Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:58, реферат

Описание работы

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Қазақстан дамуындағы стратегиялық басымдықтардың бірі Ұлттық қауіпсіздік Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Даму стратегиясында белгіленген алғашқы басымдық болып табылады. Сонымен бірге, кауіпсіздікті қамтамасыз ету тек әскери-саяси мәселелерге барып қана тірелмейді. Бұл жерде саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, этноконфессиялық, әскери, т.б. катерлерге карсы түру меңзеледі.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөл1.doc

— 99.50 Кб (Скачать)


Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - Қазақстан дамуындағы стратегиялық басымдықтардың бірі Ұлттық қауіпсіздік Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Даму стратегиясында белгіленген алғашқы басымдық болып табылады. Сонымен бірге, кауіпсіздікті қамтамасыз ету тек әскери-саяси мәселелерге барып қана тірелмейді. Бұл жерде саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, этноконфессиялық, әскери, т.б. катерлерге карсы түру меңзеледі.

Мәселен, "Қазақстан-2030" Стратегиясында ел кауіпсіздігін қамтамсыз етудің бірқатар бағыттары айқындалған./1/

Біріншіден, елдің дамуын қамтамасыз етуге, тәуелсіздік пен егемендікті нығайтуға баса назар аударылады. Мемлекеттің тәуелсіздік мәртебесін формальды-заңдык, тұрғыдан бекіту тәуелсіздікке іс жүзінде қол жеткізілгенін білдірмейді. Мемлекеттілік қалыптасып, тәуелсіздікке ешкімнің күмәні қалмауы үшін кешенді, жүйелі және рет-ретімен орындалатын шаралар желісі жүзеге асырылуы тиіс.

Қазіргі дүниеде жас егемен елдің тәуелсіздігіне қатер сырттан баса-көктеп кіру ықгималдылығымен ғана өлшенбейді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында "Ұлттық кауіпсіздікке төнетін ықтимал қатерлер казіргі кезде және жақын болашақта мемлекеттің аумақтық тұтастығына тікелей әскери шабуыл сипатында болмайтынын" атап кәрсетіп, "не Ресейдің, не Қытайдың, не Батыс пен мұсылман елдерінің бізге шабуылдаулары үшін ешқандай себеп пен салдар жоқ" екенін де баса айтқан болатын./2/

Осыған орай, Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттар ретінде мына мәселелер айкындалған еді:

              -Ресей Федерациясымен тату көршілік, достық байланыстарды дамыту;

              -ҚХР-мен өзара пайдалы негізде сенім және тату көршілік қарым-қатынас қалыптастыру;

              -Орталық Азия мемлекеттерімен байланыстарды және интеграциялық үрдістерді күшейту;

              -АҚШ-ты қоса алғанда басты демократиялық, индустриялық дамыған мемлекеттермен байланыстарды күшейту;

              -БҰҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк, Азия, Еуропа және Ислам даму банктері секілді халықаралық институттар мен форумдардың көмектері мен жәрдемдерін жан-жақты пайдалану.

Екіншіден, Ұлттық егемендік пен елдің аумақтық тұтастығын қорғаудың сенімді негізі ретінде карастыратын бай табиғи ресурстарды игеруге баса мен беріледі.

Үшіншіден, үжымдық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету барлық мәселеде шешуші факторға айналады. Ұжымдық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда әр адам өзінің жеке мүддесі ғана қанағаттанғаннан айтарлықтай көп ұтады, ал қоғамның кауіпсіздігі кашанда қыл үстінде тұрады. Қандай да бір жолы болғыш жеке адам егер оның елі катерге ұрынған жағдайда бәрібір дәрменсіз болады.

Төртіншіден, Қазақстанның рет-ретімен әлемдік экономикалық кешенге интеграцияланғаны тиімді. Бұл арада еліміздің аймақтық әскери-саяси жанжалдар мен экономикалык, және конфессиялық сипаттагы иірімдерге тартылмау жағы алдыңғы кезекке шығарылатыны тусінікті болса керек.

