Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:21, реферат
Кеплер Иоганн – Коперниктің ілімі негізінде планеталар қозғалысының заңдылықтарын ашқан неміс астрономы. 1588 ж. ғибадатхана мектебін, 1589 ж. Тюбингенакадемиясының жанындағы діни семинарияға түсіп (кейін университет болған), оныбакалавр дәрежесінде бітірген. Тюбинген академиясын магистр дәрежесінде аяқтағаннан кейін (1593), Грац қаласындағы (Австрия) гимназияға матем. пәнінің оқытушысы етіп жіберілген. Кеплер католиктердің қудалауы салдарынан Грацтан кетуге мәжбүр болған. 1600 ж. Прагаға келіп даниялық астроном Т.Брагемен бірге жұмыс істеген.