Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 00:28, реферат

Описание работы

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ
1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні...................5
II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайындағы шағын және орта бизнесі......................................................................................................................7
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................9
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................10

Работа содержит 1 файл

manjazba.docx

— 32.38 Кб (Скачать)

 

 

Жоспар

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 
I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ  
1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні...................5 
II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ 
2.1 Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайындағы шағын және орта бизнесі......................................................................................................................7 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................9 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын  жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономика-лық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы  қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республика-сының Президенті Н. Ә.Назарбаев: «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика құру... ».

«Дағдарысқа қарсы басқару» термині  салыстырмалы түрде жақында пайда  болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан  экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Ре-формалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі  күні экономиканы дағдарыстан тек  жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бүндай басқару «  дағдарысқа қарсы » атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір  өтеді. Бүны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы  көрсетті.  Және  дағдарысқа қарсы  басқару  қажеттігін  керек етпейді. Сонда бүндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек праг-мативті   мәнде   ма?   Онда   неге   жоғары   білім беру   жүйесінде   мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың қажеттігі қанша?

Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың  өрпігуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бүл тәжірибе тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.

Объективті түрғыдан дағдарыс көптеген жағдайларды өзара байланысын сипаттайды, басқару қиындығы мен тәуекелділігін жоғарылатады. Бүл тұрғыда дағдарысты және оның алдын алуды шеттетіп, дағдарысты тұрақтандыру, бірінің біріне ұласуы, дағдарыстан шығуды осы

 

шақтанда келер шақтанда алынып тасталмайды. Тек экономика ғана емес, сонымен қатар табиғатта  циклды өмір сүреді, және тек экономика  дамуы ғана дағдарыс жағдайын туындатпайды.

Қоғам дамуының әр түрлі этапында дағдарыс қатынасына деген түсінік  те әр қилы болады. Мысалға, бір позиция  бойынша дағдарыс тек табиғи қүбылыс  салдары, ал басқалары, - дағдарысты адамдар  өздері туындатады, олардың қателіктері, дүрыс көңіл бөлмеуі, білместік, сенімсіздік.

К. Маркс болса қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің эконо-мика екендігін дәлелдеді.

Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тен-денцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен те-реңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жұмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.

Бүгінгі күндегі дағдарысқа қарсы басқару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей үйымда да пайда болып  және  ол  әркашан  жалпы  экономикалық  жағдайға тәуелді  еместігін естен   шығарып   алғандай;   немесе   тек   дағдарыстың   экономикалық   ас-пектілері   ғана   қарастырылып,   оның   әлеуметтік,   саяси,   психологиялық, ұйымдастырушылық,   басқарушылық,   табиғи   және   тағы   басқа   жақтары шетте қалып қойылған.

Бұл мәнжазбада дағдарысқа қарсы басқару мәселелерін, дағдарыстың мүмкін болатын масштабын, сонымен қатар оның әр түрлі формалары, мазмұны, себептері және оның салдары қарастырылған.

 

 

I. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ 

Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Дағдарыс дегеніміз не? Дағдарыс, ол – капитал үшін тиімді іскерлік кеңістігінің жетіспеуі. Жаңадан  тиімді капиталға ие болғанша дағдарыс ұзақ уақытқа дейін созылуы мүмкін. Ондай жағдайдың ұзаққа созылуы  тек халық үшін емес, сонымен қатар  капитал үшін де қиынға соқты. Оған қоса, «инфляция» деген қатер туды, сондықтан капитал бірте-бірте  өз құнын жоғалта бастады. Бағаның  құнсыздануы тек кризистік кезеңде  байқалады.

Казіргі таңда экономика жағдайында инфляция, әлемдік капиталдың тұрақты жүріп отыруын қадағалап отыратын даму үрдісінің қозғалыс күйі ретінде танылады, өйткені инфляция кезінде енжарлы жатқан капитал жоғалып кетеді. Оның терең жатқан мағынасы, яғни капиталдың құнсыздануы. Дағдарыс кезінде, тиімді жағдай табылмаған жағдайда, кейде дефляция байқалады – бағасы төмендейді. Дефляция әр-түрлі механизмге ие болғандықтан, оның көмегімен капитал уақытша тыныс ала алады. Бірақ, уақыт өте келе ол әлсірей бастайды. Дерек түрінде, ол дегеніміз казіргі таңда әлемде капитал динамикасына ұсыныстар өскен сайын, ол дағдарыс жағдайында да өз қозғалысын тоқтатпау керек. Экономистердің ойынша, жаңа эпоха жақындап келеді, яғни дамыған елдердегі дефляция дамушы елдердің инфляциясымен қабаттасатын болады. 

Казіргі таңда өндірісті  бастау үшін, ең бастысы нақты капитал  салу керек. Ал өндіріс үрдісінде  сәтсіздік туса, онда салынған салымдар тауарға  сәйкес эквивалентін ала  алмағандықтан ол, күн өткен сайын  ифляцияға ұласады. Соның есебінен, сәтсіздік – капиталистік кәсіпкерліктің мөлшері, яғни экономикаға заясыз ақша жіберуден орын алады.

Әлемдік капитал үшін өз қызметін тамамдау, бұл жерде ең бірінші ескеретіні, яғни кәсіпкер мен инвестор капиталды ұстаушы  ретінде бәрін істей алады, алайда барлығын деп те айту қиын: олар жаңа өндіріс ұйымдастыруға қабілетті, жаңа өнім шығаруға, жаңа бренд құруға да қабілетті. Егер керек болса, шенеуніктермен келісіп, қажетті кадрларды тауып, ең озат қондырғылар сатып ала  алады. Бірақ, осының барлығын капитал  салым бағытының беті ашылғанда  ғана іске асыру мүмкін. Осылардың  бәрін инвестордың көмегімен  анықтау мүмкін емес, өйткені олар жаңа әлемнің технологиялық мүмкіндіктерін біле қоймайды. Бірақ оларға даму векторын кім көрсетеді? Жауап өз-өзімен туып тұрған секілді: «жаңа технологиямен  жұмыс жасайтындар», әрине. Ал ол ғылым  инноваторларының қызметі болып  табылады. Нақ осы ғылымның өзі, дамудың  жаңа көкжиегін ашады. Бірақ оған кедергі бір нәрсе бар, Ол: 2008 жылы ғылымның қаржылық дағдарысқа дейін  дағдарыс күйіне түскен болатын. Өйткні ғылымға ақша салу – нақты қайтарымға ие болу керек. Ол тек мемелекетке  ғана емес, стратегиялық инвестор рөлін  атқаратындарға да қатысты. Осыған орай ол өзіне ереже бойынша, жеке капиталдың күші келмейтін ең жоғарғы тәуекелді алады.

Экономика тілінде айтқанда, ғылыми өнімнің ұсынысы оның сұранысын  тудырады. Ол дегеніміз, жаңа тұстас ғылымда  еш нәрсе жеміссіз болмайды, бірақ  ол жаңа әлемде жинақталған капитал  көлемін сұрауды қанағаттандыруға

 

қабілетті емес. Екі жүз жыл бұрын ғылым әлемге дербес компьютерлер, интернет және мобильді байланыс ұсынды. Ол дегеніміз, әлемнің бетін өзгерту мен әлемдік экономиканың жаңа сегментін енгізуге жеткілікті болды. Ал кәзіргі таңда оған ұқсас ештене қарастырылмаған.

Әлемде қоғамдық дамудың  жаңа технологиялық векторын көрсетпейінше, дағдарыс ешқашан тоқтатылмайды. 

Әлем үшін ең қауіпті жағдай, ол шоғырланған шалғай елдер болып  танылады. Ол елдерде қарама-қарсы  жағдайлар көп қалыптасқан: орталықтан келетін жеткілікті табыс алу  кезінде меншікті капиталдың жетіспеушілігі байқалады.

Инфляция көрінетін елдерде  пайда табатын бизнес жүргізуге  болады, өйткені ол елдерде сұраныс керек болады және ештенеге қарамастан сауда жүре бастайды, ал дефляция бақыланған елдерде бизнес жүргізу мүлдем мүмкін емес. Осыған сәйкес дамыған елдерде капитал артта қалып келеді, қайта дефляция есебімен өсіп келеді.

Әлемдік капитал кейде  қозғалыссыз тоқтап тұрса, кейде  динамика түрінде өсіп келеді. Мұндай капитал айналымы күннен күнге өсіп келеді, әлемдік валюта қатынасына байланысты ұлттық валюта шалғайы құнсыздана бастады. Мысалы, Ресей рублі евро мен доллар қатынасы бойынша дағдарыс кезінде бағасы тез төмендеп кетті. Осыған орай, рубль жағдайы евродоллар капиталына қарағанда буға айналу күйіне шалдыққан.  Осы айтылған мысалға қарап, әлде қайда маңызды методологиялық шешім қабылдауға болады: дамыған елдерде әлдеқашан, дағдарыс жағдайында капиталға еш қиынсыз тоқтау көрсететін дефляция түрінде, тұрақтандыратын кері байланысты орнатпақ, ал дамушы елдерде мұндай механизм түрлері алі жете қойған жоқ.

Экономикалық  дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.

 

II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасының дағдарыс жағдайындағы шағын және орта бизнесі

XX ғасырдың 90-шы жылдарынан  бастап кәсіпкерліктің проблемалары  отандық және ТМД елдері ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылады. Әрине, жүргізілген зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар авторлардың айтуы бойынша, зеттеулердің барлық талпыныстары алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекттің жүргізетін саясатын, қойылған зерттеу мақсаттарының әр түрлігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және т.с.с. байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік прцесі өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық моделі ретінде қарастырылған. Кәсіпкерлер өздерінің жұмысын тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асады. Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары - ғалым – зерттеушілердің еңбектерінде әр түрлі варианттарда қарастырылады. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, содан соң берілген сатыда, анағұрлым таралған формада әрекет ететін шағын кәсіпкерлікке анықтама беруге тырысамыз, бірақ, алдымен, бізге «кәсіпкер» категориясын тұжырымдау қажет.

Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыруға  ден қою кәсіпорындардың дамуына қуатты серпін береді. Өйткені ірі өндірістерге қарағанда шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар. Сондықтан, еліміз шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан демеудің тың серпілісі байқалады.

Дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада шағын және орта бизнес секторын қолдауға басымдық беріліп отыр. Өйткені экспорттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бағасының күрт құлдырауы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының нығаюына дәл осы шағын және орта бизнестің өрге басуы негіз қалайды. Егер бұл сала өркендесе, жаңа жұмыс орындары ашылып, ел берекеті артады. Үкіметтің дағдарысқа қарсы жасақтаған бағдарламасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және

ықтан. Дағдарыс салдарынан сыртқы несие көздерінің жетіспеушілігі елдегі кәсіпкерліктің қиындықтарға ұшырауына түрткі болғаны рас. Мәселен, Ұлттық банктің деректері бойынша Астанадағы шағын және орта бизнес 2007 жылы 135 млрд. Теңгеге несиелендірілген. Ал 2008 жылы 78 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бір жылда бұл саланы несиелендіру қарқыны 43 пайызға кеміді. Бұл дағдарыс жағдайында кәсіпкерлік субъектілерінің несиеге деген қажеттіліктері қанағаттандырылмай қалды деген сөз. Осындай жағдай барлық өңірлерде қалыптасты.

Информация о работе Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару