Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 01:02, реферат
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді.
ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.
ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата
Заңды қабылдаудың себептерi мен
мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз,
ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан
халқы, байырғы қазақ жерiнде
Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. “Жалпы ережелер” деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемл. билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемл. билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемл. тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемл. билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады. ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экон. негiздерден, әлеум. саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚРК-ның 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында “Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады”, — деп жарияланған. Мұның өзi Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, “Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет” екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi мынада: бiрiншiден, Президент мемл. билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламент
ке тәуелсiз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемл. билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседi, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлiнбей, тек әкiмш.-аумақтық бөлiнiстерге — облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бiр орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттiң басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етедi. Президенттiк басқару нысаны елдегi саяси тұрақтылықты және қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етедi. Ал “Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi” (2-бап, 2-тармақ). Қазақстандағы саяси құрылыс демокр. болып жариялануына орай Ата Заңның 3-бабы халық егемендiгiнiң конституциялық қағидасына арналған. Мемл. билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық екендiгi былай баяндалған: “Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар” (3-бап, 2, 3-тармақтар). Сонымен қатар ҚР-нда идеол. және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемл. ин-ттардың бiрiгiп кетуiне, мемл. органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. “Адам және азамат” деп аталатын II бөлiмде адам мәртебесi, жеке бастың құндылығы ашып көрсетiлген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықар. құқықтың мойындалған қағидалары мен қалыптарына тiкелей байланыстырылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесiнен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады. “Президент” деп аталатын III бөлiм мемлекет басшысы ретiнде Президенттiң жаңа мәртебесiн толық бейнелейдi. Басқа мемл. органдардың құрылуы мен қызметi IV — VIII бөлiмдерде көрсетiлген. ҚРК-ның құрылымында әр бөлiм өз қисынымен реттi орналасқан әрi баршаға түсiнiктi. “Қорытынды және өтпелi ережелер” деп аталатын IХ бөлiмде жаңа Ата Заңды күшiне енгiзу нормалары бекiтiлген, бұрынғы Конституцияның қолданылу күшi қай кезден бастап жойылғаны нақтыланған. 1995 жылғы Конституция күшiне енгенге дейiн қолданылып келген заңдардың
Әкімшілік кодекс — әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту, жаза шараларын белгілеу, т.б. мәселелерін айқындаушы құқық нормаларын біріктіретін, бірегей жүйеленген заңдар актісі. Қазақстан Республикасында “ Қазақ КСР-нің әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексі” қолданылып келді (1998). Ол КСРО республикалары арасында алғашқылардың бірі болып, 1984 жылы 22 наурызда 10-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-сессиясында қабылданған. Кейін оған бірнеше түзетулер мен толықтырулар енгізілді. 1995 жылы 1 сәуірде әкімшілік кодекстің өзгертулері мен толықтыруларын толықтай қамтыған ресми мәтіні жарияланды. Әкімшілік кодексте материалдық және іс жүргізуге қатысты бөлімдер біріктірілген; 5 бөлімнен, 31 тараудан, 450-ден астам баптан тұрады. Оның көптеген қағидалары бүгінгі күннің, нарықтық қарым-қатынастардың жаңа талаптарына сай келмейді, ескірген. Жалпы, әкімшілік кодекс жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін айқындайтын ең басты акт болып саналады.
Информация о работе Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері