Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 00:28, реферат

Описание работы

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ
1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні...................5
II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайындағы шағын және орта бизнесі......................................................................................................................7
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................9
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................10

Работа содержит 1 файл

manjazba.docx

— 32.38 Кб (Скачать)

 

Әлемдік қаржы дағдарысының еліміздің экономикасына тигізуі  мүмкін зияндарын барынша азайту мақсатында Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктердің алдына нақты міндеттер жүктеген болатын. Осы міндеттерге байланысты Үкімет отырысында дағдарысқа қарсы жасалатын іс-қимылдар бағдарламасын қабылданады. Еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерін бүгінгі дағдарыс жағдайында қаржыландыру мәселесіне Елбасы айрықша мән беріп, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Елімізде шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерін қаржыландыру 50х50 және 28х28 бағдарламалары бойынша жүзеге асырылып жатыр. Алғашқы бағдарлманың бірінші траншы бойынша бөлінген 48 млрд. теңге қаржыны банктер толық игеруге қол жеткізді. Нәтижесінде, шағын және орта бизнеске 2 мыңға жуық несие беріліп, 2500 жаңа жұмыс орны ашылды. Екінші траншқа байланысты “Даму” қоры шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерге 50 млрд. теңге қаржы аударды. Шағын және орта бизнестің қиын-қыстау кезеңіндегі ахуалын оңалтуға сеп беретін тағы бір маңызды қадам жасалды. 2009 жылы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында салық органдарына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге тыйым салынып, Үкімет қаулысы бойынша салықтық тексерістерге мораторий жарияланды. Үкімет кабинеті «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» мәселесі бойынша 2009 жылдың ақпанынан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры есебінен 1 млрд, доллар (120 млрд. теңге) көлемінде қаржы аударды.

 

 

Қорытынды

Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік  қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке  оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі  таңда әлемнің ең ірі, алпауыт  елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен  Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге  лайықты екенін де байқатып үлгерді. 
2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.

Бұл мәнжазбаны қорытындылай келе қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы барысындағы Қазақстан экономикасы, яғни соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк жүйесі сонымен қатар ұлттық өндірістер, шетелдік инвестиция және әлеуметтік инфрақұрлымға әсерінің деңгейі қарастырылған. Сонымен қатар, дағдарыстың Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік бағдарламасы. Әлемдік қаржы дағдарысы ұғымы туралы және Қазақстанға әсері, салдары жайында және даму тереңдігі туралы мәселені толық ашу.

Яғни жаһандық дағдарыс барысындағы  Қазақстан экономикасының салаларын  және антикризистік бағдарламаның  принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру болып табылады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық  дамуының 2004-2015 жылдарға арналған  стратаегиясы туралы Қазақстан  Республикасының Президентінің  2004ж. 14 мамырдағы № 1096 Жарлығы. Астана, 2004.

2. Антикризисное управление под ред. Э.М. Короткова, 2001.

3. Антикризисный менеджмент под ред. А.Г. Грязновой, 1999.

4. Стратегия и тактика антикризисного  управления. Учебник, 1996

5. Стратегия и тактика антикризисного  управления фирмой. Спец. Литература, 1996.

6. Казахстан и мировой экономический  кризис //КазПравда

7. Сәйкенов Б. Дағдарыстың  тамыры тереңде емес.

8. http://virtualforum.kz

9. http://www.egemen.kz/

10. http://i-news.kz/

Ақтөбе 2013

 


Информация о работе Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару