Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:13, реферат

Описание работы

Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы 4
2. Басқару нысаны: монархия, республика. Олардың түрлері, даму тенденциясы 5
3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация 7
4. Саяси режим 10
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 14

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 37.14 Кб (Скачать)

Конфедерация  мысалы 1776-1764 жылдардағы АҚШ, 1815-1867 жылға  дейінгі Германия, 1815 жылғы Швейцария, 1918 жылға дейінгі Австро-Венгрия  болады. Бірқатар мемлекет ісі жөніндегі  мамандар федерация құрамына кіретін  мемлекеттердің толық тәуелсіздігі болмайды деп санайды. Оларға федерация  мемлекеттік билікті жүзеге асыруда  азды-көпті қатынастарының суверенитетіне кейбір эквиваленттерін ұсынады. Георг  Элипеканың пікірі бойынша одақ мемлекеттің  заң тәртібі оның өз заңы болатын  конституцияға негізделеді және одақ мемлекетінің заңымен ғана өзгертіле  алады. Одақ мемлекетінің шегінде бөлек  мемлекеттер өзінің мемлекеттік  сипаттамасын жояды. Бұл шектерде олардың  қызметі мүлдем тоқтайды немесе одақ мемлекеттік өз басқармасымен ауыстырады, әлде коммуналды одақ тәрізді өзін-өзі  басқаратын корпорация сипаттамасын алады, себебі басқаруды заңға сәйкес және одақ мемлекетінің бақылауында өз органдары  арқылы жүзеге асырады. Бұл пікірдің пайдасына федерация территориясы және бөлек мемлекеттердің тұрғындары көбіне ажырамас бірлікте болуы куәлік етеді. Бөлек мемлекеттер территориясы болады, ал бөлек елдердің халқы – оның бір халқы.

Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде олардың мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық факторымен салыстыра отырып қарастырады.

Өркениет - әлеуметтік-мәдени жүйе. Бұған қоғамның тіршілік етудегі болмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, экономикалық діни негіздері, адам мен табиғаттың үйлесу деңгейі, сондай-ақ жеке адамның экономикалық саяси әлеуметтік және рухани бостандықтарының деңгейі кіреді.

Өркениет  дегеніміз қоғамдық салыстырмалы түрде  тұйықталған және жергілікті ахуалы, қал-жағдайы.

Монархиялық мемлекеттердің бірігуі жеке немесе уния формасында болады. Бұл екі  формасының ортақтығы екі немесе бірнеше мемлекеттер монархтарының  бір адамға үйлесу салдарында пайда  болуында.4

Жеке   унияның    кездейсоқ,    алдын    ала    ойластырылған   тақ мұралығының әртүрлі тәртіптерінің  негізінде бірнеше мемлекеттерде  бір-біріне тәуелсіз таққа құқықтың ұйқасу негізі бар. Бұл әртүрлі заң  күштері бар адам бойында болғанға дейін жалғаса береді. Тақ заңы бойынша берілген уақытта жеке уния тоқтайды. Осылай өткен ғасырда 1837жылы Ұлыбритания мен Ганновер арасында, 1983 жылы Нидерланд пен Люксембург арасында жеке уния жойылған. Бұл тақ  мұралығының жүйесінің бірдей болмау салдарынан, яғни Ұлыбритания мен  Нидерланд арасындағы Ганновер мен  Люксембург арасында агнатикалық. Алдыңғы  екі мемлекеттерде таққа әйелдер  отырған. Ал бұл келесі екі мемлекетте таққа мұралық етуге мүлдем рұқсат етілмеген.

Жеке  униялардың саяси мағынасы маңызды  болып әртүрлі мемлекеттердің толығымен  бірігуіне соқтырады.

Бір монархпен  біріктірілген мемлекеттер арасында соғыс мүмкін емес. Дегенмен көп  жағдайда олардың арасында маңызды  жақындық болмайды.5

Реалды  уния мемлекеттердің келісу нәтижесінде  пайда болады және осының негізінде  ортақ монарх пайда болады. Реалды уния мүшелері бір-біріне бағынбайды және олардың бірігуі олардың суверенитеттерін шектемейді. Ортақ территория, бір  азаматтық, ортақ заң, қаржы және тағы басқалары болмайды. Мәні бойынша  халықаралық - заңды келісім болып, ол көбіне сыртқы байланыс саласында  мағыналы болады, бір әскери саясаты  бар, әскери одаққа кіреді. Бір мемлекет формасына келтірілген және дамыған  монархия тәртібін болжағандықтан нақты  униялар қазіргі уақытта пайда  бола бастады.

Норвегия  мен Швеция арасындағы Австро-Венгрия  униялары реалды болған.

Реалды   униялар   бір   мемлекетке   айналғаннан   немесе   одақ кеңейгеннен тоқтайды.

Империя - күшпен құрылған күрделі мемлекет. Империя бөліктерінің тәуелділік дәрежесі әртүрлі болады. Бұрын көлік пен  байланыс құралдарының дербес негізіндегі  империяға құрылулар империя  билігімен аз сәйкестелінеді. Жаңа уақытта, әсіресе XX ғасырда, жағдай маңызды өзгереді. Кейбір мемлекеттің ісін жүргізетін мамандар империяның құрамды бөліктерінде бір мемлекетті - заңды статус ешқашан болмаған жоқ деген қорытындыға келеді. Империя шеңбері жеткілікті кең. Олар тарихи дәуірлердің барлығында болған. Ертедегі Рим мемлекеті өзінің соңғы өмір сүру кезеңінде, Ұлыбритания және Ресей империя болған.

Фузия (мемлекеттің  бірігуі) және инкорпорация (бір мемлекеттің  екінші мемлекеттің бірігуі тәрізді  сипатталады) мемлекет ісі мамандарымен қарастырылатын униялардың соңғы түрі.

Мысалға Фузия ФРГ мен ГДР-дың қайта  бірігуі болады. Көпшіліктің болжауы  бойынша инкорпорация - бұл 1940 жылы СССР-ге Эстония, Латвия мен Литваның қосылуы деп санайды.

Енді  мемлекеттік құрылым нысандарына  келер болсақ, бұл - мемлекеттік биліктің территориялық ұйымдастырылуы. «Мемлекеттік құрылым нысаны» түсінігі халықтың дараұлттық құрамы, бар елдерге қарасты  қолданылады.

Ұлттық  мемлекеттік құрылым нысаны дегеніміз  көпұлтты қоғамға негізделген, мемлекетті немесе одақты құрайтын мемлекеттің  территориялық ұйымдастыру әдісі. Бұндай түсінік көпұлтты қоғамға  қатысты пайдаланылады.6 Ұлттық мемлекет құрылымының нысаны 3-ке бөлінеді: федерация, біртұтас мемлекет және конфедерация. Федерация — бұл мемлекеттік қабілеттіліктің анықталмаған саласына ие саяси құрылымдарға негізделген мемлекеттің немесе ұлттық мемлекеттік құрылымның нысаны. АҚШ, Мексика, ФРГ - бұл территориялық белгімен құрылған  федеративті мемлекеттер. Үндістан, Югославия, Чехословакия - бұл ұлттық белгімен құрылған федеративті мемлекеттер.

Біртұтас  мемлекет – бұл  әкімшілік-территориялық  бірлік теріс негізделген ұлттық мемлекеттік құрылым нысаны. Біртұтас мемлекет дара ұлтық та, көпұлтты да болуы мүмкін. Көпұлтты біртұтас мемлекеттер  болып — Қытай, Ауғанстан, Тәжікстан, Қазақстан және т.б. табылады. Дара біртұтас мемлекеттер болып - Жапония, Гаити, Египет және т.б. саналады.

Конфедерация  бұл саяси орталықтандыруды менсінбейтін мемлекеттер одағы. Оған ортақ конституцияның ортақ билік пен басқару органдарының болмауы тән. Ол әскери, саяси немесе экономикалық мақсатта құрылады.

4. Саяси режим

 

Бұндай  мемлекет нысанында негізінен белгіленгені ол әлде құқықтың әдіспен билікті  жүзеге асыруы немесе керісінше азамат бостандығының, құқықтарының, билікті  жүргізуге қатысудан, саяси партия, меншік нысанына қатынасының бұзылуы, аластатылуы. Саяси режим негізінен  әрқашан саяси-құқықтық режим. Себебі: саяси режим анықтамасы әрқашан  қандай құқықтың немесе құқыққа қарсы  нысан жақтарымен байланысты болып  келеді.

Мемлекет  өз территориясындағы елді әртүрлі  режимде басқарады. Бұл режимдер көп ғасырлық тарихы бар елдерде  қолданылады. Оның негізгі түрлері  ол: Демократиялық режим және Антидемократиялық  режим.

Демократия  — грек тіліндегі «халық билігі»  деген ұғымнан шыққан сөз. Демократиялық  режимде мемлекеттің жоғарғы  органы халық мандатына ие болады, билік демократиялық және құқықтық әдіспен халық мүддесіне сәйкес құрылады. Адам және азамат құқығы мен  еркіндігі жан-жақты қорғалады  және кепілдік беріледі, заң қоғамның барлық саласында үстемдік етеді. Осы  сөздің тамыры айтып тұрғандай, халық  өзін-өзі басқаратын қоғам құру, яғни қазіргі қалыптасқан бұл  құрылым, халық өзін басқаратын бір  адамды сайлап алып, оған сенім білдіріп, басқарту. Сондықтан демократиялық  елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім  артып сайлаған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады. Бұл демократиялық қоғамда  халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық  елде теңдік, бостандық, жариялылық басты  бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия - осындай ел басқаруды  жақсартуға бағытталған ой саралық  тұжырымдамаларымен жоғары бағаланылатын  құрылым қоғамның құрылымына бағынады.7

Демократияың  негізгі принципі - әділдік. Әділдікті  адамдардың көріп, есту түсінігімен  айналада болып жатқан құбылысты  сезіну арқылы қалыптасатын көзқарасымен және өзара келісімге келу арқылы түсіністік туғызып немесе айналасында  өтіп жатқан оқиғалар шындығын жүрегімен  сезінуімен байқалады.

Әділдіктің  негізі теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамды әділетсіздік жайлайды. Ал, демократияның мақсаты - адамдар  арасындағы теңдікті қалыптастыру және сол теңдіктің арқасында халықтың билігін орнату.

Демократияның ең бірінші негізгі шарты; адам құқығы.8 Егер адам құқығы сақталмаған жағдайда немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге аспаған жағдайда «халық билігі» құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылуына елдің конституциясы мен ел президентінің қызметі негіз болуы тиіс.

Демократиялық режимнің қоғамдық өмірдегі негізгі  өзегі митингілер, жиналыстар, референдумдар, шерулерге қоғамдық ұйымдар арқылы азаматтар көптеген шешуші мәселелерге  араласады.

Түрлі көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын  жерде ешқандай демократия болмайды. Көзқарас, пікір ашық айгылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе  бастайды, яғни демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса  бастаса, оның өзгеріп алға жылжуына септігін тигізетіндігін тарихтан білеміз. Мысалы, Кеңес Одағын басқарушылардың  соңғысы М.С. Горбачев алдыңғы дамыған  елдерде жиі болып, олардың жедел  дамуына жол ашқан демократиялық  қоғамның дұрыс екенін мойындауы  арқылы және оны жүзеге асыруды қолдайтын  сыңай таныту арқылы, одақтық республикаларының  ыдырауына өзінің ықпалын тигізді. Сол арқылы екі ғасырдан аса Ресей  отаршылығында болып келген Қазақстан  да өзінің тәуелсіздігін алды.

Демократиялық режимге, мысал ретінде Қазақстан  Республикасының демократияландыру  саясатын алайық.

Әлемдік тарихқа көз жіберсек қоғамды  демократияландырудың сан қилы жобаларының  бір сыпырасы жүзеге асты да. Мәселен, ХVІғ. Американ Конституциясы немесе Ұлы Француз буржуазиялық революциясының азаттық пен теңдік ұрандары.

Бүгінгі Қазақстандық саясаткерлер мен саясаттанушылар  арасында демократия жөнінде түрлі  ой-пікірлер айтылуда. Біреулердің  ойынша демократия ұғымының өзі біздер үшін мүлде жат, сырттан таңылып  отырған түсінік. Ал енді біреулері  демократияның далалық тарихи тамырларына  айрықша назар аударуды талап  етеді. Қазақстан қоғамындағы демократия жөніндегі әңгімені халқымыздың  тарихынан бастаған жөн болар. Негізі қазақ даласында демократия ежелден-ақ бар. Кәдімгі өзіміз күнде ауызға алып жүрген Дала демократиясы. Хандардың  сайлануымен қатар Қасым ханның «қасқа жолы», Есім ханның «ескі жолы»  және Тәуке ханның «Жеті жарғысын»  еске алсақ та жеткілікті. Дала демократиясының  мықты тұғырларды тірек еткеніне билер институты да куә болып  табылады. Яғни халықтың өзі беделді-ау дейтіндей ел ағаларына сенім  білдіріп, олардың қолдарына билік  тізгіндерін ұстатқан және бір ғажабы, олардың әлеуметтік жағдайы немесе басқаша айтқанда жинаған байлықтары шешуші рөл атқармаған. Ал адам құқығы кез келген жерде аяққа тапталмаған. Мүліктік жазаның өзі жазаланушының жағдайын мейлінше ескеріп отырған мемлекеттік емес құрылымдар арасындағы салауатты бәсеке қазақстандық қоғамды демократияландыруға тән сипаттар, міне осылар.

Осы заманғы  өркениет құндылықтарының арасында адам құқықтарының алатын орны ерекше. Ол құқықтар дүниежүзілік қауымдастықта  өзінің лайықты орнын алуды ойлайтын әрбір мемлекетте қоғамдық өмірді демократияландыру  қажеттігін толық мойындауға негізделген  болу тиіс.

Демократияландыру процесінде мемлекеттік өкімет билігі институттары мен қоғамның саяси, мәдениетін жетілдіру ерекше рөл атқарады. Қазіргі  қоғамдық дамуға тән нәрсе қоғамның неғұрлым ашық бола түсуі және адамның  құқықтарын құрметтеуге мән беруі. Құқықтың мемлекет жағдайында ең алдымен  құқықтық заңдардың, соның ішінде әсіресе, негізгі заң ретінде Конститутцияның  басымдығы сөзсіз қамтамасыз етілетін болуы тиіс. Одан соң әрбір адамның, азаматтың, әр түрлі ұжымдар мен  ұйымдардың бостандықтары мен құқықтарының заң жүзіндегі кепілдіктері туралы сөз етуге болады. Бұл жерде  жеке меншік құқығын мойындап танудың  айрықша мән-мағынасы бар. Өйткені  онсыз орташа тапты қалыптастыру, экономикалық нарықтың үлгісін дамыту мүмкін емес. Ал, мемлекеттік өкімет билігі институттарының жүйесі бүкіл  саяси организмнің жалпы адамзаттың қазыналарға, демократияға, гуманизмге және жеке адамның бостандығына сәйкес қалыпты жұмыс етуі керек.9

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл еңбегімді  қорыта келгенде тақырыптың аса ауқымдылығын атап өткім келеді. Әрине, бір курстық  жұмыс көлемінде мемлекеттің  мәні, нысандары және типтері деген  мәселенің түптамырына жету қиынға соғады. Алайда, мен бұл тақырыпты  толығымен ашып, жан-жақты қарастырдым. Көптеген әдебиеттер мен осы орайдағы авторлардың пікірлерін зерттеп, салыстырдым.

Сонымен, бірінші тарауда мемлекеттің  мәні қарастырылды. Оның ішінде мемлекеттің  пайда болу теориялары, түсінігі және белгілері, мақсаттары мен міндеттері, қызметі мен сипаты ашылған.

Екінші  таруды қысқаша қорыта келгенде, мынадай  нақты нәтижелер шығаруға болады - мемлекеттің нысандары үшке бөлінеді - басқару нысандары, мемлекеттік  құрылым нысандары және саяси  режим.

Басқару нысандар - монархия және республика болып  жіктеледі. Монархия - құл иеленуші, феодалдық және буржуазиялық болып  келеді. Ал, республика - парламенттік және президенттік болып табылады.

Ұлттық-мемлекеттік  құрылым нысандары - федерация, біртұтас және конфедерация болып бөлінеді.

Саяси режим  түрлер - демократиялық және террористік  екіншісі өзінше тағы екіге жіктеледі. Авторитарлы және тоталитарлы.

Үшінші  тарауда мемлекеттің типтері  толығымен талқыланған. Жалаң фактілерге келер болсақ, олар келесідей: мемлекет типологиясына деген формациялық  көзқарастың бөліну критерийі қоғамдық экономикалық формацияның типі. Ол - құлиеленуші, феодалды, капиталистік және социалистік мемлекеттерде орын алған.

Информация о работе Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы