Әуімшілік құқытың пәні мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 22:21, автореферат

Описание работы

Танымдық қызығушылық — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық қызығушылық проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде технология пәнін оқыту арқылы жүзеге асады. Бұдан технология пәнін оқыту үдерісінде танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарының көздейтін мүддесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Танымдық қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

zhunisova.doc

— 280.00 Кб (Скачать)

 

Біз, осыны ескере отырып мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияны қолдану арқылы мынадай дидактикалық міндеттердің шешімін іздестіреміз:

- оқушылардың технологиялық  білімді пайдалануда шеберлігін  қалыптастыру үдерісін жетілдіру;

-   олардың шығармашылық  қабілеттерін қалыптастыру;

-   оқушылардың білімін  бақылау мен бағалауды қайтара қарастыру;

-   оқушылардың алынған  нәтижені талдай білу қабілетін  жетілдіру;

-   оқушылардың оқуға  деген белсенділгін арттыру;

- меңгерген білімін  өздігінен дербес дамытуға бағдарлау  қызығушылығын.

Тәжірибелік - эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Біз кезеңдерді зерттеу жұмысымыздың теориялық негізіне талдау жасай отырып келесі реттілікте қарастырылды.

  1. кезең (анықтау). Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуды педагогикалық жүйе арқылы меңгеруін оқыту және технология пәнін оқыту үдерістерінің жаңаша бағыттағы ағымында анықтау.
  2. кезең (қалыптастыру). Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуды педагогикалық жүйе арқылы меңгеруін оқу - танымдық әрекеттер, яғни педагогикалық іс - тәжірибе барысында қалыптастыру.
  3. кезең Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын жаңа ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастыруды педагогикалық жүйені қолдану барысында бақылау.

Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын технология пәнін оқыту үдерісінде дамытуды педагогикалық жүйе арқылы қалыптастыру мақсатын қамтамасыз ету үшін, әрбір кезеңнің міндеттері белгіленді. Әрбір кезең аралығында оқушылардың танымдық қызығушылықтарының дамуы педагогикалық жүйе арқылы меңгеру деңгейлері (төмен, орта, жоғары) сауалнама, сұхбат, бақылау, әдістері негізінде қарастырылды. Деңгейлер өлшемдер мен көрсеткіштердің ара қатынасын бейнелейді.

Алғашқы анықтау жұмысы жоғарыдағы №257 қазақ орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен өткізілді. Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін «Технология» пәнінің «Костюм тарихы және иық бұйымдарын құрастыру және модельдеу» бөліміне дейін өткізілді. Мұның өзі экспериментке қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасады, бұл оқушылардың танымдық қызығушылықтарын өндірістік технология негізінде дамытуды педагогикалық жүйе арқылы меңгеруінің бастапқы деңгейін анықтауға мүмкүндік береді. Осы мақсатта келесі көрсеткіштерге сәйкес, біз әзірлеген әдістеме сауалнама, әңгімелесу, сабақ үстінде оқушылардың тікелей практикалық жұмыстарын бақылау, жазба жұмыстары өткізілді (Қосымша А).

Өткізілген эксперименттің дайындық тәжірибесі 9-11сынып оқушыларының «Жеңіл  киімнің негізгі бөлшектері мен түйіндерін өңдеу» бөлімі бойынша игерілетін теориялык білімдерін меңгеру деңгейінің байқау және бағдарлау арқылы жүргізіліп, сапасын анықтау үшін бақылау сұрақтары дайындалды (Қосымша А).

Бақылау сұрақтары «Жеңіл  киімнің негізгі бөлшектері мен түйіндерін өңдеу» бөлімі бойынша дайындалды. Эксперименттік топ оқушыларына педагогикалық жүйе бойынша дайындалған материалдар ұсынылды.

Қазіргі мектеп жағдайының өзекті мәселелеріне 9-11 сынып оқушылары бөлім бойынша материалдарды саналы түрде түсіністікпен, хабардарлықпен қарай білді. Сондай-ақ бақылау нәтижесі бойынша жоба жұмыстарын орындауда теориялық білімдердің қаншалықты маңызын жете түсінеді және оның оқыту үдерісіне қажеттілігін ұғынады. Бірақ «танымдық қызығушылық», «техникалық лекал жасау», «технологиялық білім», жақын таныс емес ұғымдарға тіптен анықтама беруге олар талпынбады.

Сондықтан да тәжірибелік - эксперименттің бірінші (аныктау) кезеңінде (9-11 сынып) конструкциялық материалдар элементтерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту бағытта жүргізу міндеттері көзделді. Алынған мәліметтердің негізі көрсеткендей, қолдануға дайындық денгейлері бойынша барлық 9-11 сынып оқушыларының бір-бірінен айырмашылығы жоқ.

«Техникалық лекал жасау», «танымдық қызығушылық», «технологиялық білім» ұғымдарын қалыптастыруды «Жеңіл  киімнің негізгі бөлшектері мен түйіндерін өңдеу» бөлімін зерделеу жеткіліксіз екені байқалды.

Танымдық қызығушылық компоненттерін (теориялық білімдерін меңгеру деңгейі, оқушылардың қызығушылығы, технологиялық білімдерді меңгеру) оқушылардың меңгеру денгейлерін анықтау үшін 110 оқушы қамтылды. Экспериментальды топта 55 оқушы, бақылау тобында 55 оқушы қамтылды

Оқушылардың үлгерім деңгейлерін келесі көрсеткіштермен анықталды:

-«жоғары» - 5 сұраққа да  «жоғары» деп жауап берген жағдайда

-«орта» - 4 сұрақка «жоғары», бір сұраққа орта деп жауап  берген жағдайда

-«төмен» - 4 сұрақка  «орта», бір сұраққа «төмен» деген  жауап берген жағдайда.

Бақылау сұрақтарындағы (а) жауабы «жоғары деңгейді, (б) жауабы орта деңгейді, (в) жауабы төменгі деңгейді анықтайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру деңгейін анықтау үшін бақылау сұрақтары дайындалды. Бақылау сұрақтары «Технология» пәнінің «Иық бұйымдарын құрастыру және модельдеу» бөліміндегі  орындалатын жұмыстар бойынша қамтылды:

Анықтау эксперименті бастапқы таным қызығушылық деңгейін анықтауға, білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауға, қалыптастыру оқу үдерісіне жаңа фактор енгізу мақсатында:

-оқушылардың теориялык  білімдерін меңгеру деңгейі танымдық қызығушылық мотивтерінің себептерінің дамуы, шығармашылық әрекетке бейімділігі, жаңаны жасаудағы жеке қажеттілігімен анықталды.

-оқушылардың танымдық қызығушылығын конструкциялық материалдарды өңдеу негізінде дамытудағы оқушылардың оқу пәніне деген танымдық қызығушылығымен сәйкес келетін іс-әрекет стилін, идеялар мен ойларын, жүзеге асыру бойынша шығармашылык ізденісімен анықталды.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын конструкциялық материалдардың элементтері негізінде қаншалықты дамығанын бақылау сұрақтары арқылы анықталды.

Тәжірибелік - эксперименттің бірінші (анықтау) кезеңі конструкциялық материалдардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту жаңаша окыту, инновациялық технологиялар арқылы оқушыларды сала бойынша еңбекке оқытудағы білім, білік және дағдысын қалыптастыру мақсатын бақылау және анықтау барысында өткізілді.

Кесте 4 - Оқушылардың танымдық қызығушылығының (анықтау кезеңінің) критерияларының көрсеткіштері

 

 

Критерийлері,

 

 

Деңгейлер

Теориялық білімдерін меңгеру  деңгейі

Оқушылардың танымдық қызығушылығы

Технологиялық білімдерді меңгеру

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

 

Жоғары

9(16,36)

8 (14,54)

10(18,18)

9(16,36)

9(16,36)

10(18,18)

 

Орта

32(58,18)

32 (58,18)

31(56 ,36)

32(58,18)

31(56,36)

30(54,54)

 

Төмен

14 (25,45)

15 (27,27)

14(25,45)

14(25,45)

15(27,27)

15(27,27)




 

 

 

а) бақылау тобы

 

б) экспериментальды топ

 

Сурет 1 - Оқушылардың танымдық қызығушылығының (анықтау кезеңінің)  критерияларының көрсеткіштерінің диаграммасы

 

1-суреттегі көрсеткіш  бақылау және экспериментальды топтарының деңгейлерінің әр түрлі болуы (жоғары - 17,0 және 16,0; орта -57, төмен 27,0 ) оқушылардың шығармашылық қабілетін жаңаша оқыту, инновациялық технологиялар арқылы нақтылы меңгере алмағанынан көрсетеді. Бірақ оқушылардың ұлттық бұйымдардың элементтерін қолдану арқылы шығармашылық қабілеттіліктерін дамытуда жаңа технологияларды қолдануға мүмкіншілік бар екендігіне сенімділік болды.

Десекте, біздің танымдық қызығушылықты жаңа ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастыру жөніндегі берген сұрағымызға нақты жауап болмады.

Эксперименттің анықтау  кезеңіне талдау жасай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда кемшіліктер байқалды.

Зерттеу барысында оқушылардың әртүрлі инновациялық бағытта оқығандарымен олардың деңгейлерінде жалпы келесі қателіктер:

-шығармашылыққа деген танымдық қызығушылық мотивтерінің жеткіліксіздігі;

-ұлттық негізде танымдық қызығушылықтың оқыту үдерісінде қалыптаспауы;

-технологиялық білімдерді меңгеруінің орташа деңгейі.

Оқушыларда ұсынылған тапсырмаларды орындауда пайда болған қиындықтар мен қателіктердің ерекшеліктерін ескере отырып, біз мұғалімдердің теориялық білімдерінің жеткіліксіздігін байқадық Осы себептерге байланысты оқушылардың шығармашылыққа деген танымдық қызығушылық мотивтерінің калыптасу дәрежесі де төмен. Әрине бұл факторлар оқу -тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырудың құралы екені белгілі. Біздің жұмысымыз жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуда білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын жетілдірудің тиімділігі біз дайындаған әдістеме негізінде қалыптастыру кезеңінде анықталды.

Бұл фактілерді анықтау мазмұны зерттеуіміздегі танымдық қызығушылығын «педагогикалық жүйе» арқылы қалыптастыру деңгейлеріне нұсқаулар жасауымызға мүмкіндік берді.

Тәжірибелік-экспериментінің  екінші кезеңі (қалыптастыру) педагогикалық іс – тәжірибе барысында жүргізілді. Бақылау тобына БТ - 55, эксперимент тобына ЭТ - 55 оқушы катысты. Бұл кезеңдегі негізгі міндет:

-Технология пәнінің «Костюм тарихы және иық бұйымдарын құрастыру және модельдеу» бөлімін оқытуды стандарт талаптарына сәйкес жүзеге асыра отырып, танымдық қызығушылықты және шығармашылық үдерістерді жандандыратын теориялық білімдерін жетілдіру;

-оқушылардың оқу үдерісінде эвристикалық тұрғыдағы есептерді, міндеттерді енгізу;

- шығармашылық міндеттерді  шешудің мүмкін жолдарын көрсету;

Қойылған міндеттерді  жүзеге асыру барысы тәжірибелік - эксперименттің екінші - кезеңінде (қалыптастыру) педагогикалық іс - тәжірибе барысында жүргізілді. Педагогикалық іс – тәжірибе барысындағы нәтиже, зерттеу жұмысымыздағы педагогикалық жүйе арқылы қалыптастырудың теориясы мен әдістемесінде шығармашылықты енбекке оқыту негізінде қарастырылды. Бұл оқушылардың танымдық, эвристикалық және шығармашылық міндеттерді шешудегі жолдарының теориялык негізін саналы түрде игеруге ықпалын тигізді.

Біз осының бәрін  ескере отырып қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде (9-11 сынып) оқушыларға “Өндірістік технологиялар негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу” деп аталатын факультативтік сабағы арқылы меңгертік. Басты назар арнайы жабдықталған кәсіптік тігін машиналары, иық бұйымдарын жобалау жеңіл киім бұйымдар түйіндерінің және негізгі жеке бөліктердің өңделуі, костюм тарихы, жобалау шығармашылық жұмыстар, жобалау шығармашылық жұмыстарын қорғау, технологиялық білімін қалыптастыру саласынан меңгерген теориялық білімдерін толықтырып жетілдіру, технологиялық білімді жетілдіруде ақпараттық технологияны пайдалану іскерлігін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану арқылы технологиялық тапсырмалардың шешімін іздестіруге дағдыландыру, өзінің даярлық деңгейін қадағалап отыруға баулу.

Осы кезеңде  оқушылардың ақпараттық технология негізінде технологиялық білімін қалыптастырудағы мотивациясы мен құндылық бағдарындағы өзгерістеріне аса мән берілді. Оқушылардың жоғарыда аталған пән сабақтарынан, меңгерген білім, іскерлігі қалыптастыру экспериментінің төртінші кезеңінде жалғасын тапты.

Оқушылар  үшін, әсіресе, “Өндірістік технологиялар негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу” деп аталатын факультативтік сабағының пайдасы ерекше болды. Курс арқылы оқушылар пән сабақтарынан алған білім, іскерліктерін шыңдады: ақпаратты өңдеу құралдарымен танысты, ақпараттың білім беру кеңістігінің құралдарымен жұмыс жасауға, ақпарат – білім» желісінде интернетпен жұмыс жасауға дағдыланды, педагогикалық объектілерді зерттеуде диагностика құралдарын қолдану мүмкіндіктерін танып білді және т.б.

Оқушылардың конструкциялық материалдар элементтерін қолдану арқылы танымдық қызығушылықты дамытуды қалыптастыруды эксперименттік педагогикалық тәжірибеден өту кезінде «Костюм тарихы және иық бұйымдарын құрастыру және модельдеу» бөлімін оқып үйренуде теориялық білімдерін жетілдіру мен игерудің қажеттілігін ұғынуы барысында қалыптасты. Мұнда оқушылар танымдық қызығушылыққа қажетті болатын теориялық мәліметтермен танысты.

Оқушылардың теориялық  білімдерді меңгеруі, өздерінің жаңаны жасаудағы қажеттілікті білу мотивтерінде пайдалану барысында қалыптасты. Оқу - танымдық әрекеттерді қажетсінуі, олардың мәнін сезінуі, оқу үдерісінде дәстүрлі әдістер мен ақпараттық технологияларды салыстыру арқылы жүргізілді.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы - проблемалық есептерді шешу, шығармашылық тапсырмаларды орындау, жобалау, үлгілеу жұмыстарына инновациялық талдау жасау барысында қалыптасты. Бұл сабақтың сапасын арттыру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану, оқушылардың шығармашылық міндеттерді шешу және орындау, үлгілеу, жобалау, және шығармашылық ойлауын анықтауға мүмкіндік берді.

Информация о работе Әуімшілік құқытың пәні мен әдістері