Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 20:24, реферат
Жаңғыртылатын және пайдаланылатын ғимараттардағы конструкциялардың техникалық жағдайы мен өндірістік ортаны (микроклимат) зерттеу.
Өндірістік ортаны табиғи зерттеудің жалпы мақсаты – өндірістік ортаны құрайтын факторлар туралы мәліметтер алу, олардың фактілі жағдайы, сол жағдайды туғызу себептерін анықтау, нормативті талаптарға сәйкестігін орнату және оларды жақсартуға арналған шараларды ұйымдастыру.
Пайдалану кезінде қалыптасқан жарықтар келесі түрлерге бөлінеді: температуралық деформация нәтижесінде қалыптасқан жарықтар; топырақ негізінің отыруының тегіс еместігінен пайда болған жарықтар; темірбетонды элементтердің созылуды қабылдау қабілетінен асатын күш әсерінен болған жарықтар.
Ғимарат пен имараттардың
қабырғаларында жарықтар болған жағдайда
олардың әрі қарай өрістеу
және олардың жағдайына
Жарықтардың жалғасуын бақылау жұмыстары нақты жағдайға байланысты әрбір жағдайға арналған график бойынша жүргізіледі. Жарықтар конструкция бетін тексеру арқылы, сонымен бірге қорғаныш қабатын немесе әрлендіру қабатын алып тастау арқылы анықталады. Оның орнын, формасын, бағытын, ұзындығы бойынша таралуын, тереңдігін, сонымен бірге оның жалғасымдылығын немесе тоқтағандығы анықтау керек. Әрбір жарыққа маяк орнатылады, ол жарық әрі қарай өрістеген кезде бөлінеді. Маяк жарықтың ең үлкен даму жолында орнатылады. Жарықтың жалғасымын бақылау кезінде ұзындығының соңы әрбір тексерістен кейін көлденең штрихтармен белгіленеді, ол конструкция бетіне бояумен немесе ұшты нәрсемен сызылады. Әрбір штрихтың қасына тексеріс күні жазылады.
Ғимарат қабырғасын шолу графигіне жарықтар сызба түрінде сызылады. Әрбір жарыққа оның жалғасымы мен екі бөлінуінің графигі салынады.
Жарықтар мен маяктар бақылау графигіне сәйкес периодты түрде бақыланып, нәтижесі бойынша акт жазылады, онда: тексеру күні, жарықтар меняктың орналасу сызбасы, жарықтар мен маяктың күйі жайында мәліметтер, жаңа пайда болған жарықтар туралы және оларға маяктың орнатылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Жарықтың айырылу жалпақтығы микроскоп МПБ-2 көмегімен 0,02 мм қатынасы арқылы анықталады, өлшеу шегі 6,5 мм, екіншісі, микроскоп МИР-2, өлшеу шегі 0,015-тен 0,6 мм-ге дейін, сонымен қатар лупа (Бринель лупасы) немесе өлшеу дәлдігі 0,1 мм кем болмайтын басқа приборлар мен құралдар қолданылады.
Жарық тереңдігін ине және сымды қуыс құлақтар, сонымен қатар УКБ-1М, бетон-ЗМ, УК-10П және т.б. типті ультрадыбыстық приборлар көмегімен анықтауға болады.
Деформация мен жарықтың жалғасуын анықтауда маяктар маңызды болып саналады: олар деформацияның және олардың мөлшерінің сапалы сызбасын алуға мүмкіндік береді.
Маяк ұзындығы 200-250 мм, ені 40-50 мм, биіктігі 6-10 м болатын пластина, гипстан немесе цементті-құмды ерітіндіден жарыққа көлденең жағылып, немесе екі шеті жарықтың екі жағына бекітілген екі әйнек немесе металл пластинкалар, немесе рычагты жүйе. Маяктың екіге айырылуы немесе пластинкалардың орын ауыстыруы деформацияның дамуын мәлімдейді.
Маякты қабырғаның беткі штукатуркасын сылып алып, негізгі материалына орнатады.
Маяктарды оларды орнатқаннан кейін бір аптадан соң, содан кейін әр ай сайын тексереді. Интенсивті жарықтың пайда болуы кезінде күнделікті тексеру қажет.
Пластикалық маяктар ыңғайлы болып келеді. Ол металл, әйнек немесе плексогласты пластинкалардан тұрады. Пластинкалардың шеттері бір біріне параллель болуы керек.
Саңылау өлшегіш ЛепГИДЕПА екі жез пластинадан тұрады, олардың біреуі арнайы қайралған екіншісінің ойығында орналастырылады. Екі пластинад да миллиметрлік бөлгіші бар шкала бар, П тәріздес пластинада ішкі пластина шкаласын қарауға арналған ойық орналасқан.
Ф.А:Беляковтың магі екі төртбұрышты гипсті немесе алебастрлы плиткадан тұрады, өлшемдері 100х60 мм және қалыңдығы 15-20 мм. Плитканың әрқайсысына тік және көлденең шеттеріне 1-2 мм шығыңқы 5 металл шпилька бекітілген. Жарықтың жалғасуын бақылау үшін осындай екі плитаны гипс немесе алебастрлы ерітіндіге жарықтың екі жағына бекітеді. Жарықтың өсімін шпилькалардың орнының өзгеруі көмегімен анықтайды. Ол үшін шпилькаларға периодты түрде фанерге жабыстырылған таза қағаз басады, жеңіл үстінен басқаннан кейін көлденең масштабта тесіктердің арақашықтығын өлшейді. Ф.А.Беляков маяктары жарықтың екі жақты жылжуын үш бағытта анықтауға көмектеседі.
Саңылау өлшегіш екі үлгіден тұрады, олардың әрқайсысы цилиндрден болат фланецке бекітілген.жартылай шар басы бар. Фланецті бетонға бекіту үшін анкерлік тұтқа қолданылады. Омсындай үлгінің бірнеше жұптары жарықтың екі жағына орнатылады. Үлгілер арасын өлшеу әрбір тексеріс кезінде екі рет штангенциркуль көмегімен орындалады.
Енді саңылаулар деформациясын өлшеуге арналған саңылау өлшегіштер бұрыштық темір қиындыдан тұрады, ол жарықтың екі жағына анкерлік болттардың көмегімен орнатылады. Қабырғалардағы жарықтар мен шөгулерді бақылау үшін нұсқауы бар рычагты құрылғылар қолданылады. Ол ағаш немесе металл, ұзындығы 0,7-1 м болатын нұсқаудан, шарнирден және өлшеу шкаласынан тұрады. Нұсқауларды қабырғаға бекітетін шарнирлер жарықтың екі жағына орнатылады. Қалған нұсқаудың бос жері шарнирге бекітілген арақашықтығынан 10 есе үлкен.
Бақылау журналында: саңылау өлшегіш немесе маяктың нөмірі және қондырылған уақыты, орны және орналасу сызбасы, жарықтың алғашқы ені, уақыт аралығындағы өзгерісі және жарық тереңдігі көрсетіледі.
Өзгерістерге сәйкес жарықтың ашылу графигін құрады.
Маяктың деформациясы кезінде
қасына сол нөмірмен бірақ индексі
бар келесі маяк орнатылады. Жарықтар
пайда болған маяктарды бақылау
аяқталғанға дейін алынбай
Егер 30 күн ішінде жарықтың өзгерісі бекітілмесе, олардың әрі қарай даму үдерісін аяқталған деп санауға болады, маякты алып тастап жарықтарды бітеуге мүмкін болады.
№7 практикалық жұмыс жоспары
Бетон және темірбетон конструкцияларын тексеру (2 сағат)
Ішкі белгілеріне сәйкес конструкцияның техникалық күйін анықтау
Ішкі белгілеріне сәйкес конструкцияның техникалық күйін бағалау келесі факторларға байланысты:
Конструкцияның және қималарының геометриялық өлшемдері;
Жарықтар, қопарылу және қирау;
Қорғаныш қабаттарының күйі (лакты-бояу, штукатурка, қорғаныш экрандары жәнет.б.)
Конструкциялардың иілуі мен деформациясы;
Арматураның бетонмен тіркесуінің бұзылуы;
Арматура жарылуы;
Бойлық және көлденең арматуралардың анкерлік жағдайы;
Бетон мен арматураның коррозияға ұшырау дәрежесі.
Конструкциялар мен олардың қималарының геометриялық параметрлерін анықтау оқу құралында ұсынылғандай жүзеге асырылады.
Жарықтардың ашылуын ең алдымен енді жерінен бастап өлшеп, созылған жеріне дейін өлшеу керек.
Жарықтардың ашылуы дәрежесі түріне және конструкция жұмысының шартына байланысты екінші топтың шекті жағдайына сәйкес нормативті талаптарымен салыстырылады.
Жарықтарды конструкцияларды дайындау, тасымалдау және монтаждау кезінде қысым күштің әсеріне пайда болған, және пайдалану жүктемесі мен қоршаған орта әсерінен қалыптасқан деп ажыратуға болады.
Пайдалану кезінде қалыптасқан жарықтарға: технологиялық, отырудан болған, бетон беткі қабатының тез қатуынан және көлемінің кішіреюінен, сонымен бірге бетонның ісінуінен болған жарықтар; тегіс емес салқандатудан, бетон бөліктерін құрастыру кезінде пайда болған жарықтар жатады.
Күштік сипаттағы жарықтарды темірбетонды конструкцияның қысымды-деформациялық жағынан анализ жасау қажет. Темрбетонды конструкцияларда жиі кездесетін жарықтар:
Иілу элементтерінде көлденең ось қимасына перпендикуляр бағытта жарықтардың пайда болуы көлденең жазықтықтағы қосымша иілу моментінің әсерінен болуы мүмкін.
Темірбетонды фермалардың торлық элементтері сығылуға шалдығып, сүйену тораптарында –қию күштері әсер етуі мүмкін.
Жарық түрінде болған ақаулар және арматура бойымен бетон қабатының алынуы арматураның коррозиялық бұзылуымен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бетонның көлденең және бойлық ілінісуі бұзылады. Арматура мен бетонның ұстасуның бұзылғандығын бетонды соғып қарау арқылы анықтауға болады (дыбысты тыңдау).
Арматура бойымен қалыптасқан бойлық жарықтар конструкцияларды пайдалану кезінде температуралық қысым әсерінен де болуы мүмкін. (300 ̊ С артық температура)
Иілетін элементтерде ережеге сәйкес жарықтар қалыптасса, ол иілудің және бұрылу бұрыштарының үлкеюіне алып келеді. Рұқсат етілмейтіндерге (авариялық) иілетін элементтердің иілген бөлігінің шығуы 1/50 көп, жарықтың екіге айырылу ені созылған бөліктерінде 0,5 мм артық конструкциялар жатады. Рұқсат етілген шекті темірбетонды конструкциялардың иілулері төмендегі кестеде көрсетілген.
Конструкция элементтері |
Рұқсат етілген шекті иілулер |
Қолмен Электрлік
L<6 6<l<7.5 l>7.5
L<5 5<l<10 l>10
L<6 6<l<10 l>10
L<6 6<l<7.5
Ескерту. Тұрақты, ұзақ және
қысқа мерзімдік жүктеме |
1/500 1/600
1/200 3 см 1/250
1/200 2,5 см 1/400
1/150 4 см 1/250
1/200 3 см 1/250 |
Өндірістік ортаның агрессивті әсерінен қорғаныш қабаттарының тиімділігі бетон конструкцияларынан қорғаныш қабаттарын алып тастағаннан кйінгі жағдайымен анықталады.
Көзбен шолу кезінде бетонның болжамды күйі бағаланады. Мәліметтерге сүйену арқылы немесе бетонды жай ғана ұрып қарау арқылы тексеруге болады. Бұлай тексеру әдісі массасы 0,4-0,8 кг балғамен жүзеге асырылады. 10 соққы кезіндегі минималды мәні қабылданады. Ұяң дауыс бетонның қалың екендігін және берік екендігін білдіреді. Көзбен шолып тексеру ақау картасы түрінде белгіленеді, немесе ақау кестесін құрылады.
Арматура мен бетонның коррозия дәрежесін анықтау
Коррозия үрдісін және агрессивті орта әсерінің дәрежесін бағалау үшін бетонның үш негізгі коррозиясын қарастырамыз.
1 түріне коррозияның барлық
түрі жатады, бетонда сұйық орта
әсерінен болатын, цементті
2 түріне химиялық әсерлесу
болатын, цемент тастары мен
ерітінді арасында алмасу