Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 09:05, реферат
Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген.
Кіріспе
1.1 Отбасы - Отанымыздың ошағы
2 . Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан-менің Отаным.
2.2 Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ
АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ.
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Отан
отбасынан басталады
Жоспар
1.1
Отбасы - Отанымыздың ошағы
2 . Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан-менің Отаным.
2.2 Қазақстан
жеріндегі ұлт өкілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ОТБАСЫ
– ОТАНЫМЫЗДЫҢ
ОШАҒЫ
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
Отанға
деген ыстық сезім –
туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Шаңырақ
– шағын мемлекет. Сондықтан мемлекет
тірегі-отбасы.Қоғамның қолайлығының
көрсеткіші де – отбасы.Қоғамдағы
өзгерістер отбасына әсер етпей қоймайды.Демографтар
есебі бойынша,ТМД елдерінде
Ал 2011 жылдың 1 қаңтарындағы санақ бойынша 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын.Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың
қаңтар-маусым аралығында
Қазақстан – менің Отаным
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.
1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.
1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.
1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.
1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.
2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.
2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.
Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.
Тәуелсіздік — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Евразияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.
Қазақстан Республикасы — Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз — Астана. Мемлекет басшысы — Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы — Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.
Парламент — заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілеттік орган болып табылады.
Үкімет дегеніміз — мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы. Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр — Премьер -Министр басқарады. Оны бұл лауазымға Парламенттің мақұлдауымен ел Президенті тағайындайды.
Ұлттық ақша — теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.
Мемлекеттік наградалар болып танылатын мынадай ордендер мен медальдар бар.Жоғарғы деңгейдегі айырым белгілері «Алтын қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы.«Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері.Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Шапағат медальдары бар.
Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республика аумағы батыста Еділдің төменгі ағысынан шағыста Алтайға, 3000 км-ге дейін, солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шань таулы жоталарына 1600 км-ге созылып жатыр.
Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады.
Қазақстанның батысы мен солтүстік Ресей Федерациясымен, оңтүстігі Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, шығысы Қытаймен шектеседі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан және Австралия кейінгі 9-орын алады. Климаты — барынша континентальді.
Қазіргі уақытта 2700 кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады. Бұл кәсіпорындарда өндіріс 812 мың адам жұмыс істейді.
Жетекші өнеркәсіп салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Жоғары сапалы мыс пен мырыш, қорғасын мен кадмий әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие.
Қазақстан — дәнді дақылдар (негізінен астық), азық түлік пен техникалық дақылдардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл шаруашылығындағы негізгі салалардың бірі — жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен, халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін мал шаруашылығы.
Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің көптеген мұнай өндіруші елдерінен алда тұрды. Республикада қазіргі уақытта барланған және табылған 2,8 млрд. тонна мұнай мен конденсат қорынан және 1,9 триллион текше метр газ қорынан тұратын 172 мұнай, 42 конденсат және 94 газ кен орны бар. 1993 жылы сәуір айында Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы мұнай мен барлау ісі бойынша — «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім жасады. Қазақстанның газ өндірісінің болашағы үлкен. Әлемдегі ірі кен орындарының қатарына жататын негізгі газ кен орындары Қарашығанақта орналасқан. Қазақстанмен арада жасалған келісімдерге сәйкес «Бритиш газ» бен «Аджип» компанияларының осы кен орны аумағында жүргізілетін жұмыстары басталғаннан кейін республикада газ өндіру айтарлықтай өсетін болады. Өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе, оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары сөзсіз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат. Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни іргетасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық.
Қазақстандағы білім беру жүйесі бір-бірімен өзара байланысты бірнеше деңгейден тұрады, олар: мектепке дейінгі тәрбие орындары, жалпы білім беру мектептері, кәсіптік — техникалық мектеп, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындары жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақ ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Евразия ұлттық университеті т. б. тәрізді жоғары сапалы мамандар даярлап келе жатқан оқу орындары бар.