Фольклордын тегі мен жанрына қарай жіктелуі зерттелу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 13:13, реферат

Описание работы

«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді.

Работа содержит 1 файл

фольклордын теги мен жанрына карай жиктеу.doc

— 155.00 Кб (Скачать)

Фольклортану бөлімінің қызметкерлері 2002 жылы «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» эпосының 1500 жылдығына орай халықаралық ғылыми-теориялық  конференциясының ұйымдастырылуы мен  өткізілуіне белсене атсалысты.

Сондай-ақ 2005 ж. «Рухани мұра және қазіргі мәдениет: текстология, игеру, зерттеу» халықаралық ғылыми симпозиумы өткізіліп, оған мәскеулік ғалымдар: филол.ғ.д., Ресей Ғылым академиясының мүше-корр., фольклортану бөлімінің меңгерушісі В.М.Гацак пен А.М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтының ғалым-хатшысы,  ф.ғ.д. А.И.Алиева қатысты.

Кадрлар даярлау. Фольклортану бөлімінің қызметкерлері ғылыми біліктілігін ұдайы жетілдіріп отырды. Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алған С.А.Қасқабасов, Б.Әзібаева, К.Матыжанов, Ш.Керім – бүгінде ғылым докторлары. А.Сейдімбек «Қазақтың күй аңыздары (құрылымы және жанрлық ерекшеліктері)» деген тақырыпта филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Жалпы, республика көлемінде қызмет етіп жүрген фольклортанушылардың басым көпшілігі диссертациялық жұмыстарын фольклортану бөлімінде талқылаудан өткізіп, ғылыми дәрежелерін қорғады. Сондай-ақ А.И.Сағитов «Қарақалпақ батырлық жырлары», Х.Т.Зарифов «Проблемы изучения узбекского фольклора», А.Айымбетов «Каракалпакские народные сказители», Р.Музафаров «Связь татарского фольклора с фольклором южных славян» тақырыбында докторлық диссертациялар қорғады.

Бүгінде фольклортану бөлімінде 4 филология  ғылымдарының докторы:  С.А.Қасқабасов, К.І.Матыжанов, Ш.Т.Керім, Р.Т.Әлмұханова және 1 филология  ғылымдарының кандидаты  – А.Тойшанұлы,  1 тарих ғылымдарының  кандидаты – Н.Ә.Әлімбай қызмет істейді. Бөлім қызметкері, филология ғылымдарының докторы  К.І.Матыжанов 1990 ж. филология ғылымдарының   кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін  «Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы», 2004 ж. «Қазақтың отбасылық ғұрыптық фольклоры» атты докторлық диссертация қорғады.

Ш.Т.Керім «XIX ғасырдың екінші жартысы  мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ  әнші-ақындарының (сал, серілер) шығармашылығындағы жалпылық және даралық мәселелері» тақырыпта кандидаттық, ал, 2000 ж. «Қазақ фольклорындағы жұмбақ жанры» атты докторлық диссертация  қорғады.

2008 жылы А.Тойшанұлы  «Қазақ пен моңғол мифологиясының типологиясы» атты тақырыпта кандидаттық, 2010 ж. Р.Т.Әлмұханова «Қазақ фольклоры мен антика әдебиетінің типологиясы» тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Бөлім қызметкерлері бүгінде «Қазақ фольклорындағы ұлттық идеяның жырлануы»  тақырыбында іргелі зерттеу жұмыстармен  айналысуда.  

          

 Қасқабасов Сейіт  Асқарұлы 1940-жылы туылған, әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы (1989), профессор (1996). Абай атындағы қазақ мемлекеттік институтын бітірген.

(1964). 2001 жылдан күні бүгінге дейін  Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым Министрлігіне қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып қызмет атқарады.

Оның түрлі сипаттағы ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын кең ауқымда әрі тиімді де сапалы ұйымдастырудағы іскерлігі  мен Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын терең талдап, түйсіне білетін қағылездігі, Еуразиялық идея мен жаһандануға қатысты және қоғамның мәдени өмірі мен қазіргі әдеби процестің өзекті мәселелеріне байланысты ой-пікірлері баспасөз арқылы көпшілік қауымға кеңінен танымал.

Ол Л.М.Гумилев университетінде «Еуразия» ғылыми зерттеу орталығын алғаш ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Аттестациялық комиссиясының тұңғыш төрағасы және БҒМ Жоғарғы Аттестациялық комиссиясы Президумының мүшесі болды.

Ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты: фольклор мен әдебиет және өнер. Әсіресе, мифология мен фольклорлық проза саласын зерттеуде айрықша ғылыми табыстарға қол жеткізген. Ол фольклордың прозалық саласын ғылыми тұрғыдан саралап, жанрлық жағынан жіктеген және қазақ мифологиясын типологиялық тұрғыдан тұңғыш тұжырымдаған ғалым.

С.А.Қасқабасовтың фольклорлық  проза дамуының көне архайкалық түрден бүгінгі көркемдік деңгейіне  дейінгі тарихи заңдылықтары жөніндегі  ғылыми тұжырымдары Башқұрт, Татар, Түркмен, Қырғыз, Өзбек фольклортанушы ғылымдарының еңбектерінде жалғасын тауып, бекіді.

С.А.Қасқабасов қаламынан туған 300-ге тарта еңбектің мазмұны сан салалы. Онда әдебиет пен өнер тарихының, фольклор теориясы мен мәтінтанудың түрлі мәселелері қамтылған. Ғылымның басшылығымен әрі қатысуымен хайуанаттар жайлы ертегілердің академиялық басылымы

/орыс тілінде/ «Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу»  лиро-эпосының 8 варианты, Г.Н.Потанин  мен В.Радлов жинаған фольклорлық  үлгілері мен ХVІІ-ХIХ ғасыр  жырауларының шығармалары және  Ж.Жабаевтың таңдамалы шығармалары  /орыс тілінде/ жарық көрді.

2003 жылы Ресейдегі Қазақстан  жылы ауқымында Мәскеуде «Еуразия  халықтарының эпосы» сериясы  бойынша С.А.Қасқабасов дайындаған  ғылыми тұжырым-түсініктермен «Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу» және «Қыз Жібек»  жырлары жарияланды.

Ол 1. «Казахская волшебная сказка» (1972); 2. Қазақтың халық прозасы (1984); 3. Родники искусства (1986); 4. Казахская несказочная проза (1990); 5. Колыбель искусства (1992); 6. Абай және фольклор (1996); 7. Золотая жила (2000); 8. Жаназық (2002); 9. Люби безмерной памятник (2002); 10. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті (2005) атты монографиялар жариялады. С.А.Қасқабасовтың кітаптары ғылыми қауым тарапынан жоғары сұранысқа ие, әрдайым республикалық баспасөз бетінде және шетелдік басылымдарда биік бағаланған. Оның еңбектері филологтар мен өнертанушыларға, тарихшылар мен философтарға арналған. Әрі ол фольклорды, мифологияны және әдебиеттануды салыстырмалы түрде зерттейді.

С.А.Қасқабасов соңғы жылдары оннан астам  халықаралық және Республикалық  ғылыми конференция ұйымдастырды, оның екеуі ЮНЕСКО деңгейінде өтті. Ол Түркияда (2001), Иранда (2002) және Францияда (2003) өткен халықаралық конференцияларда баяндама жасады. Оның ҚР ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1986), ҚР Мемелекеттік сыйлықтың (1992), Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері (1996), ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен (2002), Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (2003) атануы - С.А.Қасқабасовтың ғалымдық кәсіби деңгейі мен еңбегінің абыройы биіктігіне дәлел.

Ол  фольклорлық проза зерттеушілерінің халықаралық қоғамының мүшесі (Финляндия, 1991) болып сайланды. С.А.Қасқабасов - ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңес мүшесі (2004) және ҚР Мемлекеттік хатшы жетекшілігіндегі мемлекеттік «Мәдени мұра» жөніндегі қоғамдық кеңестің (2004) мүшесі және мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының «Фольклористика, әдебиеттану және өнертану» секциясының төрағасы, әдебиет, өнер және архитектура саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық комитетінің мүшесі, әдебиет секциясының төрағасы.

Қазір оның жетекшілігімен институт мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында белсенді жұмыс істеуде, атап айтқанда, қазақ фольклорының жүз томдық «Бабалар сөзінің» қырық томы, бес томдық «Қазақ музыкасының антологиясы» мен он томдық «Қазақ әдебиеті тарихы» жарық көрді.


Информация о работе Фольклордын тегі мен жанрына қарай жіктелуі зерттелу тарихы