Әуімшілік құқытың пәні мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 22:21, автореферат

Описание работы

Танымдық қызығушылық — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық қызығушылық проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде технология пәнін оқыту арқылы жүзеге асады. Бұдан технология пәнін оқыту үдерісінде танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарының көздейтін мүддесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Танымдық қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

zhunisova.doc

— 280.00 Кб (Скачать)

ӘОЖ  372.862:37.026.6                                                      Қолжазба құқығында

                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖУНИСОВА АСИЯ ТАЛГАТОВНА

 

 

 

 

 

«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру

 

 

 

 

 

6M012000 – Кәсіптік оқыту  (сала бойынша) мамандығы бойынша  педагогика ғылымдарының магистрі  академиялық дәрежесін 

алу үшін дайындалған диссертацияның

 

рефераты

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2012 жыл 

Диссертациялық жұмыс  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің «Кәсіби оқыту  және бейнелеу өнері» кафедрасында орындалды.

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:                            педагогика ғылымдарының кандидаты,

    доцент Г.Ш. Әлназарова

 

 

 

Ресми оппонент:                              педагогика ғылымдарының кандидаты, 

                                                 «Болашақ» университетінің доценті    

                                                 С.Б.Қуанова 

                                                                           

                                                

 

 

 

 

            

 

Қорғау өткізіледі:     

                                                       

Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады (120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі 75, 6 оқу ғимараты, физика-математика факультеті, ауд __________ )

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік Аттестаттау 

комиссиясының хатшысы:                                                           Ш.З. Қошқарова 

 

 

 

Диссертация Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейкестілігі: Тәуелсіз елімізде қазіргі уақытта білімнің кең көлемді қоры жиылған мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқыту үдерісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.

Танымдық қызығушылық  — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының  ерекше көрінісі. Танымдық қызығушылық  проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде технология пәнін оқыту арқылы жүзеге асады. Бұдан технология пәнін оқыту үдерісінде танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарының көздейтін мүддесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Танымдық қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.

Практика көрсетіп отырғанындай, оқушының өз іс-әрекетін жеткілікті деңгейде ұйымдастыруы және психологиялық, теориялық, практикалық даярлығымен қоса, өзбетімен танымдық іс-әрекеттерді орындай алуы мен олардың жеке басының танымдық ізденімпаздығы, қызығушылығы сияқты қасиеттерінің болуын талап етеді. Бұдан «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың толық теориялық тұрғыдан негізделмеуі,  жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялар негізінде «Технология» пәніне деген танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілмеуі мен оқушылардың «Технология» пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажеттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-қайшылықтан оқушылардың танымдық іс-әрекетін, қызығушылығын ақпараттық технология негізінде, электронды оқу әдістемелік құралдары негізінде қалыптастыру мәселесі туындайды.  Ал, ол болса өз кезегінде біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру деп анықтады.

Зерттеудің  нысаны: жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар негізінде жүргізілетін жалпы білім беру мектептерінде «Технология» пәнін оқыту үдерісі. Мектептегі технология пәнін оқыту үдерісіндегі педагогикалық іс әрекетті жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар колдану арқылы жетілдіру жолдары.

Зерттеу пәні: Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға  даярлау жүйесі.

Зерттеудің  мақсаты: Оқушыларға технология пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар арқылы танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудың педагогикалық жүйесін теориялық негіздеу, тәжірибелік тұрғыда дәлелдеу.

Зерттеу болжамы  – егер, технология пәнін оқыту үдерісінде  оқушылардың танымдық қызығушылығын   қалыптастырудың педагогикалық жүйесінің теориялық-әдіснамалық тұғырлары айқындалып, тұжырымдамасы жасалса;  технология пәнін оқыту үдерісінде  оқушылардың танымдық қызығушылығын   қалыптастыруға құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленсе; мектептің технология пәні бағдарламасы мен қазіргі өндірістік заманауи технологияның дамуына, сондай-ақ оны оқытуға сәйкес жүзеге асырылса, ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалануға байланысты әдістеме ұсынылса, онда технология пәнін оқыту үдерісінде  оқушылардың танымдық қызығушылығы,   пайдалануда белсенділігі артады, ал бұл болса, білімі жоғары, өздігімен дербес шешім қабылдай алатын тұлғаның қалыптасуын қамтамасыздандырады.

Зерттеу міндеттері: Еліміздегі жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың технология сабағындағы еңбекке дайындық жағдайымен танысып, жетілдіру жолдарын анықтау;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытудың педагогикалық жүйесі компоненттерінің мазмұнын жасау;
  • Мектептегі технология пәнін оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жаңа педагогикалық ақпараттық технологиялар енгізу арқылы ұсынылған жүйенің тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің  жетекші идеясы: табиғат пен ғылымның, адамның ойлауының өндірістің, қоғамның дамуымен байланыстылығы негізінде білім беру жүйесін мемлекеттік тапсырысқа сәйкестікте жүйелілік тұғыр тұрғысынан зерттеу және жетілдіру іс-әрекеттері, технология пәнін оқыту үдерісінде мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық технология  толық мәнді мүмкіндік береді.

