Балалар өміріндегі сюжеттік ойындарының орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 22:09, реферат

Описание работы

Сәби тәртібіндегі ана тілі орны Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді.

Работа содержит 1 файл

балалар.docx

— 48.58 Кб (Скачать)

 1 Сәби тәртібіндегі ана тілі орны Қазақ халқы қай уақытта бол­ма­сын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын та­лап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке­рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа­уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» де­ген ғұлама ғалым Әбу На­сыр Әл-Фа­ра­би ой­ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо­лар еді. Оқу мен тәрбие — бір-бірінен бөлек алы­нып қаралмайтын күрделі про­цесс. Жаңа заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүру оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы­лай де­ген бо­ла­тын: «Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық қылып шығару ке­рек». Иә, Мағжан ата­ла­ры айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ ке­рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жас­тар. Олар за­ман та­ла­бы­на сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік ар­тып отыр. Ба­ла тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – за­ман та­ла­бы­на сай ұрпақ тәрбиелеу.Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзі- нен ере­сек балалардың бір-бірімен қарым- қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс- тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі- өнеге. Бүгінгі ба­ла­лар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы бо­лып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға бо­лып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орай­да ба­ла тәрбиесіндегі балабақшаның ор­ны ерек­ше. Себебі, ба­ла- бақшаға ба­ра­тын ба­ла қоғамда өз ой­ын ашық айтуға үйренеді. Со­ны­мен қатар жан- жақты жетіледі. Біз бүгінгі тақырыбымызда қаламыздағы екі балабақша жай­ын­да ой қозғамақпыз. Оның бірі мемлекеттік, екіншісі же­ке меншік балабақша. Енді же­ке-же­ке тоқталып өтелік:Біз әуелі ат ба­сын «Жа­нар» мемлекеттік балабақшасына тіредік.№2 «Жа­нар» мемлекеттік балабақшасына кірген кез­де әдемілікті сезіндік. Өйткені ау­ла­сы жа­сыл-же­лек­ке оранған. Ғимараттың іші та­за. Ең ба­с­ты­сы балалардың періштедей жарқын жүзін көргенде болашағымыздың тірегі осы­лар екен деп, іштей қуандық. 1989 жы­лы іргетасы қаланған балабақша бүгінде та­лай қиындықты ар­т­та қалдырып, қаладағы алдыңғы қатарлы балабақшаның біріне ай­нал­ды. 69 қызметкері бар берекелі ұжым ба­ла­лар­ды тәрбиелеуде. Балабақшаның сыйымдылығы 300 орын­ды қамтиды, қазірде 280 ба­ла­ны қабылдап отыр. «Жол кар­та­сы» бағдарламасы бой­ын­ша жөндеуден өткен. 12 топтың ішінде үш пен бес жас аралығындағы бүлдіршіндер бос уақытын тиімді өткізеді, әр топ­та 25-30 ба­ла­дан бар. «Ұстаздарымыздың бәрі білікті ма­ман­дар, 29 пе­да­гог, соның ішінде: жоғары са­нат­ты — 4, бірінші са­нат­ты — 9, жоғары білімді — 8, аяқталмаған жоғары білімді — 2, ор­та — 13, аяқталмаған ор­та білімді — 6 оқытушымыз бар. Баланың жа­сы­на сай сабақтар, со­ны­мен қатар қосымша ағылшын, орыс тілі, тіл да­мы­ту, ай­на­ла­мен та­ны­с­ты­ру, ва­лео­ло­гия, са­у­ат ашу секілді пәндерді оқытамыз. Ән-күй, де­не тәрбиесімен ай­на­лы­са­тын бөлме жұмыс істеп тұр. Ән, би өнеріне ба­у­ли­мыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр да зе­рек. Балабақшамызда толықтай жағдай жа­са­лып отыр. Тек қана саз пәнінің мұғалімі жетіспейді», — дейді балабақша әдіскері Ай­жан Қуанышқалиева. — Айтпақшы, әдіскер Ай­жан қалалық «Үздік әдіскер» байқауында 2-ші орынға ие болған. Балабақшада «Балбөбек», «Біз мек­теп­ке ба­ра­мыз», «Алғашқы қадам», «Зе­рек», «Мек­те­пал­ды дайындық», «Қайнар» бағдарламасы бой­ын­ша ба­ла­лар­мен жұмыстанады екен.Біздің ба­ла­ла­ры­мыз қаламызда ұйымдас- ты­ры­ла­тын мәдени шараларға белсенді түрде қатысады. Қатысып қана қоймай, жүлделі орынға да ие бо­лып жүр. А.Би­жа­но­ва, А.Ку­тей­но­ва, А.Мәденов, Е.Ай­за­ко­ва, А.Әлім- жа­но­ва секілді ба­ла­ла­ры­мыз­бен және А.Ер- ме­ко­ва, М.Бүлкебаева, Қ.Кеңесбаева сияқ- ты тәрбиешілермен мақтанамыз», — дейді балабақша тәрбиешілері. Балабақшаның да­му­ы­на үлес қосқан қызметкердің бірі Күләнда Мы­са­е­ва. Ол балабашаның алғашқы ашылған кезінен бері осы күнге дейін абы­рой­мен еңбек етіп ке­ле жатқан тәжірибесі мол қызметкер. Және балабақшаның ма­те- риалдық-техникалық базасының нығаюына, ғимарат пен тәрбиеленушілердің бөлме- лерінде техникалық та­лап­тар­да белгіленген санитарлық-гигиеналық нор­ма­лар мен ере- желердің толықтай сақталуына өз үлесін қосып ке­ле жа­тыр. Күләнда апай­ды біз де сөзге тарттық: Күланда МЫ­СА­Е­ВА, шаруашылық бөлім меңгерушісі:

 

- «Ба­ла­лар — біздің  болашағымыз.» Сон- дықтан ба­ла­лар­ды ерек­ше күтіп, тәрбиелеу ке­рек. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бо- йы­на сіңіруіміз қажет. Және баланың үйде отыр­май, балабақшаға барғаны жөн. Өйткені, ба­ла сыртқа шықса, айналадағы ортаға үйренеді, мінезі тұйық бол­май­ды, адам­дар­мен тез ара­ла­са­ды. Балабақша ең ал­ды­мен ба­ла­ны тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді. Баланың ой­лау қабілеттерін ар­т­ты­ру арқылы ұрпақты жақсылыққа тәрбиелейміз. Ата- ба­ба­ла­ры­мыз айтқандай баланың тәрбиесі бесіктен бас­та­ла­ды, яғни тәрбиенің негізі от­ба­сы­нан бас­тау ала­ды. Балабақша, одан кейін мек­теп адамның қоршаған ор­та­да же­ке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра оты­рып, әрі қарай жақсы жолға түсуіне се­беп­кер бо­ла­ды деп ой­лай­мын. Ата-ана­лар таңертең бізге ба­ла­ла­рын әкеліп, жұмысқа кетеді. Әке-шешесі ама­нат­тап бізге сеніп тап­сы­рып кет­кен балаларға жауапкершілікпен қарамауға бол­май­ды. Ба­ла­лар аман, қуанып жүрсе, бізге одан артық бақыт жоқ. Олар­ды бір күн көрмесем сағынып қаламын.Мұнан соң «Ай­наз» жекеменшік ба­ла- бақшасындағы жағдаймен де таныстық. Бұл балабақша да еліміздің ертеңін сеніп тап­сы­ра­тын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аян­бай тер төгіп келеді. Атал­мыш балабақша осы­дан бір жыл бұрын, қыркүйектің 22-сінде «Ба­ла­пан» бағдарламасы ая­сын­да «Өркен» шағын- ауда­ны, №21 үйдің жа­ны­нан ашылған еді. Одан бері де жылға жуық уақыт өтіпті. Білікті пе­да­гог, кәсіпкер Назгүл Шырақбаеваның ұйытқы бо­лу­ы­мен бұл балабақша бой көтер- ген бо­ла­тын. Балабақшаның ғимараты, материалдық-техникалық ба­за­сы барлық талаптарға сай келеді. Қазіргі уақытта бұл жер­де 100-ден аса ба­ла тәрбиеленіп жа­тыр. Кіші жас пен бес жастағы ба­ла­лар алаңсыз ой­нап, тынығып, уақытын өткізеді. Со­ны­мен қатар, мек­те­пал­ды даярлық то­бын­да ба­ла­лар­ды оқытады. Ба­ла­лар тек тәрбиеленіп қана қоймай, ағылшын, орыс тілін үйреніп шығады. 25 қызметкердің бәрі мәдениетті, са­у­ат­ты. 11 пе­да­гог жоғары білімді. Және «Жол кар­та­сы» бағдарламасы бой­ын­ша жас ма­ман­дар балабақшаға жұмысқа ор­на­ла­са­ды екен. «Ай­наз» балабақшасы жекеменшік балабақшалардың ара­сын­да үздік ата­нып жүр. Себебі, бұл балабақша мемлекеттік балабақшадан еш кемдігі жоқ. Ғимараты кең, өз ал­ды­на ой­ын алаңы салынған. Мұнда тәрбиеші апай­ла­ры бүлдіршіндерге үстел басындағы тамақтанудың ережелері мен тәр- тіптерін, тамақтанып болған соң ас­ты қалай қайыру керектігінің бәрін үйретеді. Сон- дай-ақ балдырғандардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында әр түрлі танымдық ой­ын­дар, му­зы­ка сабағы қосымша өткізіледі.Балабақша әдіскері Айгүл Есқалиева ны әңгімеге тарттық.

- Балабақша ұжымы барлық балабақ- ша­лар секілді ке­ле­шек ұрпақтың тәрбиелі бо­лып өсуіне қызмет ету­де. Ашылғанына бір жыл то­ла­ды. Аз уақыттың ішінде жетістікке жетіп, әдістемелік кітаптарды жаңарттық, бірнеше рет ашық сабақ өткіздік. Әрине, әлі де та­лай тәжірибе жи­нап, еңбектенеміз. Бүлдіршіндерге тақпақтарды жалаң жат­та­тып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны сәбидің са­на­сы­на сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға ты­ры­са­мыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пай­да­ла­нып әрі ба­ла­ны қызықтыратын тақпақтар үйретеміз. Қазақ халқында: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жас­тан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жас­тан асқасын досыңдай сыр­лас» — де­ген та­ма­ша сөз бар. Бұл — мағынасы терең философиялық өмір шындығы. Шы­нын­да да, тәрбие сәби дүниеге шыр етіп кел­ген алғашқы сәттен бас­та­луы ке­рек. Адам мінезі бес жасқа дейінгі кезеңде қалыптасады деседі. Ен­де­ше, жас сәбиді алғашқы күннен бас­тап тәрбиелеу ке­рек. Әрине, баланың тәрбиесі от­ба­сы­нан бас­та­ла­ды. Де­ген­мен, тәрбие ретінде балабақшаның да ала­тын ор­ны ерек­ше. Қазақтың про­бле­ма­сы балабақшадан бас­та­ла­ды. Балабақшаның са­нын көбейту ке­рек. 2010 жы­лы «Ба­ла­пан» бағдарламасы ая­сын­да қаламызда бірнеше жекеменшік балабақша ашылған бо­ла­тын. Би­ыл да бірталай балабақша ашы­ла­тын шығар де­ген ой­да­мыз. Өйткені, мұнайлы өңірде ал­ты мыңнан аса ба­ла бақшаға ба­ру үшін ке­зек­те тұр. Мемлекеттік балабақшаға ба­рай­ын де­се, орын жоқ, кезекті ұзақ уақыт күтесің. Ал жекеменшік балабақшаға ба­рай­ын де­се, кез кел­ген ата-ананың ай­ы­на 20 мың теңгені төлеуге ша­ма­сы жетпейді. Қалалық перзентхананың санақ мәліметтеріне жүгінсек, ап­та сай­ын қаламызда 85-ке жуық әйел бо­са­на­ды. Сондықтан балабақшаны көбейту — уақыт күттірмейтін та­лап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Танымдық ойындар арқылы бала сөйлесу дағдысын қалыптастыру

Түзете-дамыта оқыту  сыныбында  ойын элементтері   арқылы   оқушылардың

танымдық  белсенділіктерін   арттыру     жолдары.

«Ойын баланың алдынан  өмір есігін ашып,

оның шығармашылық қабілетін  дамытады

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».                   

В.А. СухомлинскийБүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

Қазақстан Республикасының  Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

Осыған байланысты қоғам  алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.

Жалпы орта білім беретін  мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың  елу пайызы  психикалық дамуы  тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр.К.С. Лебединская, В.И. Лубовской , т.б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төменболады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi- сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы;қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы;өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

 Психикалық дамуы  тежелген балалардың тiл байлығы  әдеттегi балаларға қарағанда  20-30% төмен деңгейде.Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi.Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.

Түзете-дамыта оқыту  сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік, , педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.

Психикалық дамуы  тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық  түзете-дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың  жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

Шаршап кетпеуін қадағалау.

Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру

Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;                                                                                               Ойын дағдыларын оқу әркетіне аудару.

Арнайы әдістемелермен оқытуды ұймдастыру.

Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Психикалық дамуы  тежелген балаларды оқыту-тәрбиелеу  үдерісіндегі      міндеттер:

1.     дамуы  тежелген балалардың білім, білік,  дағды қабылеттерін шешу және  дамыту жолдары:дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;

2.     Балалардың  ой-өрісін дамыту;

3.     Оқу қажеттілігін  қалыптастыру;

4.     Баланың  әлеуметтік-адамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру;

 

5.     Баланы  жан-жақты бақылау;

6.     Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру

7.     Баланың  жалпы даму деңгейін көтеру  және дамыту;

8.Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Психикалық дамуы  тежелген балаларды оқыту -түзету  процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып,төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:      

-Жалпы білім беру  циклы сабақтарында, сондай-ақ арнайы  оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;

-                  Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың  алдын алу, яғни, ақыл-ой мен  тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;

-                  Қызықты және әсемделген дидактикалық  заттарды дайындау, көрнекіліктің  түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;

-                  Баланың білім алу іскерлігін  барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;

-                  Дайындық (оқу бағдарламаның нақты  бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;

-                  Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Бiлiм беру мекемесiнде  оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет.Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшiлiктерiн ескере отырып, сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата-ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады  . Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге беймдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады. 

Қазіргі кездегі ТДО  сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу  үдерісіне көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай-ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі – ойын. Ойын – баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, ТДО сынып оқушыларына қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту  ойындарды жатқызуға болады.

Информация о работе Балалар өміріндегі сюжеттік ойындарының орны