Экологиялық проблемалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:25, реферат

Описание работы

Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады

Содержание

І. Кіріспе.
Қарағанды облысы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы;
2.Алапаттың зардабын аластатайық;
3.Қалдықтан алынатын өнім мол;
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1.Өлкеміздің экологиялық орталықтары;
2.Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Экологиялық проблемалар.doc

— 101.50 Кб (Скачать)

Қарағанды облысының халқы күрделі экологиялық жағдайға байланысты түрлі ауруларға, əсіресе, ядролық сынақтарға байланысы бар ауруларға жиі шалдығады. Оның негізгі жəне басты себебі - Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар жүргізген кезде радиактивті шөгінділердің əсеріне ұшырағанында деген қорытынды жасауға болады.

Байқоңыр ғарыш айлағы Адамзат ғылымының аса үлкен жетістігі екендігі мəлім. Бірақ сол тұрып жатқан халық үшін оның тигізер пайдасы көп болды ма, зияны көп болды ма?

 

«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми-зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нəтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.

Бұл ғарыш айлағының басқа да полигондармен қатар айналадағы орта мен табиғатқа орасан зиян келтіріп отырғандығы жасырын емес. Оның қауіпті аймағы бір миллион шаршы метр жерді қамтиды. Аспаннан жауған ғарыш аппараттарының сынықтары мен қалдықтары, бұлаодың құрамындағы зиянды заттар топыраққа да, ауаға да, өсімдікке де аз залалын тигізбейтіндігі нақты зерттеулер арқылы дəлелденген. Солардан жан-жануарлар мен адамдар да зиян шегіп келе жатқанын осы кейінде ғана айтылып жүр. Байқоңырдан алғашқы зымыран ұшқан сонау 1957 жылдан бері қазақ даласына қаншама зиян əкелді. 1986 жылы Бетпақдалада миллиондаған киіктің қырылып қалуы осы зымырандардың кесірі. Əсіресе, «Протон» зымырантастағышының тіршілік атаулыға тигізер кері əсері шаш етектен. Өйткені ол ұшырылғаннан кейін аспанда отынының біраз бөлігін жандырған соң, бірінші жəне екінші сатылары бөлініп, жерге түседі. Бұл отынның құрамында улы отын- гептил бар.

 

Ресейдің «адасқан» зымырандары Атырау облысының Махамбет, Қызылқоға жəне басқа аудандарының жеріне жиі құлады. Ал «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Протон» зымырантасығышының 1999 жылы екі рет құлап, Қарағандының Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарының жері мен ауасын гептил отынымен ластады. Құлаған зымыран сапарға аттанғанда оған 466 тонна қышқылдатқыш, 181 тонна отын толтырылған. Ал зымыран отынының компененттері (КРТ) сан алуан. Солардың ішінде аса улы жəне өте жылдам тұтанғыш несмметричный диметилгидразин (НДМГ) немесе гептил. Бұдан соң басты айналдырып, жүректі айнытатын нитродиметиламин (НДМА) жəне тетрамитилтетразин (ТМТ), сол сияқты жүректі айнытуы біршама төмен, қауіптілігі 4-ші сыныпқа жататын формальдегид деген бар.

 

Бұл заттар ағзаға тыныс жолдары, тері жəне асқазан арқылы түскенде адамды уландырады. НДМГ тыныс жолдарын, қан құрамын бұзады. Қимыл-əрекеттерге, аяқ-қолдың сіңірінің тартылуына əсерін тигізеді. Тағы бір ғалымдардың айтуына қарағанда гептил адамның табиғи клеткаларының түзілісін бұзады. Демек бұл ұрпақ үшін қауіпті. Екінші буында дене бітімі, іш құрлысы жəне ақыл-ойы кеміс балалардың тууына себепкер. Байқоңыр ғарыш айлағы мен Сарышаған зымыран полигоны 40 жылдан бері айналадағы ортаға кері əсерін тигізіп, сынағын тоқтатқан Семей полигоны мен Байқоңыр космодромы, Сарышаған зымыран полигоны облыстың экологиялық жағдайын қиындатып, нашарлатып келеді.

