Науқастың даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 22:13, реферат

Описание работы

Науқастан аурудың қалай басталғанын, қалай ауырғанын, денесінің қашан сарғайғанын, зәрінің және нәжісінің түсінің өзгеруін, диспепсиялық синдром симптомдарының қалай өрбігенін сұрау қажет. Бұрын сары аурумен ауырғанын немесе ауырмағанын білу керек.
Науқас дәрігерге қаралды ма, қаралса, қандай тексеру әдістерден өтті, егер есіне сақтаса, олардың қорытындыларын біле ме екен? Аурудың қандай дәрілермен емделгенін, дәрінің көмегі қалай болды? Қай жерде, қашан, немен емделгенін білген жөн.

Работа содержит 1 файл

Науқастың даму тарихы.docx

— 12.36 Кб (Скачать)

Науқастың даму тарихы

Науқастан аурудың қалай  басталғанын, қалай ауырғанын, денесінің  қашан сарғайғанын, зәрінің және нәжісінің түсінің өзгеруін, диспепсиялық синдром симптомдарының қалай өрбігенін  сұрау қажет. Бұрын сары аурумен  ауырғанын немесе ауырмағанын білу керек.

Науқас дәрігерге қаралды  ма, қаралса, қандай тексеру әдістерден өтті, егер есіне сақтаса, олардың  қорытындыларын біле ме екен? Аурудың  қандай дәрілермен емделгенін, дәрінің  көмегі қалай болды? Қай жерде, қашан, немен емделгенін білген жөн.

 

Науқастың өмір тарихы

Бауыр аурулары әйелдерде  жиі кездеседі, себебі жүкті әйелдерде  туу мерзімі жақындаған сайын, өттің  жүруі қиындай түседі. Ұзақ уақыт  ішімдік ішкен адамдарда, созылмалы  гепатит немесе цирроз аурулары жиі  кездеседі. Сонымен қатар арақ ішу  жедел басталған гепатиттің созылмалы  түріне немесе циррозға айналуына себеп  болуы мүмкін. Науқастан тамақты  қалай қабылдайтынын анықтау  керек. Көбінесе майлы етпен тамақтанатын адамдарда өт қабатының тасы жиі  кездеседі. Олар көбінесе толық етжеңді  адамдарда кездеседі.

Ауру адамның мамандығын анықтаудың да үлкен маңызы бар, өйткені  қызмет бабында ол әр түрлі химиялық заттармен жұмыс жасайтын болса  немесе қатысы болса, әсіресе фосфор, бензол, мыс, қола, радиоактивті заттар, оларда токсикалық гепатиттің пайда болуы мүмкін. Қазіргі заманда экологиялық жағдайды да ескеру керек.

Физикалық зерттеу  әдістері

Қарап тексеру

Созылмалы өт қабының қабынуымен (холециститпен) ауырған адамдар толық болады, бауыр берішінде (цирроз) науқас адам жүдейді, іші үлкейеді, кіндіктің және бүйір аймақтарында вена тармақтары көрінеді. Көзі, алақаны, терісі сарғаяды. Көздің қабақтарында, тері астында, тырнақта сары түйіндер – ксантелазмалар, ксантомалар көрінеді. Түрлі түсті қараңыз. Олардың пайда болуы себебі – холестерин алмасуының бұзылуынан болады. Терісінде қасыған іздерінің орындарын көруге болады. Цирроз ауруында тек еркек адамдарда сүт бездерінің үлкеюі кездеседі. Алақандары мен табандары қызарады, тілі қызыл жылтырған, тегіс болып келеді. Терісінде өрмекші тәрізді, диаметрі  0,5-1 см. капиллярлар көрінеді, бұл телеангиэктазиялар немесе қан тамырлы жұлдызшалар. Осы айтылған симптомдардың себебі қанда эстороген гормондарының көбеюі


Информация о работе Науқастың даму тарихы