Мал шаруашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:01, курсовая работа

Описание работы

Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын,және оның түрлеріне тоқтала отырып, қазіргі кезде даму жағдайы жайлы ой қозғаймын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», , «қой шаруашылығы », ұғымдары төңірегінде қалыптасады.

Содержание

Кіріспе
1. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
2. Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны
2.1.Мал шаруашылығы саласының даму жолдары мен қазіргі кездегі проблемалары
2.2.Қой шаруашылығы
2.3 Мал шаруашылығын өсіру технологиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ Р ОСНОВНАЯ.docx

— 71.98 Кб (Скачать)

Дүниежүзіндегі  қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн  астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан  астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн  өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай  және Ресей жатады.

Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы —  Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге  немесе компанияларға қарайтын ірі  қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай  шаруашылықтар "шипстейшнз" деп  аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде  тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың  км2-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін  жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы  жүнді қой тұқымы — Аустралия  мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында  осы қойға "Үлкен Меринос" деп  аталатын ескерткіш орнатылған.

Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.

 

 

 

 

2.3 Мал шаруашылығын  өсіру технологиясы 

Малдарды бағу:

Асыл тұқымды шаруашылықта ІҚМ-дың  бағу әдісі - байлаусыз, 200-250 мал басы топпен бос-жайылым алаңдарында, қыс  мезгілінде жел мен қардан сақтану  үшін, сабанды төсеніштері бар  үш жақты жабылатын құрылыста бағылады.

Мерзімділігі - тәулік бойы, қыс мерзімінде, қараша айынан сәуір айына дейін  малдар шетен қорада бағылады, айдау-жайылымдық мерзімі - мамыр айымен қазан айы  аралығында.

Кешен аймағында барлығы - 11 алаң. Бұл  алаңның әрқайсысының сиымдылығы - төлдерімен қоса 250 мал басына дейін.Қашалардың жоғарғы жағы 3 градусқа ауытқыған. Бұл ластардың кәріз каналдарына ағып, содан кейін көң қоймасына кетуіне мүмкіндік береді. Санитарлық қауіпсіздікті сақтау және экологиялық стандарттарды сақтау мақсаттарында мал шаруашылығы кешенінің барлық аймағында қарашірік қабаты алынып тасталған. Әр қашада жеңіл тұтас металды құрылымдардан жасалған арнайы үш жақты жаппа орналыстырылған. Бұл жаппалардың өлшемдері 48 де 12 метр. Олар жел бағыттарын ескерумен және күн сәулесі түсетін жақтан ашылған. Басты шарты - әр мал жаппа ішінде 5-6 шаршы метрмен және алаңда барлығы 15 шаршы метрден кем емес орынмен қамтамасыз етілуі қажет.

 
Малды азықтандыру

Шаруашылықтың аумағында азықтарды - шөп, пішендеме, дәнді дақылдарды сақтайтын  алаң, сонымен қатар қоспалар қоймасы орналыстырылған.

Азықтарды тарату автоматты түрде  жүргізіледі. Ол үшін тракторлар қолданады, олардың әрқайсысына ұсақтатқышы бар азықтаратқыш қосылған.

Жемшөп ұнтағы тәулігіне 2 рет таратылады.Жемшөп мөлшері бір мал басына есептегенде келесі компоненттерден құралады: 5 кг. - шөп (шөптрердің бірнеше түрі), 5 кг. - атбас бұршақ шөбі (люцерн), 5кг. - сүрлеме, 3 кг. - пішендеме, 2 кг. - арпа, және 9,8 жемшөп бірлігін құрайды. Сонымен қатар жемшөп мөлшеріне қажетті барлық витамин-минералды кешендер қосылады. Бұл жемшөп мөлшері малды -15 градус Цельсияға дейін бағу стандарттарына сай келеді. Төмен температураларда жемшөп мөлшері азық бірлігін 15 %-ға ұлғайту қарастырылған. Азықтандыру өлшемі - бір басқа 0,7м кем емес.Сумен қамтамасыз ету: суаруға арналған су алдын ала 5-10 градус Цельсияға дейін жылытылып автоматты суарғышқа түседі. Әр қашада бір мезетте 6 мал басын суаруға арналған, су жылытқышы бар, автоматты суарғыш орнатылған. Автоматты суарғыштардағы судың жүруі - жердің қату денгейінен төмен, яғни 2,7 метр терендігінде.

 

 

 

 
Малдарды өсіру:

 
Бұзаулау наурыз-сәуір айларына жоспарланған, бұл бұзаулау маусымының бірқалыптылығына, жемшөп базасының  және табиғи жайылымдардың рационалды қолдануына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Бұзаулау бөлімі.Бұл ғимараттың көлемі, малдарды сату үшін аукционды залды қоса есептегенле, 18 де 54 метр. Мұнда бір мезетте 36 сиырға бұзаулауға болады. Сиырлардың әрқайсысы металдан жасалған, көлемі 3 те 3 метр жеке торда ұсталады. Ағаш кесек және сырғауыл қолдануға болады, бастысы құрылымның мықтылығын қамтамасыз ету және инженерлік қағидаларды сақтау. Торлар ерекше құрылған - олар кез келген бағытта ашылады және міндетке қарай кез келген пішінге трансформацияланады. Егер сиыр ірі болса, екі тор бір үлкен торға біріктіріледі. Ғимараттың едені - жер, жоғары жағында күн сәулесі түсу үшін терезе қатары орналасқан. Бұзаулау ғимараты жылытылмайды. Бұзаулағаннан кейін бұзаулар ғимаратта 3 күннен көп ұсталмайды. Үш күннен соң сиырларды бұзауларымен қоса бұзаулау бөлімінің қасындағы 6 алаңға жіберіледі, оның әр қайсысының көлемі 30 да 15 метр, яғни бір сиырға төлімен қоса 20 шаршы метрден келеді. Әр алаң наумен және автоматты суарғышпен жабдықталған. Бұл алаңдар толтырылғаннан кейін сиырларды төлдерімен қоса жалпы айдау қашаларға ауыстырылады.

 
Сату:

 
13 айға дейінгі малдардың сатылымы: қашарларды - 420 кг. толғанда, бұқаларды  - 500 кг., бұқаларды бордақылау алаңдарына  сату - сиырдан айырғаннан кейін, 7 айлығында, 270 кг. салмағында, сиырлар  мен бұқаларды жарамсыз деп  есептеу - өндіріс қажеттілігі  бойынша. 
Шаруашылық бұзаулардың көбін басқа асыл тұқымды шаруашылықтарға, ауыл шаруашылық құрылымдарға сатады. Қалған бұзаулар аналық мал басын және бұқа-өндірушілерді жөндеу үшін қолданылады. Сонымен қатар жарамсыз деп саналған мал басы бордақылау алаңына жіберіліп және/немесе етті қайта өндейтін кәсіпорындарына жіберіледі.

Потенциалды тапсырыс берушілері - еліміздің  асыл тұқымды шаруашылықтары, ауыл шаруашлық құрылымдары, сонымен  қатар фермерлік шаруашылықтар  және бордақылау алаңдары.

 
Қорытындылар 
Қазіргі замаңғы технологиялар бойынша мал шаруашылығы кешені - малдардың табиғи тіршілік ету ортасына максималды жақындатылған жүйе болып табылатынын айту керек. Осылайша, адамдардың еңбек шығыны азаяды. Малдарды осылай бағу, 1 центнер салмақ өсімін алуда адам-сағат шығының азайтады. Етті малдарды бағудың және асыраудың ескі әдістерінде, қазіргі кешендермен салыстырғанда, қызмет көрсету қызметкерлердің саны көп болатын. Қазіргі уақытта американдық мамандар кешенде жұмыс жасап, жергілікті кадрларды малдарды бағудың қазіргі замаңғы технологияларына және малдарды солтүстік американдық технологиялары бойынша суық тәсілмен бағу әдісіне оқытуда. Келешекте жоғарыда аталған кешен базасында ІҚМ бағу және қызмет көрсету бойынша семинарлар, сонымен қатар тірі малдарды сату бойынша аукциондар өткізу жоспарлануда.

 

 

 

Агроөнеркәсіптің  кешенінің қалыптауы және халық шаруашылығындағы алатын орны.

Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) Қазақстанда басқа халық  шаруашылығы салаларымен салыстырғанда  өте күрделі шаруашылық құрамы болып  саналады. Оның өсіп өркейуіне мемлекет тарапынан ұдайы көңіл аударылып, жыл сайын қаржының 1/3 бөлігі бөлініп  материалдық ресурстар бөлініп  отырады. Агроөнеркәсіп кешенінде  қазірдің өзінде республика халық шаруашылығының 40 % астам негізі қоры, өндіріс өндірісінде  қызмет атқаратын адамның 38% шоғырланған. Оның үлесіне біздің 1/3 ҰТ-дың мемлекеттік  бюджеттің 30% астам кірісі жатады. Барлық азық-түлік өнеркәсібі, сол сияқты жеңіл өнеркәсіптің көптеген салалары осы өнеркәсіп кешенінің шикізаттарымен жұмыс істейді.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығынан басқа техника, құрал-сайман, тыңайтқыштармен  қамтамасыз ететін өнеркәсіптер араласады. Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу, тасымалдау және оларды уақытында іске асыруды ұйымдастыратын шаруашылық аралас салаларының құрамын  агроөнеркәсіп кешені деп аталады.

Қазіргі уақытта ауыл-шаруашылығының өнімін өндіруге және оны халық қажетіне жаратуға ҚР-ның және басқа ТМД  елдермен ондаған салааралық кешеңдердің  құрамына кіретін 100-ден астам халық  шаруашылығының салалары қатысады.

Агроөнеркәсіпті кешенін ұйымдастыру және оның нарықтық құрылымының дамуы салааралық экономикалық пән болып табылады. Оның негізі-агроөнеркәсіп  кешенінің құрамына кіретін халық  шаруашылығы салаларын жүйелі түрде  жүргізу, еліміздегі ауыл шаруашылығы  шикізаттарынан азық-түлікпен толық  қамтамасыз ету мақсатымен ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерінің

 

 

 

Қорытынды

      2003 – 2005   жылдары   ауылды   түлетуге  арнау үшін көптеген себептер  бар.  Агроөнеркәсіптік  кешенді   дамыту  нарыққа    бағдарланған  экономиканың   заңдылықтарына   сәйкес   жүргізілетін болады,  сондықтан өндіріс  тиімділігінің,  отандық  тамақ өнімдерінің  бәсекеге қабілеттілігінің,  олардың  сапасының халықаралық талаптарға  сәйкестігінің көрсеткіштері басым  болуы керек.  Агроөнеркәсіптік   кешеннің  жұмыс  істеу ерекшелігі, азық – түліктік қауіпсіздікті  қамтамасыз ету экономиканың  басқа салаларына қарағанда, мемелекеттік  реттеу және мемелекеттік қолдау  үлкен рөл атқаруы тиісм осындай  аграрлық азық–түлік саясатын  жүргізуді  талап   етеді. 

      Ауыл шаруашылығы  министрлігі өсімдіктер мен жануарлардың  элиталық  тұқымдарының гендік  қорын сақтау, тұқымдарды және  асыл тұқымды    жануарларды   өсіру   мен   сату  үшін   элиталық  тұқым  өсіру мен  мал тұқымын асылдандыру шаруашылықтарына, «гендік қор» бағдарламасына   сәйкес  республикалық  бюджеттен  жүзеге асырып келеді  және  гендік қорды  шаруашылықта  пайдалануды    қамтамасыз  ету  және  өнідірілген  тұқым   шаруашылығы  мен  асыл тұқымдық  өнімнің   сапасын   бақылауды   жүзеге  асыру  үшін  үлкен   жауап  болып отыр.  Сонымен  қатар жерді тиімді пайдалануды,  мамандандыру аймақтары бойынша   өндіріс пен еңбек ресурстарын  тиімді орналастыруды,  ауыл шаруашылығы   өсімдіктерінің  сорттары мен  тұқымдарының   жоғары  өнімді  түрлерін шығаруды, олардың гендік  қорын сақтауды, ауыл шаруашылығы  аймақтарының жағдайына бейімделген,  өнім  өндіруге  жұмсалған шығынды  азайту мен қоршаған ортаны  қорғауды  қамтамасыз  ететін  технологиялар мен механикаландыру  құралдарын  жасауды, ауыл шаруашылығы  өнімін барынша   ұқсататын   жаңа   технологиялар әзірлеуді  ауыл шаруашылығын  ғылыми қамтамасыз  етудің басым бағыттары деп  белгілеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Қазақстан Республикасының 2003 – 2005 жылдарға арналған мемелекет –

тік ауыл шаруашылық бағдарламасы. Алматы 2003

2.  Қазақстан агроөнеркәсібі. Рауан 1990

3.  «Ақиқат» 2004 № 2

4. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.А., Байжұманов А.Б. Мал өсіру және селекция. – Алматы, 2006ж.

5. Байжұманов А.Б. Мал өсіру.- Алматы, Қайнар, 1987.

6. Байжұманов А.Б. Отарбаев А. Селекция сырлары, А.1990.

7. Садықұлов Т.С., Байжұманов А.Б.Бегімбеков К.Н. Мал өсіру пәнінің практикумы.-Алматы,1997.

8.  Садықұлов Т.С., Ким Г.Л., Жазылбекова Р.А. Практикум по разведению и селекции животных А.1997.

9.  Садықұлов Т.С. Разведение и селекция сельскохозяйственных животных. Алматы, 2003.

10. Борисенко Е.В. Разведение сельскохозяйственных животных. М., ''Колос'', 1967.

11. Борисенко Е.В. Практикум по разведению сельскохозяйственных животных. -М., Колос,1984.

12. Кравченко Н.А. Разведение сельскохозяйственных животных. М., ''Колос'',1973.

13. Бигалиев А.Б. Генетика и окружающая среда. Караганда, 1987. с 120

14)В.И.Фисинин, Промышленное животноводство

15.Е.Байбаразов, Өнеркәсіптік негіздегі қой шаруашылығы

16.Қ.Бозымов, Жылқы және түйе шаруашылығы

17.О.Ғұмаров, Етті ірі қара шаруашылығы

 18.П.А.Есаулова, П.Р.Литовченко , Овцеводство

 19.К.Т.Касымов, Овцеводство

20)А.В.Лакина, Мясное скотоводство

21)С.Б.Саудабаев, Қой мен ешкіні қолда өсіру

22.Б.Әкімбеков, Етті-сүтті жылқы шаруашылығы

23)Л.К.Эрнст, Скотоводство

24) Голубник  М: М география мирового  хозяйства

 

 




Информация о работе Мал шаруашылығы