Негізгі сұрақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:44, реферат

Описание работы

Ми- бұл организмдегі барлық қызметтерді реттейтін орталық. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі қызметі – осы орталыққа кіретін ми бөлімдері (алдыңғы, ортаңғы, артқы және т.б.) арқылы біртұтас ағза тәртібін жүзеге асыру.
ЖЖІӘ – организмнің сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін, ми қыртысы және оған жақын қыртыс асты құрылымдар әрекетінің күрделі түрінің жиынтығы. ЖЖІӘ – орталық жүйке жүйесiнiң ең маңызды, негiзгi бөлiмi.

Содержание

1. Кіріспе
2. ЖЖІӘ-зерттеу әдістері
3. Шартты және шартсыз рефлекстер
4. Ми қыртысының түзу-талдау әрекеті
5. ЖЖІӘ-типтері
6. Жоғарғы психикалық қызметтер.

Работа содержит 1 файл

4.docx

— 127.92 Кб (Скачать)

4.13 14-дәріс. Жоғарғы  жүйке іс-әрекетінің физиологиясы

Мақсаты: Тәртіптің биологиялық негізгі өзектілігін талдау. ЖЖІӘ-типтері мен психикалық қызметтердің физиологиялық негізін оқып-білу. Анохиннің функциональдық жүйесінің жануарлардың психикалық функцияларынан көрінісін мысал ретінде түсіндіру, ағзаның функциональдық жүйе жұмысын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

1.     Кіріспе

2.     ЖЖІӘ-зерттеу әдістері

3.     Шартты және шартсыз рефлекстер

4.     Ми қыртысының түзу-талдау әрекеті

5.     ЖЖІӘ-типтері

6.     Жоғарғы психикалық қызметтер.  

 

Кіріспе. Ми- бұл организмдегі барлық қызметтерді реттейтін орталық. Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі қызметі – осы орталыққа кіретін ми бөлімдері (алдыңғы, ортаңғы, артқы және т.б.) арқылы  біртұтас ағза тәртібін жүзеге асыру.

ЖЖІӘ – организмнің сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін, ми қыртысы және оған жақын қыртыс асты құрылымдар әрекетінің күрделі түрінің жиынтығы. ЖЖІӘ – орталық жүйке жүйесiнiң ең маңызды, негiзгi бөлiмi. Ми қыртысы организмде болатын өзгерiстердi алдын-ала болжап, сол өзгерiстерге организмді дайындайды. Оның қызметi: бiрiктiру және бейiмдеу.

Жоғарғы жүйке  іс-әрекетін зерттеу әдістері:

·        Егеуқұйрықтардың тәртіптік реакциясын зерттеу

·        Егеуқұйрықтарда БҚШР құрастыру

·        Тағамды табу ШР құрастыру

·        Түрлі тестілерді қолдану барысында ЖЖІӘ-типтерін анықтау

·        Тесттер көмегімен адамның жоғарғы психикалық қызметін анықтау 

 

Шартты рефлекс

Шартсыз рефлекс

1. Берілген анықтамасы  бойынша:

-жеке даму барысында  ағзаның жүре пайда болған  реакциясы

-тұқым қуалау арқылы  берілетін, эволюция кезінде түзіліп,  бекітілген, ағзаның туа біткен  реакциясы.

2. Рефлекстердің  сипаттамасы бойынша:

-жеке болып табылады, тіршілік барысында тукады, бекітіледі де сөнеді.

-түрлік болып табылады, барлық адам мен жануарларда  туа пайда болады.

3. Осы рефлекстердің  тууы бойынша: 

-тууы үшін арнайы жағдай  қажет, кез-келген қабылдағыш  аймақтың кез-келген тітірукендіргішінде  түзілуі мүмкін.

-арнайы жағдайдың қажеті  жоқ, анық бір рецепторға үйркеншікті  тітіркендіргіш әсер етсе, онда  осы рефлекс туады. 

4. Осы рефлекстердің  сақталынуы бойынша: 

-өзгергіш, қозғалғыш, жоғалуы  немесе сөнуі мүмкін.

-тұрақты, өмір бойы  сақталынады.

1.     Осы рефлекстердің жүзеге асуында қатысатын

ми құрылымдары  бойынша:

-ми қыртысы.

-қыртсы пен қыртыс  асты құрылымдар (жұлын, ми бағаны).


 

 

Шартсыз рефлекстердің  түрлері: Инстинкт – шартсыз рефлекс түрi, рефлекторлы реакцияның тiзбектi түрде жүруi, яғни бір рефлекторлық реакцияның аяқталуы келесi реакцияға тiтiркендiргiш болып табылады. Инстинкттің ерекшелігі:

·        рефлекторлық реакцияның тізбекті түрде жүруі;

·        гормондық (жыныстық және ата-аналық инстинкт жыныс бездері қызметінің циклдық өзгерістерімен байланысты) және метаболиттік (мысалы: организмнің ашығуында, ондағы зат алмасудың өзгеруіне тәуелді) факторларға тәуелділігі;

·        басымдылықтың көптеген қасиеттерімен сипатталады.

Шартты рефлекс  түрлері. Тітіркендіргішке жауаптың пайда болу уақытына байланысты ШР келесі түрлерін ажыратады:

А. 1-реттегі ШР дегеніміз -  шартты тiтiркендiргiш және  шартсыз тiтiркендiргiштің бірмезетте ұштастырылу барысында қалыптасатын рефлекстер.

Б. 2-реттегі ШР - оларды құрастыру барысында шартты тiтiркендiргiш, шартсыз тiтiркендiргiшпен бекiтілмегенде, УБ туады.

В. 3-реттегі ШР - екінші реттегі ШР негізінде белгісіз жаңа тітіркендіргішті пайдалану арқылы осы рефлекстерді қалыптастыруға болады.

Г. Жоғарғы реттегі ШР – бұл бұрын пайда болған шартты рефлекстердің негізінде қалыптасатын рефлекстер.

ЖЖІӘ-тежелудің  түрлері. И. П. Павлов ШР зерттей отырып, мидың барлық әрекеті  қозу және тежелу үрдістерінен тұрады деп тұжырымдады. И.П.Павлов бойынша қозу мен тежелу үрдістері таралуы және жинақталуы мүмкін. Өте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде қозудың таралуы іске асырылады.

ЖЖІӘ-тежелудің 2 тобын ажыратады:

1. Шартсыз  (туа біткен), оның екі түрі бар:

сөнуші, тәжірибе кезінде  бөгде тітіркендіргіш әсер еткенде,  адам мен жануарларда бағдарлау рефлексінің пайда болуының біртіндеп жойылуы және тұрақты, сөнбейтін организмде патологиялық үрдістер кезінде туатын тежелулер деп екіге бөлінеді.

2. Шартты (жүре  пайда болған)

Кешікпелі-тітіркендіргіштің оқшауланып әсер етуінің 20 секундтық уақытында ШР жасырын кезеңі 2-4 сек. тең.

Ажыратпалы-екі агенттің, яғни шартсыз тітіркендіргіштің тұрақты түрде бекітілуі және оның бекітілмеуінің арқасында құрастырылады.

Өшуден тежелу - шартты тітіркендіргіш шартсызбен бекітілмесе, онда тітіркендіргіш біртендеп өзінің сигналдық мәнінен айырылады да, оған деген рефлекс өшеді.

Шартты тежегіш келесі түрде құрастырылады: шартты сигналға кез-келген қосалқы агентті байланыстырады және осы кешен шартсызбен ұштастырылмайды.

Ми  қыртысының түзу-талдау әрекеті. Талдау және түзуге организмнің ішкі ортасына келіп түскен ақпараттар ұшырайды. Оның ішінде негізгі орынды миға проприорецептордан, буын мен сіңірлерден келген ақпараттар, ал адамдарда сөйлеу мүшелерінен келген ақпараттар алады.

И.М.Сеченов мидың түзу-талдау әрекетінің тегершігі- адамның заттарды сезіну және қабылдауымен тікелей байланысты екендігін дәлелдеді.

Ми қыртысының түзу және талдау әрекетінің 3 деңгейі бар:

1-деңгейі, әрбір талдағыштың рецепторында басталады.

2-деңгейі қыртыс асты түйіндерінде жүреді.

3-деңгейі ми қыртысында орындалады.

ЖЖІӘ-типтері. Темперамент – жігерлі, қызба мінез-құлықтың өткірлігі және организмнің жалпы қызметінің жылдам құбылатындығы.

Гиппократ бойынша:

·        қызу қандылар  (sangvis) - тірі қандылар

·        кілегейлі   (phlegma) - кілігейлі

·        күйгілікті  (cole) -өт

·        бұзылған қара өт  (melancole)- қара өт

И.П. Павлов жүйкелік үрдістің 3 қасиетін сипаттады; яғни қозу мен  тежелудің күші; тепе-теңдігі;  қозғалғыштығы.

1. Жүйкелік үрдістің күші  – қыртыстағы жүйкелік жасушалардың  күшті және кездейсоқ күшті  тітіркендіргіш әсеріне үйреншікті  түрде жауап беруі (холерик;  сангвиник және флегматикке тән).

2.  Жүйкелік үрдістің тепе-теңдігі – бұл қозу мен тежелу күшінің тепе-тең болуы (сангвиник және флегматикке тән).

3. Жүйкелік үрдістің қозғалғыштығы  – қыртыстағы жүйкелік жасушалардың  тітіркендіргіш әсерінен қозудың  тежелуге және керісінше жағдайға  өту қасиеті (холерик және сангвиникке  тән).

Сонымен:

1. Күшті, қозғалғыш, тепе-тең  қасиеті басым ЖЖІӘ сангвиник  типі болып табылады. Осы түрге  жататын жануарлар қозғалғыш,  белсенді болып табылады; қозудан  тежелу және керісінше жағдайға  тез өте алады (5-6 тәжірибеден  кейін); бұл жануарларда кешігуші  ШР тез құрастырылады және  ол,  ДС өте алады.

2. Күшті, қозғалғыш, тепе-теңсіз  – қасиеті басым, темпераменттің  холериктік (ұстамсыз) типі болып  табылады.

Жануарлары өте күшті  қозғыш, тежелуге қарағанда қозу басым  болғандықтан, жүйкелік үрдістің тепе-теңсіздігі анықталады, оларда ШР тез құрастырылады, тежелуші (айырмашылық, тежегіш) ШР баяу және толық емес түрде түзіледі, көбіне тежеледі.

3. Күшті, тепе-теңді, инертті  флегматик (салмақты) болып табылады. Инертті – қозудан тежелуге  және керісінше жағдайда ұзақ  түрде өту қасиеті. Жануарлары: жүйкелік жасушалары жұмысқа  өте жақсы қабілетті; қозу мен  тежелу үрдістері теңескен, тітіркендіргіш  әсеріне үйреншікті түрде, оңай  жауап береді.

4. Жүйкелік үрдістің әлсіз  түрі – меланхолик. Тежелудің  әлсіздігінен жүйкелік үрдістердің  тепе-теңдігі мен қозғыштығы туралы  ешнәрсе айтуға болмайды.

 

Бірінші және екінші сигналдық жүйелер. И.П. Павлов жануарларға жасаған шартты рефлекторлық әрекетін адамға оның психикасын, ерекшеліктерін есепке ала отырып, І- және ІІ-сигналдық жүйелерді ашты. Организмнің есту, көру және т.б. рецепторларына сыртқы ортадағы заттар мен құбылыстардан келіп түсетін әсерлердің түзілуі мен талданылуы І-сигналдық жүйені (адам мен жануарларға тән) құрайды. Сонымен қатар, тек қана адамдарға тән еңбек әрекеті мен әлеуметтік даму кезінде сөйлеу сигналымен байланысты ІІ-сигналдық жүйе бар. Бұл жүйенің сигнализациясы оқығандарды көру, өздігінен сөйлеу немесе дауыстап сөйлеу, естігендерді қабылдаудан тұрады. Осы сигналдық жүйелердің өзара әрекеті адамның ЖЖІӘ арнайы түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Психикалық қызмет, яғни сана, сөйлеу, ойлау, ес және эмоция, адамның интеллекттік әрекеті, тәртіптің бейімделуінің жоғарғы түрі. Интеллект – бұл адамның өмірде алған білімін табысты түрде қолдану, көбінесе шындық әрекеттен шығатын есептерді алдына қою мен оны шешу.

Психикалық әрекет – бұл шартты рефлекторлық әрекетке қарағанда, адамға тән ЖЖІӘ жаңа, өте жоғарғы деңгейі.

Адамның психикалық әрекетінің дамуының бейнелеу түрінде 2 сатысын  айырады:

1. Қарапайым сенсорлы  кезең, яғни қоршаған ортаны сезіну түрі мен заттардың жеке қасиетінің бейнесі (иконикалық ес).  Қабылдауды сезінуден айырмашылығы – заттың біртұтас бейнелігінің салдары. Организмнің жеке дамуында түзілетін әрекеттің нағыз (дәл) сезіну бейнелеуінің түрі – ол көзқарас. Көзқарас  кеңістікте уақытша байланысын көрінетін құбылыс немесе заттың бейнелі суреті.

2. Күрделі уақытша  байланыспен сипатталатын интеллект пен сананың түзілуі. Адамның психикалық әрекеті ой тастаудың сандық, сапалығымен, бейне мен түсініктің мағынасымен беріледі.

Ес. Оның түрлері. Естің түзілуіндегі ОЖЖ бөлімдерінің ролі 
        Ес – жүйке жүйесінің негізгі бір қасиеті, яғни организмнің реакциясы мен қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпаратты ұзақ уақыт сақтау, сонымен қатар бұл ақпаратты сана мен тәртіп аймағына шығару. Ес негізінен ойлаумен тікелей байланысты. Есте қалдыруға қарама-қарсы ол ұмыту.

Эмоция. Қызметі  және түрлері. Эмоция – адамның жеке басына, қоршаған ортасына деген сезімінің қарым-қатынасын бейнелейтін психикалық қызметтің бір түрі. Ол организмнің барлық қызметімен тікелей байланысты. Соңғы кездері эмоциялық кернеулік терең талданылуда. Оның тәжірибелі маңызы өте зор. Өйткені, теріс эмоциялар ағзадағы аурудың тууына әкеліп соқтырады.

Ойлау. Оның кезеңдері. Ойлау - адамның қоршаған ортасын түйсінуі және жаңа ақпаратты қабылдауы.

Ойлаудың түрлері:Бейнелі ойлау – адам мен жануарларға тән 1-ші сигналды жүйенің қызметімен сипатталады. Сөзді-логикалық -  тек қана адамға тән, алаңдау-түсінікті ойлау түрі.  Ол пайымдауға негізделген.

Ойлау үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – (2-7 жас аралығы) сәби не болатынын түсінеді. Бұл жаста ойлаудың негізгі эелементі болып, іс-әрекет қалады. Әрекет арқылы ойлау дамиды. Бұл кезеңде ойлаумен бірге сөйлеу дамиды.

2-кезең – (7-10 жас аралығы) нақты түсінікті қолдану және логикалық талдау іске асырылады. Бұл кезеңде қыртыс аралық байланыс түзіледі.

3-кезең – (11-15 жас аралығы) сөзді логикалық ойлау түрімен байланысты болжамды бағалау жүзеге асырылады.

Ұйқы және гипноз. Ұйқы – организмнің демалысын қамтамасыз ететін ми белсенділігінің төмендеуіндегі циркадианды биоырғақ. Бұл кезде организмнің жасанды қалпының тұрақтандырылу механизмі және сана толығымен жойылады, талдағыштың сезімталдылығы төмендейді. Нейронның қажуын тудыратын тітіркендіргіштер ұйқыны дамытады. Ұйқының дамуын шартты рефлекторлық тітіркендіргіштер (жарық, дыбыс, соматикалық  және т.б.) жылдамдатады. Қалғу алдында есінеу, ыңғайлы қалыпты қабылдау, сыртқы ортамен байланыстың үзілуі, сананың төмендеуі бақыланады. Ұйқы кезінде бездердің – сілекей (ауыздың құрғауы), жас (көздің ашуы, қабақтардың қосылуы), секреторлық әрекеті төмендейді, брадикардия және брадипноя, гипотензия байқалады және дене температурасы, АІЖ моторикасы төмендейді.

Ұйқының түрлері:

1. Табиғи ұйқы: кезеңді тәуліктік және кезеңді мезгілдік (монофаздық, дифаздық және полифазадық).

2. Жасанды: наркоздық  және гипноздық.

3. Патологиялық: мидың анемиясы, ми құрылымдарының жарақаты кезінде ұйқылы энцефалит - летаргиялық ұйқы пайда болады.

Ұйқының кезеңдері: Баяу ұйқы (ортодоксальды – түнгі ұйқының 80%-ін алады). Баяу ұйқы кезінде ішкі мүшелердің әрекеті, бұлшықет тонусы,  дене температурасы төмендейді.

Баяу ұйқы төрт сатыдан тұрады:

1. Мызғу – ЭЭГ-да альфа толқындар тіркеледі.

2. Беткейлік ұйқы – ЭЭГ-да тета-толқын тіркеледі.

3. Терең емес  ұйқы – ЭЭГ-да бетта толқынмен бірге ұйқы ұршығы пайда болады.

4. Терең ұйқы – ЭЭГ-да бетта толқын тіркеледі.

Жылдам ұйқы (парадоксальды түнгі ұйқының 20%-ін алады). Баяу ұйқының төртінші сатысынан кейін 60-90 минут өткеннен соң жалғасады.  Бұл кезде көздің жылдам қозғалуы, бұлшықет тонусының төмендеуі, тахикардия және тахипноя, гипертензия, түс көру пайда болады. ЭЭг-да альфа-ырғақ байқалады.

Информация о работе Негізгі сұрақтар