Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:44, реферат
Ми- бұл организмдегі барлық қызметтерді реттейтін орталық. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі қызметі – осы орталыққа кіретін ми бөлімдері (алдыңғы, ортаңғы, артқы және т.б.) арқылы біртұтас ағза тәртібін жүзеге асыру.
ЖЖІӘ – организмнің сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін, ми қыртысы және оған жақын қыртыс асты құрылымдар әрекетінің күрделі түрінің жиынтығы. ЖЖІӘ – орталық жүйке жүйесiнiң ең маңызды, негiзгi бөлiмi.
1. Кіріспе
2. ЖЖІӘ-зерттеу әдістері
3. Шартты және шартсыз рефлекстер
4. Ми қыртысының түзу-талдау әрекеті
5. ЖЖІӘ-типтері
6. Жоғарғы психикалық қызметтер.
Ұйқының механизмі: Гуморальдық фактордың ролі - ұйқының түзілуінде пептид, эндорфин және сергектік кезіндегі зат алмасудың өнімдерін жинақтауы ұйқыны тудырады.
Жүйке жүйесінің ролі: торлы құрылым, гипоталамус, лимбиялық жүйе үлкен рольді алады.
Гипноз – (грек тілінен аударғанда – ұйқы) бұл адам мен жануарлардың ұйқыға жақын жағдайы. Павловтың дәлелдемесі бойынша гипноздың негізінде мидың жоғарғы бөлімдерінің тежелу құбылысы жатыр. Адамда гипноз иландырумен тууы мүмкін. Ол бірқатар аурулардың емінде қолданады.
Өздік бақылау сұрақтары:
1. Үлкен ми жарты шарлары қызметінің негізгі принциптері.
2. Шартты рефлекстер және шартсыз рефлекстер, олардың айырмашылығы.
3. Этология қандай ғылым? Мінез-қылықтың түрлері.
4. Жоғарғы психикалық қызметтерге нелер жатады?
5. Темпераменттің қандай типтері сізге белгілі?
6. И.П.Павлов бойынша немесе сигналдық жүйелерге қатысты ЖЖІӘ-нің қандай типтерін білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер: НӘ 1(581-627), 2. ҚӘ 7.