Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2013 в 18:05, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
І. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.................................................................................................3
ІІ. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты түрлері
2.1 Терроризм (233-бап)........................................................................................12
2.2 Адамды кепілге алу (234-бап)........................................................................14
2.3 Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап)....................................................................................................17
2.4 Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)....................19
2.5 Бандитизм (237-бап)........................................................................................25
2.6 Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап).................................................................................................................26
ІІІ. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
3.1 Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға түсінік..........................................10
3.2 Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)................................................................12
3.3 Бұзақылық (257-бап).......................................................................................24
3.4 Тағылық (258-бап)...........................................................................................25
Қорытынды..........................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................26

Работа содержит 1 файл

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.docx

— 51.56 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

Кіріспе......................................................................................................................2

І. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.................................................................................................3

ІІ. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты түрлері  

2.1 Терроризм (233-бап)........................................................................................12

2.2 Адамды кепілге алу (234-бап)........................................................................14

2.3 Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап)....................................................................................................17

2.4 Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)....................19

2.5 Бандитизм (237-бап)........................................................................................25

2.6 Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап).................................................................................................................26

ІІІ. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

3.1 Қоғамдық тәртіпке қарсы  қылмыстарға  түсінік..........................................10

3.2 Жаппай тәртіпсіздіктер (241-бап)................................................................12  

3.3 Бұзақылық (257-бап).......................................................................................24

3.4 Тағылық (258-бап)...........................................................................................25

Қорытынды..........................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................26

 

 

 

                                                            КІРІСПЕ   
  
        Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес – Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – делінген.   
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.   
       Сөйтіп терроризм – ең қауіпті және қоғамның ең басты проблемасы ретінде адамзаттың 21 ғасырына енді. Яғни, соңғы кезде терроризм дами келе қоғамға қауіптілігі күшейіп, осының салдарынан көптеген елдерде және оның азаматтарына орасан түрде зиян келтіреді. Сонымен қоса саяси, экономикалық, имандылық немесе өнеге (мораль) саласында орасан зор шығындарға әкеліп соғады және көптеген адамдарға психикалық түрде әсер етеді. Ең бастысы ешқандай кінәсі жоқ жандардың құрбан болуы.   
        Қазіргі этапта терроризмнің жан-жақтылығы дамып, ол өте кең өріс алып отыр. Яғни, соңғы кездері терроризмнің салдары ұлтаралық, мемлекет аралық конфликтіге әкеліп соғуда. Соңғы жылдары террористік қылмыстың географиялық жағдайы өсіп, яғни оның жасалу айқыны ұлғайып және сипаттамасы күннен-күнге күрделеніп барады. Терроризмнің саны күрт өсуде және оның жасалу формасының әркелкілігі, объектісі мен мақсаттарының әркелкілігі онымен күресуге қиындық соқтырып отыр.   
        Ең басты өзекті мәселе ретінде терроризм қаупінен ешқандай мемлекеттің сақтандырылмауында болып отыр. Яғни, бұл дегеніміз мемлекет-мейлі дүние жүзінде ең мықты держава болсын немесе артта қалған дамушы мемлекет болсын бәрібір, олар үшін терроризм қаупі бірдей болып отыр. Бұған негіз ретінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарындағы болған қанды оқиға мен 2002 жылдың 23 қазандағы Мәскеудегі болған әрекеттерді айтуға болады.   
        Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға арналған осы курстық жұмыста біз аса назар аударғанымыз осы террорлық әрекет болып отыр.   

 

 

 

І. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

1.1 Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік  деп — адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және онын қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады.   
         Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.   
         Объективтік жағынан алғанда қоғамдык қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 233 және басқа баптары); ал қайсыбіреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 245, 246-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (ҚК-тің 245, 246, 251-баптары).   
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 233, 234, 237-баптары т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 245, 244-баптары) жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты түрлері  

2.1 Терроризм (233-бап)

Терроризм — қазіргі дәуірдегі  ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда  ұлттық шектен шығып халықаралық  сипат алуда. Террорлық әрекеттер  әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі  элемент бар. Оның біріншісі—терроризм  — мемлекеттік өкімет билігін  күйретуге бағытталған; екіншісі —  терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 233-бабы бойынша: "Терроризм, яғни адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға  қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт  қою немесе өзге де іc-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті  бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік  органдардың шешім қабылдауына  ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол  мақсатта жасаймын деп қорқыту", — болып табылады.

       Қылмыстың тікелей объектісі — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады.   
          Қылмыстық кодекстің 233-бабында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау; 2) аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталады. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың қиратылуын, сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.   
          Терроризмнің объективтік жағының ерекшелік белгісі — осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптарының нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жары¬лыс жасау немесе өзгеде әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да қылмыс аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып та¬былады. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.   
          Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң — қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.   
Қылмыстың субъектісі — 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.   
Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет; атыс қаруын қолдана отырып жасаған терроризм үшін жауаптылық көзделген. Алдыңғы екі ауырлататын түрлердің түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағында және 11-бабында берілген.   
Атыс қару-жарағының түсінігі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңында берілген. Қылмыстық кодекстің 233-бабының 3-тармағында терроризмнің аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: ұйымдасқан топ жасаған; жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивтік материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасқан; абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер. Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс түсінігі ҚК-тің 31-бабының 3-тармағында көрсетілген, жаппай қырып-жоятын қарудың, радиоактивті материалдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 243, 247-баптарында берілген.   
          Басқа ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т.б. әрекеттер жатады. Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінәнің екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінәлінің істеген әрекеті — қасақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады. Егер кінәлінің әрекеті және одан туатын зардап — адам өліміне деген қатынасы қасақаналықтан құрылатын болса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 96-бабы 2-тармағының тиісті тармағы және 233-бап) бойынша сараланады.   
           Қылмыстық кодекстің 233-бабының ескертуінде: "Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертумен немесе басқа жолмен тер¬роризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады",— делінген.   
Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.   
Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде. өзге қылмыс құрамы (мысалы, қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

        

 

2.2 Адамды кепілге алу (234-бап)

Адамды кепілге алу  халықаралық маңызы бар қылмыс болып  табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас  Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды кепілге алуға қарсы күрес  туралы" халықаралық конвенция  қабылдаған.   
          Қылмыстың тікелей объектісі — кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.   
Кепілге алу — кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады.   
          Кепілдік ретінде ұстау — адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.   
Адамды кепілге алу — формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адамды заң¬сыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді.   
          Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі — қылмыстың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол — мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір іс-әрекет жасауға неме¬се қандайда бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету бо¬лып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түрінде жасалады. Кінәлінің мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.   
          Әрекетсіздікті істеуді мәжбүр етулерге: қылмысты icтi тергеуді доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, әлеуметтік немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады.   
Қылмыстың субъектісі 14-ке толған, есі дұрыс адам. Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген: а) осы қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасауы (ҚК-тің 31-бабының 2-тармағын қараңыз);   
б) бірнеше рет (ҚК-тің 11-бабын қараңыз);   
в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасау: жәбірленушінің денсаулығына қасакана жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтіру, ұрып-соғу, оларды суық не¬месе өте ыстық жайларда ұстау, ұзақ уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.;   
г) қаруды (атылатын немесе суық) немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта, монтировка және т.б.) қолдана отырып жасау;   
д) көрінеу кәмелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты жасау;   
е) айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты;   
ж) көрінеу дәрменсіз күйдегі адамға (өте жас, кәрі, есалаң, ауру адамдарға) қатысты;.   
з) екі немесе одан да көп адамға қатысты. Қылмыстық кодекстің 234-бабының 1-тармағында адамды ғана кепілге алғандық үшін жауаптылық белгіленген;   
и) пайдакүнемдікпен немесе жалдану арқылы жасалса. Пайда "табудың немесе жалданудың түсінігі ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының "а" тармақшасында берілген.   
          Қылмыстық кодекстің 234-бабынын 3-тармағында адамды кепілге алуды ұйымдасқан топ (қараңыз: ҚК-тің 31-бабының 3-тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің немесе оның туыстарының ауыр науқасқа душар болуы, ауыр дене жарақатын алуы неме¬се оларға едәуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе және т.б.) әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.   
          Қылмыстық кодекстің 234-бабының ескертуінде: "Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойын¬ша босатқан адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады",— делінген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынған адамды өз еркімен босату деп кепілге алған адамның кепілге алынған адамды ұстап тұруға толық мүмкіндігі бола тұра, оны босатуын айтамыз. Өкіметтің талап етуі бойынша босатуда осылай жүзеге асырылады. Кепілге алынған адамды амалсыздан босату өз еркімен босатуға жатпайды.   
Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа қылмыс құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру: адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ, дәріні ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.  

