Отбасы құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:54, реферат

Описание работы

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

отбасы к2.doc

— 49.00 Кб (Скачать)

Отбасы құқығы 
 

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа  да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып  табылады.

Отбасы құқығының  пәнін құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік  қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынсатарды реттеу болып табылады. Ол әзіндік қатыныстарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасы өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осыда жатыр.

Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде  сез қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С.Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыдан номалдаудың обьективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқына шығып кетеді.

Отбасы кұқығын  зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М.Ворожейкин: «Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек», деп жазды.

Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғары Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.

«Неке және отбасы туралы»  Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213- баптан тұрады.

Бірінші бөлімдегі  «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері  белгіленеді.

«Неке» деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.

«Отбасы» деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің  негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.

«Отбасы мүшелерінің  алименттік қатынастары» деген 5 бөлімде  ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналардың  бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.

Жетінші бөлімде  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ  адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.

Отбасы құқығы бойынша  неке - бұл «ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқы одақ»

Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдары негіздерінің бірі болып табылады.

Қазақстан аумағында  қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже 1926 жылға дейін болды да, кейін 1944 жылғы 8-шілдедегі КССР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып, бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мұндый қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты көрсетіле отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі неке қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырады.

Некеге түру үшін заңда белгіленген шарттарды (9-11 -баптар) сақтау қажет. Аталған шарттарды  оң (пазитивтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтанда, онды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.

Оның біріншісіне  мыналар жатады: некеге тұратын еркек  пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.

Некеге тұратын  адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтін көрсетеді.

«Неке және отбасы туралы»  Заңның 10-бабында белгіленгендей, еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе Қазақ ҚСР-інің неке және отбасы кодексінің 16-бабына сәйкес еркектердің неке жасы 18, әйелдердікі-17 деп белгіленген болатын.

«Неке және отбасы туралы»  Заңның 10-бабында азаматтық хал  актілеріне жазу органдары некеге түруды мемлекеттік тіркеу орындарында дәлелді себебтері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының, немесе қорғаушылардың келісімімен) көзделеген.

Белгілінген неке жасын  кемітудің қажеттілігіне келетін  болсақ, мұндай жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзінде некеге тұрғандар үшін, әйелдің аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалады.

Некеге тұруға кедергі  жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да себептердің болатындығы «Неке және отбасы туралы» Заңның 11 - бабында қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұрудың тыйым салынады:

1) біреуі болса  да басқа тіркелген некеде  тұрған адамдардың;

2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балаларыдың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың);

3) асырап алушылар  мен асырап алынғандардың;

4) біреуін болса  да психикалық ауруының немесе  ақыл-есі кемдігінің салдарынан  сот әрекетке қабілетсіз деп  танылған адамдардың.

Заңмен белгіленген  шарттар бұзылған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Сондай-ақ жалған неке («Неке және отбасы туралы» Заңның 24-бабы) жарамсыз деп танылады. Белгіленген заң тәртібімен тіркелсе де, «отбась құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардыі құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке» (заңның 1-бабы) жалған нею деп танылады. Некеге тұру фактісінен көрінетіндей, жалған нек кейбіреулердің бас пайдасы үшін, ғана жасалады (мысалы, қалада тіркеге түр үшін, армия қатарына шақырудан жеңілдік алу үшін т.б.).

Мәжбүрлеп қиылған  неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқығы бар адамдар «Неке және отбасы туралы» Заңның 25-бабында аталған. Некені жарамсыз де тану туралы талап  қоюға жүбайлар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы және органдар, сонда-ақ осы некені тіркеу кезінде қүқығы бүзылған басқа , адамдар құқылы.

Неке жасы жөніндегі  шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмелет  толмаған адамның ата-анасының, қорғаншысының (қамқоршысының) және прокурордың талап  қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмелеі толмағандардың ісін қорғау кезінде жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке тек соның өзінің талабы бойынша жарамсыз деп танылады.

Заңның некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап көрсетуге болады.

Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізеді.

Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтте заңға орай оның қиылуына кедергі жасалған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, ері некеге түру кезінде басқа әйелімен некелескенін жасырған жағдайда, істі сот қарағанда дейін ол өзінің бірінші қиылған некесін бұзып, ажырасып үлгере алады.

Үшіншіден, некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туындаған  немесе зауыптылардың барлық жеке және мүліктік құқығының, сондай-ақ «Неке  я отбасы туралы» Заңның 27-бабында  қарастырылған басқа да құқықтық салдарлардың жойылуына әкеледі

Алайда некені жарамсыз деп тану осы некенің қиылуы нәтижесінде  туған немесе некені жарамсыз деп  танығаннан кейінгі 270 күннің ішінде туған  балалардың құқығына нұсқан келтірмейді.

Тіркелген некеге ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

«Неке және отбасы туралы»  Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зауыптылардың  жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықтары, тұрғылықты жерді таңдау құқығы, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешеу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зауыптылар тең құқықтырды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зауыптылардың  жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке  болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зауыптылардың ешкасысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

Қолданып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зауыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зауыптылар өз қалаулары боынша ортақ бір тек таңдауға қүқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зауыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.

Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін  елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі  текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-нің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ елі. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанаға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.

Қызмет мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың  оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша  жұмыс орнынын табу жөніндегі  мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.

Тұрғылықты жерді  таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде түруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.

Заңда ерлі-зайыптылардың  некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстары, т.б), осы табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) және т.б. жатады.

Жалпы тәртіп бойынша  ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған, немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

Бірге тұрған кезде  жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың  әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі  болады және оған өздері дара билік  етеді. Мұндай жеке дара мүліктерге ері  мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі  немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған, немесе мүрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б) ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің қүндыз мантосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.

Информация о работе Отбасы құқығы