Зерттеудің  теориялық-әдіснамалық негіздерін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған тақырыптық жоспар мен бағдарлама оқушылардың кәсіби даярлығы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектердегі жеке тұлғалық қасиеттерін  дамыту және олардың қызығушылықтарын қалыптастыру туралы қағидалар және ғылыми-технологиялық прогресс (оның әрекет етуінің мәні, жіктеу әдістері), ғылымтану (ғылымды ұйымдастыру тәртібі, ғылыми-техникалық теорияның жұмыс жасау деңгейлері), жеке тұлғаның психологиялық теориясы, педагогикалық және этнопедагогикалық білім беру теориясы,  политехникалық білім беру теориясы, технологиялық білім беру және технологиялық мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасының негіздері және психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша еңбектер құрайды және білімді ақпараттандыру туралы барысында С.Г.Григорьев пен В.В.Гриншкунның ұсынған тәсілдері қолданылады.

Зерттеудің әдістері:

- теориялық  (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті  талдау), т.б.

-  эмпирикалық (сұрау,  бақылау, педагогикалық эксперимент,  педагогикалық іс-тәжірбиелер);

- әлеуметтанулық (сауалнама);

- қосымша білім  беру жүйесі субъектілерінің  тәжірбиесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірбиелік-әдістемелік  жұмыстарды жүргізу, математикалық  статистикалық есептеу әдістері  қолданылды.

Зерттеудің  көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «12 жылдық білім беру тұжырымдамасы» басқа да білім беру саласына қатысты мемлекеттік құжаттар, жалпыға міндетті білім берудің стандарттары, зерттеліп отырылған мәселеге байланысты Отандық және шет ел ғалымдарының педагогикалық еңбектері, технология пәні мұғалімдерінің жаңашылдық тәжірибелері, озат ғылыми зерттеулер, автордың өз тәжірибесі.

Зерттеудің  кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2010 жылы қыркүйек-желтоқсан айлары) зерттеу процедурасы жасалып, проблеманың теориясы, тарихы мен қазіргі жағдайы қарастырылды; зерттеудің әдіснамалық базасы, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, болжамы, жетекші идеясы анықталды; материалдар жинақтау басталды.

Екінші  кезеңде (2011 жылы, қаңтар-тамыз айлары) оқу-әдістемелік, статистикалық материалдарды жинақтау, ғылыми-теориялық талдау, жүйелеу және қорытындылау жүргізілді, зерттеу проблемасы нақтыланды.

Үшінші кезеңде  (2011-2012 жылдары, қыркүйек-ақпан айлары) материалдарды теориялық өңдеу, алынған мәліметтерді жүйелеу және қорытындылау жүргізілді; қорытындыларды рәсімдеу аяқталды.

 Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды және технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін «педагогикалық жүйе» жасалынды..

- жасалынған «педагогикалық жүйе» мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданып,   оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталды.

- мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталып, деңгейлеріне сипаттама берілді.

- мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды   қолдана отырып, оқушылардың  танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру әдістемесі ұсынылды.

Зерттеудің  практикалық мәнділігі:

- мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде олардың танымдық-іс-әрекетін қалыптастыруға арналған «Технология пәні. Өндірістік технология негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу. (10-11 сынып қыздар)» атты электронды оқу әдістемелік құралы жасалынды;

- зерттеу мәселесіне  байланысты оқу әдістемелік кешендер  жасалып практикаға ендірілді.

- теориялық талдаулар негізінде жасалған тұжырымдар мен қорытындыларды, ұсынылған электронды оқулықты мектепте оқыту үдерісінде, өзіндік дайындалуда пайдалануға болады.

Қорғауға  ұсынылатын қағидалар:

- оқушылардың танымдық  іс-әрекеті – танымдық қызығушылық пен қажеттілікті туғызуға бағытталған оқу әрекетінің түрі. Танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы негізінде оқушылардың ой-өрісі толысып, белсенді ойлау әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісін дамытумен қатар, оқушылардың кәсіби мәдениеті мен ізденімпаздығын дамытады.

- мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мәнін анықтау мен мазмұнын сұрыптау, оның оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндіктерінің жоғары деңгейге көтеретіндігін дәлелдейді.

- мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мотивациялық-еріктік мазмұндық, әрекетті-тәжірбиелік бақылау-бағалау компоненттері бірлігінде байқалады және нақты өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер арқылы сипатталады.

- мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі, оқушылардың меңгерген білім, іскерлік, дағдысын практикалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен пайдалануға бағдарлайды.

Зерттеу нәтижелерінің  дәлелділігі оның мәселеге, зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кешенді әдістерді қолданумен, таңдалған әдіснамалық тұғырды негіздеумен жеткілікті деңгейде байланыстылығымен қамтамасыз етілді және зерттеушінің осы бағыттағы практикалық жұмыс тәжірбиесімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу жұмысының  теориялық қағидалары  мен нәтижелерін  байқаудан өткізу түрлі деңгейдегі ғылыми практикалық конференцияларда жүргізілді. Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

  1. Әлназарова Г.Ш., Жүнісова А.Т., «Оқушыларды кәсіпке баулуда ұйымдастырылған модельдер», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, п.ғ.д., профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру -  Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция, сәуір, 2011 жыл. 
  2. Кошкарова Ш.З., Жунисова А.Т., Наурызбаева А. Қ.,   «Совершенстование технологического образования студентов к эстетическому воспитанию школьников». Республиканская конференция «Повышение качества дополнительного образования в условиях модернизации педагогического процесса в современной школе», Семипалатинский государственный педагогический институт имени Шакарима, 26-27 апрель 2012 год. 
  3. Жүнісова Ә.Т., Шильдебаева Л.К., Сайлыбаева А.Н., «Технология  сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру», «Дәулет» ғылыми-педагогикалық журналы, №3, 2012 жыл. 

Информация о работе Әуімшілік құқытың пәні мен әдістері