Иоганн Кеплердің биографиясы мен еңбектері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:21, реферат

Описание работы

Кеплер Иоганн – Коперниктің ілімі негізінде планеталар қозғалысының заңдылықтарын ашқан неміс астрономы. 1588 ж. ғибадатхана мектебін, 1589 ж. Тюбингенакадемиясының жанындағы діни семинарияға түсіп (кейін университет болған), оныбакалавр дәрежесінде бітірген. Тюбинген академиясын магистр дәрежесінде аяқтағаннан кейін (1593), Грац қаласындағы (Австрия) гимназияға матем. пәнінің оқытушысы етіп жіберілген. Кеплер католиктердің қудалауы салдарынан Грацтан кетуге мәжбүр болған. 1600 ж. Прагаға келіп даниялық астроном Т.Брагемен бірге жұмыс істеген.

Работа содержит 1 файл

Кеплер Иоганн.doc

— 138.50 Кб (Скачать)

   Кеплер Иоганн (27.12. 1571 ж, Германия, Вюртемберг, Вейль-дер-Штадт қаласы – 15.11.1630ж, Бавария, Регенсбург қаласы) - Немiс ғалымы. 1593 ж. Тюбиген университетiн бiтiредi.

 

 

Кеплер балалық шағында  куәгер болған 1577 жыл Ұлы Кометасы күллі Еуропа астрономдарының назарын аударды.

 

   1594-1600 ж.ж. Грацтегi  жоғарғы мектепте жұмыс iстейдi. 1600 ж. Прагаға астроном Тихо Брагеге көшiп кетедi, ал 1612 ж. Линцке қоныс аударады.

 

                                          

    Ескі қаладағы Карлова көшесіндегі Иоганн Кеплер тұрған үй, Прага

Кеплердiң зерттеулерi астрономия, механика, оптика және математика салаларына байланысты болады. Тихо Брагенiң және өзiнiң бақылауларын пайдаланып, планеталардың қозғалыс заңдарын ашты (Кеплердiң 3 заңы).

 

 

 

                                    

 

    Кеплердiң оптикаға  енгiзген жемiсi мол. 1604 ж. шыққан "Вителлияға қосымша" трактатында  жаңа оптиканың негiзi және  көру механизмi берiлген.

1604 ж. жарықтандыру және жарық  көзiне дейiнгi ара қашықтық квадратының  арасындағы байланыстың керi пропорционалзаңын ашты.

Кеплер телескоп құрастырушы ретiнде  белгiлi оның трактаттарында, сонымен  қатар, шағылу заңы, толық iшкi бейнелеу құбылысы, линза формуласы және көру шарты сипатталған.

 

                                                     Кеплер Иоганн

   Кеплер Иоганн – Коперниктің ілімі негізінде планеталар қозғалысының заңдылықтарын ашқан неміс астрономы. 1588 ж. ғибадатхана мектебін, 1589 ж. Тюбингенакадемиясының жанындағы діни семинарияға түсіп (кейін университет болған), оныбакалавр дәрежесінде бітірген. Тюбинген академиясын магистр дәрежесінде аяқтағаннан кейін (1593), Грац қаласындағы (Австрия) гимназияға матем. пәнінің оқытушысы етіп жіберілген. Кеплер католиктердің қудалауы салдарынан Грацтан кетуге мәжбүр болған. 1600 ж. Прагаға келіп даниялық астроном Т.Брагемен бірге жұмыс істеген. Прагада оның оптиканы астрономияға қолдану туралы “Виттелоға толықтыру” (1604), “Диоптрика” (1611) атты трактаттары және “Жаңа астрономия” (1609) атты құнды еңбегі жарық көрген.

  Кеплер 1612 ж. Линц қ-на қоныс аударған. 1619 ж. оның Линцте“Әлем гармониясы” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде барлық планеталар қозғалысының теориясын біріктіретін үшінші заңның тұжырымдамасын жасады (қ.Кеплер заңдары). “Коперник астрономиясын қысқарту” (1 – 3-бөл., 1618 – 22) атты еңбегінің қорытындысында Марс үшін анықталған алғашқы екі заңды барлық планеталар қозғалысы мен Айдың Жерді айнала қозғалысына, ал үшінші заңдыЮпитердің 4 серігіне қолдануға болатындығын айтты. 1619 ж. “Кометалар туралы”трактатын, 1627 ж. “Рудольф кестелері” атты үлкен еңбегін жазды. Кеплердің жаңалықтары астрономияның ілгері дамуында елеулі рөл атқарды. 

Пайдаланылған әдебиет:


 Қазақ энциклопедиясы

  1. Еремеева А.И., Выдающиеся астрономы мира, М., 1966;  
  2. Белый Ю.А., Иоганн Кеплер, М., 1971.

Информация о работе Иоганн Кеплердің биографиясы мен еңбектері