Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 13:41, реферат
Нағыз Көп Клеткалылар (Eumetazoa) – дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір-бірімен өзара байланысты тіндері, органдары, жүйке жүйесі жақсы дамыған организмдер. Нағыз көп клеткалылар тобындағы жануарлар органдарының белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына қарай екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелілер (Radіata) және екі жақты симметриялы жануарлар (Bіlaterata)[2].
Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі - айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оны параподия (гр. пара+подион
Тұлға буылтықтардан құралады. Бұлар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Азқылтанақты буылтық құрттар — қосжынысты (гермафродит). Теңізде мекендейтін нереида, құмқазар
Сүлік - буылтық құрттар типіне жататын арнайы кластың өкілі. Сүліктердің құрылысы мен тіршілік әрекеті ерекше назар аударады. Сүліктердің бас бөлігі нашар ажыратылады. Олардың денесінде буылтықтары болады. Бірақ буылтықтар саны ішкі бунақтарға сай келмейді. Қылтанақтары да жоқ. Сүліктер - қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Жұмыртқасын пілләге салады. Тура дамиды - ұрықтанған жұмыртқалардан жас сүліктер өрбиді.
Сүліктер - паразиттік жолмен де, жыртқыштықпен де тіршілік ететін жәндіктер. Олардың негізгі қорегі - әр түрлі су жәндіктері: ұлулар, бунақденелілердің дернәсілдері. Сондай-ақ өзге сүліктер, итшабақ және балық шабақтары, омыртқалы жануарлардың қанымен де қоректенеді. Сүліктер суда тіршілік етеді. Сүлік денесінің алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болады. Алдыңғы сорғышындағы аузының айналасын ұшы тіс тәрізді өте үшкір 3 өсінді қоршай тұрады. Жануарлардың немесе адамның денесіне сорғышымен жабысып, үшкір өсінділерін қалайды да терісін теседі, сүлік өсінділері қадалған жерінен аққан қанды сорады. Қан соратын сүліктің жұтқыншағына арнаулы бездерден «гирудин» (лат. гиру
Азқылтанақты буылтық құрттар, әсіресе топырақта, сондай-ақ тұщы суларда мекендейді. Топырақта тіршілік ететін шұбалшаңдардың маңызы ерекше. Олар топырақтан терең ің қазып, топырақты ауамен, ылғалмен байытады. Бұл әрекет топырақтағы микробтардың белсе
Шұбалшаңдар - нағыз топырақ қопсытқыш жәндік
Сонымен бірге азқылтанақты құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді. Демек олар суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды рөл атқарады.Денесі біркелкі сақина тәрізді буылтыққа бөлінгеншұбалаң тұрықты көпжасушалы жәндіктер буылтық құрттар типіне жатады. Олардың денесі үш қабаттан тұрады. Денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік соңғы қуыс - целом деп аталады. Екіжақты симметриялы. Соңғы қуыс әр сақиналы буылтықтарда қайталанады. Сақиналы буылтықтар перде арқылы бөлінгенімен, ауыз және аналь тесігі бар ішек бүкіл денені бойлай созылады. Жүйке жүйесінің құрсақтық бағанасы және ең алғашқы тұйық қанайналым жүйесі де бар. Дененің екі қапталындағы әрбір буылтықта будаланған қылтанақта өскіндер - параподиялар орналасқан. Ол құрттың қозғалып жүру мүшесінің қызметін атқарады. Ал сүліктердің денесінде мұндай қылтанақтар болмайды. Буылтық құрттар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Қосжыныстылары (гермафродит) да бар.
Онихофоралар (Onychophora) – құрлықтағы омыртқасыз жануарлардың бір типі. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда кең тараған, 70-ке жуық түрі белгілі.
Сипаттамасы
Бұлар ылғалды жерлердегі орман жамылғыларының, құлаған ағаштардың, тастардың астында және жерді қазып тіршілік етеді. Денесінің ұз. 4 – 15 см-дей, бөлшектенбеген, бас және тұлға бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде ауызы, қос ұзын мұртшалары (оның түбінде жұп көзшелері орналасқан), хитинделген жақ аппараты және жұп емізікшесі (олардың ұштарында арнайы тері безінің тесігі ашылады) бар. Тұлға бөлімі 13-тен 43-ке дейін біркелкі бунақтардан түзілген, бірақ бұлардың арасындағы жіктері айқын білінбейді, бунақтарының саны жұп аяқтарының санына сәйкес келеді. Тұлға бөлімінде аяқтары (саны 15 жұптан 43-ке дейін) орналасқан, әрқайсысының ұшында екі кішкентай тырнақшалары бар (типтің ғылыми аты осыған байланысты шыққан, грек. όnyx – тырнақ), денесінің сыртқы жабыны – жұқа хитинді кутикула, дене қуысы аралас (миксоцель). Жүйке жүйесі қарапайым, жалпақ құрттардағыдай баспалдақ типті. Миы 3 бөлімнен тұрады, ол екі бүйір жүйке бағаналарымен байланысқан. Кеңірдектері арқылы тыныс алады. Денесінде көптеген тесіктер (стигма) бар. Стигмалардың әрқайсысы ұзын, тармақталмаған, ұштары тұйық, шоғырланып орналасқан кеңірдек түтікшелерімен бітеді. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі арқа жағында орналасқан. Зәр шығару жүйесі – денесінің әрбір бунағында метамерлі орналасқан жұп целомодуктылар (кірпікшелері бар жыныс каналдары), олардың зәр шығару тесігі аяқтарының түбінен ашылады. Даражыныстылар – жұмыртқаныңұрықтануы және ұрықтың дамуы іштей өтеді, сондықтан Онихофоралардың басым көпшілігі тірі туатындар. Бұл типтің 1 ғана класы – алғашқы кеңірдектілер (
Бұрын Онихофораларды буылтық құрттар мен кеңірдекпен тыныс алатындардың аралығындағы өткінші форма деп келсе, қазір құрылысының және эмбрионалды дамуының ерекшелігіне байланысты Онихофоралар өз алдына жеке тип ретінде қарастырылады.
