қазақстан республикасының саяси жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:23, реферат

Описание работы

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Содержание

I КІРІСПЕ....................................................................................................................
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………………………………...
2.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….
2.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………
2.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...
2.4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….
2.5 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...
III ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……

Работа содержит 1 файл

реферат саясаттану.doc

— 137.00 Кб (Скачать)

Қорыта айтсақ, Қазақстан саяси дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Енді салалық партиялар саясатта басымдыққа ие болмай, идеялық бәсекелестік бірінші кезекке шығарылмақ. Отандық саяси жүйе, өркениетті елдердегідей бір-бірімен шынайы бәсекелесе алатын босағасы берік оңшыл, солшыл, центристік тармақтар бойынша дамымақ. Саяси сарапшылардың пікірінше, “Отанға” осыған дейін “Асар” және Азаматтық партия біріксе, алдағы уақытта Аграрлық партия бір сапқа тұрмақ. Сонымен, “Отанның” кемелдену үдерісі аяқталып, сол тұрғыда толысуға тоқтам жасайтын қазақстандық жаңа іргелі саяси ұйымдармен демократиялық негізде тартысқа түспек.

 

2.5 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ

Қазіргі таңда  біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз  өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының  алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы биылғы Қазақстан халқына Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты даму кезеңі келді.

Бүгінгі күн  тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің  таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз.

"Биыл біз  демократиялық саяси жүйені дамытуда сапалы қадам жасадық, бұл жерде президенттік республика моделінен президенттік-парламенттік модельге көшу жөнінде сөз қозғалып отыр. Сондай-ақ, өкілетті билік органдарының құзыреті аясын кеңейттік, саяси партияларды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін, сот жүйесін, азаматтық қоғам институттарын дамытуға тың серпін берілді", - деді Н. Назарбаев.

"Еліміздің  парламенті жаңа Ата заңға  сәйкес жұмыс істеп, жаңаша  міндеттерді атқара бастады. Біз  бұл ретте тепе-тең әрі демократиялық  саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жолында алға қойған асқаралы міндеттерді еңсере алатынын ескердік", - деп қосты ол.

Мемлекет басшысының пікірінше, "еліміздің саяси жүйесін  реформалауға бағытталған дәйекті  жұмыстарсыз" ілгерілеушілік пен  даму болуы мүмкін емес. "Әлемдік тәжірибені зерделей, талдай және соған сүйене келе біз саяси дамудың эволюциялық жолын таңдап алдық және басқа елдердің қатесін қайталаған жоқпыз. Және біз президенттік республика моделін таңдау арқылы қателікке бой алдырмадық, біз елімізді посткеңестік саяси және экономикалық хаостан еліміз тарихындағы аса күрделі кезеңде шығара алдық", -деген сенімде президент.

Саяси жүйені реформалау мақсаты - бүкiл қоғам мүддесiн iске  асыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi, пəрмендi саяси жүйе қалыптастыру.

Саяси жүйені реформалаудың күшті жақтары:

- Дəйектi саяси  реформалардың нəтижесiнде мемлекеттiлiктiң  негiзi қалыптасты, Қазақстанның  одан əрi дамуының бағыты белгiлендi, демократиялық құқықтық мемлекет  жəне азаматтық қоғам құрудың  қажеттi алғышарттары жасалды.

- Қазақстанда  саяси жүйенi дамытудың демократиялық  бағыттылығы қалыптасты.

- Мемлекеттiк  құрылыста билiктiң заң шығарушылық,  атқарушылық жəне сот тармақтарына  бөлiну принципi конституциялық  тұрғыда айқындалды.

- Мемлекет басшысын  сайлау баламалы негiзде өткiзiлдi.

- Өкiлдi органдарға (Парламент жəне мəслихаттар)  сайлауды партиялық тiзiм бойынша  өткiзудiң негiзi қаланды, ол  партиялық құрылыс процесiн жандандыруға, мемлекеттiң саяси өмiрiнде партияның  рөлiн күшейтуге жəрдемдесуге  тиiс.

- Саяси плюрализм  заң жүзiнде бекiтілді, көппартиялылықты қалыптастырудың негiзi қаланды.

- Мемлекеттiк  емес бұқаралық ақпарат құралдары  түзiлiп, жұмыс iстеуде. Қоғамның  əр түрлi топтары мен жiктерiнiң  мүддесiн бiлдiретiн үкiметтiк емес  қоғамдық ұйымдар құру процесi жүрiп жатыр.

- Нарықтық экономиканың  дамуы қазақстандық саяси ортада  дербес əлеуметтiк-демократиялық  идеялардың бекуi үшiн əлеуметтiк  база болған меншiк иелерiнiң  жеткiлiктi өкiлдi жаңа табын құруға  алыпкелдi. Қоғамды жəне оның саяси  жүйесiн одан əрi ырықтандыру адамдардың осы əлеуметтiк топтарының ұмтылыстарына жауап бередi.

- Қазақстан  халқының бiлiм деңгейiнiң жоғарылығы  тұтас алғанда қоғамды одан  əрi демократияландыруға да ықпал  етедi.

- Ұлтаралық  татулық саясатын жүргiзу құралы  ретiнде Қазақстан халықтарының  Ассамблеясы құрылды.

Саяси жүйені реформалаудың  әлсіз жақтары:

- Атқарушы билiктiң  шектен тыс орталықтандырылуы  жəне тұрақсыздығы.

- Өкiлдi органдардың  қызметi қазiргi қоғамдық-саяси жəне  əлеуметтiк-экономикалық жағдайға  толық дəрежеде сай емес.

- Партиялардың саяси жүйедегi рөлi əлi де əлсiз, қазiргi саяси партиялардың жұртшылыққа белгiсiздiгi жəне əрекетсiздiгi.

- Биліктің өзара  iс-қимылының тетiктерiн пысықтау  жəне жетiлдiру қажеттiгi.

- Сот жүйесiнiң  жекелеген буындарының атқарушы  билiкке тəуелдiлігiнің сақталуы.

- Демократиялық  дəстүрлердiң жəне ырықтандырылған,  нарықтық экономика жағдайында  өмiр сүру тəжiрибесiнiң жетiспеушiлігi.

Мүмкiндiктер:Қоғамның демократиялық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды тұрақты  түрде дамыту мен нығайту қажеттiгiн түсiнуi; Құқықтық мемлекет iсiне бүкiл қазақстандық қоғамның күш-жiгерiн шоғырландыру, онда заң үстемдiк етедi жəне азаматтардың түбегейлi құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етiледi; Елдiң əлемдiк қауымдастыққа ақпараттық интеграциялануын кеңейтуге ықпал ететiн Қазақстан қоғамының ашықтығы; Саяси дамудың халықаралық оң жəне терiс тəжiрибелерiн кеңiнен зерделеу мүмкiндiгi; Əлемде демократиялық процестердiң ғаламдануы жəне мемлекеттердiң экономикалық жəне саяси өзара тəуелдiлiгiнiң артуы./9/

Қатерлер:Шет елдердiң тəжiрибесi, егер жүйе өз дамуында тоқырауға ұшыраса, оның ұдайы өзгерiп отырған сыртқы жəне iшкi жағдайларға барабар үн қосудан қалатынын дəлелдейдi. Мұндай жағдайда болжаусыз

елдегi жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкiн əлеуметтiк-саяси  зардаптар қатерi туындайды. Демек, жүйе ұдайы серпiндi дамып отыруға, қоғамдағы өзгерiстерге бейiмделуге жəне сол өзгерiстерге үн қатуға тиiс. Қазiргi уақытта ел басынан өткерiп отырған əлеуметтiк-экономикалық қиындықтар жəне соның салдарынан халықтың бiр бөлiгiнiң əлеуметтiк қанағаттанбаушылығы қоғамда əр алуан əлеуметтiк жанжалдардың, жалпы iшкi саяси тұрақсыздықтың туындау қаупiн арттырады. Елдiң көпұлттылығы əр түрлi этникалық топтар мүдделерiн үйлестiрудiң демократиялық тетiктерi болуы қажеттiгiн талап етедi. Тарихтың бiрнеше мəрте көрсеткенiндей, ұлтаралық проблемаларды демократиялық емес əдiстермен шешу орын алған жерде көпұлттылық мемлекеттiлiк ұстынын шайқайтын жəне қоғамды iшкi тұрақсыздыққа жетелейтiн фактор ретiнде көрiнедi.

ХХ ғасырдың соңы демократиялық процестердiң ғаламдануымен сипатталады. Көптеген елдер саяси жүйенi демократияландыру жолына түстi жəне демократиялық дамудың қандай да бiр сатысында тұр. Əрбiр елдiң өзiнің саяси тарихы, өзiнiң саяси дəстүрі өзiнiң саяси мəдениетi, өзіндiк тарихи даму жолы бар. Сондықтан əрбiр елдегi демократияландыру процесiнiң өз ерекшелiктерi, алғышарттары немесе керiсiнше, кедергiлерi бар. Саяси жүйенi өзгертудiң едəуiр мол тəжiрибесi жинақталған, оны зерделеу мен талдау жүргiзiлiп жатқан жаңартулардың дұрыстығын бағдарлауға мүмкiндiк бередi.Демократиялық жетiстiктердiң барлығына қарамастан, қазiр Қазақстанның демократияландырудың бастапқы кезеңiнде ғана тұрғаны анық жəне алда саяси жүйедегi реформаларды дəйектi жəне ойластырылған түрде жалғастыру мiндетi тұр.

Мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:

- елдiң саяси  өмiрiнде өкiлдi билiк органдарының  рөлiн кеңейту;

- соттардың  iс жүзiндегi тəуелсiздiгiн жəне  кəсiби құзыреттiлiгiн қамтамасыз  ету;

- басқару функцияларының  бiр бөлiгiн орталықсыздандыру;

- көппартиялық  жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау;

- сайлау процесiн  жетiлдiру;

- үкiметтiк емес  қоғамдық ұйымдардың рөлiн күшейту,  олар азаматтардың мүдделерiн  iске асыруға белсендi жəне  жемiстi қатысуға тиiс.

Қазақстанның  Конституциясы қуатты президенттiк  республиканың қалыптасуын жəне билiктің үш тармағы арасында өкілеттiктердi бөлудi заң жүзiнде ресiмдедi. Конституция бойынша Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiн жəне билiк органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етедi. Президенттiң мұндай мəртебесi мемлекет мүддесiне, мемлекеттiк билiктiң орнықтылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауап бередi. Сонымен бiрге бүгiнгi таңда билiктiң барлық тармақтарының пəрмендiлiгiн күшейту əрбiр билiк тармағының мемлекеттің саяси жүйесiндегi рөлiн күшейту қажеттiгi анық.

Елдiң саяси  өмiрiнде өкілдi билiк органдарының рөлiн кеңейту:

- Саяси жүйенi  жетiлдiрудiң маңызды бағыттарының  бiрi елдiң саяси өмiрiнде Парламенттiң  функциясы мен рөлiн кеңейту  болады.

- Өкiлдi органдардың  саяси жүйедегi рөлiн күшейту, реформалар процесiн толыққанды заңдық қамтамасыз ету үшiн олардың өкiлеттiгiн кеңейту олардың атқарушы органдардан тəуелсiздiгiн қамтамасыз ету талап етiледi.

- Парламенттiң  рөлiн, оның функцияларын тиiмдi пайдалана отырып күшейту қажет.  Парламент республикалық бюджеттiң орындалуын бақылауда неғұрлым белсендi рөл атқаруға тиiс.

- Жергiлiктi мəслихаттар  жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын  нақты бақылауға тиiс.

- Қоғамда орын  алып отырған əлеуметтiк-саяси  мүдделерге орай тиiмдi үйлестiру  мақсатында Парламенттiң жанынан əр түрлi партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстардың, кəсiподақтардың, соның iшiнде Парламентте өкiлдiгi жоқтардың арасында жүйелi түрде саяси консультациялар өткiзудi ұйымдастыру қажет.

Соттардың тəуелсiздiгiн  жəне кəсiби құзыреттiлiгінқамтамасыз ету:

Сот жүйесiнiң  нақты тəуелсiздiгiне қол жеткiзу - қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң  бiрi. Тəуелсiз сот - өзiмiз iргесiн қалағымыз  келiп отырған құқықтық мемлекеттiң  аса маңызды институттарының  бiрi болып табылады. Сот қызметiн  неғұрлым тиiмдi жүзеге асыру үшiн олардың жоғарғы жəне төменгi инстанцияларының арасындағы функцияларды талдау жəне оңтайлы бөлу қажет. Қазақстанда мамандандырылған соттар енгiзудiң қажеттiгi барған сайын өзектi болып отыр. Бұл сот-құқықтық реформаның маңызды бағыттарының бiрi болды.

Соттарды кадрлармен қамтамасыз ету туралы жəне тиiсiнше  судьялыққа кандидаттарды iрiктеуге жəрдемдесетiн  органдар туралы мəселе айрықша өзектi. Озық шетелдiк тəжiрибенi ескере отырып, Əдiлет бiлiктiлiк алқасы мен Жоғары Сот Кеңесiнiң рөлiн күшейту жəне судьялыққа кандидаттарға талапты қатайту қажет. Қазақстанда алқа заседательдерi институтын енгiзу мүмкiндiгi Конституция жүзiнде танылған. Бұл институтты енгiзудiң мəнi сотталушының iсiн алқа заседательдерiнiң не судьялар алқасының қатысуымен қарау құқығы туындайтындығына келiп салды, мұның өзi сот процесiнде адам құқығын қорғаудың қосымша кепiлi болып табылады. Осыған байланысты алда сот заңнамасына тиiстi толықтырулар енгiзу күтiп отыр.

