Жалпы ережелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 09:52, реферат

Описание работы

1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 26.47 Кб (Скачать)

18-бап. Жеке өмiрге қол  сұқпаушылық       

 Жеке өмiр, жеке бастың  және отбасының құпиясы заңның  қорғауында болады. Әркiмнiң жеке  салымдар мен жинақ ақша, хат  жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге  хабарламалар алысу құпиясына  құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында  осы құқықтарды шектеуге тек  заңмен тiкелей белгiленген жағдайларда  және тәртiппен жол берiледi.  
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.        

19-бап. Меншiкке қол  сұқпаушылық      

1. Меншiкке заңмен кепiлдiк  берiледi. Ешкiмдi де сот шешiмiнсiз  өз мүлкiнен айыруға болмайды.  
      2. Мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын кеменi ұстау; көлiк құралдарын, шағын кемелердi тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерiп қарау тек осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.        

20-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi       

1. Судья сот төрелiгiн  iске асыру кезiнде тәуелсiз  және тек Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңға бағынады.  
      2. Судьялар мен соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өздерiне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешедi. Соттардың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да болмасын араласушылыққа жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.  
      3. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.        

21-бап. Iс жүргiзу тiлi       

1. Қазақстан Республикасында  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк  тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған  жағдайда iс жүргiзуде орыс тiлi  немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк  тiлмен тең қолданылады.  
      2. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлiн белгiлейдi. Белгiлi бiр iс бойынша iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысымен белгiленген тiлдердiң бiрiнде жүзеге асырылады.  
      3. Iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi дәрежеде бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен айғақтар беру, өтiнiштер жасау, шағым беру, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.  
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған заңға байланысты қажеттi iс материалдарын iс жүргiзiлетiн тiлге тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.  
      5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға тиiстi iс жүргiзу құжаттары олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылып берiлуге тиiс.  
      6. Аударма жөнiндегi шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi. 
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.        

22-бап. Куә айғақтарын  беру мiндетiнен босату      

1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген  шектегi жақын туыстарына қарсы  айғақ беруге мiндеттi емес. 
      2. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес. 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақ беруден бас тартуға құқылы және олар бұл үшiн қандай да болмасын жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес.       

23-бап. Бiлiктi заң көмегiн  алуға құқықтарды қамтамасыз 
              ету      

1. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс  жүргiзу барысында заңға сәйкес  бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы  бар. 
      2. Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.       

24-бап. Әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы iс жүргiзудiң 
              жариялылығы       

1. Сот, әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы iстердi қарауға  уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)  осы iстердi жүргiзудi ашық түрде  жүзеге асырады.  
      2. Заңға сәйкес мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар iстерге қатысты, сондай-ақ соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету, жеке бастың, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалар өмiрiнiң интимдiк жақтары туралы мәлiметтердi сақтау қажеттiлiгiне не ашық қарауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларға сiлтеме жасаған iске қатысушы адамның өтiнiшiн қанағаттандыру кезiнде iс жүргiзу жабық түрде жүзеге асырылады.  
      3. Жеке тұлғалардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары тек осы хат жазысу мен телеграф хабарламаларын өзара алмасқан адамдардың келiсiмiмен ғана ашық iс жүргiзу барысында жария етiлуi мүмкiн. Керiсiнше жағдайда осы адамдардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары жабық iс жүргiзу тәртiбiнде жария етiледi және зерттеледi. Аталған ережелер жеке сипаттағы мәлiметтерi бар фото- және киноқұжаттарды, дыбыстық және бейнежазбаларды зерттеу кезiнде де қолданылады.  
      4. Iске қатысушы адамдар мен ашық iс жүргiзуге қатысып отыратын жеке тұлғалар iс жүргiзiлiп жатқан үй-жайдағы өздерi иеленген орыннан iс жүргiзудiң барысын жазбаша түрде немесе аудиожазуды пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Iс жүргiзу барысында кино- және фотосуретке түсiруге, бейнежазбаға, тiкелей радио- және телехабарларды таратуға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске қатысушы адамдардың пiкiрлерi ескерiле отырып жол берiледi. Бұл iс-әрекеттер iстiң қалыпты жүруiне кедергi жасамауға тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн.  
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.        

25-бап. Iс жүргiзу барысында  қауiпсiздiктi қамтамасыз 
              ету      

 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк  құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қалыпты  жұмысын және iс жүргiзуге қатысушылардың  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн  жағдайда өтедi. Қауiпсiздiктi қамтамасыз  ету мақсатында судья, лауазымды  адам iс жүргiзу кезiнде қатысып  отыруға тiлек бiлдiрген адамдардың  жеке бастарын куәландыратын  құжаттарын тексерудi, өздерiн тексерiп  қарауды және олар әкелген  заттарды тексерiп қарауды қоса  алғанда, оларды тексеру жөнiнде  өкiм бере алады.       

26-бап. Iс жүргiзу iс-әрекеттерi  мен шешiмдерiне 
              шағымдану бостандығы      

1. Соттың, әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы iстердi қарауға  уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне осы  Кодексте белгiленген тәртiппен  шағымдануға болады. 
      2. Iске қатысушы адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар. 
      3. Шағымды шағым берген адамға зиян келетiндей етiп немесе шағым өз мүддесiне орай берiлген адамға зиян келетiндей етiп қарауға жол берiлмейдi.       

27-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды 
              мүдделерiн сот арқылы қорғау      

1. Әркiмнiң өз құқықтары  мен бостандықтарын сот арқылы  қорғауға құқығы бар. Мүдделi адам  құқықтары, бостандықтары немесе  заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда  немесе дауға түскенде, оны қорғау  үшiн заңда белгiленген тәртiппен  сотқа жүгiнуге құқылы.  
      2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және жеке тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып (арыз жазып) жүгiнуге құқылы.  
      3. Ешкiмге ол үшiн заңмен көзделген соттылығы оның келiсiмiнсiз өзгертiлуге тиiс емес. 
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.   

 


Информация о работе Жалпы ережелер