Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 13:52, реферат
Қазақстан республикасы өңірлерінде кең таралған паразиттік аурулар еліміздің мал шаруашылығына елеулі экономикалық зиян келтіреді. Қазіргі жағдайда шағын фермерлер мен жеке шаруашылықтар малдарын ауыл төңерегіндегі шектеулі жайылымдарға жаюға мәжбүр. Мұндай жағдайда ауыл маңындағы жайлымдар түрлі паразит элементтерімен залалданады, соның нәтижесінде паразитоздардың эпидемиологиялық шиеленісу көрсеткіштері жоғарлайды. Республикамыздың оңтүстігінде мал санын көбейтіп, олардан алынатын өнімдері арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланумен қатар, мал басын аман сақтаудың, оларды әсіресе аурулардан қорғаудың маңызы зор.
Кіріспе.......................................................................................................2
Қазақстанда жиі кездесетін аурулар.......................................................3
2.1.фасциолез. биологиясы.патогенезі.алдын алу шаралары........................................................................................3
2.2.дикроцекриоз.биологиясы.патогенезі.алдын алу.................................................................................................5
2.3. эхинококкоз (беріш, бершімек) морфологиясы. Потогенезі.алдын алу....................................................................7
3. ценуроз
3.1. ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ (ҚұРСАҚ ЖЫЛАУЫҒЫ.)
3.2.
ПИРОПЛАЗМОЗ Пироплазмоз - жануарлардың анемиямен, сарғаюмен, жҥрек жұмысының зақымдануымен, күйзелуімен, тәбеттің жоғалуымен, дене қызуының жоғарылауымен, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей қабығының қанталауымен, гемоглобинуриямен, өліммен ерекшеленетін, эритроциттердің пигментсіз эндоглобулярлы паразиттері қоздыратын трансмиссивтік ауру. Қоздырғышы. Pіroplasma bіgemіnum Романовский әдісімен бояғанда пироплазмалардың цитоплазмасы көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады. Әдетте эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да көбірек паразит болады.Паразит пішіні алмұрт, дөңгелек, сақина тәрізді және ұзынша сопақ. Аурудың әрі дамуына байланысты, зақымданған эритроциттердің саны тез көбейіп 5-1 % -ке жетеді. Биологиясы. Эритроцит ішіндегі пироплазма жыныссыз екіге бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді. Пироплазмалар кене денесінде шизогония әдісімен көбейеді. Пироплазмалардың тасымалдаушысы – бір иелі Boophіlus calcaratus, екі иелі Rhіpіcephalus bursa және үш иелі-Haemophysіalіspunсtata кенелері. Ріroplasma bіgemіnum паразитін кенелер трансовариалдық жолмен тасымалдайды. Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды,әдетте, нимфа сатысында, ал H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында тасымалдайды. Эпизоотологиясы. Пироплазмоз еліміздің Оңтүстік бөлігінде таралған. В.calcaratus кенелері негізінен Жамбыл облысымен Оңтҥстік Қазақстан
облысында кездеседі. Олар көбінесе ірі қараның қанын сорады да басқа түлікке сирек жабысады. Жайылымда олар 35-40 күн өмір сүріп, ұрғашыларымыңдаған жұмыртқа салады. Олардан 2-3 апта ішінде алты аяқты балаң кенелер дамып шығады. Олар жұмыртқадан шығысымен ірі қара денесіне жабысып, паразиттік өмір сүре бастайды да, 3-4 апта ішінде нимфа және имаго сатыларына жетеді. Жылы кезеңде В.calcaratus кенелері үш ұрпақ беріп ҥлгереді. Осыған орай Жамбыл облысында ірі қара мал арасында пироплазмоз 3 рет байқалуы мүмкін. Бірінші рет көктемде-сәуір , мамыр айларында, пироплазмоздың бұл толқыны өлім-жітімсіз жеңіл түрде өтеді. Екінші рет жазда шілде-тамыз айларында ауру кең етек алып, өлім-жітім көбейеді. үшінші рет күзде-тамыз айының аяғынан бастап, қазан айына дейін байқалады. Бұл кезде ауру мал арасына көбірек тарайды. Клиникалық белгілері. Пироплазмоздың жасырын кезеңі 14-24 күн.Бір жасқа дейінгі төлде және жергілікті малда пироплазмоз әдеттегіден жеңілдеу өтеді. Ауруға шалдыққан ірі қара малының ең алдымен дене ыстығы 41-420дейін көтеріледі де, осы деңгейден төмендемей тұрып алады. Ауырған малқатты күйзеледі. Жемге сылбыр қарап, қатты шөліркейді. Сауын сиырдың сүті азаяды. Тамыр соғуы минутына 100-120-ға дейін шапшаңдап, жүрек соғуы,тыныс алуы жиілейді. Екінші күннен бастап-ақ ауру мал басын салбыратып,күйзеледі, көзінен жас жиі ағады. Жем мен суға сылбыр қарайды, кейде мүлде жем жемейді. Мес қарынның қозғалысы сирейді. Зәрі алғашында сары түсті, аурудың жіті түрінде 2-күннен бастап-ақ қызыл түске боялады. 3-4 күннен соң ауру белгілері ең жоғарғы дәрежесіне жетеді. Бұл мезгіл демал қатты күйзеледі, жем-судан бас тартып, жатып алып тісін қайрайды. Мес қарын қозғалуын мүлде қояды немесе өте баяу қозғалады. Жүрек соғуырғағы бұзылады. Зәрі қоңырлау-қызыл түсті, жиі және аз мөлшерде шығады. Осы белгілері 5-7 күнге созылып, мал өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Патанатомиялық өзгерістер. Кілегей және сірі қабықтары бозарың-қы, сарғыш тартқан және ұсақ нүкте тәрізді қан құйылған. Сөл бездері ұлғайған. Талағы қызыл-қышқыл түсті, үлкейген, үстіңгі жағы қанталаған,ұлпасы жұмсарып босаңсыған. Бауыры үлкейген, қоңыр-қызыл түсті. Қуығы әдетте қоңыр-қызыл, сирек жағдайда қоңыр-сары түсті зәрге толы. Жалбыршағы әдетте қатты, ішіндегі жемі құрғақ жентектелген. Жүрек,әсіресе жүрекше үсті нүкте және сызықша тәрізденіп қанталаған. Диагноз қою тәсілдері. Ауырған малдың жайылымда болуы және аталған кенелердің мал денесінен табылуы, өткен жылдарда осы аймақта аурудың кездесуі еске алынады. Ауру малды тексеріп, қарағанда денеқызуының көтерілуі, қан аздық, кілегей қабықтарының сарғыштануы және гемоглобинурия сияқты белгілерді байқауға болады. Эпизоотологиялық сараптау және ауру белгілерін анықтау, қанды микроскопиялық зерттеу нәтижелерімен салыстыра келіп диагноз қойылады да, оның негізінде қажетті ем қолданылады. Лептоспироздың пироплазмозбен ортақ белгісі-гемоглобинурия. Бірақ лептоспирозда дене қызуы қалыптағыдай, кілегей қабықтарының сарғыштануы өте анық, майтұмсық зақымданады, талағы үлкеймеген. Пироплазмоз бен лептоспироз аралас білінген жағдайда, дәрі күшімен қызба төмендетіледі және қанда пироплазмалар жоғалады, бірақ қызыл түсті зәр шығуы тоқтамауы мүмкін. Мұндайда лептоспирозға қосымша зерттеулер жүргізу шарт. Емдеу жолдары. Азидинді ауру малдың барлығына (қатты ауырған малға жарты доза мөлшерінде) тері астына немесе бұлшық етке 3,5 мг/кг мөлшерінде 7 % ерітінді түрінде егеді. Диамидин тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мг/кг мөлшерінде 7 % ертінді түрінде егіледі. Ем жүргізгеннен кейін оның емдік әсері 10-14сағаттан кейін байқалады, ал нәтижесі келесі күні (24 сағат ) ғана білінеді. Жануардың клиникалық белгілеріне қарай симптоматикалық емдеу шаралары қолданылады. Алдын алу шаралары. Ауру малды міндетті түрде арнайы дәрілермен емдеу шарт, емделмесе ауру өліммен аяқталады. Сондықтан пироплазмоз шыққан табында аурудың алдын алу үшін химио профилактика жасау үшін азидин немесе наганинмен аралас қолданады. Соңғы дәрі арнайы дәрілердің әсерін ұзартады. Егер мал бастапқы жайылымда қалатын болса, осы емді 10-14 күннен соң қайталау қажет. Химиялық профилактика жүргізумен қатар, жоспарлы түрде кенелермен күрес жүргізу орынды. Мал қораларын профилактикалық дезакаризациялауды жылына кемінде 3-4 рет өткізеді.
ІРІ ҚАРА ТЕЙЛЕРИОЗЫ Тейлериоз – қан паразиттерімен шақырылатын және жіті түрде өтетін қанда паразитарлық тіршілік ететін мүйізді ірі қара малының ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдық белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса қауіпті ауру. Қоздырғышы - Thеіlerіa аnnulata малдың сөл бездерінде, талағында және эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар.Эритроциттер ішіндегі тейлериялар дөңгелек, сопақша, таяқша, үтір және нүкте тәрізді. ұзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал көбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Биологиясы. Бұл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyalomadetrіtum, H.anatolіcum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі арқылы мал денесіне енісімен олар сөл бездеріне және бауыр мен талаққа барып, өсіп-өніп тез арада шизагония әдісімен бөлшектеніп көбейе бастайды. Мұның нәтижесінде көп ядролы анар тәрізді (гранат) денелерпайда болып, олардың бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да көп ядро болады. Кейінірек бұл паразит бөлшектері ыдырап, қанның эритроциттеріне енеді. Осы уақыттан бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық түрі деп атайды. Эпизоотологиясы. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тейлериоз кең етек алып, шаруашылықтарда энзоотия түрінде байқалады. Себебі бұл аймақтарда ауру қоздырғышын тасымалдайтын Hyalomma туысына жататын кене түрлері көп тараған. Жас мал тейлериозбен асқынып ауырады. Сондай-ақ сырттан әкелінген малдар да өте қатты ауырып, тейлериоздан һлім-жітімге көп шалдығады. Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 11-15 күн. Алғашқы күндері ауру малдың бір жақ шабындағы, желіні мен мойнындағы, жаурын алдындағы бездері қабынып, “безі шошып”, ісіп кетеді. Оларды сипап көргенде өте қатты екендігі және мал ауырсынатыны байқалады. Сонан соңдене ыстығы 40-41,1 ал кейде 41,80 дейін көтеріледі, малдың жемге тәбеті тартпайды, сүті азаяды, жүні үрпиіп, қатты күйзеледі. Тамыр соғуы минутына 80-130-ға дейін жиілейді, тыныс алуы минутына 50-60 дейін шапшаңдап, мал демігеді. Асқазан жолдарының қызметі бұзылады. Малдың қиы сұйық, оған шырыш, ал кейде қан қосылады. Кейін ішек перистальтикасы мүлде әлсіреп, тұрақты атония дамиды. Қандағы эритроцит саны мен гемоглобин мөлшері 2-3 есе кемиді. Зәр шығару қиындайды. Ауру мал жемнен бас тартады, суды сүйсінбей ішеді, күйіс қайыру және сүт шығару мүлде тоқтайды, 6-8 күннен соң дене қызуы шұғыл төмендеп, мал тез арада шығынға ұшырайды. Диагноз қою тәсілдері. Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін есепке ала отрып, микроскопиялық зерттеу жүргізу шарт. Ол үшін аурудың алғашқы сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сұйық сорыпалып, таза шыныға жағады да Романовский- Гимза әдісімен бояйды. Сонан соң микроскоппен қарайды. Аурудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 күннен кейін,тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Құлақ тамырларынан алынған бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский-Гимза әдісіменбоялады. Патанатомиялық өзгерістер. Тейлериоздан өлген мал өлексесі өте арық келеді. Кілегей қабықтары бозарыңқы және сарғыш тартқан, қанталаған. Сыртқы бездері ісініп қабынған, қанталаған, көкірек қуысына қызғылт сұйық зат жиналған. Жүрек ұлғайған, оның ішкі және сыртқы жағы нүкте тәрізденіп қанталаған. Жүрек қабы сарғыш түсті экссудатқа толы.Бауыры ұлғайған, оның түсі сары топырақ тәрізді. Талақ 1,5-2 есе ұлғайған, пышақпен тілгенде тіліктің беті қызыл-қоңыр түстес, ұлпасы жұмсақ, сірі қабығы асты қанталағандығы байқалады. ұлтабардың іші қызарып, қанталайды, кейбір жерлері ойылып, уытты жараға айналады. Бұл өзгеріс тек тейлериозға ғана тән құбылыс. Емдеу жолдары. Ірі қара тейлериоздан емдеудің басты принципі ағзадағы ауру қоздырғыштарын жойып, олар зақымдаған жүйелерді қайта қалпына келтіру болып табылады.
Бірінші кезекте тейлериозға қарсы құрамы 5% -ды бупарваквоннан тұратын буталекс, булакон, авикван, фармакон, телемакс т.б. препараттар1мл 20кг тірі салмаққа бұлшық етке бір рет егіледі. Ауру малдың жағдайы нашар болған жағдайда бұл препараттарды 48 сағаттан соң осы дозода қайталап қолдануға болады. Одан кейін симптоматикалық ем ретінде құрамы 20%-ды окситетрациклин дигидратынан тұратын авициклин, нитокс,окситетрациклин, т.б. препараттарды 1-1,5мл/10кг тірі салмаққа бұлшықетке1 рет егіледі. Малдың күйіне қарай 48 сағаттан соң осы дозода қайталауға болады. 20% -ды кофеин натрий бензоаты 3-5мл тері астына күніне 1 реттен 3 күн егіледі. Витамин B12, аскорбин қышқылы да витаминдер, гемодез, хлорлы натрий ерітіндісін қолдануға болады. Ескертпе: Глюкоза ерітіндісін қолдануға болмайды. Алдын алу шаралары. Тейлериозбен ауру малдарды емдейді, байлауда ұстайды және азықтандыруды жақсартады. Рационға жаңа шабылған шөпті немесе жақсы пішенді (қажетінше) және жеңіл қорытылатын концентрацияланған жемді (кебек, комбикорм) қосады. Малдың дене қызуының жоғарылаумен өтетін аурудың ауырлауы кезеңінде рационнан концентрацияланған жемдерді алыптастау қажет. Емдеудің алғашқы күнінен бастап симптоматикалық және патогенетикалық заттар қолданылады.Соңғы жылдары тейлериозға қарсы тірі себінді вакцинасы қолданылып жүр. Тейлериоз болып тұратын шаруашылықтарда 6 айдан 18 айға дейінгі жас малды, әсіресе басқа жақтан әкелінген асыл тұқымды малды, ақпан-қаңтар айларында нұсқау ережелеріне сәйкес вакцинациялау қажет. Аталмыш ауруға қарсы Израйль, Иран және Қытай мемлекеттерінде вакцина шығарылып қолданылыуда.
ПСОРОПТОЗ Псороптоз - Psoroptіdae тұқымдасына жататын тері үстін мекендейтін кенелер қоздыратын инвазиялық ауру. Бұл ауруға шалдыққан малдың терісі қабынады, қышынады, арықтайды, жүні түсіп қалады, ал кейде өлім-жітімге ұшырайды. Қоздырғышы. Psoroptіdae тұқымдасына кенелердің Psoroptes, Chorіoptes және Оtodectes деген 3 туысы жатады. Psoroptes туысына жататын кенелердің дене тұрқы 0,8 мм. Олардың тұмсығы ұзын, теріні тесіп, малдың сөлін соруға икемделген. Әр мал түлігіне тән өз алдында бір қоздырғыш түрі болғанымен олардың морфологиясы, яғни құрылысы бір-біріне ұқсас. Псороптозды қойда Psoroptes ovіs, ірі қарада P.bovіs, жылқы мен есекте P. eguі, үй қоянында- P.cunіculі түрлері қоздырады.
Биологиясы. Psoroptіdae тұқымдасына жататын қотыр кенелері тұрақты паразиттер қатарына жатады, себебі олардың мекені және өсіп-өну ортасы тек жануарлар денесі ғана, қоршаған ортада олар тіршілігін аз-ақуақыт сақтайды. Ұрықтанған ұрғашы кенелер тері үстіне жұмыртқа салады. Әр жұмыртқа үстінде желім тәрізді зат болғандықтан олар теріге жабысып қалады. ұрғашы кенелер күніне 1-2 ден, барлығы 60 шақты жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3-6 күннен кейін балаң кене шығады. Кейінгілерден 3-4 күннен кейін нимфа, яғни протонимфа пайда болады. Протонимфа 3-7күннен кейін түлеп, екінші нимфа немесе телеонимфаға айналады, алтелеонимфаның имаго сатысына айналуына 2-3 күн керек. ұрғашы және еркек кенелердің өсіп-өнуіне әртүрлі мерзім керек.Қолайлы жағдайда еркек кенелер 14-16 күнде, ал ұрғашылары 18-20 күнде өсіп жетіледі. ұрғашы кенелер салатын жұмыртқаның саны және олардан шығатын ұрпақтың дамып жетілуі тері маңындағы ауаның ылғалдылығына байланысты. Ыңғайлы жағдайларда бір жұп кенелер бір жыл ішінде миллиондаған ұрпақ береді. Эпизоотологиясы. Малдың әр түлігіне қотыр кенелерінің сол малденесінде мекендейтін тҥрі ғана тән. Қотыр кенелері сау малға ауру малмен жанасқанда жұғады. Сондай-ақ, ортақ жайылым, суат, қора және әр түрлі құрал-саймандар, әбзел, малшылардың киімі арқылы да жұғуы мүмкін, арық малға қотыр жұққыш келеді, себебі арық малдың терісі селдіреп жұқарады да, оны кене тұмсығымен оп-оңай теседі. Семіз малдың терісі тығыз және қалың болады. Сондықтан кененің өмір сүруіне ол қолайсыз. Қотыр мал арасына әсіресе ылғалды, жауында жылдары көбірек тарайды. Псороптоз көбінесе энзоотия түрінде өтеді. Ауруға биязы және жартылай биязы жүнді қой тұқымдары бейім. Ауру күз және қыс айларында етек алады. Басқа шаруашылықтардан мал терісіне жабысып келген қотыркенелері аз уақыт ішінде өсіп-өніп мал фермасына, тіпті бүкіл бір шаруашылық малына тарап кетуі мүмкін. Патогенезі. Кенелер тері үстінде жорғалап, денесіндегі қылшықтарымен және аяқтарындағы жабысқақтарымен, сондай-ақ сөл соруға бейімделген ұзын тұмсықтарымен теріде орналасқан рецепторларды тітіркендіреді, сондықтан тері қышынады. Қышынған жерлерін жануарлар тісімен жарақаттайды, сілекейімен ылғалдандырады. Осының барлығы алғашқы ошақта кененің жылдам өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Терінің қышынуына кенелердің жарақатқа енетін улы сілекейі де әсерін тигізеді. Клиникалық белгілері. Псороптоздың жасырын кезеңі 2-3 аптадай.Аурудың алғашқы сатысында қотырға шалдыққан тері қызарып ісінеді.Сонан соң теріде түйіншектер пайда болады, біраздан кейін олар мөлдір экссудатқа толып күлдірейді. Кейінірек олардың іші іріңге толып пустулаға айналады. Мал қышыған жерлерін қасығанда күлдіреуіктерден қан аралас ірің ағып, қабыршақтанып қатып қалады. Зақымданған жерлерінің жүні түсіп қалады.
Тері қотырына қойдың шоқтығы, арқасы, белі және сауыры сияқты нағыз жүні қалың әрі ұзын жерлері шалдығады. Егер қой ауру басталғаннан кейін 6-8 апта емделмесе, қотыр мал денесіне түгел тарап, аяқтары мен бастерісінен басқа жері түгел зақымданады. Ірі қарада тері қотыры мойынның екі жағынан, шоқтығынан және екі жақ бүйірінен басталады. Сонан соң зақымданған жер үлкейе түседі. Ескі ошақтарда тері қатпарланып, жүні түсіп қалады. Мал қасынғанда терінің әржері жарылып, қаны шығып тұрады. Жылқының қотырға жалы, шоқтығы, иығы шалдығады. Жылқы бұл жерлерін қабырғаға, бағандарға және тісімен қасып жарақаттайды. Аурудың екінші сатысында зақымданған жерлерінің жүні тҥсіп, дерматитке айналады. Диагноз қою тәсілдері. Псороптоз ауруын анықтағанда оның сыртқы белгілеріне: қышыну, қасыну, яғни қызару, ісіну, жүннің түсіп, терінің қатпаршақтануы, т.б. мән беру керек. Сондай-ақ эпизоотологиялық деректерді де есепке алу шарт. Қотырдың етек алып, мал арасына таралатын мерзімі күзгі-қысқы маусым. Қотыр ауруларын нақты анықтау үшін микроскопиялық зерттеулер жүргізу керек. Зерттелетін зат-ауру малдан алынған тері қырындысы. Емдеу жолдары. Қой малын көбінесе тоғыту әдісімен емдейді. Қотыр шығып жүрген шаруашылықтарда қойды екі маусымда, яғни көктемде қойқырқылғаннан кейін және күзде (күздің жайма - шуақ жылы күндерінде) тоғыту жақсы нәтиже береді. Қой тоғытуға 0,05 % неоцидол эмульсиясы қолданылады. Емдік мақсатымен қотыр кездесетін отарларда арасына 10-12күн салып, екі рет тоғыту жақсы нәтиже береді. Шетелдік дәрілерден соңғы жылдары құрамы 1%-ды ивермектиннен тұратын ивомек, авимек, ивермек т.б. қолданылып жүр. Ол қойдың әрбір 50кг тірілей салмағына 1 мл-ден тері астына (қолтықтағы) егіледі. Бұл дәріні қыста пайдаланған өте тиімді. Бутокс, протеид, байтикол дәрілерінің де емдік қасиеті өте жоғары. Жылқыны емдерде алдымен денесін жылы сабынды сумен немесе 0,2 % сілтілі содамен тазалап жуу шарт. Егер қыста жылқыны 2-3 % хлорофосдустымен емдесе, көктемде 1,5 % хлорофос ерітіндісімен немесе коллоидты күкірттің 3 % суспензиясымен арасына 10 - 12 күн салып, 2-3 рет бүркеді. Алдын алу шаралары Қотырды болдырмас үшін қой малын екі рет: жазғытұрым және күзде тоғыту қажет. Сондай-ақ, мезгіл-мезгіл мал дәрігерлік байқаудан өткізіп отыру шарт. Сырттан әкелінген малды 1 ай бойы оқшаулап бағып, оған үнемі мал дәрігерлік байқау жасайды. Қотыр мал бөлек бағылып, емделеді. Мал ішінен қотыр шыққан шаруашылықтан бірде-бір бас малды басқа жаққа шығаруға болмайды. Шетелдік дәрілерден қора-жайды зарарсызданыру үшін стомозан (1:210) ерітіндісі де бүрку арқылы қолданылады. Ерітіндіні жұмсау мөлшері 30-50мл м2, яғни әрбір шаршы метрге 30-50 мл стомозан (1:200) ерітіндісі жұмсалады.
ГИПОДЕРМАТОЗ Гиподерматоз (Hypodermatosis) - оқалақ балаңқұрттар тудыратын, жалпы организім уланып, жануарлар қоңдылығы төмендеп, паразит орналасқан жерлердің қабынумен сипатталатын созылмалы ауру. Қоздырғышы. Гиподерматоз ауруының екі қоздырғышы бар: Hypoderma bovіs- кәдімгі сиыр бөгелегі және H. lіneatum - өңеш бөгелегі. H.bovіs бүкіл Қазақстан көлемінде, ал H. lіneatum Қазақтанның оңтүстік-шығыс аймақтарында кездеседі, сондықтан оны оңтүстік бөгелегі деп те атайды. Hypoderma bovіs- бөгелегінің имаго кезеңінде дене тұрқы 13-15 мм.Денесі түкті, басындағы тҥүгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде нүкте тәрізді 3 қарапайым көздері және екі қысқа мұртшалары бар. Hypoderma lіneatum- дене тұрқы сәл кішірек-11 мм. Оның құрсақ жағының алды сары түкті, арты - қызғылт сары түкті, ал қанаттары қоңыртүсті. Оның 3 жұп аяқтары, қос қанаты бар. Жетілмеген екінші жұпқанаттары ызылдауық үн шығарады. Биологиясы. Оқыра бөгелектерінің өсіп-өнуі бір-біріне ұқсас.Олардың ұрғашылары ұрықтанған соң ірі қараның шабына, аяқтарына көптеген жұмыртқа салады. H. bovіs ызыңдап ұшып жүріп, малдың түгіне жұмыртқаларын желімдеп кетеді, ал H. lіneatum ешбір дыбыссыз, жатқан малға жасырын келіп, жұмыртқаларын жабыстырып кетеді. Бір бөгелектің ұрғашысы 800-ге жуық жұмыртқа салады. Қолайлы жағдайда (30-320Сжылылықта) бөгелек жұмыртқаларынан 3-7 күн ішінде балапан-құрт түзіледі. Жұмыртқалардан шыққан І сатыдағы балаң-құрттар тұмсығымен теріні тесіп,ет пен терінің арасына енеді. Сонан соң H. bovіs балаң-құрттары ірі қантамырлары мен нервтерді байлап, малдың жотасына қарай жылжиды. Мал жотасына жеткен соң омыртқа аралық ұлпаға еніп, жұлынның майлы қабатына орын тебеді. Ал тері астына енген H. lіneatum балаң-құрттары өңешке жылжып, өңештің кілегей қабатының астына барып орнығады. өңеш пен жұлында балаң-құрттар 5-6 айдай мекендейді. Сонан соңолар ірі қараның жотасы мен бел тұсына қарай жылжып орын ауыстырады.Тері астына жеткен І балаң құрттың маңына дәнекер ұлпадан қабықша түзіледі. Балаң-құрттардың бұдан әрі дамуына оттегі керек. Сол себептен деолар теріні тесіп алады. 1-8 тәуліктен соң олар түлеп, ІІ сатыдағы балаң-құртқа айналады. Бірнеше тәуліктен соң ІІІ-сатыдағы балаң -қҧрттар тҥзіледі.Бҧл сатыдағы балапан -құрттар өте ірі, олардың тұрқы 28 мм дейін - H. Bovіs 24 мм - H. lіneatum. Күн әбден жылынғанда бұл балаң -құрттар терідегі тесік арқылы жерге түсіп, 1-2 тәулік ішінде топыраққа еніп, қуыршақ сатысына айналады. Қуыршақтан 20-40 тәулікте бөгелектің ересектері дамып, қанаттары кепкен соң ұша бастайды. Эпизоотологиясы. Оқыраға ірі қара жаздың ыстық күндерінде шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім. Ересек малда балапан -құрттар саны бірен-саран ғана болады. Кейбір жеке шаруашылықтарда мал оқыраға қарсы тиісті шаралардан тыс қалып қояды да, келесі жылдары кеселдің таралуына әсерін тигізеді. Клиникалық белгілері. ұшып жүрген бөгелектің ызыңынан қорыққан мал тынышсызданып, жөнді жайылмай мазасызданады, қораға, көлеңкелі жерге қашады немесе белуарынан суға түсіп тұрады. Осының әсерінен мал арықтайды, сауын сиырлардың сүті кемиді. Бірақ бөгелектің ұрғашылары малды қуып жүріп (H. bovіs) немесе олардың жайылымда жатқан жерінде (H. lіneatum) терінің түгіне жұмыртқаларын жапсырып кетеді. 3-7 тәуліктен кейін жұмыртқалардан шыққан балаң - құрттар теріге енгенде мал ауырсынады. Терінің шелі ісінеді, балаң - құрттар жұлынға не өңешке барғанда, ал кейін арқа терісі астына жеткенде клиникалық белгілері айқын білінеді. өңеші зақымдалып, эзофагитке ұшыраған мал жем-шөптіәрең жұтады. Аурудың кейінгі сатысында малдың жотасы мен белінде кішірек түйіндер пайда болады. Сонан соң олар үлкейіп, ортасында тесігі бар төмпешікке айналады. Балаң -құрттар өскен сайын төмпешік ішінен жалқаяқ шығып, маңындағы түкті желімдеп тастайды. Төмпешік қолға қап-қатты,аздап ыстығы бар, басып көргенде мал ауырсынады. Бір малдың арқасында орта есеппен 30-120 балаң -құрттар болуы мүмкін. ІІІ сатыдағы балаң -құрттар жерге түскен соң, арқадағы төмпешік бірте-бірте дәнекер ұлпамен бітеліп жазылып кетеді. Диагноз қою тәсілдері. Мал жотасының екі жағын сипағанда,шоқтықтан бастап құймышаққа дейінгі аумақты қамту шарт. Мұндайда ІІ немесе ІІІ сатыдағы балаң - құрттарды түгел сипап санап шығуға да болады. ІІІ сатыдағы балаң - құрттарының түрін ажырату үшін олардың перитремасын зерттеу қажет. H. bovіs балаң - құрттарының перитремасы (тыныс алаңы) шұңғыл - “воронка” тәрізді, ал H. lіneatum балаң -құрттарының перитремасының шұңғылы жоқ теп-тегіс. Емдеу жолдары. Оқыраға қарсы күресті оның балаң-құрттарының Ісатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-хлорофос, хлорофос, амидофос, сульфидофос, гиподермацид және т.б.қолданылады. Соңғы кездерде шет елдік дәрілер – ивомек, Цидектин, фасковерм және аверсектерде қолданылып жүр. Негізгі емді күз айларында бөелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді. Алдын алу шаралары. Бөгелек ұшатын маусымда сауын сиырлардан басқа малды 1 % хлорофос ерітіндісімен немесе үшхлорметафос-3-тің 1%эмульсиясымен әрбір 20-25 тәулік сайын бүркіп отыру шарт. Ол үшін ДУК машинасын, ЛСД және бүріккіші бар машиналар қолданылады. Гиподерматоздың алдын алу және жою мақсатында ауру қоздырушысының биологиясын, эпизоотиялық ерекшеліктерін, жергілікгілікті табиғи климат жағдайын және шаруашылықты жүргізу технологиясын ескере отырып шаруашылық ұйымдастыру, ветеринариялық-санитариялық және емдеу алдын алудың кешенді шараларын жүргізеді. Гиподерматозбен күресудің кешенді іс шараларындағы негізгі әдісі болып, мал денесіндегі бөгелек балаң құрттарының бірінші сатысына қарсы дәрілейді,күзде бөгелектердің ұшуы тоқтаған кезде домдайды. Гиподерматоздан таза емес аймақтарда барлық жануарлар химиотерапиядан өтеді.