркем көрініс береді.

Барлық  бақ-саябақтардың құрылысы үш топқа  бөлінеді. Бірінші тұрақты саябақты жобалау аумағын дәл симметриялы  орналастырылады. (су тұратын, гүлзадалар, отырғызылған ағаштар, аллеялардың, жерлер геометриялық біркелкі формамен жобаланады.) Екінші топ – пейзаждық немесе ландшафттық деп аталады. Бұл  әдіс табиғи ландшафт құрылымына негізделіп жобаланады. Бұл жобаның негізгі  белгілері бұралаң жолдар, структураның сыртқы көрінісі түзу емес, ағаш бұта, гүлзадалардың орналасуы бытыраңқы. Мұндай пейзаждық құрылым көлемді  ағаш отырғызылған жағдайда қолданылады. Үшінші топ тұрақты және ландшафт құрылымын элементтерін біріктіріп жобалау қолайлы деп есептелінеді. Себебі тұрақты топпен салыстырғанда  артықшылығы қарапайымдылығымен тірі табиғаттың жақындылығын жақындап ұқсастығы. Сонымен қоса пейзажды жобалауға  жердің қандай бедері болса да эстетикалық  тұрғыдан қарағанда қызықты болып  көрінеді.

 

Ландшафтты  әдемі көріністі құру мәселелері

 

Жасыл зоналардың орман саябағының ландшафттың  құру үшін жүргізулетін кесулер, төзімді, ерекше әдемі ағаштарға күтім  жасау, олардың тіршілікке төзімділігін сәнділігін, әдемілігін қызығушылық, сезімді  қоздырып, қанағаттандыратын шаралар  жүргізу. Өсіп тұрған топталған, аралас ағаштарды, күтіп сақтау, саябақтағы жағдайы ормандағы табиғи көрінісін  сақтау керек.

Сонымен қоса сүректердің құрылымы әр жастағы  биіктігі сатылы, ағаштар күннің жарығымен  күшін керегінше пайдаланатындай  аумақта орналастырып өсіру мен  қатар ландшафтты көрінісін сәнді  болуды қамтамассыз етуге бағытталған  күтімдік кесулер жүргізілуде.

Орман саябағындағы ағаштардың өсуіне дамуына  қолайлы  және керексіз ағаш түрлерінен тазарту жүргізіледі. Тазарту және жарықтандыру жапырақты ағаштарға  он жастың ішінде, ал шыршаның жас өспірім  ағаштарына бөрікбастары тұтасқаннан  кейін жүргізіледі. Бұл жұмыс  өсіп өну жапырағы бар кезінде  жасалынады. Ал селдіреу қар түскенше, өткінше кесілуі жыл бойы жүргізіледі. Толықтығы 0,8- ден болуы шарт.

Информация о работе Бақ – саябақ өнерінің даму тарихы