Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 12:59, реферат
ЛДГ-5 сыдыра жыртқышы бөлек агрегаттық гидрожүйесі бар «Беларусь» тракторының барлық түрімен агрегатталады. Ол рамадан екі оң жақ және екі сол жақ секциядан, брустардан, секциялардан доңғалақтардан гидробасқару механизімен тегістегіштен және реттелетін төмендеткіштерден тұрады. Сыдыра жыртқыш рамасы екі ортаңқы доңғалаққа орнатылған және пісіріліп жасалған тіркеу тетігінен, тірек сыдырығынан, доңғалақтар брустарынан тұрады. Брустар секциялары (Сол жақ) төрт қырлы түтіктен, сол жақ жартылай остен, штырлардан және тіректерден тұрады. Брусқа гидроцилиндрдің кронштейні пісірілген.