Моллюскалар
Моллюскалар (Mollusca, латын molluscus – жұмсақ), жұмсақ денелілер – омыртқасыз жануарлардың бір типі. Қазба қалдықтары кембрийге дейінгі тау жыныстарынан табылған. Моллюскалар мұхитта, теңізде, құрлықта, аздаған түрі тұщы суда таралған. Бұлардың 2 тип тармағына: бүйіржүйкелілер және бақалшақтыларға жататын 130 мыңнан астам түрі жатады. Қазақстанда 36 тұқымдасы, 69 туысы және 300-ге жуық түрі кездеседі. Денесі сегменттерге бөлінбеген (тек кейбір төм. сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгісі байқалады), бас, тұлға және аяқ бөлімдеріне бөлінеді. Басында аузы, көпшілік түрінде қармалағыштары, көзінің бір бөлігі болады (кейде көздері жартылай немесе толықтай редукцияға ұшыраған). Қосжақтаулы Моллюскалардің тіршілік ету ерекшелігіне байланысты бас бөлімі жойылған. Тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі қапшық деп атайды. Онда ішкі мүшелері орналасады. Денесінің сырты кутикула қабатымен қапталған, ал оның сыртын тек Моллюскаларға тән мантия (тері қатпаршағы) жауып тұрады. Мантия мен денесінің аралығындағы мантия қуысында желбезектері (тыныс алу органдары), кейбір сезім мүшелері орналасады, онда жыныс және зәр шығару органдарының сыртқы тесіктері, аналь тесіктері ашылады. Мантияныңсыртқы қабатынан бақалшақ түзіледі. Ол: сыртқы (органик. заттан), ортаңғы (қалың ізбестен), және ішкі (жұқа, жылтыр) қабаттардан тұрады. Моллюскалардың тіршілік етуіне және атқаратын қызметіне қарай аяғының құрылысы да әр түрлі. Қозғалмай тіршілік ететіндерде (мыс., устрица), кейбір паразит бауыраяқтыларда аяқ мүлдем болмайды. Моллюскалардың басқа омырт-қасыздардан ерекшелігі – ас қорыту жүйесіндегі жұтқыншақ бөлімінде қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат радуланың (үккіштің) болуы. Қан айналу жүйесі ашық. Жүрегі қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Тыныс алу жүйесі алғы желбезектер (ктенидия), бірақ кейбір түрінде олар жойылып, тыныс алу қызметін мантияның жұқа қабаты – өкпе атқарады. Зәр шығару жүйесі, көбінесе қос бүйректен тұрады. Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді. Төм. сатыдағы Моллюскалардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады. Ал жоғары сатыдағыларда жүйке клеткалары шоғырланып, дененің әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін (ганглияларын) құрайды. Моллюскалардың көпшілігі дара жыныстылар, араларында гермафродиттер де кездеседі. Жыныс диморфизмі байқалмайды. Басаяқтылардың, бауыраяқтылардың көпшілік түрі іштей ұрықтанады, қалғандары сырттай ұрықтанады. Даму жұмыртқалары спиральді бөлшектеніп, детерминативті жолымен жүреді. Төм. сатыдағыларында жұмыртқасынан трохофора дернәсілі, ал көпшілігінде трохофоралық дернәсіл-велигер (желкен) шығады. Моллюскалар балық, құс, сүтқоректілердің қорегі болып саналады. Кейбір Моллюскалар адам мен мал гельминтоздарын тудыратын паразиттер, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері.
Погонофоралар
Погонофоралар (Pogonophora) — теңіздегі омыртқасыз жануарлардың бір типі. Погонофоралар көбінесе тереңдігі 3 — 10 мың м су түбінде тіршілік етеді, 150-дей түрі белгілі. Жіп тәрізді созылыңқы денесі (ұз. бірнеше см-ден 1,5 м-ге дейін жетеді) екі жағы ашық хитинмен қапталған түтікшенің ішінде орналасады.
Денелері 4 бөлімнен тұрады: біріншісінде бас қалақшасы мен қармалауыштары; екіншісінде түтікшеге бекитін “жүгендері”; үшіншісінде ұзынша тұлғасы; төртіншісінде майда қылтандармен қапталған тері-бұлшық ет қабаты болады.
Ас қорыту жүйесі болмайды (қорегі дене қуысында тіршілік ететін күкірт бактериялары түзетін органик. заттар). Қармалауыштары арқылы тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық, арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Зәр шығару органдары — бір жұп бүйректер. Жүйке жүйесі қарапайым. Сезім органдары нашар жетілген. Дара жынысты, метаморфоз жолымен дамиды. Погонофораларда алғашқы ауыздыларға да, екінші ауыздыларға да ұқсас белгілер сақталған.
Қылтанжақтылар, теңіз жебесі (Chaetognata) — омыртқасыз жануарлардың бір типі.
Барлық теңіздер мен мұхиттарда кездеседі (140 түрі белгілі), саяз су түбінде тіршілік ететін түрлері де бар. Денесі көп қабатты тері эпителийімен қапталған, оның астында бұлшық еттер орналасады. Дене пішіні жебе тәрізді, ұзындығы 0,5 — 9 см, үш бөлімге (бас, тұлға және құйрық) бөлініп, бүйір (жұп), арқа және құйрық жүзбе қанаттарымен көмкерілген. Тұлғасындағы және құйрық бөліміндегі екінші реттік қуысы көлденең екі бөлікке бөлінген. Бас бөлімінің арқа жағында негізгі сезім мүшелері (көздері және тербелмелі эпителий ілмегі) орналасады. Мұндай эпителий клеткаларынан тұратын екі қатар сақина тәрізді құрылым тек Қылтанжақтыларға тән. Тербелмелі ілмектің Қылтанжақтылар тіршілігінде атқаратын маңызы өте зор, осы мүшесімен азығын, не даму кезінде өз түрінің басқа дарабастарынан шығатын сигналды сезеді. Басында ауыз аппараты және екі бүйірінен жебе тәрізді ұстағыш қылтандары орналасады, аты осыған байланысты қойылған. Ішегі түзу түтік тәрізді, дененің алдыңғы ұшындағы ауыздан басталып, тұлға мен құйрықтың арасындағы ануспен аяқталады. Жүйке жүйесі — жұтқыншақ үсті мен жұтқыншақ асты түйінінен құралған мидан және күшті құрсақ түйінінен тұрады. Тыныс алу, қан айналу және зәр шығару жүйелері дамымаған. Қылтанжақтылар — тез жүзетін жыртқыштар, қатты қылтандарымен кейде балық шабақтарына да шабуыл жасайды. Негізінен шаянтәрізділермен қоректенеді. Қылтанжақтылар — гермафродиттер. Тек жыныстық жолмен дамиды.
Жартылай хордалылар
Жартылай хордалылар (Hemichordata) – омыртқасыз жануарлардың бір типі. Бұлар қос жақтаулы-симметриялы, целомды
Хордалылар
Хордалылар, желілілер (Chordata) — жануарлар дүниесінің тарихи дамуының ең жоғары сатысында тұрған тип. Қазіргі кезде хордалылардың 3 тип тармағы: басжелілілер, қабықтылар және омыртқалылар, 40 мыңнан астам түрі белгілі. Бұлар Жер шарының барлық аймақтарында таралған. Хордалылардың өздеріне тән бірнеше белгілері бар:
1) денесінің арқа жағында ұзына бойына орналасқан арқа желісі — хордасы болады;
2) хорданың үстіңгі жағында ұзына бойына орналасқан орталық. жүйке жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігі бар. Төменгі сатыдағы хордалыларда бұл өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда даму барысында оның алдыңғы бөлігі миға, артқысы жұлынға айналады;
3) хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Бұл төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады да, жоғары сатыдағы хордалыларда өкпеге айналады;
4) хордалылардың көпшілігінің қан айналымы тұйық және олардың жүрегі де денесінің құрсақ жағында орналасады. Тек қандауырша тәрізділердің жүрегі болмайды, оның қызметін құрсақ қолқа қантамыры атқарады. хордалыларда бұдан басқа, омыртқасыз жануарларға да ұқсас белгілері де болады. Мысалы, екінші реттік дене қуысы, екінші реттік ауыз қуысы, денесінің екі жақты симметриялы болуы, бұлшық еттерінің метамерлі орналасуы, т.б. Хордалылардың табиғатта және адам өмірінде атқаратын маңызы өте зор. Олар биосферадағы зат пен энергия айналымында, әсіресе, тірі организмдер арасындағы қоректік тізбек құруда елеулі рөл атқарады. Олардан алынатын өнімдер (терісі, жүні, еті, жұмыртқасы, уылдырығы) шаруашылықтың түрлі салаларының бәрінде қолданылады; қара Дөңгелекауыздылар, Балықтар, Қосмекенділер, Бауырымен жорғалаушылар, Құстар, Сүтқоректілер.