Алтын Орда

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 09:29, реферат

Описание работы

Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал ҚұтлықТемірден сол төмендеу, оның сол жағына, бас әмірші Қадақ орналасқан.
Осы, Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды.

Работа содержит 1 файл

Алтын Орда - 1.docx

— 66.99 Кб (Скачать)

бағынышты елдердін бәріне бірдей жүрген. Тіпті Алтын  Ордаға кірмейтін көршілес мем-лекеттердің көбі оған алым-салык, төлеп түрған. Бір себеп-терде ездерін. бағынышты санаған. Кенбеуге бүлар Алтын Орда қаһарынан корыққан. Осындай себеппен, Ибн-Араб-шахтыц айтуьінша, Өзбек ханныц түсында Өргеиіштсн шық-қан керуен үш айдың ішінде Кырымға жеткен. Жолай ешкім оларга тимеген. Керуенге керек азық-түлік, көліктеріне деген жем, шөпті телеулеріне Өзбек хан сол көйлекшең қалпында дір-дір етіп әлі отыр. Түсті өзінше жорығысы келеді... Бірақ  жори алар емес. Барлық әскері шыңырауға кұлап, өзі одан өте алмастай Алтын Ордасының ісі соншалық жаман ба еді? Құтлық Темірдің ку басын мойнына байлап алатындай бұған қандай күн туғалы тұр? Осының бәрі бір жамандыққа көрінді ме?

 

Ал шынына келсек, Тоқтай ханның ақырғы  жылдары  мен Өзбек ханнын, тұсы, замандастарының  айтуына қарағанда, қой үстіне боз  торғай жұмыртқалағандай, Алтын Орданың  тыныштыққа бөленген тарихында, ең биік шыңына шағы еді. Жамандықтың, күйреудін  көлеңкесі де жоқ, көш пелі елдер  құрған мемлекетінің үстінде оймақтай қара бұлт көрінбеген, төбесі айнадай  ашық, алтын күнбақыт нұр сәулесін мейлінше төгіп, аспаны көк торғындай  үлбіреп тұрған.

Жамандық  та, күйреу де соңынан, көп соңынан  келген.

Бұл тұстағы  Алтын Орданың жері Қырым мен  Бұлғарды қоса санағанда Үзі өзенінен былай қарайғы күнгей-шығыс Жағропадан, сонау Шығысқа дейін созылып  жатқан байтақ даланы тегіс алып жатқан. Онын үстіне Еділ өзенінің орта және аяқ  тұсы, күнгей Орал, Дербент қақпасына  дейінгі теріскей Кавказ, Батыс Қорасан, Хорезм, Сейхүн-Дарияның аяқ тұсынан  Арал теңізінің жағаларынан басталатын, Есіл, Нұра, Сарысу өзендеріне дейінгі  сардала тегіс кіретін. Мәуреннахр, Иран, бұзау терілері болса, бұл өгіз талысы еді.

Жан-жағындағы  мемлекеттермен жер үшін, су үшін та-ласқан бірен-саран соғыстарына қарамастан Алтын Орда осы кездерде бейбітшілік  орнаған ең бай мемлекеттің бірі еді. Әскери күші де бұл мезгілдерде  айта қаларлықтай айбарлы және мол  еді. Көшпелі елдер азаматтарынын  үштен бірі қолына сойыл алуға  жарайтын жауынгер деп танылатын. Алтын  Орданың куатының осындай мықтылығының арқасында оның әмірі қарамағындағы  бағынышты елдердің бәріне бірдей    жүрген. Тіпті Алтын Ордаға кірмейтін  көршілес мемлекеттердің көбі оған алым-салық  төлеп тұрған.    Бір себептерде өздерің бағынышты санаған.Көнбеуге бұлар Алтын Орданың қаһарынан  қорыққан. Осындай себеппен, Ибн-Арабшахтың айтуынша,Өзбек   ханың тұсында  Өгеніштен шыққан керуен үш айдың  ішінде Қырымға жеткен. Жолай оларға ешкім тимеген .Керуенге керек азық түлік, көліктеріне деген жем, шөпті  төлеулеріне қарай, жергілікті жұрт қамтамасыз етіп отырған. Мұндай тыныштық Алтын Орда даласында бұрынды-соңды болмаған.

Алтын Орданың  бай мемлекетке айналу себебі тек  қана оның әскері күштілігінде ғана емес еді. Мұнда жаңадан қалалар салынған, ол қалаларда қолөнер, егін егу секілді  пайдалы істердің өркендеуіменен қатар, сауда-саттық жұмысы да қатты жургізілген. Шығыс пен Батыс саудагерлері осы Алтын Орда қалаларына келіп  түйіскен. Осы себептен де, Өзбек  өзі алтын таққа отырысымен Орда астанасын Сарай-Батудан, теңізге  таяу Сарай-Беркеге кешірген.

Қыпшақ даласында  сауда-саттықтың, әсіресе, оның шет  мемлекеттерменен өркендеуіне екі  үлкен себеп болған. Біріншісі. Тоқтай Алтын Орда ханы болғаннан кейін  Қырымды өзінің сыбайласы Янжы әмірге ұлыс етумен қатар, Каффа, Судақ қалаларын  Италия шаһары Генуядан келген купецтеріне  Шығыс елдеріменен сауда-саттық жүргізетін колонияаймақ етуге рұқсат еткен. Бұл генуялықтар аз уакытта  Қырымды Батыс пен Шығыс арасындағы көне Жібек жолының сауда-саттығы  өркендейтін бір кіндігіне айналдырған.

Бұл жолмен Қытайдан Иранға тек жібек, Үндістаннан Жағропаға  меруерт, маржан, асыл тастар,Ібір-Сібір  мен Орыс жерінен құндыз, түлкі, бұлғын, ақ тиін терілері ғана жеткізіліп қоймаған, бұл асыл заттармен қатар Шығыстан Батысқа олардан да асыл арабтардың алгебрасы, Фердоу-сидың «Шахнамасы», тоғызыншы ғасырда Отрарда туған  ұлы ғалым - «Аристотель логикасының  коментариясын»- жазған Абу Нәсір  әл Фарабидың еңбектері, оныншы ғасырда  Бұхарда өмір сүрген, дүние жүзінің  мақтанышы атақты «Кітәб ал-канун  фи-т-тибатты» жазған. Әл Бейрунидің, Шығыстың ұлы ғалымдары ар-Рази, Али-ибн  Аббастың дәрігерлік ғылымдарын жалғастырған атақты Ибн Синаның дәрігерлік канондары  осы Жібек жолы арқылы Батысқа  келген. Ал ол жақтан Шығысқа, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Птоломейлердің пәлсәпалық және ғылыми трактаттары, Архимедтің, Эвклидтың геометриялары жеткен.

Адам баласының  мәдени, рухани дамуларындағы жағрафиялық  қатынастардың қасиеттері міне осындай. Ал осы көне Жібек жолы Шыңғыс хан  шабуылынан кейін де адам ба-ласының  өркендеуіне үлес қоса берген.

Он жеті жыл  Құбылай ханның Ордасында қызмет істеген Венеция купеці Марко  Поло, осы Жібек жолымен жүріп  Шығыс елдеріне жеткен. Марко Полоның  «Кітәбі» бойынша Қой, яғни 1247 жылы М. Санудо жасаған дүние жүзілік  картаға Грузия, Дербент, Қытай түсірілген. Ал Барыс, яғни 1254 жылы П. Медичи жасаған  картада Суматра, Бенгалия бар. Марко  Полодан екі жүз жыл кейін  өмір сүрген Христофор Колумб Американы  ашатын сапарында, Испаниядан шығып  Үндістанды іздеп бара жатқанында осы Марко Полоның «Кітәбін» жол нұсқағышы еткен. Осы «кітәп» Азияның теңізбен бітетінін, Иснаниядан шықкан кеме теңіз қуалай жүре берсе Үндістанға жететініп айтып берген, Сол «кітәпті» латын тіліне Пипино аударған. «Кітәп» Христофор Колумбаның өз қолымен қойған жетпіс белгісіменен осы күнге дейін Испаниядағы Севилье қаласындағы Колумбаның өз атындағы музейінде сақтаулы.

            Колумбаға сүйеніш болған бұл  карталардың дүние жүзіне келуіне  Марко Поло себеп болса, ал  оның «кітәбін» тудырған Марко  Полоның Жібек жолымен Шығысқа  аттанған саяхаты еді. 

            Қытайда - Құбылай, Иранда - Құлағу, Сарайда - Бату отырған кез,  Жібек жолының көркейген кезеңдері  еді. Өйткені Шығыс пен Батыстың  қарым-қатынасынын  күшейгені  осы кез. 

Ал Жылан, яғни 1353 жылы, күшейіп қалған Осман  патшаның ұрпақтары билеп тұрған Түркия Дарденелл билігін өз қолына алды. Осымен байланысты Шығыс елдерінің  заттары Қара теңізден әрі өте  алмай қалды. Бұнымен қатар Жерорта  теңізі арқылы жүріп тұрған Алтын  Орда-ның Мысыр мамлюктерімен  қарым-қатынасы мүлдем үзілді. Ал ит, яғни 1394 жылы Ақсақ Темір Алтын Орда ханы Тоқтамысты жеңіп Хаджы-Тархан мен Сарай-Беркені күйретті.

            Аксақ Темір құр ғана Алтын  Орда астанасын күйреткен жоқ,  бұрынғы кене Жібек жолын біржолата  жойды. Енді Батыс мемлекеттеріне  Шығыс елдерінің заттарының баратын  жолы мүлдем кұрыды.

            Сонда барып, Испания, Португалия  тәрізді сол тұстағы, теңіз  мемлекеттері «Азияның Үнді секілді  бай елдеріне теңізбен баратын  жол іздеді. Ол жолды тапты.  Бұл жағрафиялық үлкен табыс  адамзаттың ғылыми, мәденн - жаңа  цивилизацияның жаңа дәуірін  ашты.

            Бірақ бұл керемет кезең біз  жазып отырған уақыттан екі  жүз жылға таман кейін келді. 

Осы көне Жібек  жолымен Шығыс пен Батыс арасына  керуен тартқан саудагерлер шылғи  байыған.

            Ал олардың байығаны - Алтын Орданың  байығаны еді. Әсіресе Өзбек  хан мұсылман сәудегерлерінің  күшейгенін көксеген. Оның бұл  тілегінде тек сәудегерлерден  түсетін алым-салық қана емес, өз Ордасы - мұсылман Ордасы болғандықтан, бұл мәселеде мемлекеттік саясат  та, өз басының қамы да бар  еді. 

            Мұсылман сәудегерлері кей жағдайда  Өзбек ханға ел билеп отырған  әмірлерінен де жақын тұратын.  Өйткені бұл тұста «Өзбекиян»  деп атала бастаған Өзбек хан  әскерін, Өзбек Ордасы адамдарын  қару-жарақпен, киім-кешек, ат-көлікпен  қамтамасыз ететін де осы мұсылман  сәудегерлері болатын. 

            Салынып жатқан жаңа қалаларды  да керек құрылыс заттарымен, тұрған жұртты дүние-мүлікпен  тіпті хан сарайларын фарсы  кілемдеріменен, арабы алтын, күміс,  қол-өнері заттары мен қытай,  үнді шайы, жібек төсек-орындарымен де безендіретін тағы осылар.

Қазір осындай  мұсылманның екі саудагері, ағайынды Сауыт пен Дәуіт, Өзбек ханның өтініші бойынша, оның кей жазда  шығатын жайлауы - осы Қырымда  мешіт пен хан сарайын тұрғыздырып, солардың ішін дүние-мүлікпен сәндендіріп  жатқан.

            Өзбек Қырымға сол екі саудагердің  өтініші бойынша хан сарайы  мен мешітті көруге келген.

            Таң құланиектеніп қалған екен. Өзбек түс жоруын таба алмады. Ол кенет көптен бері ойлап  жүрген ісін аяқтауға бел буды. Жылқы жылы Иранның солтүстік  жағын тонап қайтқаннан кейін,  Алтын Ордаға әбден өшіккен  Чопанбек, осыдан он екі жыл  бұрын, Тышқан, яғни 1324 жылы қалың  қолменен Дербенттен өтіп келіп,  Алтын Ордаға жататын Теріскей  Кавказды шапқан. Бұ да Арран  мен Ширванды күйреткен Өзбек  хан тәрізді, Терек өзенінің  бергі жағасы-нан бастап, лезгин, черкес, қарачай осетин, шешен, алан  жұрттарын қырған. Мал-мүліктерін  тонап кейін шегінген. Содан бері  он екі жыл өтіпті. Өзбек сол  жылыақ Иранға аттануды ойлаған.  Бірақ Мәуреннахр жерінен басталған  Ақберен деген қыпшақ батырының  бүліншілігі Хорезмге қарай ойысып, Алтын Орда ханы сол дүрбелеңді  басамын деп жүріп, бір-екі  жылын өткіздіріп алған. Оның  бер жағында орыс княздарымен  қырғи-қабақты жағдайлар туып  қалып, соны реттеуге тағы біраз  уақыты кетіп, Иранға деген  жорығын кейінге қалдырған. Содан  бері он екі жыл болыпты.  Шіркін өтіп бара жатқан өмір! Өзбек ауыр күрсінді. Егер Иранды  барып шаппаса, өмірден өзін  бос өтетіндей көріп, Өзбек  осы бүгінгі түсінен кейін,  қайткенменен де Иранға тағы  бір аттануға бел буды. Әрине,  Ираннан Алтын Орда қазір күшті.  Бірақ оған тек әскерінін көптігіне  сеніп жорыққа шыға алмайсың. Жеңемін десең, қамсыз дайындалу  кажет. Осындай ойға бел буған  Өзбек енді бүгіннен бастап  сол аттанысқа дайындалуға кіріскек  боп бекінді. Енді дәрет алуға  сыртқа шықты. 

            Таң құланиектеніп атып келе  жатыр. Аспанда жұлдыздар да  сирек. Дүниені өгейсінген жетім  қыздай сөнуге айналған Бикеш  пен Таразы да, ағара бастаған  аспан төсінде көмескілене қалған. Қалың көрпе-түннің іргесін сөгіп,  күншығыстан көкжиекті сарғайтып  келе жатқан күн нұрының мысы  жеңіп, ай сәулесі таусыла түскен. Табиғат тылсым алғандай, әлі  де әлем біткен жым-жырт. Тек  қырқа басынан топ боз торғайдың  сайрағаны естіледі. Бір сәт таңғы  салқын жел тұрды... Өзбек ханның  денесі кенет тоңазып кетті.  Ол құндыз жағалы мауыты шапанымен  сәл қымтанып жан-жағына қарады.

            Бұл тұрған жері, біздің тұсымызда  Ескі Қырым деп аталатын Қара  теңізге таяу ойлы, қырлы, қырқа  белестің ортасындағы жалпақ  дөңестің үсті еді. Егер күнгейіндегі  Қарадаққа, шығысындағы Қаффаға осы Ескі Қырымнан сызықтар жүргізілсе, сол сызықтардан пайда болған үш бұрыштың бір бұрышындағы нүкте осы Өзбек хан тұрған биіктеу адыр дер едік. Осы адырдың осынау етек тұсында салынып бітуге айналған мешіт көзге түседі. Бұл арадан Қаратеңіз көзге көрінбейді. Теңіз бен адыр арасында бір-меше кішігірім тау, белестер бар. Бірақ теңіздің таңғы дымкыл иісі кәдімгідей сезіліп түр. Және оның асау тол-қындары жар-жағаны ұрған гүрілдері де таңғы тыныш-тықта ап-айқын естіледі.

            Өзбек хан Қырымға осыдан бір  жеті бұрын келген. Ол кеше  Ордасына Сарай-Беркеге қайтуға  тиісті еді. Бірақ осы Қара  теңіз арқылы Жерорталық теңізге  ететін Ханбалықтан шыққан жібек  тиеген Дәуіт пен Сауыт сәудегерлер  жүргізген бірнеше керуен бүгін-ертең  Қырымға жетуі керек еді. Хан  сәудегерлер дүниесін өз көзіменен  көрмек болды. Бұл көштердің  Хорезмнен өткенін Құтлық Темір  осыдан үш ай бұрын хабарлаған. Қырымға Өзбек тек салынып  жатқан мешіт пен хан сарайын  көруге ғана келмеген. Осы жібек  тиеген керуендер арқылы Батыс  Жағропа елдерімен, әсіресе Бейбарыс  Египетіменен байланысуды ойлаған.  Алтын Орданың сауда-саттық жұмысын  кеңейте түсуді көксеген. Бұл  тұста Шыңғыс ұрпағынан шықкан  жалғыз Өзбек қана емес, Орта  Әзия, Иран, Қытай ұлы хандары  да, сауда-саттық жұмыстарына көңілдерін  қатты бөле бастаған.

            Ал Алтын Орда ханының Жағропа  елдерімен, әсіресе, Египет мемлекетіменен  сауда-саттығын күшейтуде, бұдан  да әрі, бір жағы ісләм дінінің  өркендеуімен байланысты, Дешті  Қыпшақ Ордасын ұлы мемлекетке  айналдыруды арман еткен бөтен  де сырлары бар еді. Сол себептен  де керуендерді күтіп қалған.

            Алтын Орданың өзге хандарындай  емес, Дешті Қыпшақтың ұлы мемлекетке  айналуы үшін Дүниежүзілік теніз  жолдарына шықпай ештеңе болмайтынын  Өзбек жақсы түсінген. Сондықтан  да ол өзге мемлекеттермен  емес, тек Иранмен ғана соғысуды  ойлаған. Фарсы елінен осы Жібек  жолының әрі қарай жалғасы  саналған - теңіз жағаларын тартып  алмақ болған. Сөйтіп, кеме тоқтайтын  Иран шаһарлары арқылы Шығыс  дүние-мүлкін тікелей Батыс Жағропаға  жеткізуді көксеген. Содан кейін  Бейбарыс Египетіменен байланысын  күшейтіп, екі ұлы мұсылман мемлекеті  бірігіп дүниежүзіне үстемдіктерін  жүргізуді көздеген. Әрине тарихында  теңізбенен шаруасы болмаған, көшпелі  ел ханына мұндай арман - аспандағы  жұлдызды алумен бірдей еді,  бірақ көңіл жүйрік пе, көк  дөнен жүрік пе дегендей ойлағанын  сан рет іске асырған ханға  бұл қиял да жеңіл көрінді. 

            Өзбек және бір қағиданы жақсы  ұқты. Ата-бабаларындай Батысты шауып,  сол арқылы Ордасын күшейтудің  енді қисынсыз дүние екеніне  көзі жеткен. Сол себептен де  жаңа саясаты бағытына керек, сонау Ханбалықтан келе жатқан керуендерді күтіп қалған.

            Ханның Қырымда аялдауына тағы  бір себеп бар еді. 

            Өзбек Алтын Орда тағына отырған  кезде бұл Дешті Қыпшақтың  оннан сегіз бөлегі мұсылман  елі еді. Өзі бөтен дінде  бола тұрып, мұсылман дініндегі  жұртты басқарудың қиын екенін  де ол түсінетін. Жасынан халық  арасында жүргендіктен оған бұл  жағдай көптен мәлім еді. Ел  басқару үшін оның дінінде  басқара білу керек. Сол үшін  ол ата-бабалары ұстап келе  жатқан - дінге немқұрайлы қарау  жолынан мүлдем бас тартқан.  Өзі біржолата мұсылман болған.

Информация о работе Алтын Орда