Дискілі сыдыра жыртқыштар

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 12:59, реферат

Описание работы

ЛДГ-5 сыдыра жыртқышы бөлек агрегаттық гидрожүйесі бар «Беларусь» тракторының барлық түрімен агрегатталады. Ол рамадан екі оң жақ және екі сол жақ секциядан, брустардан, секциялардан доңғалақтардан гидробасқару механизімен тегістегіштен және реттелетін төмендеткіштерден тұрады. Сыдыра жыртқыш рамасы екі ортаңқы доңғалаққа орнатылған және пісіріліп жасалған тіркеу тетігінен, тірек сыдырығынан, доңғалақтар брустарынан тұрады. Брустар секциялары (Сол жақ) төрт қырлы түтіктен, сол жақ жартылай остен, штырлардан және тіректерден тұрады. Брусқа гидроцилиндрдің кронштейні пісірілген.

Работа содержит 1 файл

ашмп.doc

— 311.50 Кб (Скачать)

Дискілі сыдыра жыртқыштар.

 

    ЛДГ – 5 дисклі гидрофицияланған сыдыра жыртқыш, астық дақылдарынан кейінгі егістікті тереңдігін 4-10см етіп сыдыра жыртуға арналған. Оны парды күтуге де, сондай – ақ топырақ қыртыстарын бөлу мен жыртудан кейінгі көсектерді ұсақтау үшін бір ізді тырма ретінде де пайдаланады. 

    ЛДГ-5 сыдыра жыртқышы бөлек агрегаттық гидрожүйесі бар «Беларусь» тракторының барлық түрімен агрегатталады. Ол рамадан екі оң жақ және екі сол жақ секциядан, брустардан, секциялардан доңғалақтардан гидробасқару механизімен тегістегіштен және реттелетін төмендеткіштерден тұрады. Сыдыра жыртқыш рамасы екі ортаңқы доңғалаққа орнатылған және пісіріліп жасалған тіркеу тетігінен, тірек сыдырығынан, доңғалақтар брустарынан тұрады. Брустар секциялары (Сол жақ) төрт қырлы түтіктен, сол жақ жартылай остен, штырлардан және тіректерден тұрады. Брусқа гидроцилиндрдің кронштейні пісірілген. Брустың ұшына цапфасына шеткі доңғалақ орнатылатын сол жақ жартылай ось жиналған. Брустың шабылу бұрышын 35 градус қоятын тұрақты тірегі бар, сондай-ақ брустың шабуыл бұрышын 30,20,15 градуста өзгеретін алмастырылмалы тірегі де бар.

 
     ПЛДГ -5 сыдыра жыртқышын көлбеулігі 6 градустан аспайтын сүдігерлер мен парларда қар суын тоқтатып, оны бір келкі тарататын шұңқырлар жасауға қолданады. 
 
    ЛДГ – 10 дискілі гидрофицияланған сыдыра жыртқыш астық дақылдары жиналған егістіктерді төрт – он сантиметр етіп сыдыра жыртуға арналған. Оны парды күту үшін де, жыртудан кейінгі қыртыстар мен кесектерді ұсақтайтын бір ізді тырма есебінде де пайдаланады.  
 
 
Культиваторлар 
 
Культиваторларды жіктеу.

  

    Культиваторлар топырақты қопсытуға, арамшөпті отауға, тыңайтқыш шашуға, түптеуге арналған. Атқаратын жұмысына қарай топырақты жаппай өңдейтін және қатараралықтарды өңдейтін культиваторға бөлінеді. 
 
     Кейбір дақылдарды егіп-өсіру ерекшеліктеріне қарай өнеркәсіп арнаулы культиваторларды шығаруда. Тракторға тіркеу әдістеріне қарай культиваторлар аспалы және тіркемелі деп бөлінеді. 
 
 
 
 
 
      Культиваторлау дегеніміз топырақ қабатын аудармай, таяз ғана, арамшөптерді отаумен ұштастыра жүргізілетін қопсыту процесі. 
 
      Культиваиорлауға қойылатын талаптар.

      Жаппай культиваиорлауды негізінен жерді тұқым себер алдында өңдеу үшін қолданады. Культиваторлаған кезде мынадай агротехникалық талаптар орындалуы тиіс: культиваторлауды алдын ала белгілеген тереңдікте белгілі бір мерзімде жүргізу; топырақтың үстіңгі қабатын кішігірім кесекті етіп тегістеу және қопсыту тереңдігінің біркелкі болуы; қопсытылған үстіңгі қабаттағы жалдардың биіктігі 4 см-ден артпауға тиіс; топырақтың астыңғы ылғалды қабатын аудармау, арамшөптерді толық отау. 
 
 
 
 
    Алғашқы культиваторлауды негізгі жыртылған жердің бағытына көлденең, ал одан кейінгілерін алғашқы бағытта перпендикуляр етіп жүргізеді. 
 
    Культиватордың құрлысы.

    Гидрофицияланған культиваторлар КПС-4 культиваторына үйлестіріп жасалып, тұқым себер алдында егістікті жаппай және тасы жоқ парды өңдеуге арналған. Жұмыс жылдамдығы 12 км/сағ-қа дейін жетеді. 
 
     КПС-4 культиваторы БЗСС-1,0 типтес немесе серіппелі тырмалардың ортаңғы тістерінің буындарын асуға арналған құралмен жабдықталған. 
Оны аспалы етіп те, тіркемелі етіпте шығарады. КПС-4 культиваторының біреуін тіркемелі немесе аспалы вариантта, алым енін 4,0 м етіп МТЗ-80, ЮМЗ-6Л тракторларына агрегаттайды. Алым ені 4м келетін екі культиватордың әрқайсысын тіркемелі варинтта, СП-11 гидрофицияланған тіркеу тетігінің көмегімен Т-150 және Т-150К тракторына агрегатталады. Культиваторды КПЦ 14 000 топсасының көмегімен жалғастырады.  
 
     Ортаңғы тісті рамасы бар культиваторды оларды асылған күйінде жұмысқа пайдаланғанда трактордың артқы доңғалағындағы жүкті алдыңғы жағына ауыстырады. Трактор жүгін раманың алдыңғы брусына қойып, трактордың бойлық тұрақтылығын сақтайды. 
 
     КПС-4 культиваторды жебе сияқты табан мен де, серіппелі де, серіппелі тістермен де жабдықталуы мүмкін. 
 
      Культиватордың жұмыс органының секциясының екі қатар орналасқан жебе сияқты табаны мен үш қатар орналасқан қопсытқыш табаны дербес жетектемелі жүйесі болады. Негізгі құрастыру бөлшектері – рама, тіркеу тетігі, доңғалақ, жұмыс органының терендеуін реттейтін механизм, тырманы асатын құрал, жалғастырғыш топса, тізбек комплектісі. 
 
      Культиватор рамасы тікбұрыш формасында пісіріп ұстатылған, екі көлденең брусы бар. Раманың алдыңғы бурысына алты ұзын, екі құрсауы, үш қысқа және бес бір жақты грядилдер жалғанады. 
 
       Тіркемелі вариантында культиватор раманың алдыңғы бурысына үш жебелі тіркеу тетігі топсамен жалғанады. Тіркеу тетігінің ортаңғы тартқышы рамаға арнайы кронштейн арқылы бекітіледі. Культиватор аспалы жағдайда рамаға тіркеу тетігімен кронштейн орнына бекіткіш ұстатылады. 
 
       Ортаңғы тартқыштың алдыңғы шетіне трактордағы немесе тіркеуіштегі культиватор тіркемесінің биіктігін реттеуге мүмкіндік беретін тіркеме ашасы бекітіледі. 
 
      Раманың алдыңғы бурысына жұмыс органдары мен грядильдермен жүріс тереңдігін реттетін винтті механизмі бар тіреуіш доңғалақ топсамен бекітіледі. 
 
      Тізбек рамасының артқы бұрышы бастырма штангаларымен жалғанады. Доңғалақ пневматикалық, оның ені 170 мм, диаметрі 750 мм, № 207 және 208 шарикті подшипниктерге орнатылған. Доңғалақ май құтылы шриц арқылы салидолмен майланады. Шинадағы ауа қысымы 0,24 МПа-ға деін жетеді. 
 
      Культиватордың тіркемелі вариантында жұмыс органдарын көтеру механизмі культиватор рамасын ортаңғы тартқышпен жалғайтын тасымал планкасынан тұрады. Тасымал планкасы гидро цилиндірлі культиваторды шығарғанда, раманы жұмыс органдарымен қоса тасымал қалпында ұстап тұру үшін қажет. 
 
        КПС-4 культиваторында гридильдің төрт типі: үшеуі қысқа, алтауы ұзын, екеуі айнымалы және төртеуі біржақты орнатылған. Қысқа және біржақты грядильдерге алымы 270 және 330 мм жебе тәрізді табан немесе бір-бірімен серіппелі тіс, ал ұзын және айнымалы грядильдерге алымы 330 мм келетін жебе тәрізді табанмен екіден серіппелі тіс қондырылады.  
 
Катоктар 
 
    Катоктар-егістіктегі топырақ кесектерін майдалауға,онын су режимін жақсарту үшін топырақтың төменгі қабатындағы ылғалдың үстіңгі қабатқа таралып,тығыз қабат жасауына жыртылған егістік бетін тегістеуге,суық жүрген кезде шыққан көкті,көңді немесе жасыл тынайтқыштарды таптауға,жаңбырдан соң пайда болған қабыршақтарды бұзуға арналған: 
 
    Егістікті таптаудын технологиялық процесінде катоктын диаметрімен салмағына ерекще көңіл бөлінеді.Салмағы ауыр катоктар жеңіліне қарағанда топырақты нығыздап,егістікке едәуір жатық жүреді.Егістік беті тегіс болмағанда кіші диаметрлі катоктар жұмыс кезінде шайқалып, топырақты шандатып жібереді.  
 
     Каток топырақтың төменгі қабатындағы ылғалды үстіңгі қабатынашығарып,капилляр қабатын жасайды.Бұл үшін диаметрі үлкен аудармалы тегіс катокты пайдалану қажет. 
 
     Таптаудын бір кемшілігі топырақтын үстіңгіқабаты,әсіресе құрғақ аудандарда тез кеуіп кетеді.Сондықтан топырақтын буланудан сақтайтын үстіңгі қабатын жасау үшін жерді таптаған соң ізінше жеңіл тырмалар жүргізіледі. Топырақты тығыздау және сонымен бірге үстіңгі қабатын қопсыту үшін арнайы конструкция лы катоктар жасалған. Мұндай катоктардың шығыршықтары, өкше темірлі тіс тәрізді шығыңқы ұштары болады. Шығыңқы ұштары немесе өкше темірі жерге бойлай еніп, қайта суырылғанда, оның беткі бөлшектерін ілестіре шығып, топырақты қопсытады да, өз салмағымен төменгі қабаттарды бір мезгілде тығыздай отырып, топырақтың астыңғы қабатындағы ылғалды сақтап қалатын ұсақ жентектер түзеді.  
 
    Топырақ өндеуге қойылатын талаптарға байланысты катоктардың салмағы, мөлшері, формасы түрліше жасалынады. Тегіс, тісті, шығыршық тәрізді , тұтас және салмағын арттыру үшін су немесе құм толтырылған қуыс катоктар болады.  
 

 

 

 

     Шығыршықты өкше темірлі ЗККШ-6 катогы (33, а сурет ) тұқым себу алдында және сепкенен кейін топырақты таптауға, үстіңгі қабатты қопсытуға, әрі топрақтың беткі қабатын тығыздауға, топырақ кесегін майдалауға, егістік бетін жарым жартылай тегістеуге арналған. 
 
     Каток топса арқылы жалғастырылған бір алдыңғы буыннан тұрады. Алдыңғы буын тікелей трактормен, ал екі бүйір буын бірінші буынның рамасына қондырылған бүйір тіркеуіштердің алдыңғы буынына жалғасады. Ол үшін буынды, сондай-ақ бір буынды тіркеуіш болыпта жұмыс істейді. Катоктың әрбір буыны пісіріп ұстатылған рамадан, диаметрі 520 мм , он үш дискіден, осьтен , дискіден , тіркеу тетігінен және сыйымдылығы 0,141 м жүгі бар жәшіктен салмағы 310 кг. 
 
    Шығыршықты өкше темірлі катоктардың жұмыс органы- құйма дискілер , оны айналдыра сына тәрізді өкше темірлер біркелкі орналасқан. Дискілер ось күпшегінде еркін айналады және рама кронштейінің тесігіне орнатылған подшипниктерге тіреледі. Катоктың салмағы 977 кг, ЮМЗ-6 және «Беларусь» тракторларына агрегатталады. 
 
    Өнімділігі 7,8 га/сағ, алым ені 6,1 м, агрегаттың қозғалу жылдамдығы 13 км/сағ. 
 
    Шығыршықты-тісті ККН-2,8 катогы топырақтың беткі қабатын нығыздауға, бір мезетте кесектерін майдалауға және бетін жеңіл-желпі тегістеуге арналған. Катокты тұқым себер алдында және сепкеннен соң таптауға, кесектерін майдалауға пайдалануға болады. Ол топсамен жалғасқан үш буыннан, алдыңғы бір және артыңғы екі буындардан тұрады. Алдыңғы буын тракторға немесе тіркеуішке, ал алдыңғы екі бүйір бірінші буынның рамасына орнатылған тіркеуіш көмегімен жалғасады. Катокты бір, екі, үш және төрт секциялы құрал түрінде пайдалануға болады. 
 
     Шығыршықты катоктың жұмыс органы буын білігіне орнатылған он сыналы және тоғыз тісті, шығыршықтан тұрады. Тісті шығыршықтар буын рамасына бекітілген подшипникке орнатылған. Қырлы шығыршықтың диаметрі 350 мм, ал тістісінікі – 366 мм. 1 см алымға түсетін қысым 0,25 Н, әрбір буынның алым ені 0,94 м. ККН-2,8 катогы Т-25 А тракторына,  
 
     2ККН-2,8 катогы Т40 М тракторына, ЗККН-2,8 бен 4ККН-2,8 катоктары С-11 автотіркеуіш арқылы «Беларусь» тракторына және СУ-11 автотіркеуіш арқылы Т-150К, ДТ-75М тракторларына агрегатталады. 
 
     Өнімділігі 6 га/сағ, алым ені 6м және «Беларусь» тракторындағы жылдамдығы 11км/сағ. 
 
     Су құятын беті тегіс үш буынды ЭКВГ-1,4 катогы көктемде көп жылдық шөп егілген топырақ пен жемшөптік ауыспалы егісті таптауға, сондай-ақ егісті жыртар алдында көң мен жасыл тыңайтқышты сіңіру үшін қолданылады. 
 
    Каток тіркемелі ауыл шаруашылық құралы. Оның бір алдыңғы екі артқы буындары бар, олар өзара топсамен жалғанып, жердің кіші-гірім бедеріне жақсы икемделуі үшін шахмат тәрізді орналасқан. Катокты тракторменде, атпенде сүйреуге болады. 
 
        Катоктың әрбір буынында рама, барабан және тазалауыш болады. Каток рамасы пісіріліп ұсталған конструкция, ол екі көлденең және екі бойлық бұрыштамадан тұрады. Бойлық бұрыштаманың имек ұшына тіркеме планка және қапсырма орнатылған. Алдыңғы катоктың рамасына ойығы бар ұзынша артқы бұрыштама орналасқан, оған штырьлармен артқы буын бекітілген. Артқы бұрыштаманың ортасында ойық болады, бұл катоктарды бір-біріне агрегаттау үшін қажет. 
 
       Барабан пісіріліп ұстатылған металл конструкция, тегіс келген іші қуыс цилиндр, оның бет жағына фасонды ойық жасалған. Осы ойықтан өткізілетін цапфа рама рама подшипниктеріне орнатылған. Барабанның ағызу тесігі бар, ол бұрандалы тығынмен жабылады. 
 
     Жұмыс кезінде барабан бетіне жабысқан топырақ арнайы тазартуышпен тазартылады. Жалпы алым ені 4м, бір буындыкі - 1,4м. Алым енінің 1 см-не түсетін минимал меншікті қысым 23Н, максимал меншікті қысым 60Н. Меншікті қысымды өзгерту үшін барабанға су құяды. Барабанға құйылған әрбір 140 л су 1см алым еніне түсетін қысымын 9,8Н-ға арттырады.  
 
     Жұмыс кезінде каток тығылып қалмауы және кілт бұрылмауы тиіс. Біржерден екінші жерге тасмалданғанда және ұзақ сақтауға қойғанда , сондайақ суық тускен кезде катоктағы суды ағызып тасиайд. Уш барабанның сиымдылығы 1500л, барабан диаметрі 0,7 м , жалпы кездегі 880 кг , т-25 немесе т-40М тракторларымен жұмыс істеген кездегі өнімділігі 3,0 га/сағ –қа дейін жетеді. 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

  1. Гельман Б.М., Москвин М.В. Сельскохозяйственные тракторы и автомобили. 1987
  2. Гуревич А.М., Болотов А.К., Судницын. Конструкция тракторов и автомобилей. 1989
  3. Халанский В.М., Карпенко А.Н., Зеленов А.А. Сельскохозяйственные машины. 1987 
     
     

Информация о работе Дискілі сыдыра жыртқыштар