Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:25, реферат
Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады
І. Кіріспе.
Қарағанды облысы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы;
2.Алапаттың зардабын аластатайық;
3.Қалдықтан алынатын өнім мол;
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1.Өлкеміздің экологиялық орталықтары;
2.Пайдаланылған әдебиеттер.
Қарағанды металлургия комбинаты
Қарағанды облысы республикамыздағы индустриалды өлкелердің бірі болып саналады.
Қарағанды металлургиялық зауытын салу жөніндегі Үкімет 1942 жылы 25 сәуірде шешім қабылдады. Ал, 1948 жылы зауытты салатын орын анықталды, бұл жерді анықтауда Қ.И. Сәтбаев басшылық еткен зерттеушілер тобы жұмыс жасады.
Экономикалық және географиялық жағынан тиімді, Атасумен Жезді кеніштеріндегі темір мен марганец рудаларының мол қоры, Топардағы ақкірпіш және Қарағандының кокс көмірі, сондай-ақ Самарқанд су қоймасының жақын орналасуы, ең бастысы кейін металл өнімдерін тұтынушыға жеткізуге өте тиімді аймақ болғандықтан - Теміртау Қазақстанның металлургиялық орталығы болып белгілінді.
Осы комбинаттың құрамында: коксохимиялық өндіріс, агломерациялық өндіріс, домна цехы, болат балқыту өндірісі, қаңылтыр прокаты өндірісі, сортопрокатты өндірісі.
Қараға
І. Кіріспе.
Қарағанды облысы.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы;
2.Алапаттың зардабын аластатайық;
3.Қалдықтан алынатын өнім мол;
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1.Өлкеміздің экологиялық орталықтары;
2.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361,5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138,4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299,4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96,2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.
Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, N3 ЖЭО жəне Қаражал ЖЭО-ның күлі мен түтіні бұрқырап мазаны алуда, сол сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты, Жамбыл, Қарағайлы Ақшатау кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып жатыр. Бұларда қауіптілігі 1-3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут жəне радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып аспанға ұшудың салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық ауаны автокөліктер де ластандырып, одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200-ге жуық əртүрлі қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға мəлім.
Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3,4млрд. текше метрге жуықтайды. Оның жыл сайын 2-2,3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат-Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, «Облсуканал» су-канал шаруашылығы басқармасы, «Қарағандырезинотехника» АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.
Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып-тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі- жерді қорғайтын орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі – кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі –қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесі. Бұлар Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8, Тасарал).
Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай техногенді ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық полигоны, Семей ядролық полигоны жəне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы- бəрі бар.
Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.
Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне табиғат қорғау мəселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш,Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары.
«Өлкетану» электрондық каталогқа өлке экологиясы туралы 500-ден астам жазулар енгізілген. Өлкетану бөлімі өлкенің табиғаты бойынша толық мəтінді құжаттарды құруға кірісті. Кітапхана оқырмандары «Қоршаған ортаны қорғау» атты тақырыптық папканы белсенді пайдаланады. Көрсеткіштің басты мақсаты қалың оқырмандар мен оқушылардың өз өлкесінің əсем табиғатын, қоршаған айналасын қорғауға шақыру, облыс жұртшылығына экологиялық білім мен тəрбие беру жəне əдебиеттермен таныстыру.
Қарағанды облысының экологиялық жағдайы туралы танысу үшін сіздерге Н.В.Гоголь атындағы ОҒƏК өлкетану бөлімінің кітап қоры, өлкетану картотекасы жəне электрондық каталогтың негізінде жасалған осы көрсеткіштің материалдары көп көмек береді.
Көрсеткішті жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұғалімдер, студенттер, оқушылар қосымша құрал ретінде пайдалана алады.
Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы Жезқазған өңірі кең-байтақ еліміздің дəл орталығында орналасқан жəне республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті металлургия орталығы. Қазақстанның ірі мыс, полиметалл, марганец, сирек жəне шашыранды металдар өндіретін кен орындары осында. Халық жиі қоныстанған мəдени аймақтар кен өндірісі орталықтарының маңына шоғырланған.
Жеқазған өңірі - ел ерте қоныстанған аймақ. Тарихи деректер ертедегі металлургия мен суғару жүйелерінің, кесене мен сарайлардың маңын мекендеген тайпалардың шаруашылығы мен мəдениетінің жоғары болғандығын көрсетеді.
Жезқазған территориясының қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жер көлемінің үлкендігіне, жердің күрделі геологиялық құрлысына байланысты. Өлкенің шикізат қоры ертеден белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 40-10 мың жыл бұрын осы өңірде мыс кен орындары игеріле бастаған еді. Қола дəуірінде мыстан басқа қалайы, алтын, күміс балқытылып, өңделген. Оны жергілікті жердің жер, су аттарынан байқауға болады.
Қазіргі кезде игеріліп отырған минералды шикізат көзі өте көп. Солардың ішіндегі ең маңыздылары мыс, темір, марганец, полиметалдар, вольфрам, молибден, ванадий жəне құрылыс материалдары. Бұл өңір мыс кенінің қоры жөнінен Қазақстан Республикасындағы ең маңызды аймақ. Өлкенің мыс кендері кембрийге дейігі заманнан бастап, кейінгі палеозойдың пермь дəуіріне дейін жиналған тау жыныстарымен байланысты.
Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жəйттің бірі - қоршаған ортаны қорғау мəселесі. адамдардың салырттығы мен бейқамдығынан бастау алған экологиялық күрделі ахуалды табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен мамандары соңғы жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде қалдыруға кері əсерін тигізуде.
Өзіміздің мысты өлкеде осындай ойды онға, сананы санға бөлетін салмақты əрі түйінді шаруаларды оңтайлы шешуде жүзеге асырылып жатқан шаралардың бар екені де күмəнсіз. Жезқазған қаласының жер ауданы бүгінгі күнге 859872 гектарды құрайды, оның 683775 гектары қаладан тысқары аумақ. Жалпы жер көлемі ауылшаруашылығына арналғаны- 831701 гектар, өнеркəсіп, көлік жəне байланыс құрылымдарына қатыстысы- 14513 гектар, су қоры 8644 гектар болып бөлінеді. Тіршіліктің тіні - Табиғат-Ананың тамылжыған тамаша қалпын сақтауға барша адамзат жан-тəнімен ықыласты екендігі күмəнсіз. Алайда, өндірістің өркендеуі, одан туындайтын экологиялық қиындықтар, басқа да себептер мен салдарлар қоршаған ортаның кескін-келбетіне елеулі зиянын тигізіп келеді.
Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты. 2000 жылы Алматыда өткен үлкен форум да, одан кейін Балқашта өткен Парламент мəжілісінің бір топ депутаттары мен табиғат қорғау мамандарынан құралған көшпелі мəжіліс те, жалпы қаладағы табиғат жанашырларының бірлестік ұйымдары да бұл мəселені жан-жақты терең талқылап, саралап келеді. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен “екінші табиғат”(өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мəселелер көбейе береді.
Балқаш көлі - ғаламшардағы
ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек, жұмбағы мол. Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді.Балқаштың тағдыры –жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады. Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді.Оған əсер ететін фактор көп. Балқаштың тағдыры- Алатаудың басынан, Қытайдың далсынан басталады. Себебі көл қанасына су жинайтын алабы сонау Іленің арнасына құйылатын бастау бұлақтардан, Алатаудың мұзарт шыңдарынан, Арқаның апайтөс даласынан құралады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын көлге қаладағы өндіріс орындарынан 10 жерден лас су құйылатын- комбинаттың қалдық сақтау орнынан, жылу орталығынан, түсті металл өңдеу зауытынан, сауықтыру орындарынан жəне т.б. Сол тұста жаға-жайдағы суды тексеру үшін жаздыкүндері көлге резина етік кимей жақындай алмайтын. Жағалаулар май, мазут. т.б. сіңіп. əбден ластанған. 1995 жылдан бері комбинат көлге пайдаланылған лас суларын ағызуды тоқтатты. Балқаштың балығы да азайып барады. Жауапсыздық пен салғырттықтың өкінішті орнын толтыру қиын-ақ. Бір кезде маусымына 40-50 мың тонна балық аулаған балықшылар соңғы жылдары ондай көрсеткіштерге қол жеткізе алмай келеді.
