Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 12:02, реферат
Тікентіреілер радиальді – симетриялы құрылымды, теңіздердің түбінде бекініп немесе жай қозғалып тіршілік ететін жануарлар. Жануарлардың басқа типтеріне қарағанда құрылымы жағынан бұл айқын бөлектенген тип. Ежелгі гректер оларды, терілерінде ізбесті тікендері болғандықтан тікентерілер деп атаған. Денесі қап сияқты, шар, диск, жұлдыз және құрт тәрізді болып келеді. Денесінің осындай түрлі пішінді болғанымен барлық тікентерілерде оральді немесе актинальді деп аталатын төменгі және оған қарама-қарсы аборальды немесе абактинальді деп аталатын жоғарғы жағын айқын ажыратуға болады.