Әуе компания деректер базасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:31, курсовая работа

Описание работы

Менің бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы деректер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады.
Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………. 3
1.1 Деректер базасы әкімшілігінің функциялары ………………….. 4
1.2 Деректер базасы администраторының байланыстары ………… 6
1.3 Реляциялық деректер базасы туралы жалпы түсінік ………….. 7
2 Деректер базасын жобалау (практикалық көрінісі) …………. ... 9
2.1 Ақпараттық моделі ……………………………………………… 10
2.2 Инфологикалық модель құру …………………………………… 11
2.3 Деректерді нормальдау ………………………………………….. 14
3 Бүгінгі күнгі деректер базасы ……………………………………... 24
3.1 Деректер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары 25
3.2 Деректер базасын пайдаланушылар …………………………….. 25
4 Қорытынды ......................................................................................... 26
5. Пайдаланған әдебиеттер .................................................................... 27

Работа содержит 1 файл

Әуе компания деректер базасы курстық.doc

— 1.32 Мб (Скачать)

 

 

Сурет 8 - Access-те «Ticket» кестесінің көрінісі

 

 

Егер кестелер бірінші нормальды форманы қанағаттандыратын болса, оларды құрылымдық немесе синтаксистік нормальдау деп атайды. Егер де құрған кестелерді деректер сызбасына біріктірсем, онда төмедегідей түрде болады:

  

 

Сурет 9 – Бірінші нормальды форма кестелерінің жиынтығы

 

 

 

Барлық кесте мағыналары атомарлы болғандықтан бірінші нормальды формада де атаймыз, бірақ деректер бір кестеден артық басқа кестеде де қайталанып тұр. Сондықтан оларды біріктіріп басқа кесте (8-10-кестелер) құраймын.

Мысалы рейс туралы ақпаратта рейс номерінің қандай уақытта ұшқанын және қонғаны көрсетілмеген. Сондықтан төмендегі кесте қандай рейс қандай күні орындалатыны туралы ақпарат:

 

                   8-кесте.

Жол тақырыбы

Тип

Өлшемі

Сипаттамасы

1

Passage

Сандық

5

Рейс номері

2

Dayofweek

сандық

1

Аптаның күні

3

Time

сандық

3

Ұшқан уақыт

4

Arrivaltime

ақшалық

6

Қонған уақыт

 

Класс туралы ақпарат жазылған кезде класстың атауы және ол билет құнының қанша пайызын құрайтынын көрсету қажет:

 

         9-кесте.

Жол тақырыбы

Тип

Өлшемі

Сипаттамасы

1

Class

Сандық

1

Класс

2

Name

мәтіндік

15

Класс атауы

3

Procent

сандық

Авто

Билет құнынан пайызы

 

 

Деректермен жұмыс істуге ыңғайлы болу үшін ұшақ ұшатын күнді аптаның күнімен сәйкестендіру керек. Себебі кезек бойынша  бір ұшақ белгілі бір рейсті белгілі бір апта күндерінде ғана орындайды.

 

                                                                                                                                                                 10-кесте.

Жол тақырыбы

Тип

Өлшемі

Сипаттамасы

1

Day

дата

Авто

Ұшатын уақыты

2

Dayofweek

Сандық

1

Апта күндерінің номері

 

Сонда соңында шыққан кестелер схемасы төмендегідей болады:

 

 

   Сурет 10 – «Әуекомпания» деректер базасыныңкестелер жиынтығы

 

 

Екінші нормальды форма. Кесте екінші нормальды формада болады егер қатынас бірінші нормальды формада болса және қатынастың барлық кілттік емес атрибуттары функциональды түрде тек қатынастың құрама кілтіне тәуелді болса. Яғни кестеге кілттік жолдар орналастыру керек. Реляциялық деректер базаның басты мақсаты сұраныс, форма және есептеу нәтижелері көмегімен деректерді әр кестеден тауып байланыстыру болып табылады.  Ол үшін кестедегі әрбір жолды анықтайтын белгілі бір жолды тағайындау керек. Ондай жолдарды кестенің бастапқы кілті деп атайды. Егер таблицада бастапқы кілт болса, онда мағынаны дубликаттауды алдын алады. Мысалы адамның паспотртының номері ол адам жайлы информацияны сақтайды.  Деректер екінші нормальды формаға келді.

Үшінші нормальды форма. Қатынас үшінші нормальды формада болады, егер ол екінші нормальды формада болса және қатынастың барлық кілттік емес атрибуттары тек бастапқы кілтке тәуелді болса.

Енді кестелер арасына байланыс орнатқаннан кейін ғана деректер базасымен жұмыс жасауға  болады:

 

 

Сурет 11 -  Access-те «Әуекомпания» деректер базасының кестелерінің байланысы

 

 

 

Берілген ақпарат кестелерге енгізілді, кестелерде бастапқы және ішкі кілттер анықталды, кестелер арасындағы байланыс орнатылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.      Бүгінгі күнгі деректер базасы

 

Деректер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни деректер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы деректер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.

   Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.

   Деректер базасы түсінігімен деректер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуаладау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.

   Әлемде көптеген деректер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан ДББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін ДББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

3.1    Деректер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары

 

ДБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:

           нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;

           әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;

           ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы болып табылады. Деректерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;

Информация о работе Әуе компания деректер базасы