Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 22:09, реферат
Сәби тәртібіндегі ана тілі орны Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді.
Ойын терапиясы –күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл-күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым-қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге болады.Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.
Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері:
1.Білім беретін ойындар
2.Тәрбиелейтін ойындар
3.Дамытатын ойындар
4.Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5.Диагностикалық ойындар
Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен қарым -қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым- қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады.Сондықтан,баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек.
Психологиялық ойындар:
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші »
Дамыту ойындары –баланың танымдық және ерік-эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс-әрекет.
. Дамыту ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта- ьқыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамыту ойындарға қойылатын бipiншi талап -оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Танымдық ойындардың
да түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ,
сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық
жаттығулар, логикалық есептер, тренинг,
тест, т.б. Танымдық ойындар жас
ерекшеліктеріне қарай
Саусақ ойыны -ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету – тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ұлттық ойындар –
ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты
өткен күн мен бүгінгіні
Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындар барысында балалардың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, көлеміне қарай іріктеуге әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық ойындар .
Оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан.Атап айтқанда, түзете-дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады.»Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі-екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз ойла-тез ойла», «Ойлан,тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық».
Сюжеттік-рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Түзете-дамыта оқыту сыныптарында сергіту ойындарын өткізудің маңызы зор. Олар -оқушылардың шаршамауына,демалуына әсер етеді.
Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын ұйымдастыру арқылы мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын.
Мұғалім оқушыларға
түзете оқу-тәрбие үрдісінде
түрлі ойындарды пайдаланып, олардың
танымдық белсенділігін
3Бала тілі әдіс тәсілдері
Дамыта оқыту мен сыни ойлау әдістері арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту
Категориясы: Бастауыш сынып
Дамыта оқыту мен сыни ойлау әдістері арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту
Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген болатын». Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру жүйесіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет - білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес.
Оқушыларды түгел жетілдіруге бағытталған жұмыс түрлерін қолдану. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз «даму» зонасында өсуіне жағдай жасау.
Осы принципке сәйкес
ұлттық педагогиканың негізін
«Тумасында қанша зеректік болса да ғылымсыз, тәрбиесіз бала кемеліне жетпейді Кімде кім өз табиғатында шеберлік барын сездіріп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді. Оны жетелеуші - мұғалім.»(М. Дулатов)
Қазіргі уақытта дамыта оқыту «принциптері» және сыни ойлау жобасы өз философиясы жағынан қоғам талабына сай болып отыр
Баланың ақыл - ой қабілетін тәрбиелеу - оқыту жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса солай дамуына жол бермей, дұрыс тәрбиелеп отыруға тиіс. Бұл үшін мына жайттар ескеріледі: өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, ой жұмысын тәртіпке салып отыру, баланың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде оқушының белсенді ақыл - ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығын қоштап отыру. Ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «кімде - кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен, оның ой қабілетін дамытуы тиіс».
П. П. Блонскийдің айтуынша, ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ал әр нәрсені ақылға салып шешу үшін бақылағыш болу керек, іс - әрекеттік тәжірибесі мен білімі, тіл байлығы болу керек. Мектеп оқушыларының негізгі кәсібі - ой дүниесі арқылы ұғыну, меңгеру, еске сақтау, нені қалай еске сақтауды және нені қашан еске түсіруді ойластыру.
Оқытудың мәні баланың жаңаны оқып, үйренуіне негізделеді. Сондықтан да баланың ақыл - ой дамуының жаңа сатыға көшу мүмкіндігін айқындайтын жуық арадағы даму аймағы оқу мен даму үшін мәнді болмақ.
Дамыта оқыту жоғарғы деңгейдегі ақыл - ой әрекетін қажет етеді. Шындығында, оқушы ақыл - ойының даму дәрежесі өзара байланысты, өзара сабақтастығы бар, бірін - бірі толықтырып тұратын ғылыми білім дағдыларының жүйесін меңгеруі мен оларды практикалық тұрғыда көрсете білу шеберлігінен көрінеді.
Дамыта оқытуда баланың
ізденушілік – ойлау әрекетін
ұйымдастыру басты назарда
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндетіне жататындар:
- оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс - тәжірибесінде қалай қолданатынына көңіл бөлу;
- оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;
- оқу барысында баланың
бойындағы дамытуды
- оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
- сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
- оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;
- жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Ал сыни ойлау не мағына береді? «Сыни ойлау», бұл - американдық алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді; «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.
Ол өзіне тән сабақ құрылымы жасалған, әр кезеңге сай стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге нақты тапсырмалар берілген. Бұл технологияны қолдану үшін мұғалімнің шеберлігі, әр стратегияны өз орнына ұтымды қолдана білу де аса қажетті.
Бастауыш сыныпта оқыған озат, ынталы оқушылардың қатары жыл сайын кеми беретіні бәрімізге белгілі. Психологиясы тек айтқанды « орындаушы» болуға үйренуге, өз бетімен ойлауға, өз деңгейінде білімді меңгеруге бағытталмаған, тасада қалатын оқушыда өзіне деген құштарлығы жойылады. Бүгінгі айтылып отырған дамыта оқыту мен сыни ойлау жобаларының философиясы - баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, даралық ерекшеліктерін ескерту, әрі қарай жетілдіруге болып табылады. Дамыта оқыту принциптеріне лайық сыни ойлау стратегиясы:
Бірлескен топтық жұмыстары, жұптасу, джигсо, топта талқылау, еркін жазу.
Бала дамуындағы оқыту рөлін көрнекті психолог А. В. Выготский екі аймақ бойынша анықтап көрсеткен:
Б. Д. Жақын аймағы.
Д. Д. қол жеткен аймағы.
Сабақтың дамыта оқыту мен сыни ойлауға негізделуі басты шарт болған жағдайда сабақтың жоспары мына үлгіде көрсетіледі.
Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет:
I Ұйымдастыру.
II Қызығушылықты ояту.
III Бағдар беру.
IV Үлгіні көрсету.
V Мәселе қою.
VI Ой бөлісу.
VII Пікірлер шкаласы.
VIII Бақылау, бағалау.
IX Соңғы нәтиже.
Осы оқыту түрлерін жүзеге асыруда қойылатын талаптар:
Нашар оқитын оқушыны шамасы келгенше қабілеті жететін жерге дейін көтеру, әркімнің даму зонасын кеңейту; бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай, дәлелдей алатындай орта туғызу; табиғи ынтасын, ықыласын жойып алмай, үнемі оның алға жылжуға сұранысын, шығармашылығын жетілдіру;
өз бетінше іздену, көргенін, үйренгенін ой қорыту арқылы меңгеруге жағдай туғызу; баға қою соңғы нәтиже үшін емес, кешегі білім деңгейімен салыстыру негізінде қойылатын есте ұстау.
Осы технология бойынша өткізілген сабақ жоспары:
А) Қызығушылығын ояту ( оқушының өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау)
- Балалар Отан, тәуелсіздік сөздерін естігенде ойымызға қандай не келеді?
Ә) Мағынаны тани білу.
Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Ол ақын болар ма еді?»
Мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, желтоқсан оқиғасы түсінік беру. Қ. Рысқұлбековтың ерлігімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс
(оқып отырған кезде қарындашпен түртіп отырады)
Білемін Білмеймін Зерттеймін
Б) Ой толғаныс
Тәуелсіздік -------------------------,
---------------------- көркейсін.
Бейбітшілік ------------------------,
-------------------- орнасын.
Қорытынды.
Қ. Рысқұлбеков жайлы не білдіңдер?
Осы мәтіннің тақырыбы мазмұнына сай деп ойлайсыңдар ма?
Тағы қалай айтуға болады?
Ия Жоқ
Неліктен? Неліктен?
Дәлелде? Дәлелде?
Сабақты бекіту: «Кубизм» әдісі бойынша
- Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?
- Желтоқсан құрбандарын ата?
- Қайраттың әке - шешесінің аты кім?
- Жасы нешеде? Қай облыста туған?
- Тірі болғанда кім болар еді?
Әдебиеттер:
Бастауыш мектеп журналы
Д. Клустер «Сын тұрғыдан ойлау дегеніміз не?»
Куртис С және т. б. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» методикалық құрал
2.1Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері
I. Кіріспе
XXI ғасырда көтеріліп
отырған «Өзін-өзі тану»
Информация о работе Балалар өміріндегі сюжеттік ойындарының орны