Сот жүйесiнiң  тəуелсiздiгiне қол жеткiзу жəне оны нығайту мақсатында судьялардың еңбегiне ақы төлеу жүйесiн одан əрi жетiлдiру, сондай-ақ соттардың қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мəселелерiн шешу қажет. Заңды күшiне енген сот қаулыларының орындалуын бақылауды қатайту қажет. Бұл сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң маңызды талаптарының бiрi болып табылады. /12/

Басқару функциясының бiр бөлiгiн орталықсыздандыру. Демократиялық  өзгерiстердi табысты жүргiзу орталық  пен аймақтар арасында өзара қарым-қатынасты  уақтылы реттеудi жəне өкiлеттiктердi бөлудi талап етедi. Негiзгi аймақтық проблемалар жергiлiктi билiк органдары деңгейiнде шешiлуге тиiс.

Көппартиялық  жүйенi дамыту үшiн жағдай жасау. Саяси  партиялар нақты беделге, халықтың қолдауына ие болуға тиiс, саяси стратегияларды тұжырымдауға қабiлеттi болуға тиiс. Қазiргi таңда жұмыс жүргiзушi партиялар мен олардың парламенттегi фракцияларының қызметi қоғамның кең жiктерiнiң мүдделерiне саяси өкiлдiк етудiң болашақ құрылымын қалыптастыру үшiн бастапқы шарттар жасауға тиiс. Партиялар дауыс беру жолымен қоғамдық пiкiр бiлдiруге ықпал етуге, қоғамның жəне мемлекеттiк органдардың арасында тұрақты байланысты жүзеге асыруға тиiс. Партиялық

қызмет арқылы саяси элитаны, басқару аппаратының  кадрларын iрiктеу жəне əзiрлеу жүзеге асырылуға тиiс.

Мемлекеттекөппартиялықтың болуы азаматтардың саясатқа қатысуына кеңiнен қол жеткiзуiнқамтамасыз етудiң қажеттi шарттарының бiрi ретiнде көрiнедi.Парламенттегi партиялық фракциялардың рөлін арттыру үшiн Парламенттегi партиялық фракциялардың жұмыс iстеу тетiгін нақты айқындайтын заңнаманы қабылдау қажет.

Сайлау заңнамасын, сайлау жүйесiн жетiлдiрудi, сайлау процесiн  ұйымдастыруды, кандидаттар туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткiзудегi

жəне iс-шараларының  басқа да кезеңдерiн жария етуде  бұқаралық ақпарат құралдарының рөлiн нығайтуды жалғастыру қажет. Сайлау комиссияларының құрамына кəсiби мамандар ұсынылуға тиiс, əрбiр комиссияда тым болмаса бiр заңгер болуға тиiс.

Төмен тұрған сайлау комиссияларын саяси партиялардың, басқа қоғамдық бiрлестiктердiң, азаматтардың пiкiрлерiн ескере отырып өкiлдi органдар (мəслихаттар) құруға тиiс. Дауыс беру жəне дауыстарды есептеу рəсiмi барынша "ашық" болуға тиiс. Дауыстарды есептеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу сайлау процесiн жетiлдiрудi қамтамасыз ету бағыттарының бiрi болады.

Үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың азаматтардың мүдделерiн iске асыруға белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс рөлiн күшейту үшін халықтың əр түрлi топтары мен жiктерiнiң  мүдделерiн талап ететiн үкiметтiк  емес ұйымдарды (YЕҰ) дамыту жəне нығайту  қажет. Осыған байланысты үкiметтiк емес ұйымдардың одан əрi дамуын қамтамасыз ететiн арнаулы заңнамалық актiлер қабылдаған орынды.

Мемлекеттiң  жəне үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың өзара iс-қимылын жандандыру талап  етiледi. Бұл орын алып отырған проблемаларды  шешудiң жолдарын тез жəне тиiмдi табуға мүмкiндiк бередi.

ҮЕҰ-ды қолдаудың  нақты нысандарының бiрi оларға əлеуметтiк  маңызды жобаларды iске асыруға  арналған мемлекеттiк гранттар беру мүмкiндiктерi мен тəртiбiн айқындау болып табылады.

Қазақстанның  жастар мен балалар ұйымдарын қолдауға жəне оларды дамытуға айрықша назар аудару қажет. Бұл жастарды барабар əлеуметтендiруге жəне əлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге, олардың сыңаржақ дiни немесе экстремистiк саяси идеяларды қабылдау салдарынан қылмысқа бой алдырмауына жəрдемдеседi.

Информация о работе қазақстан республикасының саяси жүйесі