Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 09:54, реферат
XVIII және XIX ғасырлар аралығындағы саяси-әлеуметтік даму нәтижесінде көрермендер молайды. XIX ғасырдың бірінші жартысында гуманистік мұрат пен утопиялық арманды паш еткен романтикалықтеатрда буржуазиялық тәртіпке қарсы қоғамдық наразылық білдіру, үстем тап өкілдеріне сыншылдықпен қарау мәселелері өз шешімін тапты. Романтизм туы астында драмада заманауи театрдың қоғамдық жасампаздығы, халықтық және ұлттық қасиеті үшін, сондай-ақ эпигондық классицизмге қарсы күрес өрістеді. Романтикалық драма мен театр ұлттық тарихқа, фольклорға, халық эпосына назар аударып, халықтың ұлттық сана-сезімінінің оянуын, өсуін бейнелеп көрсетті.