Отбасы құқықғы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 12:34, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысынмның тақырыбы «Қазақстандағы реформалық жүйе». Курстық жұмыстың өзектілігі реформалық жүйенің қалыптасуы мен оның Қазақстандағы алатын орын.
Реформа(лат. reformate - қайта құру, жаңғырту) - өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.

Содержание

І. КІРІСПЕ....................................................................................................
1 1867-1868 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕФОРМАНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Реформаның түсінігі ................................................................................
1.2 Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа..............................
2 ОРАЛ, ТОРҒАЙ ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ТОЛҚУЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
2.1 Көтерілістің шығу себебі, уақытша ереженің енгізілуі........................
2.2 Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы толқулардың басталуы ................................................................................................................
2.3 Маңғыстау көтерілісі................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ.......................................................

Работа содержит 1 файл

1967-1968 жж реформа.doc

— 159.00 Кб (Скачать)

Бүл түстагы  генерал-губернаторлардың билік шараларын  іске асыратын басқару жүйесі мынадай  үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар және жергілікті басқармалар. Облыстық әкімшіліктің басқарма басшылығында әскери және азаматтық билік ететін әскери-губернатор түрды. 1868 ж. Ереженің 22-23-бабында дала облыстарының әскери-губернаторлары облыстардағы әскери қолбас-шыларға теңестірілетіні көрсетілген және де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак әскерлерінің тағайындалған атамандары болып саналатын.

Облыстар өз кезегінде уездерге бөлінді. Уездік басқарманың басшылығына орыс чиновниктерінің  ішінен облыстық әскери- губернатордың  үсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа әкімшілік жүйе бойынша уездегі барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды. Ереженің 42-65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау. Уезде орналасқан әскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды.

1867-1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров «Қазақстан - патша үкіметінің отары» атты еңбегінде: «Патшалық қазақ түрғындарының орталықтарын әдейі бөлшектеді, барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мәдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта үстауды көздеді»,- деп көрсетеді.

Уездер аумақтық белгі бойынша бір болысқа 1000-2000 киіз үй және бір ауылға 100-ден 200-ге киіз үй кіретіндей болып есептелген болыстар мен ауылдарга бөлінді. Болыстар шаруашылық жагынан біріккен ауылдардан түрды. Осыган байланысты жаңа жагдайда қазақтардың рулық қатынастар бойынша тарихи бөлінуі заңды түрде жойылды. Ру басында ақсақал түрганда, оның сөзі мен ісі билік күшке ие жагдайында патша үкіметінің дала тыныштыгы үшін қорқуы заңды нәрсе болатын. Граф Паленнің Түркістан аймағын тексеру жөнінде есеп беруінде: «Бұл шараны іске асырудағы мақсат рулардың үлкен аймақта бір қалыпты орналаспауы әкімшілік басқару жүйесіне кедергі туғызды және көптеген біріккен ру басында ру ақсақалдары түрған жағдайда дала тыныштығын үстап түруда көп қиындықтар туғызуы мүмкін еді»,-деп ондай биліктің күштілік себебін тап басып жазуы осының айғағы. Елге сүйенген ру басы кей жағдайда әкімшілік талаптарды орындамауы да әбден мүмкін екені шындық.

1867ж. Ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басында  қазақтардан сайланған болыс  басқарушылары, ал ауылдардың  басында старшиналар болды. Ережеде «болыстық және ауылдық старшиналарды халық сайлайды» деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын-облыстық әскери губернаторы, ал ауылдық старшиналарды уезд бастығы бекітетін еді. Отаршылар әкімшілігі үсынылған кандидаттар көңілінен шықпаса бекітпей тастап, жаңа сайлау белгілеуі де мүмкін болатын. Болыс басқарушыларын сайлауға — уезд бастықтары, ал ауылдық старшиналарды сайлауға болыс басқарушылары міндетті түрде қатысатын. Болыс басқарушылары тікелей уезд бастығына бағынышты болды және оның барлық бүйрықтарын орындауға міндетті еді, ал ауыл старшиналары болыс басқарушысына тікелей бағынышты бола отырып, болыс басқарушысына жүктелетіндей міндеттерді орындады.

Реформаларды  жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-әкономи- калық іс-шараларымен қатар өлкені мәдени және рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бүл сала патша үкіметі отарлау саясатының өзекті қүралы десе де болады. Бүл саясат Ресейдің қарамағындағы үлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп империяның түтастығын арттыруға арналған еді. Осыған сай, 1867—68 жж. реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар жан-жақты қарастырылды. Онда: «Дала түрғындарына бастапқы білім беру үшін алғашқы кезде уездік басқарма орналасқан жердің бәрінде үлт айырмашылығына қарамастан ортақ мектеп ашу керек»,— деп көрсетілді. Осыны негізге ала отырып мектептер, гимназиялар ашылды.

1868  жылғы Ереженің 251-бабында діни істер Орынбор муфтиінің қарауынан алынып, азаматтық басқарманың қарамағына берілді. Молдалар сайланатын болды. Оларды бекіту түтқасы орыс әкімшілігінің қолына тиді. Бастауыш мектептерде мүсылман дінін уағыздаушылардың қызметі шектелді. Әкімшілік қазақ мектебіне сабақ беретін үстаздардан орыс тілін білуді талап етті.

Елде орын алып жатқан аумақтық-әкімшілік үрдістер Қазақстанның әлеуметтік-әкономикалық дамуына айтарлықтай өзгерістер әкеліп, отарлық саясаттың жаңа салық жүйесін енгізді. Қазақстанда отырықшылық пен жер шаруашылығының көлемінің үлғайғандығына қарамастан салық төлеушілердің басым бөлігін көшпенділер қүрады. Мәселен, 1880 жылы 90,5 % қүраса, 1897 жылы 82,0 %-ға жетті.

1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар қазақтардың жаңа көтерілісін туғызды. XIX ғасырдың 60- жылдарының алғашқы жартысында Қазақстанда, әсіресе Кіші жүзде отаршылдыққа қарсы жаппай халық наразылықтары өріс алды. Көшпелі халықтың ашу- ызасын туғызған патша үкіметінің салық саясатының күшеюі болды. Оның үстіне қатардағы көшпенділер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Сондай-ақ, жаңа әкімшілік бөліністер ғасырлар бойы пайдаланып келген көшпелі халықтың маусымдық жайылымдарды пайдалану үрдісіне нүқсан келтірді. Салықтар мен міндеткерліктердің күрт көбейтілуі мен әкімшілік-аумақтық бөліністердің дұрыс жүргізілмеуі 1868 жылғы Орал мен Торғай облыстарында орын алған үлттық бас көтерулердің басталуына түрткі болды. 1868 жылдың желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. На- шар қаруланған, бірақ жер жағдайын жақсы білетін көтерілісшілер өздеріне қарсы қимылдаған патша үкіметінің жазалау топтарын «қарақшылық» шабуылдарға үшыратты. 1868 жылы 6 мамырда қүрамында 200 қылышты және жаяу әскері бар Штемпель отряды Орынбор бағытындағы Жамансай көлі маңында қазақ жасақтарымен кездеседі. Жазалау тобы көтерілісшілерге тегеурін бере алмай, жетінші күні азық-түлігінің таусылуына байланысты кері қайтады.

1869  жылдың наурызы мен маусым айының аралығында болыс, би, сүлтан және старшиндарға қарсы 41 рет шабуыл үйымдастырылады. Оған 3 мыңға тарта жасақ қатысты. Торғай мен Орал облыстарында көтеріліс өртінің үлғаюына байланысты жергілікті үкімет орындарымен қатар орталық үкімет те көтерілісшілерді жазалауға отряд топтарын жөнелтті. Орал облысы аймағына подполковник Рукин, граф Комаровский отрядымен бірге, генерал-губернатор Веревкин басшылыгындагы отряд аттандырылды. Көтеріліс үйымдаспаган, өзара келіспеушіліктер мен согыс тактикасының нашар болуына орай басылып, жанышталды.

Сол сияқты 1870 жылгы  Маңгыстаудагы шаруалар көтерілісі де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық жүйесі Маңгыстау халқының үкіметке қарсы  наразылығын туғызды. Маңгыстау приставы подполковник Рукин дала түргындарының қиын жагдайымен санаспай, адайлардан 1869-1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сәйкес дереу енгізуді талап етті. Көптеген жергілікті түргындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауга көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай жасалган әрекеттері жер-жерде көтерілістің шыгуына себеп болды.

1870 жылдың наурызында  Рукиннің отряды көтерілісшілердің  үлкен тобымен кездесіп, қоршауда  қалады. 25 наурызда ашық қақтыгыс  кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин өз-өзіне қол жұмсайды. Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда, олар сәтсіздікке үшырады. Көтерілісшілер саны 10 мыңга жетті. Патшалық өкімет орындары қазақтардың батылдыгынан қорқып, қосымша әскери көмек сүрауга мәжбүр болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертіп, көтерілісшілер Үстірттің баруга қиын аудандарына шегінді.