Сарышаған ядролық, ракеталық сынақтарды жүзеге асыру үшін салынған полигон. Бұл ерекше кешен. Онда ракетаға қарсы қорғаныс жұмыстары (ПВР) жүргізілді. Соған орай Ресейдің Капустин Яр, Жаңа Жер, Плесецк полигондарынан оқу-жаттығу мақсатында ұшырылған зымырандарын Сарышағаннан жіберілген зымыранмен Сарыарқа жерінде атып түсірген. Осы туралы кезінде нақты деректер берілген жоқ.

Сарышағанда адам өміріне кері əсер ететін зымыран отыны мен оның құрамды қоспалары өте көп мөлшерде сақталады. Зымыран ұшырылған кезде оның ұшыру аппараттары жерге жанып құлайды. « Сарышаған» зымыран сынау полигоны бойынша табиғат қорғау заңнамасын орындау жөнінде келісім жоқ болғандықтан зымыран полигонының қоршаған ортаға ықпалы қаншалықты екендігін зерттеу мүмкін емес. Осы Сарышаған туралы əлі күнге дейін жабық тақырып болып келеді,оның қаншалықты зиян əкелетіні айтылмай жүр. Өйткені, бұл өте аз зерттелген объекті. Ол үшін Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісім қажет.

 

Қалдықтан алынатын өнім мол

Еліміздің экологиялық жағдайы нашар облыстың бірі – Қарағанды. Өйткені мұнда зауыттар мен шахталардың 236 қазандығынан тонналаған денсаулыққа зиянды қалдықтар, улы газдар атмосфераға шығарылып, ауа кеңістігін ластайды.

Халықтың денсаулығына, халық шаруашылығына жəне қоршаған ортаға қалдықтардың келтіретін зиян көлемі де өсе түсуде.

Қарағанды аймағының экологиялық проблемаларыныңерекшелігі метан газы қалдықтары мен шахталардан ағызылған төкпе судан атмосфераның ластануы болып табылады. Жыл сайын бірнеше бірнеше жүз миллион текше метр метан газы атмосфераға шығарылады.

Қазіргі кезде күлтөкпеге, қалдық заттарды сақтауға, күл-қоқысты төгуге арналған жалпы жер көлемінің өзі 6 мың гектар. Оларда 1,5 миллиард тоннаға жуық өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтар сақталуда.

Қалдықтардың химиялық құрамында неше алуан заттар бар. Олардың ішінде қоршаған ортаны ластандыратын, адамның жүрегін айнытатын химиялық қосындылар көптеп саналады.

 

Сондықтан да барлық қалдықтарды, оның ішінде бас айналдырып, жүрек айнытатын қалдықтардың құрамына физикалық-химиялық талдау жасап, топыраққа, жер астындағы суға, ауыл шаруашылығы өнімдеріне жəне экологияға зиянды заттарды есепке алудың маңызы зор.

Металлургтер қаласы Теміртауда 21 өнеркəсіп жəне алты автотранспорт кəсіпорыны жұмыс істейді. Олардың өндірістік қызметінің салдарынан көптеген қатты қалдықтар ашық ауаға төгіліп, табиғатты ластандыруда.

Облысымыздың аймағында өнеркəсіптік кəсіпорындар мол шоғырланған. Соның ішінде көмір байыту жəне көмір өндіру қалдықтары, кен өндірісінің породалары, отын-энергетика комплексінің қалдықтары, күл, металлургия шлактары жəне басқалары бар.

Қарағандының көмір ғылыми- зерттеу институты кен өнімін мол да сапалы өндіру мəселесімен көп жылдан бері үздіксіз шұғылданып келеді. Сонымен бірге институт ғалымдары экологияның тазалығын сақтауға да айтарлықтай үлес қосуда.

Ал экологияның тазалығын сақтауда шахталардан көмір өндірумен бірге, метан газын айырып алудың да маңызы зор. Өйткені метан газы өнеркəсіп пен тұрмысқа қажетті өнім.

 

Көмір өндіру кезінде жыл сайын Қарағандыда 200 миллион текше метр өнеркəсіпке қажетті метан газы алынатын болса, оның тек 12 миллион текше метрі ғана, яғни 10 проценті пайдаланып, шахтаның қазандықтарында жағылып жүр. Қалған метан атмосфераға шығарылып, ауа кеңістігін көмір қышқылымен ластауда.

Міне, сондықтан Қарағандының көмір ғылыми-зерттеу институтының бағдарламасында өндіріліп алынған метан газын тұтастай өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қажетке пайдаланып, жұмсау ерекше атап көрсетілуде. Бұдан былай да экологияның тазалығы үшін метан газын айырып алудың жаңа əдістері мен тəсілдерін жасай беретіні, ауа кеңістігін ластауды азайту жолында институт ғалымдары өздерінің мүмкіндіктері мен ішкі резервтерін пайдалана береді.

Қарағанды металлургия комбинатының қалдық суды тазалағыш жабдықтары арқылы жыл сайын өнеркəсіп өндірісінің сұйық заттарды сақтайтын ыдыстарынан 100 мың тоннадан аса лай тұнбаларын шығарады. Ал бұл экологиялық қалдықтардың құрамында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бар екені ғылыми зерттеулерде дəлелденген. Қалдық су тұнбасы дəнді дақылдың шығымын арттыруға пайдалануға, яғни дақыл өнімін мол өндіруге септігі болатыны байқалды.

 

Қазіргі кезде Қарағанды қаласында шығарылатын тұрмыстық қалдық заттар сұрыпталмай, өңделмей қалалық көң-қоқыс төгілетін жерге апарып көміліп тасталады. Қалалық коммуналдық көлік басқармасының дерегіне қарағанда ай сайын мұнда табиғатты ластандыратын 180 тонна полимерлік, пластмассалық қалдық заттар тасылады екен. Ал мұндай қалдықтардың шіруі үшін кем дегенде 200 жыл керек.

Қалдықтардың морфологиялық құрамына талдау жасаған кезде 1 текше метр қалдықта 22 процент қағаз, 38 процент тамақ қалдықтары, 6 процент тоқыма бұйымдары, 4 процент металл, 3,8 процент шыны, 18 процент пластмасса жəне полимерлік қалдықтар бар екендігі анықталған.

Шикі зат алу үшін кеніштерді қопарғанша қалдықтардан алынған заттарды қайта өңдеген əлдеқайда тиімді болмақ. Егер осы қалдықтарды өңдесе, қағаз қалдықтарынан- картон, престелген қағаз-картон табақшаларын, сүйектерден – сүйек ұнын, тамақ қалдықтарынан- компост (органикалық тыңайтқыш), полимерлер мен пластиктерден- құрылыстық жəне тұрмыстық бұйымдарға, металл құбырлардың сыртын жабуға арналған шикізат алуға болады. Қарағанды қаласына көң-қоқысты, өндірістік қалдықты жəне тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт қажет. Бұндай зауыттан өндірілген өнімдерден алдымен өндіріс үшін шикізат қажет етпейді, ол қалдықтарды өңдеу кезінде алынады, өндіріс үшін қымбат бағалы химикаттар қажет емес, қатты қысымға жəне жоғары ыстыққа шыдамды жабдықтарды керек етпейді, қалдықтар залалсыздандырлатындықтан атмосфераға жəне су көздеріне зиянды қоспалар таралмайды, кез-келген жуандықтағы жəне ұзындықтағы құбырлар полимер қалдықтарымен қапталатындықтан коррозияға ұшырамайды.т.б.

Өлкеміздің экологиялық орталықтары

 

Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына.

Ғылымның шамадан тыс дамып, оның жойқын күшке айналуына байланысты адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдік табиғаттың сорына қарай күрт өзгерді. Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының зардаптарынан соңғы 20 жыл төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас бірсыпыра жанданды. Қазір қоғам алдында тұтастай экологиялық білім жүйесін құру міндет тұр. Облыста қоршаған ортаны қорғау жөнінде бірнеше ұйымдар құрылған.

Экологиялық «Сарыарқа» клубы, «Экомузей», «Экоцентр», «Экообраз», «Табиғат қорғау сақшысы» ұйымы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың экология бөлімшесі, облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жəне басқа ұйымдар мен қоғамдар бір-бірімен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жүргізуде.

 

Экологиялық ұйымдар мен қоғамдар негізінен туған өлке табиғатын, тарихын сүйіп өсуге, оны қорғауға, патриотизмді қалыптастыруға, адамдардың экологиялық білімі мен таным деңгейін көтеруге бағыт ұстануда. Сонымен бірге облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе ағаш, бұта, гүл отырғызу яғни көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарымен шұғылданады.

«Таза өзен» деп аталатын акцияны облыстық ЭкоМұражай қызметкерлері 1998 жылдан бері өткізіп келеді. Содан бері 23 рет акция өткізілген. Мұндай акция өткізудің мақсаты үкіметтік емес экологиялық ұйым жергілікті су ресурстарының жағдайы нашар екендігіне жұртшылықтың назарын аударып, жақын маңайдың тұрғындарының өзенге деген көзқарасын өзгерту, балалар мен біздің болашағымызға немқұрайды қарамайтындардың басын біріктіру болып табылады. Коғамдық ұйымдардың, еріктілердің жəне мектеп оқушыларының күшімен қала ішіндегі шағын өзендердің арналары мен жағаларынан 40 текше метрден астам тұрмыстық қалдық жиналып келеді.

Қарағанды қаласында еліміздің ғалым – зоологтары қатысқан қоршаған ортаны қорғауға байланысты өткен семинар-кеңесте облыста сиреп бара жатқан құстарды сақтап қалумен шұғылданатын ғылыми орталық ашу жөнінде айтылды. Бұндай ғылыми орталық 2004 жылы ашылмақ. Қаладағы зоопарк базасында құрылатын ғылыми орталыққа суда жүзетін құстарды сақтау шаралары жүзеге асырылады. Қызыл кітапқа енгізілген суда жүзетін құстардың 21 түрінің 5- еуі осы зоопаркте қамқорлыққа алынған.

 

Əдебиеттер:

Əбенов Ө.А. Қоршаған ортаға қамқорлық қажет: Жезқазған қал. қоршаған ортаны қорғау бөлiмiнiң бастығы Ө.А.Əбеновпен əңгiме / Əңгiмелескен А.Құрмансейiтов// Сарыарқа.- 2002.

Əбенов Ө.А. Табиғат тепе-теңдiгi - ұрпақ мүддесi: Жезқазған қал. қоршаған ортаны қорғау бөлiмiнiң бастығы Ө.А.Əбеновпен əңгiме / Əңгiмелескен А.Құрмансейiтов// Сарыарқа.- 2002.

Жұмышев Қ. Құтты мекен-Қарағаш // Табиғатым-тағдырым / Құраст. С.Байханов.- Алматы, 1991.- 268-285 б.

Көшiмбаев С. Абыз дала, аңыз дала (Жезқазған, Ұлытау өңiрi туралы) // Сарыарқа / С.Көшiмбаев.- Алматы, 1989. –98- 151 б.

Темiреева Ф. Жезқазған облысының географиясы / Ф.Темiреева, С.Нұрсейiтов.- Алматы: Рауан, 1994.-128 б

Нүркенова С. Туған табиғат - тiршiлiк көзi сондықтан оны аялай бiлу парыз: Жезқазған аймағының ауданаралық экология жəне биоресурстар басқармасының баст. Ө.А.Əбеновпен сұхбат//Сарыарқа.-1998.


нды металлургия комбинаты - қара металлургия өнеркәсібінің ең ірі орталығы. Оның өнімдерін біздің елімізде және он мыңнан астам шетел мемлекеттері тұтынады. Комбинаттың негізгі өнімдері жұқа ақ қаңылтыр, желінбейтін динамалық болат және үлкен жүк машиналарының қаңқаларын –және түрлі орамаларды экспортталды. 1990 жылдан бастап облыс өнеркәсібінің дамуы біршама бәсеңдеп, өнеркәсіп өндірісі 1996 жылға дейін жұмыс істеу көлемін азайтты. Бұл кезеңде өнеркәсіп өндірісі 15%-га дейін азайды. Тек қана 1997 жылдан бастал өнеркәсіпте өсу қарқыны байқалды. 2000-2005 жылдар аралығында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,4 %-ке көбейді.

 

Республика өнеркәсібінің өндіруші көлемінің 1\4 Қарағанды облысыньң үлесіне тиеді (23,7%). 1995 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Қарметкомбинаты ИСПАТ КАРМЕТ LНМ иелігіне көшті. Қазіргі таңда «АРСЕЛОР МИТТАЛ» өз өнімдерін дүниежүзінің 75 тен аса елдеріне шығаратын әлемдік дәрежедегі өнеркәсіп ошақтарының бірі.



Информация о работе Экологиялық проблемалар