Барыс Казахстана

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2011 в 08:49, творческая работа

Описание работы

Алаңдағы үлкен экран мен Лэд-дисплей арқылы «Қазақстан барысы» турнирінен бейнекөріністер беріліп тұрады. Алаңда тұрған халық арасында «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Қазақстан барысы» эмблемаларымен туларды көтеріп тұрады. Алаңдағы көпшілік «Жаса, «Қазақстан барысы»!», «Сен біздің мақтанышымызсың», «Жарадың, «Сыр қыраны»!» және т.б. ұрандама жазылған кермелер ұстап тұрады.

Работа содержит 1 файл

Барыс Казахстана.doc

— 99.50 Кб (Скачать)

      Көңіл көгі күн бағытты Көкбөрі,

      Алтын тұғыр азаматтың жеткені.

      Садық Мұстафаев келеді,

      Ұландайын хас батырдың бапкері.

 

Жүргізуші-2: 

     Ұлан 1986 жылы 21 қыркүйекте туылған. Дзюдодан ҚР –ң  спорт шебері, ҚР чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, ТМД және Балтық елдерінің жастар арасындағы халықаралық жарыстың жеңімпазы, Әлем Кубогінің күміс жүлдегері, қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық жарысының чемпионы, самбодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер ойынының қола жүлдегері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің студенті. Лақап аты: «Қазақстан барысы».  

Жүргізуші-1:

      Жарыс, жарыс хас батырлар ордасы,

     Жаттығуда, жаттығуда ақиқаттың алқасы,

      Бәрі, бәрі еңбегіңнің өтеуі,

      Бәрі, бәрі бапкеріңнің арқасы. 

     «Қазақстан  барысының» бапкері, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы келеді. Сіздердің қошеметтеріңіз! 

Жүргізуші-2:

     Әке сенім делебесі қозат да,

     Ана жүрек айналғандай ғажапқа.

     Гүләйімдай  анамызға қошемет,

     Ұландайын ұл сыйлаған қазаққа.  

           ҚР  Әнұраны орындалады.  

Жүргізуші-2:

      Құрметті  Қызылордалықтар!

     «Қазақстан  барысы», Сыр елінің қыраны, Сыр елінің Ұланы, тек тұмары, Алаш анасына айналған Сыр атты қасиет қайнардан, бақыт байрағы ұлт ұлағатына байланған, бүгінгі қуаныш Сыр елінің, Қорқыт жерінің, Тұран тегінің ұл-ұрпақтарының қуанышы. Осы қуанышқа дем берген, қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан Қызылорда облысы әкімдігі десек, ұлт рухына жасалған, ұлтжанды азаматтарымыздың таным-парасатының деңгейін көреміз. Құттықтау сөз облыс әкімі Болатбек Баянұлы Қуандықовқа беріледі.

Жүргізуші-1:

  Ерлік күшін рух текке теңеппіз,

      Бақыт нұрын жүрек жанға бөлеппіз.

      Батырлары халқымыздың көп болсын,

      «Алтын  белбеу», «Алтын белбеу» құтты болсын демекпіз.  

Жүргізуші-2:

      Жеңіспенен  сән-салтанат құрайық,

      Өріспенен өмір көкке шығайық.

      Қазақстан барыстары бүгінгі,

      Сыр елінде марапатқа ылайық. 

Марапаттау  рәсімі   (тізім бойынша марапат иелеріне сый-сияпат көрсетіледі.)

Марапаттау рәсімі Қызылорда облысының әкімі Қуандықов Болатбек Баянұлына беріледі. 

     1. Қазақ күресінен, дзюдодан, белбеу күресінен спорт шебері, жабық спорт кешеніндегі Азия ойындарының жеңімпазы, кураштан шығыс жекпе-жек түрлері Азия Ойындарының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдодан ҚР чемпионатының бірнше дүркін жеңімпазы, ҚР чемпионатының қола және ҚР 3-Спартакиадасының күміс жүлдегері, қазақ күресінен ҚР Президентінің жүлдесіне арналған ІV Халық ойындарының және облыстық «Алтын белбеу» жарысының екі дүркін жеңімпазы. Сыр барысы - Руслан Әбдіразақовқа  -  300 000 теңге табысталады.

   2. Қазақ күресінен, дзюдодан, самбодан ҚР-ң спорт шебері, қазақ күресінен, самбодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, қазақ күресінен  ҚР 2-ші Спартакиадасының чемпионы,  дзюдоан ҚР чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері, Бүкіләлемдік универсиаданың чемпионы, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкері. Сыр арланы – Ерболат Юсуповқа   -  300 000 теңге табысталады.

    3. Қазақ күресінен, самбодан ҚР спорт шебері, Самбодан екі дүркін ҚР жеңімпазы, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, қазақ күресінен ҚР Президентінің жүлдесіне арналған ІV Халық ойындарының чемпионы. Сыр сұңқары Жасұлан Досымовқа   -   300 000 теңге табысталады.

  1. «Қазақстан барысы»  республикалық жарысының «Қола белбеу» иегері – Шалқар Жоламановқа – 3 млн теңге табысталады.

Шалқардың жаттықтырушысы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы- Мейірғалы Көшкіновке 750 000 теңге табысталады.

  1. «Қазақстан барысы»  республикалық жарысының «Күміс белбеу»  иегері – Бейбіт Ыстыбаевқа  - 4 млн 500 мың теңге табысталады.
  2. Бейбіттің жаттықтырушысы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Елдос Далабайға – 1 млн 500 мың теңге табысталады.

   7. Дзюдодан ҚР –ң  спорт шебері,  ҚР чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, ТМД және Балтық елдерінің жастар арасындағы халықаралық жарыстың жеңімпазы, Әлем Кубогінің күміс жүлдегері, қазақ күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық жарысының чемпионы, самбодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер ойынының қола жүлдегері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің студенті. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және  Елбасының  жүлдесіне арналған қазақ күресінен тұңғыш  «Қазақстан  барысы» - Ұлан Рысқұлға 22 млн теңге табысталады.

  1. «Қазақстан барысының» бапкері, ҚР-ның құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы - Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлына – 7 млн 500 мың теңге табысталады.

      

Жүргізуші:

     Ортаға Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Төкеев Серік Адамұлын шақырамыз.

     1. Осындай жарыстың ұйымдастырылуына мұрындық болған, Қазақ күресін мемлекеттік деңгейде көтеруге атсалысқан ұлтжанды азамат, КТК телеарнасының бас директоры, Шораев Арман Төлегенұлы   Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының төсбелгісімен марапатталады.

   2. Облыс, Республика деңгейінде қазақ күресінің дамуына ұйытқы болған Азияның қазақ күрес федерациясының президенті, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұртаев Рзақұл Сәденұлы Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының төсбелгісімен марапатталады.  

Марапаттау  рәсімінен кейін  «Қазақстан барысы»  жарысына арнайы жазылған «Қазақстан барысы»  Әнұраны орындалады. 

Бұдан кейін сахнада  тұрған балуандар режиссерлық шешіммен белгіленген бағытпен мизансцена жасап, сахнаны босатады. Арнайы орындарға жайғасады.  

Жүргізуші-1:

      Құрметті  Қызылордалықтар және қала қонақтары !

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналып өткізілген  Елбасы жүлдесі үшін тұңғыш рет ұйымдастырылған  «Қазақстан барысы» қазақ күресі ұрпақ рухының Барыс бейнесіне, байрақ бақытына айнала бергей! «Қазақстан барысы» алтын белбеуі рух айбарымызды айқындай берсін!

     Бүгінгі салтанатқа арналған Қазақстан өнер шеберлерінің концертін бастаймыз.

       Концерт арнайы бағдарлама бойынша өтеді.

Жүргізуші-2:

      Қазақша күрестен «Қазақстан барысы» жарыс  додасы келер жылы Сыр елінде салтанат құруына тілектеспіз. Жеткен жетістігіміз, Алаш руханиятының абыройына айналсын, ағғайын!  

Жүргізуші-1:

      Ортақ жеңіс, ортақ қуаныш, Қазақстан Республикасының  Конституция күніне тура келіп отыр. Олай болса, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!

Ұлт ұлағаты, ұлт рухы заңмен зерделеніп, заңмен қорғалатын зайырлы мемлекет, Қазақстан Республикасы жасасын !

      Жеңісті күндер көп болсын, ардақты ағайын!  

Мерекенің соңы отшашуға ұласады. 
 
 

СОҢЫ 

Сценарий  дайындаған: О.Нұрмаханов

Режиссер-сценарист, ҚР Мәдениет қайраткері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін

қазақ күресінен тұңғыш рет ұйымдастырылған  «Қазақстан барысы»  жарысының жүлдегері  Ұлан Рысқұлды ұлықтау  рәсімінің

сценарлық жоспары 

Өтетін  орны: Орталық алаң

Уақыты: 2011 жылдың 30 тамызы

Сағат 19-00 

  1. Алаң суретшінің алдын-ала бекітілген эскизі бойынша тақырыпқа сай безендірілген.
  2. Театр ғимаратының алдыңғы бетіне үлкен билборд (Ұ.Рысқұл «Қазақстан барысы» белбеуімен) ілінген.
  3. Алаңға сахна орнатылып, «құрмет жолы» төсеніштері төселініп, дыбыс күшейткіш аппаратуралар қойылып, шараның басталуына дайын тұрады.
  4. Алаңдағы үлкен экран мен Лэд-дисплей арқылы «Қазақстан барысы» турнирінен бейнекөріністер беріліп тұрады.
  5. Алаңда тұрған халық арасында «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Қазақстан барысы» эмблемаларымен туларды көтеріп тұрады.
  6. Алаңдағы көпшілік «Жаса, «Қазақстан барысы»!», «Сен біздің мақтанышымызсың», «Жарадың, «Сыр қыраны»!» және т.б. ұрандама жазылған кермелер ұстап тұрады.
  7. Арнайы жазылған фанфар ойналады, музыка фонында жүргізушілер мәтіні.
  8. Осы кезде алаңдағы экрандардан Қорқыт Ата көшесі мен Ы.Жахаев атындағы көшелерінің қиылысына «Қазақстан барысы» жарысының жеңімпаздары мінген кортеж келіп тоқтайды.
  9. «Қазақстан барысы» жарысының кортежінен жеңімпаздар мен олардың бапкерлері түсіп, соңдарынан күрес киіміндегі иығына қасқыр терісін жамылған 50 палуан еріп отырып, Жахаев көшесінің бойымен жиналған жұртшылық қошеметімен ұлттық киімдегі қыздар жасаған «коридор» арқылы алаңға қарай жылжиды.
  10. Фанфар беріліп, жүргізуші мәтіні
  11. Алаңда бишілер тобы, «Алтын адамдар» режиссерлық шешіммен мизансцена жасайды. Сахнада «Томирис» ансамблінің бишілері «Шашу биін билейді.
  12. Жүргізушілер арнайы реттілікпен «Қазақстан барысы» жарысына қатысушылар, ІІІ-ші, ІІ-ші орын иегерлерін, олардың бапкерлерін қошеметпен «Болашақ «Қазақстан барысы» палуандар шеруінің режиссерлық мизансценасының фонында «құрмет жолымен» сахна төріне шақырады.
  13. Палуандар шеруі арнайы белгіленген жолмен сахнаға көтеріледі.  
  14. Шерудің соңын ала «Қазақстан барысы» Ұ.Рысқұл мен оның бапкері С.Мұстафаев атпен арнайы белгіленген орынға келіп, жұртшылық қошеметімен «құрмет жолы» арқылы сахнаға көтеріледі.
  15. «Қазақстан барысы» құрмет жолына көтерілгенде халық арасынан конфеттилер және фейерверктер атылады.
  16. Жүргізуші мәтіні, ҚР Әнұраны орындалады.
  17. Облыс әкімінің құттықтау сөзі. 
  18. Музыка фоны өзгеріп (диктор мәтіні)
  19. Марапаттау рәсімі. (тізім бойынша марапат иелеріне сый-сияпат көрсетіледі.)
    • Марапаттау құрметі облыс әкімі Б.Қуандықовқа беріледі. (ақшалай сыйлық табысталады)
    1. Әбдіразақов Руслан  - «Сыр барысы»
    2. Юсупов Ерболат  - «Сыр арланы
    3. Досымов Жасұлан  - «Сыр сұңқары»
    4. Жоламанов Шалқар  - «Қола белбеу» иегері
    5. Көшкінов Мейірғалы – Шалқардың бапкері
    6. Ыстыбаев Бейбіт – «Күміс белбеу» иегері
    7. Далабай Елдос – Бейбіттің бапкері
    8. Рысқұл Ұлан – «Қазақстан барысы»
    9. Мұстафаев Садық – Ұланның бапкері
 

      - Марапаттау құрметі Төкеев Серік Адамұлына беріледі. (Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының төсбелгісі табысталады)

      1. Шораев Арман Төлегенұлы –  КТК телеарнасының бас директоры 

      2. Нұртаев Рзақұл Сәденұлы  - облыс әкімінің орынбасары  

  1.  Арнайы  жазылған «Қазақстан барысы» Әнұраны орындалады.
  2. Қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концерті.
  3. Финал. Мерекелік отшашу. 

Информация о работе Барыс Казахстана