Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2012 в 13:13, реферат
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді.
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
2 ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЖАНРЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
2.1 Фольклордағы «жанр» ұғымы
Жанр категориясы –
Фольклордың тарихы – дербес жанрлар мен жанрлар жүйесінің тарихы. Фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден басқаша.
2.2 Фольклорды идеялық-көркемдік
ерекшеліктеріне, құрылысына,әлеуметтік-
Фольклор жанрларын идеялық-
1. Қоғамдық қызметі (функциясы) – фольклорда жанрдың табиғатын анықтайтын басты фактор. Фольклор о баста адамзаттың күнделікті тұрмысында белгілі бір қажеттілікке байланысты қалыптасқан, кейіннен сейілдік, сауықтық қызметтерге бейімделген. Мәселен, бәдік жыры ауру малды, науқас адамды емдеу үшін шыққан. Немесе бесік жырын алсақ, бесіктегі баланы ұйықтату үшін айтылады. Арбау, байлау өлеңдері жайында да осыны айтуға болады.
Фольклор адамзат қоғамында танымдық, идеологиялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтер атқарады. Қоғамның даму сипатына орай фольклордың белгілі бір функциясы алдыңғы кезекке шығып отырған. Мысалы, ХV – ХVІІІ ғасырларда қазақ халқы үшін ел қорғау, атамекенін жау табанынан азат ету аса маңызды мәселе болды. Бұл кезде ерлік пен елдікті мадақтайтын батырлар жырының тәрбиелік, идеологиялық қызметі артты. Ал осы жанр ХІХ – ХХ ғ.ғ. көбінесе сауық – сейілдік функция атқарды. Аңыз жанрының басты нысанасы – тыңдаушыға елдің өткені туралы немесе атақты адамдардың өмірі жайлы, күйдің шығуы хақында мағлұмат беру. Демек, аңыздың танымдық функциясы басым.
2. Құрылысы – жанрдың тұрмыстық қызметіне байланысты айқындалатын негізгі поэтикалық элемент.
3. Орындалу мәнері – баяндалуы (ертегі, аңыз,әпсана) немесе әуенмен музыкалық аспаптың сүйемелдеуінде (жыр, айтыс, терме, толғау, тарихи өлең) орындалуы, ойын үстінде (санамақтар, «Айгөлек») айтылуы.
4. Мазмұны. Бір ескеретін жайт – бір мазмұнның бірнеше формасы болуы мүмкіндігі (бір тақырыпқа құрылған тарихи өлең, тарихи жыр, тарихи аңыздардың болуы).
2.3 Жанрлардың
дамуындағы ортақ процестер
Жанрлар тірі ағза тәрізді - туады, өзгереді, жоғалады. Жанрлардың дамуына тән осы процестер ең алдымен, фольклордың табиғи заңдылықтары мен сол фольклорды жасаушы халықтың басынан өткен түрлі қоғамдық -әлеуметтік жағдайлардың алмасуына байланысты. Ұзақ уақыт ауызша, әрі қатар өмір сүруі нәтижесінде жанрлар өзара ықпалдасады. Даму процесінде синтезделу, тоғысуды басынан өткереді. Мәселен, мақал, мәтелдердің, шешендік сөздердің, аңыздардың дамуына көз жіберсек осындай құбылыстарды байқаймыз.
Фольклорлық жанрларда эпикалық, лирикалық, драмалық белгілер орын алады. Лирика мен эпостың синтезделуі арқылы жасалған аралық жанрлар да бар. Жыр түрлері мен ертегі, аңыздарға эпикалық белгілер етене болса, қара өлең, терме, бесік жырында лиризм басым. Ал тұрмыс-салт жырлары, ақындар айтысының мекен бірлігі мен оқиға бірлігі сақталатындықтан драмаға жақындайтынын бірқатар қазақ фольклористері атап көрсеткен.
Қазақ фольклоры жанрға аса бай. Музыкалық фольклор жанрларын есепке алмағанның өзінде ауызша сөз өнерінің елуге жуық жанры бар. Олар: тұрмыс-салт жырларының: жар-жар, беташар, сыңсу, тойбастар, қоштасу, естірту, көңіл айту, арбау, дұға, бәдік, бақсы сарыны, бата, жарапазан сынды үлгілері;
Көне жыр, батырлар жыры, тарихи жыр, ғашықтық жыр, тарихи өлең, қисса, дастандар;
Жыр додасы айтыс (айтыс өз ішінде: ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, бәдік айтыс, қайым айтыс т.б. деп бөлінеді); шешендік сөздер, толғау, терме, желдірме, арнау, қара өлең, тақпақ;
Қара сөз түрінде айтылатын миф, ертегі, әңгіме, аңыз,әпсана, хикая, хикаят, шежіре; шағын жанрлар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл, жаңылтпаш, мазақтама т.б.
Қазір фольклор жанрларын ғұрыптық және көркем фольклор деп екіге жіктейді. Бұлай жіктеуді ең алғаш ұсынған - А.Байтұрсынов. Ғалым «Әдебиет танытқышында» (1926) қазақ фольклорын «сауықтама» және «сарындама» деп екіге бөледі.
Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Қазақ ғалымдары
да қазақ фольклорының
Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ «Қазақ совет фольклоры» деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең, жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар; колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені - авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, «совет фольклоры» деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді.
Совет фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды. Дәл осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды. Мәселен, 1960 жылғы кітапта «Тарихи жырлар» бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан еңбекте «Советский фольклор» деп аталатын тараушада дәстүрлі фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен өлең-толғаулары туралы жазылады.
Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін
бүкіл Кеңес Одағы
Совет өкіметі кезінде фольклор болды ма, жоқ па, болса - ол қандай еді - деген сауалдар төңірегінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында бүкіл одақтық фольклортануда үлкен пікірталас туды. Қорыта келе, «совет фольклоры» деген фольклор болған жоқ, сол ұғымның өзі де қате, ғылыми жағынан дәлелсіз дейтін тұжырым орнықты. Осыған орай есте ұстайтын нәрсе - фольклор деп тек қана ежелден келе жатқан авторы жоқ шығармаларды айту керек пе, әлде әр заманда туып, ел ішінде айтылып жүретін халық шығармашылығын да тану дұрыс па? Біздіңше, дәстүрлі фольклормен қатар бүгінде ел арасына тарап кеткен авторы беймәлім әртүрлі жаңа өлеңдер (әсіресе, қара өлең), мақалдар, әңгімелер мен анекдоттар - халық шығармашылығы ретінде фольклор болып саналуға тиіс. Әрине, бұлар ерте заманнан келе жатқан фольклордан ерекше, мұнда дәстүрлі фольклорлық поэтика жоқ, бірақ халықтық этика мен ұғым-түсініктер бой көрсетеді. Демек, бүгінгі таңдағы халық шығармашылығынан ежелгі фольклорды іздемеу керек. Сонымен бірге заманның, қоғамның талап-талғамына сай халық шығармашылығының түрі, орындалу мәнері өзгеше болуы ықтимал екенін, сондай-ақ халық шығармашылығы жаңа формада, айталық, отбасылық ансамбль түрінде де болуы мүмкін екенін де ескеру қажет. Қазақ фольклорының тарихын зерттегенде осының бәрі есте болуға міндетті.
Информация о работе Фольклордын тегі мен жанрына қарай жіктелуі зерттелу тарихы