Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 13:41, реферат
Нағыз Көп Клеткалылар (Eumetazoa) – дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір-бірімен өзара байланысты тіндері, органдары, жүйке жүйесі жақсы дамыған организмдер. Нағыз көп клеткалылар тобындағы жануарлар органдарының белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына қарай екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелілер (Radіata) және екі жақты симметриялы жануарлар (Bіlaterata)[2].
Нағыз Көп Клеткалылар
Нағыз Көп Клеткалылар (Eumetazoa) – дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір-бірімен өзара байланысты тіндері, органдары, жүйке жүйесі жақсы дамыған организмдер. Нағыз көп клеткалылар тобындағы жануарлар органдарының белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына қарай екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелілер (Radіata) және екі жақты симметриялы жануарлар (Bіlaterata)[2]. Сәулелі жануарлардың бекініп тіршілік етуіне немесе суда жүзуіне орай органдары бір осьтің төңірегінде шашыраған сәулелер тәрізді орналасады да, дененің сәулелі (радиальды) симметриясын құрай
Эктодерма
Эктодерма (грек. ektos – тыс, сыртқы және тері) – гаструлалану кезінде түзілетін сыртқы ұрықтық қабат. Эктодерма бластомерлері екі қабат болып жарылған ұрықтың сыртқы клеткалық қабатынан қалыптасады. Ұрық денесінің ұзына бойына Эктодерма клеткалары бөлініп көбейіп, жүйке тақташасына, кейін жүйке түтігіне айналады. Жүйке түтігінде Эктодерма клеткалары қыр тәрізді болып орналасады. Жүйке түтігі мен жүйке қырын құрайтын Эктодерманы нейроэктодерма деп атайды. Нейроэктодермадан: эпидермис (терінің сыртқы қабаты), ми мен жұлын, олардың жүйкелері, сезім мүшелерінің құрылымдары; жүйке қырынан: жұлын мидың жүйке түйіндері (ганглийлері), вегетативті жүйке жүйесінің (симпатик. және парасимпатик.) ганглийлері мен жүйкелері, бүйрек үсті безі бозғылт затының хромаффинді клеткалары дамиды. Эктодермалық астар – мүйізденген көп қабатты жалпақ эпителий; қ. Гаструла; Ұрық; Тері.
Эмбрион
Эмбрион (грек, embryon — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану — жануарлар м
Мезодерма
Мезодерма (мезо... және грек. derma — тері) — көп клеткалы жануарлар (губка мен ішекқуыстылардан ба
Жалпақ құрттар
Жалпақ құрттар(Plathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4 класс өкілдері – нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы (Themnoceрhalіda), удонеллидтерді (Udonellіda) және ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс ретінде қарастырады. ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАРдың еркін қозғалатын түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал паразитті түрлері ядросыз қалың қабат – тегументпен жабылған. Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері-бұлшық ет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет талшықтарының жиырылуынан қозғалады. Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады. Жүйке жүйесі бас жүйке түйінінен басталып, денесінің құрсақ жағына жүретін жүйке бағаналарынан (өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысқан) тұрады. Қан айналу және тыныс алу жүйелері дамымаған. Зәр шығару мүшесі – протонефридии. Олардың тарамдалған каналдары паренхимада кірпікшелі жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Жалпақ құрттар – гермофродиттер. Жыныс жүйесінің құрылымы өте күрделі. Бұлар негізінен еркек, ұрғашы жыныс бездерінен, ұрық өткізу түтіктері мен ұрпақ жетілдіру органдарынан тұрады. ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР тікелей, құбылу, иесін ауыстыру арқылы өсіп дамиды. Жалпақ құрттардың көпшілігі адам мен жануарлардың паразиті (мыс., фасциолез, эхинококкоз, т.б.).
Немертиндер
Немертиндер(Nemertіnі) – омыртқасыздардың бір типі. Көпшілігі теңіз жағалауларында еркін тіршілік етеді, тек кейбір түрлері тұщы суларда және паразиттік тіршілік етуге бейім. Немертиндердің 1 класы, 1000-ға жуық түрі белгілі. Денесі құрт тәрізді созылыңқы, ұзындығы 2 – 20 см-ден 30 м-ге (Lіneus longіssіmus) жететін түрі де кездеседі. Денесін бір қабатты кірпікшелі эпителий (оның астында көп қабатты бұлшық еттер орналасқан) жауып тұрады. Мұнда көптеген кілегейлі бездері болады. Ішкі мүшелер арасын паренхима толтырып тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ауыз тесігінен басталып, аналь тесігіне дейін созылған. Немертиндердің ерекше мүшесі – тұмсығы. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы – ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып жатады. Тұмсығымен қорегін ұстайды және ол қорғаныш қызметін атқарады. Немертиндер – жыртқыштар. Ұсақ құрттармен, шаянтәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Жүйке жүйесі бас түйіндерінен және денесінің ұзына бойына созылған бағаналардан (бүйірлік және арқалық) тұрады. Бұдан бір жұп күшті бүйір жүйке бағаналары басталады. Сезім органдарына: екі бүйір саңылауы, церебральды мүшелері және көздері кіреді. Қан айналу жүйесі негізінен үш қан тамырынан (арқа және екі бүйірлі) тұрады, олар қоректік заттарды тасымалдайды. Тыныс алу органы жоқ. Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі бүйірінде арнайы тесігі бар қос зәр шығару түтігі орналасқан. Немертиндер дара жыныстылар. Ұрықтануы сырттай. Жұмыртқадан пилидий деп аталатын еркін жүзетін планктонды дернәсіл (тұтас кірпікшелі эпителиймен қапталған) шығады. Пилидий эпителиясы уақытша ғана қызмет атқарып, дернәсіл ересек құртқа айналғанда түсіп қалады. Дернәсілден пайда болған жас құрт пилидий қабырғасын бұзып сыртқа шығады да, теңіздің түбіне түсіп, өз бетімен тіршілік етеді.
Жұмыр құрттар
Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта,биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha);
Жер шарында кең тараған. Ж. қ-дың 5 класы бар, 27 мыңдай түрі белгілі. Денесі жіп тәрізді созылыңқы келеді. Ұз. 1 мм-ден 8 м-ге жетеді.
Скребнилер
Скребнилер (лат. Acanthocephal
балықтардың, құстардың, сүтқо
Буылтық құрттар (Annelіda) – омыртқасыз жануарлардың ішін
Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі - дене қуысының екінші рет қайталануы. Сондай-ақ оларда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта зәршығару мүшелері бар. Соңғы қуыс - целом (гр. цейлома - қуыс,) деп аталады.
Целом дегеніміз - көпжасушалы жәндік және жануарлар денесіні
1. қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады;
2. ішектің және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;
3. ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі;
4. қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдері мен газды тасымалдайды;
5. зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтықтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады;
6. ағзадағы қысымды реттеуге қатысады. Дененің біркелкі буылтықтарға бөлінуі - буылтық құрттардың сыртқы құрылысындағы ерекшелік. Сақина тәрізді бұл бунақтар жәндіктің сыртында ғана емес, ішкі жағында да айқын көрінеді. Ішкі бунақтарда жәндіктің көптеген ішкі мүшелері қайталанады.
Буылтық құрттарда қантарату жүйесі жақсы дамыған. Олардың көпшілігінде қанның түсі қызыл болады. Қан жәндіктің дене қуысына құйылмай, қан тамырлары арқылы ағатындықтан,қантарату жүйесі - тұйық жуйе. Қантарату жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан құралады. Қанның ағуын арқа және құрсақ қантамырларын сақина тәріздені
Теңізде тіршілік ететін құрттар онымен ұяшық қазады. Ал топырақта тіршілік ететіндері топырақтағы қозғалысы жеңілдетуге пайдаланады. Бездерден бөлінген шырыш заттарды желімдестіріп, үйкелісті кемітеді. Құрт жабынының астында - сақиналы бұлшықет, ал оның астында бірыңғай салалы бұлшықет жатады. Сақиналы бұлшықет жиырылғанда құрт денесі ұзарады. Бірыңғай салалы бұлшықет жиырылғанда — қысқарады. Соның нәтижесінде құрт бір орыннан екінші орынға қозғалады. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бірімен- бірі жалғасқан екі жұп жүйке түйінінен және қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Үстіңгі екі түйін — жұтқыншақ үсті жүйке түйіні. Ал астыңғы екеуі жұтқыншақ астыжүйке түйіні деп аталады. Жүйке түйіндері жұтқыншақ маңында бірімен-бірі сақина тәрізденіп жалғасады.
Құрсақ жүйке тізбекшесі жұтқыншақасты жүйке түйінінен созылып, буылтықтардың әрқайсысында жүйке түйінін түзеді. Жүйкелер әр буылтықтағы жүйке түйіндерінен денеге және мүшелерге тармақталып таралады. Құрттың бас бөлігінде орналасқандықтан, жұтқыншақ үс