Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:01, курсовая работа
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын,және оның түрлеріне тоқтала отырып, қазіргі кезде даму жағдайы жайлы ой қозғаймын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
Бұл тақырыпта «агроөнеркәсіптік», «ауыл шаруашылығы», «ауыл шаруашылығына жарамды жер», «жайылым», «егістік жер», «өсімдік және мал шаруашылығы», , «қой шаруашылығы », ұғымдары төңірегінде қалыптасады.
Кіріспе
1. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
2. Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны
2.1.Мал шаруашылығы саласының даму жолдары мен қазіргі кездегі проблемалары
2.2.Қой шаруашылығы
2.3 Мал шаруашылығын өсіру технологиясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен.
Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды.
Қазақстанның
ауыл шаруашылығына қолайлы
Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі.
Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады.
Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады.
Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды.
Кеңес өкіметі
кезеңіндегі жүргізілген
Бүгінде
Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет
жағдайына қол жеткізгенде
ың маңызды және өмірлік қажет саласының
әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік
басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге
байланысты, аграрлық саланың тұрақты
және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі
туындап отыр.
Бүгінгі
таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға
басулар нарықтық қатынастарға көшу
ауыл шаруашылығын реформалауды да талап
етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер
жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің
келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен
үйрене отырып алға басқанымыз жөн
– деп түсінеміз. Сондықтан да,
социализм тұсындағы аграрлық қаты
настардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі,
нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың,
олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін,
аграрлық қатынастардың негізі болып
табылатын жер қатынастарының қалыптасу
заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі
дағдарыс себептерін қарастыра отырып,
азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық
прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы
ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру
процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру
саясатының ауылдық аймақтарға жасаған
ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын
көте
ру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін
анықтайды. [12]
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2001-2005 жылдары орташа 10,7%-ға, оның ішінде өсімдік шаурашылығында - 13%-ға, мал шаруашылығында – 7%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің оңды динамикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігімен, мал басы мен мал өнімділігінің артуына және «Ауыл» мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыруға негізделген. 2003-2005 жылдары осы бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 367,2 млн. теңге бөлінді және игерілді. Осы қаржылар есебінен фитосанитарлық және эпизоотикалық қолайлылық, тұқымдардың сапасын тексеру қамтамасыз етіліп, таңдаулы тұқымдардың, асыл тұқымды өнімдердің, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, суармалы су жеткізудің құны арзандатылды.
2006 жылдан
бастап Агроөнеркәсіптік
2. Мал шаруашылығының түрлері және оның агроөнеркәсіп кешенінде алатын орны
Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық –түлікпе (сүт, май, ет, т. б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен
(жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары т.б.) ауыл шаруашылық өндірісін күш – көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді.
Мал шаруашылық өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет –сүйек, және сүйек ұндары, т. б.), дәрі –дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынды. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Мал шаруашылығының тарихы
осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы
жануарларды қолға үйрету кезеңінен
бастау алады. Алғашқыда мал шаруа-шылығы
табиғи сипатта дамығандықтан
Қазақстанда
19 – ғасырдың соңына дейін
негізінен қой, ешкі, түйе және
жылқы түліктері өсірілуінің
бірнеше басты себептері бар.
Жер аумағының 70%-ға жуығын (182
млн га) осы малдарды өсіру
арқылы тиімді пайдалануға
Мал шаруашылығы – қазақ халқының ата – бабаларынан қалған дәстүрлі кәсібі. Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші салалары – қой, ешкі, мүйізді ірі қара, жылқы, түйе шаруашылықтары. Шошқа, марал, құс, ара және жібек құртын өсіру – мал шаруашылығының қосымша салалары. Орасан мол табиғи жайылым мен шабындық жердің Қазақстанның мал шаруашлығын өркендетудегі маңызы зор.
Қазақстанның
табиғи жайылымыды дала, шөлейт,
шөл зоналарында және биік
таулы аудандарында қой
Еліміздің
табиғи жағдайы қой
Республикамыздағы
қой шаруашлығы көп таралған
өңірлер Оңтүстік, Батыс, және
Шығыс Қазақстан аудандары.
Қой шаруашылығы бірнеше
Биязы және
жартылай биязы жүнді қой
Арқар –
меринос тұқымды қой
Ет –
май бағытындағы еділбай
Елтірі беретін
қаракөл тұқымды қой
Еліміздің
солтүстігіндегі орманды дала
және дала зоналарында,
Етті –
сүтті ірі қара өсіру –
Мүйізді
ірі қара малын жайылымда
Республикамыздың
барлық аудандарында жылқы
Мал шаруашылығындағы
мал тұқымын асылдандыру ісін
қаржылай қолдаудың көлемі аз
болуы малдың жасы мен жынысы
бойынша топтарын есепке ала
отырып, асылдандыру ісін
Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен.
Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.
2.1 Мал шаруашылығы саласының даму жолдары мен қазіргі кездегі проблемалары
1-сурет. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы
Мал шаруашылығында 2001 жылмен салыстырғанда сүт -66,9 мың тоннаға, ет – 20,3 мың тоннаға, жүн – 2,0 мың тоннаға, жұмыртқа – 2,5 млн. данаға артық өндірілді.
Көрсеткіштердің тұрақты өсіміне асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен малдарды қолдан ұрықтандыру орталықтары санын арттыру есебінен малдардың гендік қорларын жақсарту сертігін тигізуде. Облыста 204 қолдан ұрықтандыру пункттері мен 59 асыл тұқымды мал шаруашылықтары жұмыс істейді.