Бесіншіден, ірі трансұлттық капитал үшін төзімді де либералды экономикалық алаң құрып, елімізге ұзақ мерзімді инвестиция тарту үшін қолайлы климат қалыптастырудың маңызы зор.

Алтыншыдан, Қарулы Күштерді жаңғырту арқылы қорғаныс қабілетін нығайту, олардың кәсіби дайындығы мен әскери әзірлік деңгейін жоғарылату және заманалық қаружарақпен жабдықтау міндетін оң шешу керек.

"Қазақстан-2030" Стратегиясында Елбасы былай деп көрсетеді: "Қазақстан Республикасының казіргі заманғы әрі тиімді әскерін, әскери-әуе және әскери-теңіз күштерін құру үшін бізге оның материалдық бөлігін, жеке құрамын нығайтып, оқыту жөніндегі жұмысты жолға қою қажет. Бұл бізден Қарулы Күштерімізге бөлініп отырған және бөлінетін бюджет қаржысын қашанда есеппен әрі тиімді жұмсауды талап етеді. Сонымен қатар, еліміз аймақтық қорғаныстың салмағын бірге көтерісу үшін өзінің көршілерімен ынтымақтасатын болады"./1/

Жетіншіден, азаматтардың бойында патриотизм мен өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту көп меселеде шешуші рөл атқарады.

Халықтар мен мемлекеттер арасындағы ежелгі берік байланыс бүгіңде айтарлықгай әлсіреді, ал жаңа байланыстар әзірше толыктай қалыптасып үлгерген жоқ. Бір жақсысы, бұкараның санасында адамдар мен мемлекеттің мүдделері ортак, екенін түсіну үрдісі пісіп-жетіліп келеді. Халықтың әл-ауқаты жақсарған сайын аталған мәселенің берік сипат ала бастайтынына еш күмән жоқ. Өйткені, әр азамат ахуалының жақсаруы өзі өмір сүретін мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне тікелей қатысты екенін пайымдайтын уақыт туды.

Сегізіншіден, қуатты демографиялық және миграциялық саясат жүргізу керек болып отыр. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұл маңызды мәселеге бұрынғысынша селқос қарайтын болса, онда Ресейдегідей "демографиялық дағдарыс" жағдайына тап боламыз. Ал бұл елде, яғни Ресейде адам саны сыртқы миграцияға байланысты ғана емес, табиғи түрде де азайып келеді. Бұл тенденция дереу тоқтатылуы тиіс./2/

Бұл айтылғандардың барлығы "Қазақстан-2030" Даму стратегиясында еліміздің Ұлттық мүддесін ескеру тұрғысынан жан-жақты ашып көрсетілген. Ал Шанхай ынтымақтастық ұйымын құруға белсенді қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте Ұлттық қауіпсіздікке қатысты басымдықтарды басшылықка алғаны айқын.. Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп келе жатқан сыртқы саясат бағытының ортақ мазмұнына нақты сәйкеседі. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық көлемінде жауап береді. Осыған байланысты берік құқықтық базаға негізделген Ресеймен қарым-қатынас көпқырлы және прагматикалық сипатқа ие болуымен ерекшеленеді. Өзара ынтымақтастық пен түсіністіктің жемістілігіне екі ел арасындағы тарихи маңызы зор әлемдегі ең ұзақ кұрғақтағы шекараның делимитациялануы айғақ бола алады. Қысқасы, шекаралық аудандардағы байланыстардан бастап, ғарыш саласындағы біріккен жобаларға дейін Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы жарасып отырғандығын кәрсетеді.

Қытаймен сауда-экономикалық ынтымактастық та ырғақты дамып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қытайға тартылатын мұнай құбыры құрылысы, айтарлықтай бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансазиялық темір жол магистралі уағдаластықтарының маңызы зор. Аталған жобалардың жүзеге асуы Шығыстағы ұлы көршімізбен тауар айналымын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына өту үрдісіндегі позициясын бекемдей түсуге оң ықпал ететіні күмәнсіз. Қазіргі кезде мемлекеттік органдар біздің Ұлттық мүддеміз сенімді қорғалуы үшін үлкен жұмыс жүргізу үстіңде.

Мұның үстіне ШЫҰ-ға мүшелік Қазақстанның турлі интеграциялық бастамалары мен баска да интеграциялық жобалар шеңберіндегі ынтымақтастығына қайшы келмейді, керісінше оларды толықтыра түседі. Мәселен, Қазақстан үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде ЕурАзЭҚ-ты дамыту басты бағыт болып қала бермек. Өйткені, оның әлеуетін толықтай пайдалану біздің Ұлттық мүдделерімізге сейкес келуімен қатар, ұзақ мерзімді перспективалар тудыратынымен де қызықтырады.

Келесі бір бағыт жақында Ресей қосылған Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымының қызметін белсенді ете түсу болып табылады. Аталған ұйым аясында Орталық Азия елдерінің тағдыршешті мүдделеріне қатысты нақты проблемаларды шешуге қарай қозғалыс байқалып, өңір елдері экономикасын жақындатуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Астана саммитінің алдында өткен Душанбе басқосуында су-энергетика, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру жөніндегі тұжырымдамаға қол қойылды. Енді аталған ұйым аясында ортақ рынок құру жөнінде бірлесіп жұмыс жүргізу міндеті түр.

Аймақтағы жаңа геосаяси және геоэкономикалық жағдайға орай әңгіме қозғасақ, Қазақстан басшысының 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру туралы бастаманы жүзеге асыру зор маңыз ала түседі. Осы бағытта тоқтаусыз алға жылжу Орталық Азия аймағын өркениет әлемінің тұрақты, тең құқықты бір бөлшегіне айналдыруға мүмкіндік бермек./3/

Қазақстан Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) мақсатын іс жүзіне асыру үшін Азия құрлығында сенім мен тұрақтылық үрдісін қалыптастырудың қашанда белсенді жақтаушысы болып келеді.

ШЫҰ-ның терроризммен күрес, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, гуманитарлық мәселелерді шешу, энергетикалық ынтымақтастықты дамыту, төтенше жағдайлардың алдын-алу мен зардаптарын жою басымдықтары Қазақстанның,  АҚШ-ты қоса алғанда, Батыс елдерімен ынтымақтастығына еш қайшы келмейді

Қазақстан өркениетті қоғамның халықаралық лаңкестікке карсы күш-жігеріне қосылды. Еліміз аталған қатерді ауыздықтауға бағытталған нақты ұсыныстарын тұрақты түрде енгізіп келеді.

Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы шеңберіңде заңсыз лаңкестік ұйымдардың тізімін жасау жөніндегі ынтымақтастық жұмыстары төтенше көкейкесті болып табылады. Өйткені, бұл шара халықаралық лаңкестікке қарсы күресте біртұтас саясат ұстануға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс еліміз ішінде белсенді жүргізіле бастады. Мысалы, Жоғарғы Сот 11 лаңкестік ұйымды заңсыз деп жариялады./4/

Қазақстанның ШЫҰ-ға діни экстремизмді таратуға қарсы іс-қимыл жасайтын ұйым ретінде қатысуы еліміздің конфессияаралық келісімді бекемдеуге бағытталған басымдықтарына толықтай сейкес келеді.

Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі Қазақстанның халықаралық беделі мен бітімгершілік әлеуеті артып келе жатқанының айқын көрінісі болды. Аталған жаһандық проблеманы шешудің жолын іздестіру дінаралық және конфессияаралық диалогты әлемдік ауқымда одан әрі дамытып, жалғастыруға міндеттейді.

ШЫҰ қылмысқа, есірткі тасымалына, заңсыз миграцияға, адам саудасына қарсы күресті негізгі мақсаттарының бірі санаса, Қазақстан БҰҰ-мен, басқа да халықаралық ұйымдармен көпжақты және екіжақты форматта ынтымақтасып келеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылдың маусымында Шанхайда өткен Мемлекет басшыларының саммитінде ұйымның өзге де аймақтық құрылымдармен ынтымақтастық форматын айқындаудың көкейкестілігін ерекше атаған болатын.

Меселен, Орталық Азия мемлекетгерінің ұлттық қауіпсіздігі бүкіл Орталық Азия аймағы қауіпсіздігінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Мұны сонымен қатар Орталык Еуразия қауіпсіздігінің құрамдас бөлшегі ретінде қарастырған жөн. Орталық Еуразиялық қауіпсіздік қауіпсіздіктің жаһандық жүйесіне де енеді.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан АӨСШК, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ОАЫҰ, ЕурАзЭҚ, т.б. ұйымдарды қауіпсіздіктің "көпдеңгейлі" құралы ретінде қарастырады. Бірақ мұнда барынша тиімділікке жету үшін аймақтық қауіпсіздіктің барлық деңгейдегі жүйесін үйлестіру қажет.

Бұған қоса, Қазақстан ШЫҰ иелік ететін бірқатар басымдықтарды қаперге алады. Мысалы, ШЫҰ-да, өзге интеграциялық бірлестіктермен салыстырғанда, (ТМД, ЕурАзЭҚ, т.б.), қандай да бір мемлекет үстемдік құрмайды. Бұл Шанхай үрдісіне катысатын барлық мемлекеттерді ұйымға кіретін барлық елдердің мүддесі қаперге алынатын өзара қолжетімді шешімдер іздеуге итермелейді. Бұл Қазақстанға да өзінің рөлі мен беделі артуын пайдалана отырып, өз мүдделерін жылжыту үшін барынша үлкен маневрлар жасауға мүмкіндік туғызады.

Осылайша, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы оның ұлттық мүдделерімен толық сәйкес келеді. Оның үстіне, бұл елдің тұтастай алғанда аймақтық және әлемдік тұрғыдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында маңызды бағыттарды жүзеге асыруға оң ықпал етеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ қызметінде елдің сыртқы саяси бағытын жүргізу үшін барынша тиімді форматқа қол жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа да сыртқы саяси ынтымақтастық институттарымен қарама-кайшылығы болмау жағын ескерді./4/

ШЬІҰ қызметіне қатысу Қазақстанға бірінші кезекте аймақтағы басқа елдермен тең құқықты диалог және ынтымақтастық арқылы өз қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Халықаралық кауіпсіздік жүйесі әлемдік саясаттың тоқтаусыз және тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Басқаша айтқанда, қатысушы мемлекеттер басым көпшілігінің мүдделерін жүзеге асыру үшін халықаралық ортадағы тұрақтылықта ұстау үшін керек.

Халықаралық қоғамдастық тарапынан жаңа халықаралық жүйе қалыптастыру қажеттігі мойындалғанымен, бүгінгі күн шындығына пара-пар прогресс байқалмай отыр. Бірінші кезекте мұны қауіпсіздік мәселелеріндегі көп қырлы проблемаларды шешуде бір ізділіктің жоқтығымен байланыстырған жөн. Осының салдарынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күрт әлсіреп кетті деуге негіз бар.

Қалыптасып отырған бүгінгі жағдайда кейбір мемлекеттер өзінің қауіпсіздігін және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды өз мойнына алуға мәжбүр. Бұл жерде мемлекеттерде пайда болатын қатерлер мен олардың жолын кесу туралы ұстанымдарында тек өздерінің ғана түйсіктеріне арқа сүйейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты тарқатып айтар болсақ, халықаралық қатынастар жүйесі айтарлықтай әрі түбірінен трансформацияланған кезеңде тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін әлемдік дамудың жағалауында қалып қоймау өз алдына, сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде тұрақтандырушы факторға ие болудың маңызы зор еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аймақтық және планетарлық кауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болуы тиіс екенін нақты айқындап берді./4/

Информация о работе Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі