Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:58, реферат
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Қазақстан дамуындағы стратегиялық басымдықтардың бірі Ұлттық қауіпсіздік Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Даму стратегиясында белгіленген алғашқы басымдық болып табылады. Сонымен бірге, кауіпсіздікті қамтамасыз ету тек әскери-саяси мәселелерге барып қана тірелмейді. Бұл жерде саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, этноконфессиялық, әскери, т.б. катерлерге карсы түру меңзеледі.
Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысудың маңызы орасан.
ШЫҰ - Қазақстан сыртқы саясатының басым бағытында біздің мемлекетіміз ШЫҰ-ға үлкен маңыз береді әрі өзінің ұйымның қалыптасуын ұйымдастыруға қатысуын басым міндет санайды. Басқаша айтқанда, ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатында аса маңызды орын алады
ШЫҰ — мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін бірігіп шешуге деген ұмтылыстан туындаған ұйым. Сонымен қатар, саяси, экономикалық және медени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріндегі бірлескен іс-қимылдар да аталған ұйымға қатысы бар ауқымды салалар болып табылады.
Таратып айтар болсақ, ШЫҰ-ның негізгі міндеттері мен мақсаттары мыналар:
— мүше мемлекеттер арасында өзара сенімді, достықты және тату көршілікті нығайту;
— аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекемдеу және көп қырлы ынтымақтастықты қолдау;
лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге, есірткі мен қару-жарақтың зансыз айналымына. Трансұлттық қылымыстың басқа да түрлеріне, ШЫҰ қызметінің тиімділігін арттыру миграцияға қарсы бірлескен іс-қимыл таныту;
— саяси, сауда-экономикалық, қорғаныс, кұқық қорғау, табиғат қорғау, мәдениет, ғылыми-техникалық, білім беру, энергетикалық, көліктік, несие-қаржылық және басқа да салаларда ортақ мүдде туындататын аймақтық ынтымактастықты тиімді ынталандыру;
— жан-жақты және тең деңгейдегі экономикалық өсімге, әлеуметгік және мәдени дамуға оң ықпал ету;
— әлемдік экономикаға интеграциялану қадамдарын үйлестіру;
— мүше мемлекеттер мен олардың Ұлттық заңдылықтарына және елдердің халықаралық міндеттемелеріне сөйкес адамның құқы мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз ету;
— өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-катынас калыптастыру әрі дамыту;
— халықаралық жанжалдардың алдын алу мен оларды бейбіт реттеуде өзара іс-қимыл жасау;
— XXI ғасырда пайда болатын проблемаларды шешудің кілтін бірлесіп іздеу;/5/
ШЫҰ құрылуы принциптік тұрғыдан жаңа субаймақтық ынтымақгастық жүйесін калыптастыруға негіз қалады. Ұйым жарғысына сәйкес, мүше алты мемлекеттің қатарына басқа мемлекеттердің де қосылуына мүмкіндік қарастырылған. Осы тұрғыдан келгенде жаңа ұйым қызметінің ашықтық сипаты перспективалық маңызға ие.
Бүгінгі күнде ШЬІҰ бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болды: атап айтқанда, мүше мемлекеттер арасындағы белгісіздік пен түсініксіздік проблемалары күн тәртібінен түсті, шекаралық мәселелер шешілді, қарым-қатынасты тұрақты талқылайтын форум құрылды.
Сенім шаралары туралы уағдаластық пен шекара аудандарында қарулы күштерді қысқарту әлемдік тәжірибеде теңдессіз оқиға болып табылады. Бұл уағдаластықтар әлемдіқ қоғамдастықта үлкен резонанс туғызды. Қытайдың Қазақстанмен, Қырғызстанмен, Ресеймен және Тәжікстанмен шекарасы аймағында сенім шараларын бекемдеу және Қарулы күштерді қыскарту жөніндегі келіссөздер барысы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау процестерімен, сондай-ақ талас туғызатын аудандарға қатысты проблемаларды шешумен тығыз байланысты болды. Осылайша көп қырлы келісімге келу екіжақты Қазақстан-Қытай шекара проблемасын реттеуге жағдай туғызды.
1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісім күшіне енгеннен кейін оған қатысушылар 100 шақырымдық географиялық аймақтағы жеке құрам, қарулану, әскери техника туралы ресми ақпараттар алмасуды жүзеге асырды.
Мұндай акция Азия дипломатиясының практикасында болып көрген емес. Мұның Қазақстан үшін маңызы аса зор еді. Өйткені, әңгіме Қытай жағының шекара ауданындағы мөлдірлігі туралы болатын. Қорытындысында аталған келісімдер шекараласатын елдерге қауіпсіздікке қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылауға мүмкіндік берді.
Тараптар сол кезде, яғни "Шанхай бестігі" болып тұрған тұста жағдайға аталған аймақ ақиқаты тұрғысынан келіп, қауіпсіздік мәселелері бойынша екіжақты және көпжақгы консультациялар алмасуды белсенді жүргізуге бекем бел буды. Олар жалпыға ортақ бейбітшілік пен XXI ғасырда өркендеу үшін жаңа әділетті де тиімді халықаралық саяси және экономикалық тәртіп орнату кажет деп мәлімдеді. /6/
Ұйымға мүше мемлекеттердің пікірлерінше, көп-қырлылық казіргі дүние дамуының ортақ тенденциясы болып табыла отырып, халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына оң ықпал етеді. Тараптар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қарым-қатынасты бүкіл Еуразия құрлығында тұрақты жұмыс істейтін қауіпсіздік және даму үрдісіне айналдыруға дайын екендіктерін керсетті.
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына үлкен маңыз береді әрі оған қатысуды өзінің сыртқы саясатындағы басты міндеттерінің бірі санайды. Өйткені, ШЫҰ мүше мемлекеттердің барлығы теңдей дережеде күш-жігер танытқан жағдайда аймақтық және жаһандық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуға қабілетті құрылым деп біледі.
Сондай-ақ ШЫҰ, Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен гуманитарлық байланыстарды дамытуда үлкен әлеуетке ие. Оның үстіне "алтылық" орналасқан аймақтағы геосаяси ахуал бірінші кезекте көлік әлеуетін пайдалануда тиімділігімен ерекшеленеді.
Бүгінде ІІІЫҰ кең әлемді халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған ашық ұйым ретінде танылып отыр. Сондықтан оның кұрамы кеңеюіне мүмкіндік мол. Осы себепті, қайталап айтайық, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына ерекше маңыз береді. Біздің еліміз ШЫҰ шеңберіндегі мемлекеттермен ынтымақтастығын аймақтық интеграцияның тиімді құралы ретінде бағалай отырып, өзінің сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі ретінде қарастырады.
2001 жылдың 14 қыркүйегінде Алматыда алты мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі болып, онда аймақтық экономикалық ынтымақтастық мәселелері туралы әңгіме қозғалды. Қорытындысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы меморандумға қол қойылды. Құжатта аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың негізгі міндеттері мен бағыттары айқындалған./7/
2002 жылы алты мемлекет тиісінше сауда-экономикалық ведомстволар басшыларының және көлік министрлерінің кеңесін құрды. Бұл кеңес сауда-саттық, инвестиция, көлік, энергетика, т.б. салалардағы іскерлік ынтымақтастықты орнату жолдарын іздестіру мақсатында қажет болды.
2003 жылдың 23 қыркүйегінде өткен алты мемлекеттің үкімет басшыларының Пекиндегі кездесуінде экономикалық ынтымақтастықты интенсивтендіру жөнінде стратегиялық шешім қабылданды. Осыған байланысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасына қол қойылып, бүгінгі күн мен перспективаларды көздейтін ұзақ мерзімді экономикалық қарым-қатынастарға іргетас каланды және бағдарламаның негізгі міндеттері мен оны жүзеге асырудың тетіктері карастырылды.
2004 жылдың 23 қыркүйегінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер сауда-экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының орындалуы бойынша шаралар жоспарына қол қойылды.
Ұйым беделінің артып келе жатқанына ШЫҰ-ға қосылуға тілек білдіруші елдер қатарының толастамай отырғаны айғақ бола алады. Мәселен, Монғолия 2004 жылғы маусымда өткен Ташкент саммиті барысында, бақылаушы ел мәртебесіне ие болды. Ұйымға қосылғысы келетінін Пәкстан ресми түрде жариялады. Мұндай қызығушылық Ауғанстан, Үндістан, Түркия, Иран, ЕО, АСЕАН және ТМД елдері тараптарынан байқалып отыр. Жағдайдың бұлайша бағыт алуы табиғи көрінеді, өйткені, ШЫҰ-ның негізгі идеяларын жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Осы жерде Қазақстанның аталған ұйым жобаларының барлығына бірдей белсенді қатысқанын да айта кеткеннің артықтығы жоқ.ШЫҰ-нің тиімділігін арттыру үшін бірінші кезекте әскери ынтымақтастықтың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге қатысты.
Сондай-ақ халықаралык лаңкестіктің кең көлемдегі көріністеріне қарсы тетіктер қарастырудың маңызы зор. Халықаралық лаңкестікке қарсы тұруда әскери органдардың дайындығы мен біріккен міндеттер үйлесімділігінің де алатын орны ерекше. ШЫҰ-ға, қатысу сонымен қатар Қазақстанның геосаяси позициясын нығайту үшін де аса қажет.
Талас туғызған аумақтық мәселелердің реттелуі, шекара ауданында қарулы күштерді жоспарлы түрде және мөлдірлік түрғысынан қысқарту, өзара пайдалы негіздегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аймақтан әскери-саяси ұстанымдардың оңға өзгеруіне айтарлықтай ықпал етті.-
Осылайша Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ұмтылыс бүкіл мүдделі елдердің біріккен күш-жігерін үйлестіруді талап етеді. Мұнсыз қазіргі қатерлерге қарсы тұру мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы, сондай-ақ АҚШ-пен және НАТО-ның басқа да елдерімен әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейтуі қауіпсіздікке катер төнетін тұста қосымша әскери-саяси ресурстарды тартуға мүмкіндік береді.
Шанхай ынтымақтастығы үрдісіне Қытай мен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекара аудандарында сенім мен әскери күштерді қысқартуға ұмтылыс негіз калады десек, ақиқаттан тым алшақ кетпейміз. 1996-1997 жылдары бес мемлекет басшысы тиісінше Шанхайда және Мәскеуде "Шекара ауданында әскери салада сенімді нығайту туралы келісімге" және "Шекара ауданында әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге" қол қойды./8/
Осыдан кейін тұрақты кездесулер тетігі табылғандай болды. Басқосулар бес мемлекеттің аумағында рет-ретімен ұйымдастырылды. Уақыт өткен сайын талқыланатын тақырыптар ауқымы кеңейіп, елдердің бір-біріне деген сенімі күшейе түсті. Атап айтқанда, саясат, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы өзара пайдалы негіздегі ынтымақтастыкқа ден қойылды.
1998 жылғы Алматы саммитінде Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекетгер арасындағы интеграцияның сауда-экономикалық бағытын жеделдету мақсатында үкімет басшыларының кездесуін ұйымдастыруды ұсынды. Мұндай кездесу алғаш рет 2001 жылы Қазақстанда өтті. Ал екі жылдан соң Пекинде үкімет басшылары көпқырлы сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды./9/
2003 жылдың тамызында Қазақстан мен Қытай аумағында өзара іс-қимыл тарихында тұңғыш рет бірлескен антитеррорлық жаттығулар өткізілді.
Қазақстан мен Қытай күш біріктірген сайын аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыкты қамтамасыз етудегі іс-қамыл тетіктері оңтайлана түскен сипат ала бастады. Сонымен бірге, ұйымға қатысушы мемлекеттер саны ғана артып қоймай, күн тәртібі бойынша талқыланатын мәселелер ауқымы да кеңейіп келеді. ШЬІҰ-ның беделді халықаралык ұйым ретінде неғүрлым тез калыптасуы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатындағы стратегаялық басымдықгардың бірі болып табылады.
ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жасампаздықпен белсенді жұмыс жүргізген жағдайда Ұйым аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен салмаққа ие бола алады және ие болуы тиіс. Бұған ШЫҰ-ның әлеуеті әбден жетеді.
Әрі қарай, яғни институтталу үрдісін жүзеге асырғаннан кейін ШЫҰ аса маңызды міндеттерді — Ұйым шеңберіндегі тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуді жүзеге асыруға кірісуі тиіс. Бұл қазіргі дүние жағдайында ШЫҰ-ның тиімділігі мен пайдасын көрсету үшін қажет.
Осы тұрғыдан алғанда мына екі негізгі міндетті бөліп қарастырған жөн.
Біріншіден, мүше елдер кеңістігіңдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Екіншіден, тиімді көпжақты- экономикалық ынтымақтастықты дамыту.
Әдебиеттер
1.«Қазақстан 2030» стратегиясы. Алматы. 1997ж
2. Егемен Қазақстан 1997ж
3.Саясат №3 2005ж наурыз
4.Әріптестік// Егемен Қазақстан 2005ж. 6 шілде
5.Лукин А. Шанхайская организация сотрудничества: проблемы и перспективы — "Ситуация в Центральной Азии и Шанхайская организация сотрудничества: четвёртая международная конференция - 2004 //Китай (ШИМИ) 2004. - стр 221-246;
6.Трофимов Д. Шанхайский процесс - от "Пятёрки" к "Организации сотрудничества": итоги 1990-х, проблемы и перспективы развития. //Центральная Азия и Кавказ. - 2002. №2. - стр 97
7.Егемен Қазақстан 2001ж 15 қыркүйек
8. Киреев Г. Долгий путь к «Шанхайской пятерке». //Международная жизнь. - М.: 2004. - №3. - стр. 75-82;
9. Абатуров В. Осеннее давление геополитики: обзор интеграционных процессов в Центральной Азии. //Экономическое обозрение. - Т.: 2005.- №1. - стр.37-41
Информация о работе Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі