Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:54, реферат
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың әрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. («Неке және отбасы туралы» Заңның 34-бабы).
Жалпы ортақ меншік
болып табылатын мүлікке ерлі-
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін ескере отырып ерлі-зайыптылардың үлестерінің теңдігі негізін ескермеу құқығы берілген.