Ауаға зиянды зат тарататын 216 кəсіпорынның 91-інде ауаға тараған зиянды зат көлемі арта түскен. Мұның өзі “Испат-Кармет” ААҚ, Балқаш кен-металлургия комбинаты жəне “Қазақмыс”корпорациясы, “Жезқазғанцветмет” сияқты облысымыздағы ірі өнеркəсіп орындарында өндірістің жандануын да көрсетеді. Балқаш пен Теміртау қаласы ең ластанған қалаларға жатады. Барлық ластаушы заттардың 73%-і осылардың үлесінде немесе тиісінше 204,2 жəне 178,5 мың тонна.
Жезқазғандағы экологиялық жағдай да күрделі. Есепті мерзімде оның аумағына 74,1 мың тонна зиянды қалдық тараған, бұл алдыңғы жылдың 1 жарты жылдығына қарағанда 2,3%-ға артық. Бұған себеп “Қазақмыс Корпорациясы” ААҚ бөлімшелерінің кəсіпорындарында жанармайдың көп қолданылғаны болып отыр.
Алапаттың зардабын аластатайық
Қарағанды облыс аумағында əлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш обьекті - Семей ядролық сынақ полигоны, Сарышаған əскери полигоны жəне Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.
Ұлан-байтақ елімізді тоталитарлық, əкімшілік жүйенің темір құрсауында ұстап, азат ой мен ұлттар бостандығын тұншықтырып келген кеңестік коммунистік өктемдіктің айқын бір көрнісі-Семей ядролық сынақ полигоны.
Атом жарылыстары бірінен- соң бірі жасалған 40 жыл ішінде полигон маңайындағы жарты миллионнан астсм халық радиоактивті тозаңмен тұншығып, оның үштен екісі ертелі-кеш мəңгілікке көз жұмды. Осы 40 жылға созылған атом сынақтарының жалпы қуаты 25 мың Хиросима бомбасына тең екен.
Семей ядролық полигонындағы ең алғашқы сталиндік-берияляық атом бомбасы 1949 жылдың 29 тамызы күні жарылған болатын. Жер үстінде жасалған 26 ядролық жарылыстың кезінде атом сəулесі полигон маңайындағы 800 елді мекенді отты құйынға орап кеткен. Ауада жасалған 90 атом жарылысының 11- інде радиациялық уы полигон территориясының шегінен асып ауа жайылған. Ал 1962 жылдан бастап жүргізілген 300 жерасты сынақтарының əрбір үшіншісінде радиоктивті газдар ауаға жайылып кетіп, 30 жарылыстың кезінде атом сəулесі топырақ пен өсімдікті улаған.
Семей тұрғындарымен бірге ядролық жарылыстардың зардабын Қарқаралы, Егіндібұлақ жұртшылығы бірдей көріп, зəрлі уын бірдей жұтты. 1990-шы жылдардың бас кезінде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мен Ғылым академиясы жинақтаған қужаттар бойынша Қарағанды облысының да біраз аумағы радиоактивті заттармен ластанғандығы дəлелденді. Егіндібұлақ, Қарқаралы атырабында радионуклидтердің таралуы облыстың басқа жерлеріне қарағанда 1,5-2 есе көп. Осының нəтижесінде тұрғындар əжептəуір көлемдегі сыртқы радиациялық сəулелердің əсеріне ұшыраған.
Ақтоғай ауданының экологиялық жағдайына Семей ядролық сынақ полигонының тигізген зардабы орасан зор. Ақтогай территориясы Семей сынақ полигонының тəжірибе алаңынан солтүстік-шығыс шекарасы 230 км, оңтүстік–шығыс шекарасы 330 км қашықтықта. Тəжірибе алаңынан азимут бойынша 215-240 градустар аралығында. Сы жағдайларды ескере отырып, аудан территориясы радияциялық заттармен ластанып, халқы радиациялық сəулелену дозаларына ұшырағаны ақиқат. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша аудан халқының Семей полигондағы жарылыстар салдарынан белгілі бір мөлшерде радиациялық сəулелену дозасын алғаны ғылыми тұрғыда дəлелденді
Ақтоғай ауданында арнайы əдістемемен радиация зардабыннан болатын аурулардың бір организмде қабаттасуы зерттелді. Аурулардың қабаттасуы жасы ұлғайған сайын көбейе беретіні көрсетеді жəне басқа жерлермен салыстырғанда жоғары дəрежеде болған. Əсіресе жүйке жүйесі мен сезім органдары ауруларына асқазан шек ауруларымен, жүрек-қан тамырлары ауруларының зəр жолы, жыныс органдары жəне ас қорту органдарынан ауруларымен қабаттасуы байқалады.