Барыс Казахстана

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2011 в 08:49, творческая работа

Описание работы

Алаңдағы үлкен экран мен Лэд-дисплей арқылы «Қазақстан барысы» турнирінен бейнекөріністер беріліп тұрады. Алаңда тұрған халық арасында «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Қазақстан барысы» эмблемаларымен туларды көтеріп тұрады. Алаңдағы көпшілік «Жаса, «Қазақстан барысы»!», «Сен біздің мақтанышымызсың», «Жарадың, «Сыр қыраны»!» және т.б. ұрандама жазылған кермелер ұстап тұрады.

Работа содержит 1 файл

Барыс Казахстана.doc

— 99.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Президентінің  жүлдесі үшін

қазақ күресінен тұңғыш рет ұйымдастырылған  «Қазақстан барысы»  жарысының жүлдегері  Ұлан Рысқұлды ұлықтау  рәсімінің

сценарийі 

Өтетін  орны: Орталық алаң

Уақыты: 2011 жылдың 30 тамызы

Сағат 19-00 

      Алаң  суретшінің алдын-ала бекітілген эскизі бойынша тақырыпқа сай безендірілген. Театр ғимаратының алдыңғы бетіне үлкен билборд (Ұ.Рысқұл «Қазақстан барысы» белбеуімен) ілінген.

    Алаңға  сахна орнатылып, «құрмет жолы»  төсеніштері төселініп, дыбыс күшейткіш  аппаратуралар қойылып, шараның басталуына дайын тұрады.

    Алаңдағы  үлкен экран мен  Лэд-дисплей арқылы «Қазақстан барысы»  турнирінен бейнекөріністер  беріліп тұрады. Алаңда тұрған халық арасында «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Қазақстан барысы» эмблемаларымен туларды көтеріп тұрады. Алаңдағы көпшілік «Жаса, «Қазақстан барысы»!», «Сен біздің мақтанышымызсың», «Жарадың, «Сыр қыраны»!» және т.б. ұрандама жазылған кермелер ұстап тұрады.

    Арнайы  жазылған фанфар ойналады, музыка фонында диктор мәтіні.

      Алаңдағы  бишілер тобы, «Алтын адамдар» режссерлық шешіммен мизансцена жасап, «Томирис» ансамблі сахнада «Шашу» биін билейді.

Жүргізуші-1: 

      Дәуір күннің дабысы, дерегі,

            Еліне сенеді, еріне  сенеді.

                  Жарқылы намыстың,

                        Алтындап белбеуін,

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  БАРЫСЫ КЕЛЕДІ,

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  БАРЫСЫ КЕЛЕДІ. 

Жүргізуші-2: 

Қорқыт  баба киелі тұмары болды.

     Ерлік пен намыс сыңары болды.

            Қазақтың тұңғыш «Алтын барысы»,

                  СЫР ЕЛІНІҢ ҚЫРАНЫ БОЛДЫ.

РЫСҚҰЛДЫҢ ҰЛАНЫ БОЛДЫ. 
 

СҮЙІНШІ ХАЛҚЫМ, СҮЙІНШІ !!!

  

Жүргізуші-1: 

      Тұңғыш  рет Астана қаласында ұйымдастырылған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» сайысы бұрын-соңды болмаған, дүбір доданың бел белбеуіндей, өркениетті еліміздің өрлеуіндей, халқымыздың көз алдында әр облыстан жүзден жүйрік 4 балуаннан, жалпы саны 64 балуан ақтық сайысқа іріктеліп алынды.

     Бұл жарыс – «Қазақстан барысы» Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналып, қазақ күресінен  Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың жүлдесі үшін алғаш  рет ұйымдастырылды.  

Жүргізуші-2:

      

     Бұл жарысқа Елбасының өзі тікелей  қолдау жасады. КТК телеарнасы мен Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры, ҚР Туризм және спорт министрлігінің, ҚР қазақ күресі федерациясының (президенті Төкеев Серік Адамұлы), қолдауымен өткізілді.

     Сондықтан болар, тұңғыш рет өткен «Қазақстан барысы» аламан жарысында қаны тамырында  тулаған миллиондаған көрермен сегіз  сағат бойы КТК телеарнасының  алдында отырды.  

Жүргізуші-1: 

     Осынау  ғаламат жобаны дүниеге әкеліп, өткізуде даңқты балуан, қазақтың біртуар батыр ұлы, қазақ күресін өркендетуге, оны ұлттық деңгейге жеткізуге ат салысқан азамат Тұрлыханов Дәулет Болатұлы және КТК телеарнасының бас директоры, Қазақ күресін мемлекеттік деңгейде көтеруге атсалысқан ұлтжанды азамат Арман Шораев.  

      Көңіл көзі кереметті көреді,

      Алтын тұғыр айбыныңа сенеді.

      Белдескенін жұлып жерден көтерген,

      ҚАЗАҚСТАН БАРЫСТАРЫ КЕЛЕДІ,

     ҚАЗАҚСТАН БАТЫРЛАРЫ КЕЛЕДІ. 

Жүргізуші-2:

      Тек болмысы көк бөрідей айбардан,

      Қасиеті қазақ деген қайнардан.

      Қазақстан барыстары келеді,

      Қанжығасы майланған, қанжығасы майланған. 

     Коридор жасаушы ұлттық киімдегі қыздардың ортасымен  «Құрмет жолы»  арқылы «Қазақстан барысы»  жарысының жеңімпаздары мен қатысушылары, олардың бапкерлері арнайы реттілікпен  сахна төріне шақырылады. 

Жүргізуші-2: 

      Жарыстарда  көпке жеткен дабысы,

      Ақиқаттың жүрегінде ағысы.

      Руслан  Әбдіразақов келеді,

      Лақап аты «Сыр елінің барысы». 

     «Сыр  барысы» Руслан Әбдіразақов 1988 жылы 27 сәуірде туылған. Қазақ күресінен, дзюдодан, белбеу күресінен спорт шебері, жабық спорт кешеніндегі Азия ойындарының жеңімпазы, кураштан шығыс жекпе-жек түрлері Азия Ойындарының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдодан ҚР чемпионатының бірнше дүркін жеңімпазы, ҚР чемпионатының қола және ҚР 3-Спартакиадасының күміс жүлдегері, қазақ күресінен ҚР Президентінің жүлдесіне арналған ІV Халық ойындарының және облыстық «Алтын белбеу» жарысының екі дүркін жеңімпазы.

     Бапкері – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұстафаев Садық  Шоңмұрынұлы.   

Жүргізуші-1: 

      Спорт, сана өмірінің орманы,

      Рух күші қасиетті қорғаны.

      Ерболат Юсупов, қарсы алыңдар, ағайын,

      Лақап аты, лақап аты «Сыр арланы».  

      «Сыр  арланы» Ерболат  Юсупов 1982 жылы 18 қарашада туылған. Қазақ күресінен, дзюдодан, самбодан ҚР-ң спорт шебері, қазақ күресінен, самбодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, қазақ күресінен ҚР 2-ші Спартакиадасының чемпионы,  дзюдоан ҚР чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері, Бүкіләлемдік универсиаданың чемпионы, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкері.

     Бапкері – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Жұмабаев Ишанбек Ысқақұлы.    

Жүргізуші-2: 

      Бойда қуат, күш бұлағы тасыған,

     Кезі  жоқты қарсыластан жасыған.

     Лақап аты «Сыр сұңқары» білсеңіз,

     Ортамызда Досымов Жасұлан. 

     Жасұлан Досымов – 1983 жылы 9 қыркүйекте туылған. Қазақ күресінен, самбодан ҚР спорт шебері, Самбодан екі дүркін ҚР жеңімпазы, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, қазақ күресінен ҚР Президентінің жүлдесіне арналған ІV Халық ойындарының чемпионы.

     Лақап аты: «Сыр сұңқары»

     «Сыр  сұңқарының» бапкері Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серікбаев Әділбек Үргенішбайұлы. Сіздердің қошеметтеріңіз!

     Серікбаев Әділбек Үргенішбайұлы – жаттықтырушылық қызметінде самбо күресінен 4 /төрт/ Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 34 ҚР спорт шеберін және қазақ күресінен 2 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 1 әлем чемпионын дайындаған.

     Серікбаев Әділбек Үргенішбайұлына қошеметтеріңііз! 

Жүргізуші-1: 

      Көңіл бүгін күмбір күйін төгеді,

     Бойымызға ерлік гүлін егеді.

     Шалқар  Жоламанов, ағайын,

     Қазақ күресінің шебері. 

     Бозкілемде  тындырған шаруаны,

     «Алыпсоқ» деп тұрады, әруағы.

      Шалқар  батыр келеді, Шалқар батыр,

      Шығыстың  «Түйе балуаны». 

Жүргізуші-2: 

      Шалқар 1979 жылы 14 наурызда туылған. Халықаралық  дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінің  әлем чемпионы, Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін «түйе палуаны». Лақап аты: ҚОЖАҚҰЛ.

      Батырлық  дарыған тегінен,

      Қыран қалықтаған көгінен,

      Шалқар  барыс келеді, Шалқар барыс келеді,

      Ұлы Абайдың елінен.

 

Бапкері: ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мейірғалы Көшкінов.

     «Қазақстан  барысы»  республикалық жарысының «Қола белбеу» иегері – Шалқар Жоламанов. Сіздердің қошеметтеріңіз, ағайын ! 

Жүргізуші-1: 

      Шеберлік, айла шүйлікті,

     Көкірегіндегі күйді ұқты.

     Мақтан  етеміз батыр деп,

     Ыстыбаев  Бейбітті.

     Көргендейін өмір күннің өрлеуін,

     Бағамдаған  бақытының белбеуін.

     Ыстыбаев  Бейбіт, әне келеді,

     Жеңіп алған «Күміс барыс» белбеуін. 

Жүргізуші-2: 

     Бейбіт 1985 жылы 9 мамырда туылған. Халықаралық дәрежедегі спортшы, қазақ күресінен Азия және әлем чемпионы. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің студенті. Лақап аты: «ӘУЛИЕ АТА АРЛАНЫ». Бапкері: ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Далабай Елдос.  

           Көңілдерге хан  шатырын құрайық,

           Жігіттерді күрестіріп сынайық.

           Барыс күшін бір  білекке жинаған,

           Бейбіт батыр есіміне  ылайық.

     «Қазақстан  барысы»  республикалық жарысының  «Күміс белбеу»  иегері – Бейбіт Ыстыбаев. Сіздердің қошеметтеріңіз, Қызылордалықтар! 

     «Қазақстан  барысының»  тұңғыш иегері Ұлан Рысқұл «құрмет жолымен» сахнаға көтеріледі.   

Жүргізуші-1:

     Алла  деген ақиқатқа табынған,

     Жұлдыздары  көк пен жерде жағылған.

     Қазақ күрес балуандары келеді,

     Кеудесіне қасқыр ішік тағынған. 

     Алаңға  белгіленген орынға келген 50 балуан режиссерлық шешіммен мизансцена жасап тұрады. Коридор жасаушы ұлттық киімдегі қыздардың ортасымен «Қазақстан барысын» бапкерімен «Құрмет жолына» дейін атпен келеді. Аттан түскен балуан мен бапкерін «Құрмет жолы» арқылы сахна төріне шақырылады. 

Жүргізуші-1:

      Әуеледі, әлемге жетті дабысы,

      Жүрегі  жұлдызданып жарысы.

      Ұлтымыздың  Ұланы, Сыр елінің қыраны,

      Қазақстанның  тұңғыш Барысы. 

      Жайқалғандай  жақсылықтың желегі,

     Күш болмыстың Сыр елінде дерегі.

      Қарсы алайық, қошеметпен, ағайын,

      Барыс жүрек Рысқұл Ұлан келеді.  

Информация о работе Барыс Казахстана