Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 22:13, реферат
Науқастан аурудың қалай басталғанын, қалай ауырғанын, денесінің қашан сарғайғанын, зәрінің және нәжісінің түсінің өзгеруін, диспепсиялық синдром симптомдарының қалай өрбігенін сұрау қажет. Бұрын сары аурумен ауырғанын немесе ауырмағанын білу керек.
Науқас дәрігерге қаралды ма, қаралса, қандай тексеру әдістерден өтті, егер есіне сақтаса, олардың қорытындыларын біле ме екен? Аурудың қандай дәрілермен емделгенін, дәрінің көмегі қалай болды? Қай жерде, қашан, немен емделгенін білген жөн.