Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 13:52, реферат
Қазақстан республикасы өңірлерінде кең таралған паразиттік аурулар еліміздің мал шаруашылығына елеулі экономикалық зиян келтіреді. Қазіргі жағдайда шағын фермерлер мен жеке шаруашылықтар малдарын ауыл төңерегіндегі шектеулі жайылымдарға жаюға мәжбүр. Мұндай жағдайда ауыл маңындағы жайлымдар түрлі паразит элементтерімен залалданады, соның нәтижесінде паразитоздардың эпидемиологиялық шиеленісу көрсеткіштері жоғарлайды. Республикамыздың оңтүстігінде мал санын көбейтіп, олардан алынатын өнімдері арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланумен қатар, мал басын аман сақтаудың, оларды әсіресе аурулардан қорғаудың маңызы зор.
Кіріспе.......................................................................................................2
Қазақстанда жиі кездесетін аурулар.......................................................3
2.1.фасциолез. биологиясы.патогенезі.алдын алу шаралары........................................................................................3
2.2.дикроцекриоз.биологиясы.патогенезі.алдын алу.................................................................................................5
2.3. эхинококкоз (беріш, бершімек) морфологиясы. Потогенезі.алдын алу....................................................................7
3. ценуроз
3.1. ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ (ҚұРСАҚ ЖЫЛАУЫҒЫ.)
3.2.
Емдеу тәсілдері.
Малдың эхинококкозын дәрi-
Дегельминтизацияны топтастырып жҥргiзу (15-20 иттi) әдiсiмен орындағанда жақсы нәтижелерге қол жетедi. Мұндайда тек жұмыс iстелген жер ғана зарарланады, уақыт үнемделедi. Ареколиннің - бромды сутегi қолданылады. Бұл дәрiнi итке 12-14 сағата шықтырып, әр кг салмағына 0,004-0,005 г есебiнде бередi. Ит денесiнен гельминттердiң шығуы 30-40 минуттан кейiн басталады. Құрамы празиквантелден тұратын антгельминтті препараттар: дронцит, дронтал плюс, азинокс, празикол, празив-К, т.б. Дозасы 1 таблетканы 10кг тірі салмаққа тамағына қосып береді немесе күштеп жұтқызады. Дәрiленген иттер үш мәрте нәжiс шығарғанша байлаулы тұрады. Иттерден шыққан құрттарды нәжiсiмен қоса бiр орынға жинап өртеп, көмiп тастайды. Жердiң беткi қабаты да қырып алынып, шұңқырға көмiледi. Қазықшынжыр, қарғыбауларды лаулап тұрған отқа қарып алады. Иттер емделген алаңды каустикалық соданың (NaOH) 3%-ды ыстық ерiтiндiсiмен зарарсыздандырады (дезинвазияланады). Дегельминтизацияның сапалы не сапасыз өткенiн анықтау үшiн 2-3 жұмадан кейiн iшiнара тексерумақсатымен кейбiр иттердi қайта дәрiлейдi. Иттердi цестодоздардан сақтандыру жолдары. Ең алдыменшаруашылықтағы қой мен iрi қараны, т.б. ларвалды цестоздарға (айналмаға,бершiмекке, жылауыққа т.б.) шалдыққандарын сау малдан бөлiп алу қажет. Малдың зақымданғанын анықтау үшiн аллергиялық реакциялар қолданады. Ценурозды болдырмау үшiн, мал отарын тексеруден өткiзiп, миқұртының клиникалық белгiлерi байқалған малдар сойылады. Сойылған не өлген малдың басын итке жегiзбеу қажет. Эхинококк берiштерiмен зақымданған өкпе-бауыр, жылауығы бар шарбы-шажырқай, миқұрты бар бас, көпiршiктерге толы басқа мүшелер итке мүлдем берiлмейдi, оларды өртеп жiбередi.
ЦЕНУРОЗ Қой ценурозы (айналма, тентек) - бас миының, кейде жұлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бұзылуы. Айналманы тудыратын құрттың жыныстық жетiлген сатысы етқоректілердің ащы iшегiн, ал көпiршiк ларвоциста кезi қойдың, сирегiрекешкiнiң, бұзаудың, кейбiр тағы тұяқтылардың орталық жүйке жүйес iұлпаларын мекендейдi. Аралалық иелері қой, қозы, ірі қара мал, сирегірек түйе, шошқа, жылқы,сайғақ, жайран, арқар, сондай-ақ адамдар ауырады. Ақтық иелері- ит, өте сирек түлкі, қорқау және қасқыр болып табылады. Аш ішек бөлімінде ми цепенінің жынысы жетілген сатысы паразиттік тіршілік етеді. Қоздырғышы- Имаго- Multiceps multiceps ұзындығы 40-60 см-ден 1-1,5 м-ге дейiн барады, денесi 200-250 бунақтардан құралған. Көпiршiгi -Coenurus cerebralis - iшi түссiз сұйыққа толы, iшкi жағынан бүртiк секiлдi нүктедей жүзден артық сколекстерi байқалады. Мида 2-3 ценур кездеседi,олардың үлкендiгi кейде тауық жұмыртқасындай. Биологиясы. Күн сайын ондаған бунақтар құрт денесiнен үзiлiп,нәжiспен бiрге сыртқы ортаға шығып жатады. Бунақтар жауын-шашын, жел-су ықпалымен ыдырайды да, ал олардан ажыраған жұмыртқалар өсiмдiкке,суға түсiп, мал өрiсiне тарайды. Малға айналма дертi гельминт жұмыртқасымен былғанған, шөппен, сумен жұғады. Құрт жұмыртқасы мал асқазанына түсiсiмен сыртқы қабықтарынан айырылады, одан босап шыққан онкосфера iшектi тесiп өтiп, қан тамырларына енедi, қан арқылы миға не жұлынға орналасып, 3 ай iшiнде ценурға, яғни тентек көпiршiгiне айналады. Ит өлген немесе сойылған ценуроз қойдың басын кемiрiп жеу арқылы зақымданады. Ит iшегiне түскен балаңқұрт орта есеппен 1,5-2 айда жыныстық сатысына жетiлiп, 6-8 ай, тiптi 1,5-2 жыл сонда тiршiлiк етедi. Эпизоотологиясы. Ценуроз Жамбыл және Оңтҥстік Қазақстан облыстарының қой өсiретiн барлық шаруашылықтарында кездеседi.Айналмамен көбiнесе бiр жасқа дейiнгi қозылар ауырады. Ал екi жастанасқан қой бұл дертке сирек шалдығады. Мал шығыны жылдың барлық айларында тiркеледi. Жас төлдердiң тентекке ұшырауы сәуiр-мамырайларында басталады, ал шiлде-тамызда көбейе түседi. Ценуроздың клиникалық белгiлерi қойға оның қоздырғышы жұқанан кейiн 3-6 ай өткен соң ғана бiлiне бастайды. Бұл аурудың ең асқынатын кезi- ерте көктем. Ценуроздың эпизоотологиясында иттер маңызды мiндет атқарады,өйткенi олар сыртқы ортаға таспа құрттың жүзмыңдаған, миллиондаған жұмыртқаларын шашады. Цестодалардың жұмыртқасы күн сәулесi тiкелей түсетiн жерлерде тез жойылады, ол керiсiнше көлеңкелi, ылғалды жерлерде тiрлiгiн ұзақ уақыт (бiр жылға дейiн) сақтай алады. Патогенезі. Ценуроз қоздырғышының мал денесiне тигiзер ықпалы балаңқұрт ащы iшек қабаттарын тесiп өткенiнен-ақ байқалады. Патоморфологиялық өзгерiстер ащы iшек пен тоқ iшекте, бүйенде айқындала түседi, бұлардың кiлегей қабатынан көптеген нүкте тәрiздес қанталауларды көруге болады. Одан кейiн онкосфера қан, сөл (лимфа) жолдары арқылы барлық дене мүшелерiне таралады. Бас миында алғашқы өзгерiс ауру жұқтырғаннан кейiн 2 тәулiк өтiсiмен анықталған. Ценур орналасқан жер зақымдалып қабынады. Бiртiндеп өсiп жетiлген көпiршiк түзiлiп, ол орталық жүйке жүйесiнiң қызметiн бұза бастайды. Бұл гельминтоз өте зардапты дерт, одан мал өлмей тiрi қалуы екі талай. Клиникалық белгiлерi. Ауру сырт белгiлерiне қарай төрт сатыға бөлiнедi. Бiрiншi сатысы немесе алғашқы жасырын кезеңi. Ценуроз жұққан қойда ешқандай клиникалық белгi байқалмайды, бiрақ қоздырғышты организмде бар екенiн иммунологиялық реакцияны пайдалану арқылы табуға болады. Екiншi сатысы немесе сырт белгiлерi бiлiнген кезеңi шамамен алғанда жануар залалданғаннан кейiн 17-29 күн өткен соң басталады. Мал азжусап, денесi дiрiлдейдi, тiсiн қайрайды, елеңдеп, жоқтан өзгеден үркiп,кейде жатқан орнынан атып тұрып, құлақтарын қайшылап, шошынған қалып танытады. Бұл кезең 2-7 күнге созылады. үшiншi сатысы немесе екiншiжасырын кезеңiнде малдың күйi кәдiмгiдей жақсарады, аталған клиникалық белгiлер өзiнен-өзi жойылып, бiлiнбей кетедi. Миқұрттың бұл сатысы 2-8айға созылады. Төртiншi сатысы 8-9 айды қамтиды немесе соңғы кезеңiндеценуроздың ерекше айқын белгiлерi анықтала тҥседi. Ауру асқынған кездежҥрiп келе жатып мелшие қалу, бағытсыз жүрiп кету, қоралы малдан бөлiне қашу, кiлт тоқтап артқа шегiну, оқтын-оқтын басын бiр жағына қисайтып алып, бағдарсыз жҥрiп барып сүрiну, жығылу, басын кекжитiп алып тұра жөнелу, көбiне бағытын жоғалтып, бiр орнында айнала беру сияқты белгiлер байқалады. Мiне осындай белгiлерiне қарай халық бұл дерттi айналма, тентек деп атайды. Егер ценур жұлында өссе, түлiктiң жүрiсi өзгерiп тәлтiректейдi,ақырында артқы екi аяғын баса алмай, шойырылып жатып қалады. Негiзiнде ценурозға шалдыққан малдың бәрi де өлiмге ұшырайды немесе қолдан амалсыз сойылады. Патанатомиялық өзгерiстер. Аурудың алғашқы кезеңiнде өлген қозының бас сүйегiн жарып тексергенде, ми қабығы қызарыңқырап тұрады. Мидың әр тұсынан айналма балаң құрттарының iздерiн көруге болады. Дерттiң созылмалы түрiнде мида 1 немесе 2-3, көлемi көгершiн не тауық жұмыртқасындай көпiршiктер табылады. Бас сүйек жұқарып, саусақпен басқанда былқылдап тұрады. Диагноз қою тәсілдері. Диагноз эпизоотологиялық мәліметтер,клиникалық белгілері және патологанатомиялық сойып тексеру нәтижесінде бас миында немесе жұлында ценур көпіршігін табу негізінде қойылады. Малдың тiрi кезiнде ценурозды клиникалық белгiлерiне қарап, офтальмоскопия және аллергиялық тәсiлдер арқылы анықтауға болады. Ценурозды өлген қойдың бас сүйегiн жарып, миын тексерiп дәл ажыратуға болады. Ми iшiнен құрт көпiршiгi табылады. Емдеу жолдары. Айналманы оташылдық (хирургиялық) тәсiлмен, емдейдi. Бұл әдiс аурудың сырт белгiлерiнiң төртiншi сатысы кезiнде, яғни миқұртының мейлiнше үлкейген шағында қолданылады. Алдын алу шаралары. Жануарлардың ценурозбен ауруының алдын алу мақсатында заңды және жеке тұлғалар, малдардың иелері ценуроздың және басқа аурулардыңалдын алуға бағытталған қоздырғыштың биологиясы мен малды күтіп-бағудың технологиясын ескере отырып шараларды жүзеге асырады. Жануарлардың өлекселерін және қасапханалық қалдықтарды (бас, ішкімүшелері) өртеу, биотермиялық орға көму арқылы зарарсыздандырады. Малдарды сою ветеринариялық маманның рұқсатымен жүзеге асырылады. Иттерді азықтандыру үшін қасапханалық қалдықтар толық қайнатылғаннан кейін пайдаланылады. Қой ценурозына қарсы вакцина шығарылған (Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты). Оны қозыларға ерте көктемде бір рет егеді.
ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ (ҚұРСАҚ ЖЫЛАУЫҒЫ.) Бұл гельминтозға қой, ешкi, шошқа, жабайы күйiс қайыратындар өте сирек болса да iрi қара мен түйе шалдығады. Цистицеркоз малға, әсiресе төлге (қозыға, лаққа, торайға) үлкен әсер етiп, шығын болуына да әкеп соғады. Цестодалар ересек сатысында иттiң, кейде қасқырдың, шие бөрiнiң,түлкiнiң ащы iшегiнде, ал ларвоцисталары (жылауық) тұяқтылардың құрсақ қабықтарында, шарбы-шажырқайда, iш майында және бауырдың сыртқы қабығында тiршiлiк етедi. Қоздырғышы. Құрттың имагосын, яғни жынысы жетiлгенiн Taeniahydatigena ( Pallas,1766) деп атайды. Оның тұрқы 5 м-ге жуық, бунақ-денесi жүздеген буылтықтардан құралған. Көпiршiктiң ғылыми атауы - Cysticercustenuicollis, қазақшасы жылауық. Цистицерк- жылауықтың көлемi әртүрлi- бұршақ дәнiндей, көгершiн, тауық жұмыртқасындай, саны бiрнешеден жүзге шейiн жетедi, сыртқы бiтiмi домалақ, сопақтау, кейбiреуi алмұрт сияқты болып көрiнедi. Биологиясы. Аралық иелерiнiң, яғни тұяқтылардың бұл гельминтозға шалдығуы құрт жұмыртқаларымен ластанған жем-шөптi пайдаланудан болады. Малдың асқорыту жүйесiнде жұмыртқадан бөлiнген онкосфера iшектi тесiп, қанға өтiп, қан ағынымен бауырға жетедi. Сонан кейiн цистицерк өзiнiң толық даму сатысына жету ҥшiн бауыр үлпершегi арқылы,оның сыртқы қабығына шығып жайласуы немесе құрсақ қуысына өтуi қажет.өздерiнiң тұрақты мекенiне жеткен цистицерктер 1-2 ай өткен соң ауру жұқтыра алатын ларвоцистаға - жылауыққа айналады. Құрттың ақтық иелерi- ит. Олар аралық иелерiнiң зарарланған iшкi ағзаларын жеп, iшқұрт ауруын жұқтырады. Ит iшегiнде гельминт 2 ай шамасында өсiп жетiлiп, онда 4-11 ай өмiр сүредi. Эпизоотологиясы. Гельминтоздың кең таралуына бiрден-бiр себепкер болып отырған жағдай, сойылған, өлген малдың iшкi ағзаларын итке беру. Қыл мойынды финноз малға әдетте фермадағы және қойшы меншiгiндегi дегельминтизациядан өтпеген иттер арқылы тарайды. Қойға бұл дерт көбiнесе қора маңында жайылып жҥрген шақта жұғады. Патогенезі. Гельминтоздың жiтi түрi төлдер арасында кездеседi. Мал денесiне енген құрт ұрпақтары қан айналу жҥйесiне өтiп, мүшелердi зарарлайды, бауырға енiп, оның ұлпаларын зақымдайды, кейде өлiмге де ұшыратуы мүмкiн. Құрсақ жылауығы көбiнесе жасырын, созылмалы түрде өтедi, тұяқтылардың қан құрамы өзгередi. Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, төл тынышсызданады,жем-шөпке қарамайды, ауызы сiлекейленедi, iшi өтедi, кейде дене қызуы көтерiледi. Бiрақ көптеген iшқұрт аурулары секiлдi жылауық та астыртын өтедi, клиникалық белгiлерi байқаусыз онша көңiл аударарлықтай емес. Патанатомиялық өзгерiстер. Аурудың жiтi түрi: бауыр көлемi ұлғайған оның сыртқы бетiндегi бҥлiнген тұсы қоңыр - қызыл не сұрғылт қызыл түстi, ал көлемi тары мен бұршақ дәнiндей. Созылмалы түрi: құрсақ қуысындағы сiрi қабықтың үстiне жайғасқан, шарбы, шажырқай және бауырға да жабысқан жылауықтарды табуға болады.
Диагноз қою тәсілдері. Жануардың тiрi кезiнде оның жылауыққа шалдыққанын бiлу үшiн иммунобиологиялық зерттеулердi өткiзген жөн,өкiнiшке орай, бұл әдiстер шаруашылықтарда қолданылмайды. өлi малдың бауырын тiлiп жiбергенде қоңырқай сұрғылт сұйық ағады, арасынан ұзындығы 3-6 мм-дей паразиттер шығады. Оны үлкейткiш әйнек –лупамен тексерiп анықтайды. Құрсақ қуысындағы iшкi ағзалардан жылауық iздестiрiледi. Емдеу жолдары. Тенуикольдi цистицеркозды емдеу жолдары әзiрге табылған жоқ.