Осы тұста Англия үкіметінің Иранға деген ықпалы арта түседі. Патша үкіметі ендігі кезекте Хиуа хандығына қарсы шаралар үйымдастырды. Маңғыстау аймагына Хиуа билеушілері адайлар қозгалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар 6 мыңдық жасақпен қимыл жасауды үйгарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның әскери қыр көрсетуі нақты нәтижелер бермеді, дегенмен аймақтагы жагдайды едәуір шиеленістірді.

Маңғыстау аймагы 3 айга жуық патша әскерінің қол астына қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы түста генерал-губернатор Н.А.Крыжановский әскери министр Милютиннің «көтерілісшілерді жазалау» туралы нүсқауын жібереді. 1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс басшылары И. Тіленбаев, Д. Тәжиев, Е. Құлов және олардың серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандыгының шегіне өтіп кетеді.

Сөйтіп, бүқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі қозгаушы күші - қазақ шаруалары өз қатарларын берік біріктіруге қол жеткізе алмай, Маңғыстау облысындағы халықтық-азаттық күрес жеңіліске үшырады. Көтеріліс аяусыз жанышталып, адайларға соғыс шығыны ретінде 90 мың қой салық салынды. Маңғыстау көтерілісі өз кезегінде патша үкіметінің отарлау саясатына қазақ халқының қарсылығының айқын көрінісі болды.

Жалпы XIX ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың  болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынандай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Менің курстық  жұмысымды қортындыла келе Қазақстан Республикасындағы реформалық жүйенің негізгі бағыттары мен оның қалыптасуы бойынша азаматтық заңдардың одан әрi дамуы жүзеге асуы тиiс азаматтық заңдар принциптерi ерекше өзектiлiкке ие болады. Негiзгi принциптер қатарына мыналарды жатқызуға болады:

Республика  заңдарында белгiленген шегiнiстер болмаса, қазақстандық азаматтар мен заңды  тұлғалар секiлдi құқықтар мен мiндеттердi, әрi нақ сол тәртiппен иемденетiнiн  бiлдiретiн азаматтық-құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң теңдiгi;

кез келген тұлғаның өз қалауы бойынша және мәжбүрлеусiз шешiм қабылдау - өзiнiң қандай да бiр шартқа кiру-кiрмеу өзi шартқа отыруды қалаған серiктесiн таңдау және шарт талаптарын айқындау құқығы барлығын бiлдiретiн азаматтық-құқықтық шарт жасасу еркiндiгi;

әрекетке қабiлеттi азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүлкiне иелiк етуiне, пайда табуына, кiрiстерiн жаратуына мемлекеттiк органдар мен басқа да тұлғалардың ықпал етуiне жол берiлмеуiн бiлдiретiн, мемлекеттiң және үшiншi тұлғалардың жеке iстерге және жеке өмiрге араласпауы;

Нарықтық әкономикада орын алған еңбек қатынастары нысандарының әр алуандылығы мен күрделiлiгi еңбек заңдарын одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл орайда еңбек құқық қатынастарын реттеу қазақстандықтар мүдделерiнiң басымдығы тұрғысында өрбуi тиiс.

Мен курстық  жұмысының тақырыбын толығымен  ашытым деп ойлаймын, және де Қазақстандығы  реформалық жүйенің негізгі бағыттары  мен оның принциптері жайлы толық  мәлімет бердім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. 1995 ж. ҚР Конституциясы.
  2. Ашитов Б.З. ҚР құқық негіздері. Алматы: 2003ж.
  3. Баянов Е. ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы: 2003ж.(2009ж Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
  4. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. Алматы: 2004ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Сапарғалиев Ғ, Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы – Алматы: 1998
  2. Ағдарбеков Т.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – Алматы; НАС баспа компаниясы, 2003
  3. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. – Қарағанды: Болашак-Баспа, 2002
  4. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясының проблемалары. Оқу құралы.- Алматы, 2006
  5. Жоламан Қ., Мұхтарова А., Тәукелеев А. Мемлекет және құқық теорисы. Алматы, 1999
  6. Булгакова Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы- Алматы, 2004
  7. Ибраева А., Ибраева Н. Теория государства и права. Учебное пособие.-Алматы, 2001
  8. Табанов С. Құқық теориясы мен сот жүйесінің Конституциялық негіздері. Оқу құралы. – Алматы, 2001
  9. Сапарғалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы. Оқулық – Алматы: Жеті жарғы, 19999
  10. Алайдар А., Алайдаров А. Основы государства и права. Учебное пособие – Туркестан, 2007

 


Информация о работе Отбасы құқықғы