Отан отбасынан басталады

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 09:05, реферат

Описание работы

Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген.

Содержание

Кіріспе
1.1 Отбасы - Отанымыздың ошағы
2 . Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан-менің Отаным.
2.2 Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат саясаттану.docx

— 38.52 Кб (Скачать)

Қазақстан ғылымы әлемдік ғылым қазынасына зор үлес қосты, іргелі ғылымдарды түбегейлі зертеуге бағытталған ірі институттар жұмыс істейді.

Республиканың ғалым-археологтары әлемдік маңызға ие сақ дәуірінің ғажайып ескерткіштерін — Есік және Берел қорғандарын іздестіріп тапты. Есік қорғанынан біздің заманымызға дейін 5 ғасырға жататын «Алтын адам» мүрдесі табылды.

Денсаулық сақтау саласы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларға бөлінеді. «Қазақстан — 2030» Стратегиясына сәйкес салауатты өмір салты мемлекет дамуындағы аса маңызды бағаттардың бірі болып жарияланды.

Республиканың мәдени өмірі сан салалы. Елде 52 театр (оның екеуі опера және балет театры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, корей және неміс драма театры, жетеуі қуыршақ театры), 15 филормония, 64 музей, 10 мыңнан астам кітапхана (оның 3066-сы мемлекеттік), 2227 мәдени-сауық мекемелері, 271 кинотеатр, 24 концерттік мекемелер бар.

Әлемнің 120-дан астам мемлекеттері ресми түрде таныған Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (1992ж.), басқа да халықаралық ұйымдарға мүше.Қазақстан — ядролық қарудан бас тартқан ең алғашқы мемлекет.Ел тәуелсіздік мемлекет ретінде дамыған жылдары құқықтық және азаматтық қоғам құру жолында елеулі табыстарға жетті.

Табиғаты: Қазақстанның жер бедері барынша әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Жер бедері Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарынан шығыс және оңтүстік-шығысына қарай биіктей түседі. Маңғыстау түбегіндегі теңіз дейгейінен 132 м мөмен жатқан Қарақия ойысы мен Қазақстанның ең биік жері — республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан Хантәңірі шыңының (абс. биіктігі 6995 м) арасындағы биіктік айырмашылығы 7127 м. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің ең терең жері 600 м-ге жетеді.

Республика аумағының солтүстік-батысын Каспий жағалауы ойпаты (абс. биіктігі 28 м-ден +50 м-ге дейін) алып жатыр. Әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатқан Каспий ойпатының ені теңіздің солтүстік жағалауында 250 км-ге, ал солтүстік-шығысында 120 км-ге жетеді. Жайық Маңғыстау тауларымен (300м) шектеледі.

Оңтүстік  Орал және Мұғаджар таулары мен Сарыарқа шоқылары арасында ені 250 -500 км-ге жететін Торғай қолаты меридиандық бағатта созылып жатыр.Солтүстік тізбекте Сарымсақты (3373), Нарым (3483 м) және Күршім (2645 м) жоталары енеді. Оларды Күршім өзенінің аңғары бөліп жатыр. Ертіс өзенінің аңғары арқылы бөлінген Сауыр (2053) және Тарбағатай (2992 м) тауларынан Зайсан көлі орналасқан қазаншұңқыр (400 м) бөліп тұр.

Алтайдан солтүстік-батысқа қарай, Орталық Қазақстанда Шыңғыстау созылып жатыр. Тарбағатай жоталары мен одан оңтүстікке қарай орналасқан Жетісу (Жоңғар) Алатауының аралығындағы кең алқапта Алакөл ойпаты (340 м) бар, ол оңтүстік-шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы (600 м) деп аталатын сүйірленіп келген тауаралық аңғар түзеді.

Жетісу  таулы аймағына оның басты тізбегін (ең биік тұсы — Бесбақан шыңы, 4464 м) жанай орналасқан Тоқсанбай (3600м), Тышқантау (4359 м), Алтынеміл (293 м) жоталары енеді.

Қазақстан, Қырғызстан және Қытай мемлекеттері шекараларының түйісінде жатқан Хантәңірі шыңы (6995 м) Орталық Тянь-Шаньнің Қазақстандағы бөлігі болып табылады. Тянь-Шяньның тармақтары — Үлкен және Кіші Қаратау жоталары Тұран жазығына ішкерілей еніп, толығымен Қазақстан аумағында жатыр.Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ… Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке- бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде,шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытыртпай қалай аман сақтаған деп таңданамыз?! Шынында, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап қалған.

Отансүйгіштік — рухтың аса бір қасиетті тірегі демекші, Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен жалғасып жатыр. Президентіміз ұсынған жаңа ұлттық идеяның мазмұны да қоғамдық дамуға басқаша, осы заманғы тұрғыдан қарау үлгісіне сай айқындалған. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Көп ұлтты Қазақстанда жалпы ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету», — деп жазды.

Біз бақытты  ұрпақпыз! Себебі, ата-бабаларымыз қанын  төгіп, жанын беріп аңсап кеткен Тәуелсіздікке біз қол жеткізіп, ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Бабаларымыз басынан не кешпеді, не өткермеді? Екі жүз жылдық жоңғар-қазақ тартысында Абылай хан сияқты жандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді шешен де көсем билер, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай сынды қас батырлар өз жерін ерлікпен қорғады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан, Ыбырай, Абай аталарымыз халықты озық елдер қатарынан қалыспауға, білімге шақырса, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Мағжан Жұмабаев сияқты халық ұлдары ұлт санасын оятты, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қайысты. «Отан үшін отқа түс — күймейсің»,-деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз! Әрине, біз, кейінгі ұрпақ, халқымыздың ерлік дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз. Аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз орнықты, аспан түстес көк туымыз бейбітшілік көгінде желбіреп, Әнұранымыз асқақтата шырқалуда. Алғашқы жылдардағы аласапыран тірлік қалыпты өмірге ұласты. Халқымыз өтпелі кезеңнен абыройлы өтіп, экономикамыз өрлеу жолына түсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымыз таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық саласы нығайып келеді. Осының бәрі — тұңғыш рет әлемдік дәрежеге көтерілген мемлекеттің түтінін түзу шығарып, іргесін бекітудегі алдыңғы толқын ағалардың он төрт жылдан аса уақыт ішінде атқарған жұмыстары. Ендігі жерде сол алдыңғы толқыннан үйренетін, үлгісін, тәлімін алатын, қанатты ісін жалғастыратын дәстүр біздің еншімізге де тигелі отыр. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.

Осы арқылы кейінгіге біз де із қалдыруға тиістіміз. Ол үшін жастықтың жалынымен, бойдағы күш-қуат, қарым-қабілетпен, ойдағы ұшқынмен Отан-ананың тірегі болуымыз керек. Оның үстіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасыр — білім, ғылым, бәсеке ғасыры болмақ. Оған төтеп беру үшін рухтың мықтылығы, ұжданның күштілігі, елге, жерге деген адалдық керек. Әрбір азамат өзін мемлекетінің өткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, Отан тағдыры үшін өзіне жеке жауапкершілік жүктелетінін терең білуі керек деп ойлаймын.

Бірлік — халық салты. Бұл — өмір заңы. Ел болу ерлікке, еңбекке, бірлікке байланысты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Өйткені «бірліксіз тірлік жоқ, тірліксіз бақыт жоқ». Бірлік салтын, яғни ел бақытын сақтау үшін жан аямай күресу, еңбек ету — әрбір адамның міндеті.

Халқымыздың берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін сақтап қалуға үлкен тірек болады.

Біздің  еліміз тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі  таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек.

                               Қазақстан-көп ұлтты мемлекет

Қазақстан территориясында 130-дан астам ұлт  пен ұлыс өкілдері,ұлттық және этностық топтар өмір сүреді.Жер шарының 2 пайызын  құрайтын қазақ жерінің батыстан шығысқа дейінгі ара қашықтығы 2500,солтүстік пен оңтүстігі 1700 шақырым.                                                                                                                Мемлекетінің аумағының үлкендігіне қарамастан, халық тығыздығы 1 шаршы км. 5,8 адамға тең болып отырған Қазақстан - әлемнің ең аз қоныстанған елдерінің бірі болып табылады. 2009 жылдың 1-ші қаңтарында республиканың халық саны 15778,2 мың адамға тең болды, соның ішінде қалалық жерлерде – 8423,7 мың, ауылды жерлерде – 7354,5 мың адам тұрады. Бүгінгі Қазақстан – халқының құрамы көп ұлтты мемлекет. Қазақ ұлты барлық халықтың 2/3 бөлігің, яғни 67 пайызын құрайды. Сонымен қатар елде ірі орыс диаспорасы (халықтың 21 %) тұрып жатыр. Ірі екі негізгі этникалық топтардан басқа Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде 800 мың – украиндық, 500 мың – неміс, 400 мың – өзбек, 300 мыңнан аса татар халқы бар.

Еркектер  мен әйелдердің ара қатынасы әйел жынысының сәл басымдылығынан (51,8%) құралады. Жалпы халық санының  өзгеруі, бірінші ретте, халықтың тууы мен өлімінің санының өзгеруінен қалыптасып отырған, табиғи өсімнің  әсері. 1999-2008 жж. жалпы республикадағы халықтың табиғи өсімі 1141,6 мың адамға тең болды, 1999 жылмен (70,2 мың) салыстырғанда 2008 жылы 204,2 мың адамға дейін өсті.

1999-2008 ж.  республикада 2671,3 мың адам өмірге  келді. Халықтың 1000 адамына шаққандағы  туудың жалпы коэффиценті 1999 жылы  – 14,6, 2008 жылы – 22,9 промиллеге  тең болды.

1999 жылғы  халықтың орташа өмірінің ұзақтығы  – 65,7, 2007 жылы – 66,3 жасқа тең  болды. Республикада әйелдер мен  ер адамдардың өмірінің ұзақтығының  арасындағы үлкен айырмашылық  байқалып отыр, 1999 жылы әйелдер  мен ерлердің арасындағы айырмашылық  10,3 жасқа тең болған.

                                             Қорытынды

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер қатарына қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.Отансүйгіштік сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде,шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытыртпай қалай аман сақтаған деп таңданамыз?! Шынында, талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» өзінің жер көлемін сақтап қалған.

Менің елім — менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ… Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, береке- бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиет тізімдері

  1. Әбсаттаров.Р Саясаттану негіздері.Алматы,2011
  2. М.Т.Мағзумов. Саясаттану негіздері – Оқу құралы, Өскемен,2007 ж – 203 б.
  3. Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
  4. Нысанбаев А. Н. Саясаттану. А., 1997 

                                                                                                                                      
     


Информация о работе Отан отбасынан басталады