МОНИЕЗИОЗ. Мониезиоздар - таспа құрттар аурулары, тудыратын қоздырғыштары Оңтҥстіктің қой шаруашылықтарында қозының 30-60 %-ы монезиозға шалдығып, 20-40 %-ы шығынға ұшырауы ықтимал. Қоздырғышы. M.еxpansа- ұзындығы 6-10 м, тҥсi ақшыл, бунақ (проглоттида) аралықтарындағы бездерi дөңгелене келiп, буылтықтың алдыңғы жақ шеттерiне орналасқан. M.benedeni – тұрқы 2,5-4 м, түсi күңгiрттеу, бунақаралық бездерi көлденең сызықшаға ұқсайды. Биологиясы. Мал таспа құрттың пiсiп-жетiлген соңғы буылтықтарын өз нәжiсiмен берге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мыңдаған жұмыртқалар болады. Қоршаған ортада таспа проглотидалары үзiлiп,iшiндегi жұмыртқалары шашылады. Кенелер өiмдiктердiң түбiнде органикалық қалдықтармен, мал тезегiмен қоректенiп, құрт жұмыртқасын қоса жұтады. Кене денесiне түскеннен кейiн гельминт жұмыртқасынан онкосфера бөлiнiп iш қуысына енедi, одан әрi балаңқұрттың келесi сатысы цистицеркоидқа айналады. 3-5 ай аралығында цистицеркоид өсiп жетiлiп,инвазиялық сатыға жетедi. Мал жайылымда шөппен бiрге мониезиоз құртымен залалданған орибатид кенелерiн жұтып ауру жұқтырады. Қозы менбұзаудың iшегiне түскен мониезия құрты тез өсiп, 35-48 күн аралығында жетiлiп, ересек таспаға айналады. Бұл паразит ақтық иесiнiң iшiнде 2 айдан 6айға дейiн тiршiлiк етедi. Эпизоотологиясы. Мал бұл дерттi қора төңiрегiндегi қи, тезек шашылған жерлерден жұқтырады, өйткенi өте ұсақ, жай көзге көрiнбейтiн сауытты кенелер-орибатидтер шiрiген органикалық заттары мол топырақ қабатында өмiр сүредi. Мониезиоз құрты малға өрiске шығысымен жұға бастайды, ал төл арасында аурудың алғашқы клиникалық белгiлерi 15-20 күн өткеннен кейiн байқалады. Оңтүстік өңірінде бұл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды едәуiр дәрежеде шығынға ұшырататын iндет болып саналады. Сонымен қатар ол тоқтыларда және сақа қойларда да кездеседi. Iшқұрт ауруы қоздырғыштарының өздерiне тән айырмашылығы бар. Мысалы, жаз ортасына дейiн негiзiнен алғанда M. еxpansa, ал күзге қарай M.benedeni кездеседi. Құрттың бiрiншi түрi көбiнесе жас қозыларды зақымдаса, ал екiншiсi – сақа малды зарарлайды. Патогенезі. Зақымданған мал iшегiнде таспа құрттың жалпы саны жүзге дейiн баруы ықтимал. құрт орналасқан төрт сорғышымен iшекке жабысып, кiлегейлi қабығын жаралайды. Кейде паразиттер iшек iшiне толып, азық жүргiзбей қояды. Осының нәтижесiнде iшек созылып, iшкi қабаты қабынады,бара-бара iшектiң түйiлуiне немесе ыдырап, үзiлiп кетуiне ұшыратады. Гельминттерден бөлiнiп шыққан уыты қан арқылы дене мүшелерiне жайылады, жүйке жүйесiнiң қызметiн бұзады, бүкiл мал денесiн уландырады . Соның салдарынан төлдiң, кейде ересек малдың iшi кеуiп ӛтедi, нәжiс, зәршығару кезiнде мал қиналады, бұлшық етi дiрiлдейдi, қан азаюы байқалады. Сонымен бiрге басқа инфекциялық iндеттерге қарсы малдың төзiмдiлiгi төмендейдi. Ауру малдың тәбетi нашарлап, тез жүдейдi, көбiнесе жата бередi, ақырында өлiм-жiтiмге ұшырайды. Клиникалық белгiлерi. Клиникалық белгiлердiң пайда болуы мал организмiнiң шыдамдылығына және жұққан құрт санына байланысты. Қозы iшегiндегi ондаған немесе жүздеген таспа құрт ауруды тым үдетiп жiбередi. Малдың жем-шөпке зауқы бәсеңдейдi, шөлiркеп iшi өтедi, сұйық нәжiсiне шырыш және қан араласады. Төлдiң арты үнемi былғанып жүредi, ал кейде көтен iшектен таспа құрттар үзiндiлерi салбырап тұрады. Патанатомиялық өзгерiстер. Мониезиоздан өлген немесе онымен ауырған қозылар мен қойды сойып қарағанда олардың етiнiң қашқаны көрiнедi. Кiлегей қабықтары бозарыңқы, терi астынан жалқаяқтар байқалады.Iшiн жарып қарағанда құрсақ қуысынан сарқылма сарысу көрiнедi. Ащы iшектiң кiлiгей қабығы жарақаттанған нүкте тәрiздi қанталаған. Диагноз қою тәсілдері. Мониезиозды жануарлардың тірі кезінде анықтау үшін копроскопия (гельминтоскопия және гельминтоовоскопия) әдістерін қолданады. Бұл әдістермен мал ішегінде жыныстық мҥшелеріжетілген таспа құрттардың болуын ғана анықтайды. Сонымен қатардиагностикалық дегельминтизация әдісімен малдың залалданғанын цестодолар жетілгенге дейін де анықтауға болады. Гельминтоскопия әдісі арқылы отардағы қозылардың құмалақтарында таспа құрттардың буындары бар, не жоқ екенін тексереді. Егер төлдер ересек құрттармен зақымдалған болса олардың құмалағымен бірге мониезия бөлшектері сыртқа түседі. Гельминтовоскопия әдісімен мал нәжісін тексеріп мониезиозды дәлірек анықтауға болады. Осы мақсатта флотациялық әдістердің (Фюллеборн, Дарлинг, Котельников пен Хренов және тағы басқа) бірін қолданған жөн. өлген малдың аш ішегін гельминтологиялық жарып тексеру әдісімен зерттегенде ақ таспа тәрізді жалпақ, шұбатылған құртты табу аса қиынға соқпайды. Бір малда бірнеше құрт кездесуі мүмкін. Емдеу жолдары. Республиканың оңтүстік облыстарында аталған препараттардын төмендегі дәрілік түрлері пайдаланылады. Альбендазол – таспа құрттарды жоюға әсері жоғары антгельминттік препарат. Альбендазолды мониезиозға қарсы қойларға ауыз арқылы 1кгсалмаққа 7,5мг әсер етуші зат есебімен беріледі. Бұл препараттың мынадай белгілі дәрілік түрлері бар: альбен, албекс, вальбазен, зальбен, 10%-ды альбендазол суспензиясы, альбендазен, т.б. Алдын - алу жолдары. Дегельминтизация қойды таспа құрттардан арылтудың және бұл ауруды сыртқа таратпаудың негізгі профилактикалық шарасы болып табылады. Әсіресе құрт буындары мен жұмыртқаларын нәжістен тапқан кезде, паразиттердің өсіп жетілген шағында осы шараның әсері күшті келеді. Профилактика мерзімі өтіп кетсе, емдеу дегельминтизациясы жүргізіледі. Бұл үшін алдыңғы жылдардан тәжірибесін, таспа құрт дертінің қозу динамикасын жиі тексеріп, нәжісте құрт буындары кездескенге дейін 1-2апта бұрын емдеу шараларын жүргізу керек. Қойлар жоспарлы түрде жылына 3-4 рет дегельминтизациядан өтіп тұрады. Дегельминтизация арнаулы орындарда жүргізіледі. Бұл шараға құрғақ, өсімдіксіз, суаттан қашық жер қолайлы. Көрсетілген мерзімде қойлар сол жердегі бақылауға алынған орындарға жеткізіледі. Профилактикадан өткен жануарлар 1-2 күн қолда бағылады. Малды жыртылатын отамалы дақылдар аңызында немесе 1,5-2 жылға жайылымдықтан шығарылған, шөбі сирек алқаптарда жайып ұстаған жөн.
ГЕМОНХОЗ Қоздырғышы- Haemonchus contortus - қой-ешкi, iрi қара, түйе т.б. кейбiр жабайы күйiстiлер ұлтабарында мекендейдi. Бұл құрт жiңiшке қыл тәрiздi қызғылт түстi нематода, тұрқы 2,5 см (еркегi), 3,5 см (ұрғашысы) дейiн жетедi. Эпизоотологиясы. Гельминтозбен ҚР оңтүстігінде әсiресе екi жасқа дейiнгi қой жиi ауырады. Малдың көп ауырып, өлiм-жiтiмге ұшырауы қыстың аяғында, көктемде, кейде күзде байқалады. Паразит малға өрiсте жұғады. Жауын-шашыны көп жылдары, ылғалы мол жерлерде дерттiң жаппай жұғуына қолайлы жағдай туады. Биологиясы. Гемонхтар-гематофаг, қансорғыш құрттарға жатады,олар ұлтабардың iшкi кiлегей қабығын тiсiмен жаралайды, қабындырады, қан ағызады, улы заттар бөлiп шығарып, бүкiл дененi уландырады. Соның салдарынан малдың ас қорытуы бұзылып, арықтайды. Клиникалық белгiлерi. Дертке шалдыққан қозы мен тоқтының жем-шөпке қатады, кейде түлiк жатқан орнынан тұра алмай көтерем болады, әлсiрейдi, кӛпке ұзамай өледi. Патанатомиялық өзгерiстер. өлекседен қаны аздық және көтеремдiгi бiлiнедi. Құрсақ қуысында сарғыш сұйық жиналған. ұлтабардың кiлегейлi қабығында көптеген қанталау ошақтары бар. Қатпары қалыңданған, ал iшi қызғылт түстi сұйыққа және жүздеген не мыңдаған құрттарға толған. Ащы iшек пен тоқ iшектердiң кiлегей қабықтары қабынған. НЕМАТОДИРОЗ Қоздырғышы - үй және кейбiр жабайы күйiс қайыратындардың ащы iшегiн мекендейтiн жiп тәрiздi жұмыр құрт - Nematodirus туысының әралуан түрлерi. Эпизоотологиясы. Нематодироз ҚР оңтүстігінде жаппай таралған ауру. Қой нематодирозының жыл маусымына қарай таралуы бiрнеше шартқа байланысты. Ауру төлдердiң саны бiрте-бiрте көбейе түседi де, күз айларында молаяды. Қарашадан бастап, малдың ауруға шалдығуы азая бастайды. Дерт белгiлерi болмаса да 1,5-2 айлық қозылардан бiрлi-жарым аталған гельминттер тiркелген. Биологиясы. Нематодирлер қозы денесiн уландырады (интоксикация) және оның қанымен қоректене бастайды (гематофагия). Құрттар iшектiң кiлегейлi қабығының жүйке ұштарын тiтiркендiредi. Осының салдарынан iшек қабығы қалыңдап, iсiнiп қанға толады. Ас қорыту процесi ауытқып отырады, iшек-қарынның жалпы қызметi нашарлайды. Соның салдарынан жануарлардың iшi өтiп, нәжiсi сұйылады. Организм көп судан айырылады, осыған байланысты су-тұз алмасу процесi бұзылады. Дененiң улануы әсерiнен ауру мал қанының сарысуындағы қышқылдық-сiлтiлiк теңдiк бұзылып, қышқылдық (ацидоз) басталады. Клиникалық белгiлерi. Жiтi түрi 2-6 айлық төлде, көбiнесе кеш туғандарында және жетiм қозыларда 4-10 кҥннен 3-4 аптаға өрбидi. Ауру шiлде-қыркүйек айларында байқалады. Мал тез арықтайды, тәбетi нашарлайды, көздiң, танаудың, ауыздың кiлегей қабықтары қан аздығынан бозарады, iшi қабысып, бүйiрлерi тартылады, iшектiң жиырылуы күшейедi, iшi өте бастайды. Созылмалы түрiне тоқты және сақа қой шалдығады. Мал арықтап, кiлегей қабықтары сұрғылттанып (анемия) iсiнедi, терiсiнiң кей жерлерiнде жүнi түсiп қалады. Ауру бiрнеше айға созылады. Жасырын түрi ересек қойға тән, оның клиникалық белгiлерi анық бiлiнбейдi. Мұндай мал нематодироз таратушы болып табылады. Патанатомиялық өзгерiстер. Қозы өте арықтаған, аузының және мұрнының кiлегей қабығы бозарған. Оны сойып қарағанда ащы iшек қалыңдап, оның кiлегей қабығы қанталап iсiнген және қатпарланған. Iшiненкiлегей арасынан 500 - ден 2000 - ға дейiн нематодирлер табылады. Жас өлексе ішегінің қан тамырлары айқын, ішіндегі нематодирлер қызыл тҥсті.
ХАБЕРТИОЗ Қоздырғышы - Chabertia ovinae – iрi және кейбiр жабайы (қодас, бұғыт.б.) күйiстiлердiң бүйенi мен тоқ iшегiн жайлайтын iрi құрттар. Олардың тұрқы 1,3-2,6 см, ақсары түстi, денесiнiң жуан-дығы оның басынан құйрығына дейiн бiркелкi десе де болады. Эпизоотологиясы. Хабертиоз ауруының белгiлерi көбiнесе қысайларында байқалады, ал оның таралуы көктем шығысымен күшейiп кетедi.Осы кезде төл шығыны көп болуы ықтимал. Паразиттiң өздiгiнен азаюы нәтижесiнде, әдетте мамырдан бастап, дерттiң жұғу деңгейi төмендей бередi. Малға ауру өрiсте жұғады. Суаттардың да залалданғыш екенiн естен шығармау керек. Жаңбырлы жылдары ойпатты жайылымдар және сазды жерлер өте қауiптi. Балаңқұрттар суыққа өте төзiмдi, олар сыртқы ортада бiржылдай тiрi қалуы мүмкiн. Биологиясы. Ересек құрттар өзiнiң ауыз қуысымен бҥйен мен тоқ iшектiң кiлегей қабығын, қылтамырларын жарақаттайды. Жаралы жерден аққан қанмен паразит қоректенедi. Ағзаның зақымданған бөлiктерiне зиянды бактериялар жиналып, көбейе бастайды. Микроб және нематодалардың тiршiлiгiнен пайда болған улы заттар iшекке сiңiп, қан тамырларына енiп,бүкiл денеге жайылып жануарды уландырып, оны өлiмге әкеп соғуы да мүмкiн. Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, жануардың дене қызуы көтерiлiп, тамыр соғуы мен демалуы жиiлейдi, ол кҥйсiзденедi,кiлегейлi қабықтары бозарады, алқым тұсынан жалқаяқ байқалады, малдың iшi өтедi, құйрығы мен артқы аяқтары сұйық нәжiспен былғанады, дертөршiген сайын түлiк етiнен айырылып, көтерем халге жетiп, өлiп те кетедi.Созылмалы түрiнде ауырған малдың азыққа зауқы болмайды, жүнi ұйысып түскiш келедi, жағының асты iсiнiп кетедi, жануар тышқақтайды, күтiмге қарамастан азып-тозып өлiмге ұшырайды. Патанатомиялық өзгерiстер. өлексе өте арық, көтерем. Оның кеудежәне құрсақ қуыстарында 2-3 л сары сұйық жиналған. Тоқ iшек пен тiк iшектiң қатпарлар сiлiкпе iркiлумен (студенистый инфирьтрат) толғандықтан олар жуандаған, iшiндегiсi қоңыр түске боялған, арасынан хабертиялар табылады. Тоқ ішектiң кiлегей қабығы iсiнген, қызарған, қалыңдаған. Кейбiр тұстарында бүрлерiнен айырылған, көптеген жерлерiн қаптаған ноқатқанталаулар, көлемi тары дәнiндей жарақаттар басқан. Диагноз қою жолдары. Нематодаларға диагноз қою үшін аурудың клиникалық көріністерін, эпизоотологиялық деректерді еске алады, ал оны
нақтылы дәлелдеу үшін гельминтолярвоскопиялық Вайда немесе Берман-Орлов әдісін іске қосады. Емдеу тәсілдері. Левомизол – жұмыр және қыл тәріздес ағза құрттарына қарсы қолданылатын, иньекциялық препарат. Малдарға 1мл/10кгтірі салмағына тері астына егеді. Панакур түйіршіктері (құрамы 22,2% фекбендазол) 22мг/кг тірі салмағына, ірі сиырмен жылқыға 34мг/кг беріледі. Құрамы 1% ивермектиннен тұратын ивермек, ивермектин, ивамек, авимек т.б. препараттарды 1мл/50кг тірі салмағына есептеп тері астына бір рет егеді. Рамектин - 1мл/50кг тірі салмаққа тері астына бір рет егеді.Тетрамизол 0,005г/кг тірі салмаққа күніне бір рет 3 күн қатарынан береді. Алдын – алу жолдары. Нематода дертінен сақтау ҥшін қозыларды жаздың аяғында, күздің басында дегельминтизациялау керек, ал сақа малға бұл дуаны қыстың соңында, көктемнің кірісінде жүргізген жөн. Дәріленген түлікті 3-5 тәулік бойы аңызға жая тұрады. Пайдаланған дәрмектің әсері жақсы тиіп жатқанын білу үшін дегельминтизация өткеннен кейін 8-10 тәулік өтісімен 50 шақты қойды лабораториялық тексеруден өткізеді. Гельминтоз жылда тіркелетін шаруашылықта жас ткған төлді бұл кеселге қарсы күзде дәрілеу қажет.