Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 09:54, реферат
XVIII және XIX ғасырлар аралығындағы саяси-әлеуметтік даму нәтижесінде көрермендер молайды. XIX ғасырдың бірінші жартысында гуманистік мұрат пен утопиялық арманды паш еткен романтикалықтеатрда буржуазиялық тәртіпке қарсы қоғамдық наразылық білдіру, үстем тап өкілдеріне сыншылдықпен қарау мәселелері өз шешімін тапты. Романтизм туы астында драмада заманауи театрдың қоғамдық жасампаздығы, халықтық және ұлттық қасиеті үшін, сондай-ақ эпигондық классицизмге қарсы күрес өрістеді. Романтикалық драма мен театр ұлттық тарихқа, фольклорға, халық эпосына назар аударып, халықтың ұлттық сана-сезімінінің оянуын, өсуін бейнелеп көрсетті.
Дузенің ең сүйікті драматургі Ибсен болды. Ибсен репертуарында ол фру Алвинг, Нора, Гедда Габлер, Ребекка Вест, т.б. бейнелерін жасады. Ибсен кейіпкерлерінің ішкі қайшылықтары мен жан дүниесі Дузеге жақын болды. Оларды сахнада сомдау, ол үшін шығармашылық қажеттілік пен үлкен қанағатпен ұштасты. Актрисаның дауыс ырғағының байлығы, мимика айқындығы, әсіресе қолының пластикасы таң қалдырмай қоймайтын. Адамның жан дүниесін толық ашу максатымен Дузе гримнен бас тартты.
Дузе А.Н.Островскийдің "Найзавайындагы" Катеринаны, Л.Н.Толстойдың "Қараңеылық патшалығындағы" Матренаны орындауды армандады. 1905 жылы Париждің "Шығармашылық" ("Творчество") театрында режиссер Люнье-По қойған М.Горькийдің "Шыңырау түбінде" пьесасындағы Василиса рөлін орындады.
Дузе Сара Бернардың замандасы
болды да, екеуі де бір репертуарды
орындады. Сондықтан да сол кездегі
театр әдебиетінде екі
Актрисаның сол кездегі