 

 

2.3 Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (235-бап)

Көрсетілген қылмыс құрамы Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексіне тұңғыш рет енгізіліп  отыр. Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратыны жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың  тікелей объектісі — қоғамдық немесе мемлекеттік қауіпсіздік  болып табылады. Өйткені ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың әртүрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі  келтірумен бірге, олардың дұрыс  қызметіне санқилы тосқауылдар  жасап, нақты қауіп төндіреді.   
          Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 235-бабында көрсетілген қылмыс құрамы төмендегіше түрде сипатталады:   
а) ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқару (235-баптың 1-тармағы);   
б) қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшін құру;   
в) қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кіретін құрылымдық бөлімшелерді басқару;   
г) қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестіктерін құру (235-баптың 2-тармағы);   
д) қылмыстық қоғамдастық не ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкілдерінің басшысы болу;   
е) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы (235-баптың 4-тармағы).   
          Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оны басқаруға — бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын екіден кем емес адамдардың біріккен тұрақты тобын құру, құрылған топқа басшылық істеу әрекеттері жатады. Осы әрекеттерді істеген адам Қылмыстық кодекстің 235-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.   
          Қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) құруға осы қоғамдастыққа қатысушыларды тарту, оларға кіретін құрылымдық бөлімшелерді құру, қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларын, басшыларын, өзге де өкілдерін белгілеу, олардың міндеттерін анықтау, ұйымдастырушылық нысандағы жоспарлар жасау болып табылады. Қылмыстық қоғамдастық ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін немесе осындай қылмыстарды жүзеге асыру үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында құрылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру — қылмыстық қоғамдастықты немесе оған кіретін бөлімшелерді басқарушыға да тән болып табылады. Осыған орай онша ауыр емес, ауырлығы орта қылмыстарды істеу үшін қылмыстық қоғамдастықты (ұйымды) құру және оның немесе оған кіретін бөлімшелерді басқару көрсетілген қылмыс құрамына (235-баптың 2-тармағы) жатпайды, мұндай әрекеттер ҚК-тің 235-бабының 1-тармақшасымен қамтылады.   
Қылмыстық қоғамдастық банда құрамына ұқсас, бірақ одан оқшау, өзіндік өзгешеліктері де бар.   
           Қылмыстық қоғамдастық көп жағдайларда заң тыйым салған басқадай әрекеттер: наркотикалық нәрселерді өндіру, тасымалдау, тарату, жалған ақша жасау, жасырын түрде алко¬голь ішімдіктерін, дәрі-дәрмек, улар, қару-жарақтар, жаппай зақымдау заттарын дайындау, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық сияқты іс-әрекетгерді істеумен байланысты болады. Ал банда болса азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында құрылады. Қылмыстық қоғамдастықтың міндеті әруақытта шабуыл жасаумен байланысты емес. Банда мүшелері сияқты қылмыстық қоғамдастыққа кіретіндер де қаруланған болуы мүмкін. Бірақ қылмыстық қауымдастықтағы қару шабуыл жасау үшін емес, олардың өзін, оған кіретін бөлімшелерді басқа қылмыстық топтан, ұйымнан, қауымдастықтан қорғау үшін ғана қажет болады. Егер қылмыстық қауымдастық бандитизм құрамындағы қылмысты әрекеттерді істесе, онда іс-әрекетте Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабында (235, 237-баптар) көрсетілген қылмыстардың жиынтығы бар.   
           Қылмыстық қоғамдастықты басқаруға оны немесе оған кіретін бөлімшелерді тікелей басқарып, жұмысын ұйымдастыру, олардың құжаттарын дайындау, қоғамдастыққа кіретін адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рольдерін айқындау, оларға міндет жүктеу әрекеттері жатады.   
           Қылмыстық қоғамдастыққа қатысуға, осы қоғамдастықтың міндеттерін тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орындаушысы болу немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық қоғамдастықты қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады.   
            Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады: кінәлі ұйымдасқан қылмыстық топ, қауымдастық (ұйымды) құрудың, оны басқарудың немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны құруды, оған басшылық етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді.   
            Қылмыстық кодекстің 235-бабының 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 4-тармағында көрсетілген қылмыстың субъктісі болып — арнаулы субъект (қылмыс¬ты әрекеттерді істеуге өз лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері немесе өкімет өкілдері) танылады.  

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар