Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 12:02, реферат
Тікентіреілер радиальді – симетриялы құрылымды, теңіздердің түбінде бекініп немесе жай қозғалып тіршілік ететін жануарлар. Жануарлардың басқа типтеріне қарағанда құрылымы жағынан бұл айқын бөлектенген тип. Ежелгі гректер оларды, терілерінде ізбесті тікендері болғандықтан тікентерілер деп атаған. Денесі қап сияқты, шар, диск, жұлдыз және құрт тәрізді болып келеді. Денесінің осындай түрлі пішінді болғанымен барлық тікентерілерде оральді немесе актинальді деп аталатын төменгі және оған қарама-қарсы аборальды немесе абактинальді деп аталатын жоғарғы жағын айқын ажыратуға болады.
ТІКЕНТЕРІЛЕР
ТИПІ
Тікентіреілер
радиальді – симетриялы құрылымды, теңіздердің
түбінде бекініп немесе жай қозғалып
тіршілік ететін жануарлар. Жануарлардың
басқа типтеріне қарағанда құрылымы жағынан
бұл айқын бөлектенген тип. Ежелгі гректер
оларды, терілерінде ізбесті тікендері
болғандықтан тікентерілер деп атаған.
Денесі қап сияқты, шар, диск, жұлдыз және
құрт тәрізді болып келеді. Денесінің
осындай түрлі пішінді болғанымен барлық
тікентерілерде оральді немесе актинальді
деп аталатын төменгі және оған қарама-қарсы
аборальды немесе абактинальді деп аталатын
жоғарғы жағын айқын ажыратуға болады.
Оральді жағының ортасында ауыз тесігі
және сәулелерді бойлап өтетін амбулакральді
аяқтары орналасқан, ал аборальді жағында
аналь тесігі, жыныс тесігі және мадрепор
тақтасы бар. Сондай-ақ, тікентерілердің
денесі орталық бөлімінен немесе дисктен
және одан тарайтын радиустардан немесе
амбулакралардан құралады. Соңғыларын
сәулелер: немесе қолдары деп те атайды.
Радиус, ол орталық дискіден сәулелердің
артқы ұшына дейін кететін вертикальді
сызық. Радиустар бойында орналасқан мүшелер
радиальді мүшелер болып саналады. Радиустар
аралығында интеррадиус немесе интерамбулакралар
аймағы жатады, сондағы мүшелер интеррадиальді.
Егер, амбулакралар денесінің орталық
бөлімінен бос жағдайда орналасса, онда
денесі жұлдыз тәрізді болып келеді. Мысалы,
теңіз кірпілері, теңіз қияры. Тікентерілердің
ересек түрлерінде сыртқы және ішкі мүшелерінің
орналасуы тәртібінде сәулелелі симметриясы
(радиальді) айқын көрінеді және бұл симметрия
жануардың тіркеліп тіршілік етуіне немесе
баяу қозғалуына байланысты екінші реттік
симметрия деп қаралады. Бұлардың личинкалары
еркін қозғалатын билатеральді симметриялы
болып келеді. Радиальді симметрияның
ішінде бес сәулелелі симметриялық формалары
сан жағынан басым.
Тікентерілерге
негізінен карбонат кальций мен
магнийден құралған әр түрлі формадағы
тақта тәрізді қаңқалары, инелері
мен тікенектерінің болуы тән. Қаңқалары
терінің астында беткейлік
Денесі бір
қабатты эпителимен қапталған, ал оның
астында кутистің қалың қабаты немесе
дәнекер ұлпасы және бұлшық еттер
орналасқан. Жүйке жүйесі гаглиозды
емес, нерв сақынасынан және радиальді
жүйкелерден тұрады. Сезім мүшелері
жетілмеген. Ішегі көбінесе түтік, ал кейде
қап тәрізді.
Тікентерілерге
тән амбулакральді жүйесі сыртқы
ортамен бір гидропора немесе
мадрепориттың көптеген тесіктері
арқылы байланысады және олар дененің
екінші реттік қуысы немесе целомның
туындысы болып есептеледі. Амбулакральді
жүйе ауыз айналасындағы сақина тәрізді
өзектен немесе түтіктен және одан шығатын
бес радиальді өзектері мен тас өзегінен
тұрады, олардан басқа, ауыз айналасындағы
өзектің өсінділері полийлік көпіршіктер
мен тидеманды денешіктері болады. Амбулакральді
аяқшалары қазіргі тікентерілердің көпшілігінде
қозғалу мүшелерінің қызметін атқарады,
егер қозғалысы қимылдағыш қолдары (офиураларда)
арқылы жүзеге асса, онда амбулакральді
аяқшалары көбінесе сезу мүшесінің қызметін
атқарады.
Зәр шығару мүшелері
жоқ, оның қызметін амебоцит клеткалары
атқарады. Зат алмасу процестеріне, бір-біріне
ұқсас әрі құрамы жағынан теңіз суына
жақын дене қуысының, қан айналу жүйесінің
және амбулакральді жүйенің сұйық заттары
қатысады.
Тікентерілер
– даражыныстылар. Жыныстық диморфизмі
оларда өте сирек кездеседі. Гермафродиттер
өте аз, кейде аномалия түрінде кездеседі.
Бекініп тіршілік еткен қазба тікентерілердің
көпшілігінде және голотурияларда жыныс
безі мен жыныс тесігі қосарланбаған,
олар ауыздың жанында орналасады. Қалған
қазіргі кластар мен кейбір қазба түрлерінде
жыныс бездерінің саны радиустың санына
тең, жыныс тесіктерінің саны да соған
сейкес. Тікентерілердің көбеюі жынысты
жолмен өтеді, дамуы күрделі метаморфозды,
билатеральді симметриялы личинкалары
болады. Сирек те болса, метаморфозсыз
дамуы да бар. Тікентерілердің ішінде
жыныссыз жолмен (дискілердің бөлінуі
арқылы) көбеюі де кездеседі және регенерацияға
жиі ұшырайды.
Тікентерілер
тек қана теңіз жануарлары, міндетті
түрде қатаң стеногалинді. Көп
жағдайда сары, қызғылт-сары, көгілдір
түсті болады, әр түрлі топырақтарда (грунт),
су толқындарының жағаға соғу аймағынан
бастап 7 мың м-ге дейін тереңдіктерде
мекендейді. Көпшілігі қозғалмалы, біраз
түлері бентостың эпифауналық және инфауналық
жанцуарлары, кейбіреулері топтасып тіршілік
етеді. Көпшілігі жануарлармен, ал сирек
жағдайда өсімдіктерді қорек етеді, кейбір
түрлері детритпен, құммен және балшықпен
қоректенеді. Паразиттері жоқ. Дене көлемі
бірнеше миллиметрден бес метрге дейін.
Қазіргі тікентерілердің түрлерінің саны
шамамен 5 мыңға дейін.
Дене қуысы
Тікентерілердің целом қуысы
жақсы дамыған және кірпікшелі эпителимен
астарланған. Целом қуысы личинканың
сол және оң жақтағы артқы целом
қуыстарынан пайда болады және де
личинка метаморфозға ұшырағанда сол
жақ қуысы актинальді немесе төменгі
жағына, ал оң жақтікі абактинальді немесе
жоғарғы жағында орналасады.
Денесінің жалпы
екінші реттік қусынан - целомнан басқа,
тікентерілерде кірпікшелі эпителимен
астарланған каналдар жүйесі де бар.
Солардың бірі – перигемальді (псевдогемальді,
гипоневралді) жүйе, ол қан тамырларымен
және нерв жүйелерімен тығыз байланысты.
Қалапты жағдайда перигемальді жүйе ауыз
айналасындағы нерв сақинасы мен амбулакралді
сақинаның арасында орналасқан пнригемальді
өзектерден тұрады. Голотуриялар мен теңіз
кірпілерінде перигемальді сақинасы жоқ.
Перигемальді жүйе қан тамырларын қоршап
тұрады және нерв жүйесіне жанасып орналасқанына
қарай олар нервтерді қоректендіруге
қатысатын болу керек деп жорамал жасауға
негіз береді.
Теңіз жұлдыздарында
ішкі перигемальді сақинаны немесе сақина
тәрізді өзекті ажыратуға болады, ол осьтік
синуспен өзара байланысып, қиғаш септамен
сыртқы перигемальді сақинадан бөлінеді,
ал соңғысынан перигемальді өзектер қолдарға
жалғасады, бұлар вертикальді септамен
бөлінген. Офиураларда білікті синуспен
қатысатын перигемальді сақинадан әр
қолға екі өзек шығады да, кейін ересек
дәрежесіне жеткенде олар бірігіп кетеді.
Теңіз кірпілерінде радиальді перигемельді
өзектер перифарингеальді целомның қасында
тұйықталып бітеді және бұлардың да онтогенезінде
екі өзек қалыптасып, кейін бір өзекке
ұласады.
Амбулакральді
жүйе. Бұл жүйе тікентерілерге айрықша
тән. Личинканың сол жақ ортаңғы
целомның немесе гидроцельдің туындысы.
Амбулакральді жүйе бір түтікті
гидропора немесе көп саңылаулы
мадрепориттен, тас өзегінен, ауыз айналасындағы
сақина тәрізді өзектен немесе түтіктен
және одан шығатын бес радиальді өзектерден
құрылған.
Амбулакральді
жүйенің қуысы мадрепориттен
құйылатын теңіз суымен толықтырылып,
амбулакральді сақинадан
Қозғалуы. Негізінде
бентос тобына жататын тікентерілерге
қозғалудың ең көп тараған жолы бауырымен
жылжу, ол горизонтальді жантайма және
вертикальді қалыптарда бола беруі мүмкін.
Осындай жылжу, аяқшаларымен, қодарымен,
тікнектерімен, мұтшаларымен, ауыз қармалауыштарымен,тері-