Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:23, реферат
Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
I КІРІСПЕ....................................................................................................................
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………………………………...
2.1ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ…………………………………………………………………….
2.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ……………
2.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ…………………………………………………………………………...
2.4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР……….
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ……………………………………………………….
2.5 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ………………...
III ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады.
- институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды:
- реттеуші- құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;
- функционалдық – саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
- идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.
Қоғамның мүдде- мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде- мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде-мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б. қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.
Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз- қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.
2.3ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.
а) оның аумақтық
шекараларында азаматтық
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.
Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
- мемлекет саяси
жұмысын қоғам көлемінде
- мемлекет барлық
қоғамдық жұмыстың негізгі
- мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:
1. Мемлекет Конституция
арқылы барлық азаматарға
2. Мемлекет қоғамдық
ұйымдардың құқықтық
3. Мемлекет қоғамдық
ұйымдардың дербес жұмыс
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды. /4/
Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері:
1. Мемлекет қоғамдағы
қайшылықтарды өршітпей, дамытпай
дұрыс келісімге келтірудің
2. Мемлекет қоғамдағы
сан қырлы қайшылықтарды,
3. Мемлеект басында
қоғамды басқарушы, қаңаушы
4. Мемлекет адамдардың,
саяси-әлеуметтің күштердің
5. Мемлекеттің
қоғамдағы барлық мәселені
6. Қоғамның саяси-
экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай
үзіліссіз диалектикалық даму
прроцесінде болғандықтан, бұл процесті
дұрыс, пайдалы басқару тек
мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені
мемлекеттің құзырында барлық
материалдық, саяси,
Мемлекет өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.
Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс-әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.
Мемлекет және
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер-
қазіргі заманда халықтың мүдде
- мақсатын орындайтын тек мемлекет
пен саяси партиялар емес. Ол мүдде
- мақсаттың басым көпшілігі
Мемлекет және
еңбек ұжымдары- өндірісте, шаруашылықта
мәселенің басым көпшілігі
Мемлекет пен
жергілікті өзін-өзі басқару мекеменлеріні
Мемлекет пен азаматтар мемлекеттің жұмысына тікелей қатысып немесе өздерінің өкілдері арқылы өз ой-пікірлерін білдіріп оытруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын- пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс-әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.
Саяси жүйе биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.
Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялылығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзгеруіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзгерістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болуы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жылжуы керек.
2.4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ
Республика өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Саяси жүйе заман талабына сәйкес болу үшін оған оқтын-оқтын өзгерістер енгізіп тұру керек. Мемлекеттік комиссия аясында әзірленген ұсыныстардың ұзақ мерзімді бағыты бірте-бірте мемлекетті, ортақ шаруаны басқаруда азаматтың, қоғамның рөлін арттырады. Еліміздегі басқару жүйесі Конституцияда президенттік жүйе деп аталған. Бірақ әлемде президенттік жүйенің қатып қалған моделі жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында президенттік жүйе, онда президентке өкілеттілігі пара-пар Конгресс бар. Францияда президенттік жүйе, онда үкімет басшысы ішкі істерге келгенде президенттен дербес. Польшада да президенттік жүйе. Сол себептен президенттік жүйені ауыстырмай, бірақ өкілетті органдарға көбірек пәрмен беріп, әсіресе өкілетті органдардың атқарушы билікті қадағалау мүмкіндігін арттыру – бұл азаматтың қоғамдағы орнын көтерудің бір жолы.
Партиялардың рөлін көтеру де азаматтың, қоғамның мемлекет басқарудағы рөлін арттырудың жолы. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың да әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Конституциядағы бүгінгі қайшылықты жойып, жергілікті өзін-өзін басқару органдары ретінде сайланбалы әкімдер және мәслихаттарды тануымыз керек. Өйткені, демократиялық бағыттағы өзгерістердің қажеттілігі бүгін айқын сезіліп отыр.
Өткен жылы Президент Мемлекеттік комиссияның жұмысын бастаумен тұспа-тұс келген Жолдауында Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу бастамасын көтерді. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуда да, шектеуде де саясатта, экономикада, шығармашылықта, еңбектің қай саласында болсын, саяси жүйенің әсері мол. Оған адамзат тарихындағы нақты мысал ретінде екі Корея мен кезінде қатар өмір сүрген екі Германияны келтіруге болады. Екі Германия 40 жыл бөлек мемлекет болып ғұмыр кешті. Бір халық – екі саяси жүйе. Сонда демократияға негізделген Батыс Германия 40 жылдың ішінде Шығыс Германиядан бірнеше есе озып кетті. Қазір екі саяси жүйеге бөлінген Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны алыңыз. Оңтүстік Корея демократиялық бағыт ұстану негізінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан және алдыңғы қатарлы мемлекеттің біріне айналса, Солтүстік Корея құр тоталитарлық жүйенің қару-жарағымен маңайындағыларға қоқан-лоқы жасағаны болмаса, өзінің халқын асырайтын тамақ тауып бере алмай отыр.
“Саяси реформа”, қысқаша айтсақ, саяси жүйеге өзгерістер енгізу. Ал саяси жүйе биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.
Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялылығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзгеруіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзгерістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болуы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жылжуы керек. Бірақ әлемде өзінің саяси жүйесін дамытудың шегіне жеткен, бұдан әрі даму мүмкіндігі жоқ деп айтатын ел жоқ. Өйткені, адамзаттың ерекшелігі сол, жақсы нәрсеге үйренген соң, одан да биік талап туындайды. Тұрмыста да, ғылымда да, саясат пен экономикада да сол.
Әрине, біздің қоғамның
өзіндік ерекшелігі бар. Бізде еліміз
егемендігін алып, қайта құру басталғанға
дейін билікке талап қою