Әкімшілік құқытың пәні мен әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 21:47, контрольная работа

Описание работы

Азаматтық құқық пәні. Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады.
Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер ете алады. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және т.б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. ҚР-дағы әкімшілік құқық жүйесіндегі орны.
2. Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
3. Әкімшілік – құқықтық нормалар мен қатынастар.
4. Әкімшілік –құқықтық нормалардың түрлері мен мазмұны.
5. Әкімшілік –құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері, олардың құрамы және қайнар көздері

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

КР Акимшилик кукык.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

      Мақсаты (тағайындалуы)бойынша нормалар реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді: реттеуші норма – бұл белгілі мемлекеттік  басқару өрісінде субъектілерге  құқық беруші немесе міндеттерді  жүктеуші нормалар. Қоргаушы нормалар – бұл құқықбұзушылықтың құқықтық зардаптарын (жаза шараларын) белгілеуші нормалар.

      Заң күші бойынша нормалар  заңшыгару  мен заңдарды жүзеге асырушы нормаларға бөлінеді. Заңшығару нормаларға Парламентпен шығарылған заңдар, Президенттің заң  күшіндегі жарлықтар нормалары жатады. Нормалар жалпы және арнайыларга бөлінуі мумкін: жалпы нормалар азаматтардың баршасына жатады, ал, мысалы, әкімшілік бақылаудағы адамның жауапкершілігін белгілеуші нормалар арнайыларға жатады.

      Қолдану өрісі бойынша нормалар: атқару билік  органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктерінің, мемлекеттік қызметкерлердің, азаматтардың ұйымдастыру мен іс-әрекеттерін белгілейтін нормаларға бөлінеді.

      Кеңістік, уақыт, субъектілерге ықпал етудің шектері бойынша нормалар жалпы міндеттілер мен жүйе ішіндегілерге бөлінеді (соңғылары – тек бағынышты субъектілер ушін ғана міндетті). 
 

Әкімшілік –құқықтық қатынастардың  түсінігі мен түрлері, олардың құрамы және қайнар көздері 

      Әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқықтың нормаларымен ретке келтірілетін мемлекет басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар.

      Өз  кызметі процесінде атқрушы билік  органдары мүдделері бірдей болмайтын  көпшілік субъектілермен әрекеттеседі. Осы субъектілер қатынастары  әкімшілік құқықтың пәні болғаны ұшін, олардың жалпы жүріс-тұрысының ережелерін, соларды қолдану тәртібін, сондай-ақ қатынастардың үйлескен жүйесін табу мақсатқа сәйкес.

      Табиғи  талап, қатынастардың екі тарапы да әкімшілік құқықтың субъектілері болып, заң алдында тең болуы  және оның талаптарын орындауы тиіс.

      Әкімшілік құқық субъектілерінің жалпы  императивтік (сөзсіз,үзілді-кесілді) жүріс-тұрыс ережелерін орнатуда және қамтамасыз етуде , заң нормаларымен бекітілген құқықтық қатынастардың  тұрақтылығында мұқтаждық әкімшілік құқық қатынастарының өктем табиғатына себепші болады.

      Солай етіп,әкімшілік-құқықтық қатынастардың  өктем табиғатына субъектілердің әр түрлі мүдделері мен мұқтаждықтарын реттеу қажеттілігі себепші болады. Мысал, жалпы міндетті жол әрекет қағидаларын енгізу өмірдің талабы десек болады, өйткені оларды жеке адамдар арасында жасалатын келісімдер арқылы орнатудың мүмкіндігі жоқ.

      Субъектілердің  заң алдында теңдігіне карамастан, заңды орындауға бағытталған әкімшілік –құқықтық қатынастар пайда болуының бастамашысы болып басқару органдар немесе қарау сипаттағы өкілеттіктерге ие лауазымды адамдар тұрады. Дегенмен, әкімшілік бақылаудың қағидалары осы жөндегі қатынастардың екі тарапына да бірдей тиесілі: олар бақылаудагы адаммен де, олардың сакталуын қадағалаушы  полиция қызметкерімен де орындалуы тиіс.

      Әкімшілк-құқықтық қатынастардың нормаларын бұзу мемлекет алдындағы жауапкершілікке әкеп соғады, ал туындайтын тартысулар мен басқа мәселелердің шешілуі , әдетте, әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылады.

      Заңда белгіленбеген детальдар субъектілердің еркімен толықтырылатын азаматтық-құқықтық қатынастардан айырмашылығында  әкімшілік-құқықтық қатынастарда анық ережелер мен оларды жүзеге асырушы процедуралар анықталуы талап етіледі. Мысалы, жол әрекеті қағидаларын бұзушыларға МАИ қызметкерлерімен салынатын айыппұл  мөлшері мен оны алу процедурасы анық белгіленуі тиіс. Әкімшілік –құқықтық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері олардың  қалауына қарай өзгертілуі мүмкін емес.

      Әкімшілік –құқықтық қатынастар әр түрлі болады, олардың түрлерге бөлінуі құқықтық нормалар бөлінуіне сәйкес болады.

Мысал, нормаларға уқсас субъектілердің жүріс-тұрысына ықпал етудің әдісінен тәүелді қатынастар да міндеттеуші, тыйым салушы мен рұқсат етушілерге бөлінеді. Нормалардың функциясынан тәүелді құқықтық қатынастар  реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді.

      Құқықтық  қатынастар вертикалды мен горизонталдыларға, аппарат ішіндегі мен аппараттан сырт  қатынастарға, т.б.  бөлінеді.

      Әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне  және олардың жойылуына негіз  болып заңды фактілер тұрады. Заңды  фактілер –бұл тараптар арасында құқықтық қатынастар пайда болуының мән-жайлары (нормалармен белгіленуі тиіис). Заңды фактілер әрекеттер мен оқиғаларға бөлінеді.

      Әрекеттер- бұл субъектінің еркін білдіретін, әкімшілік қатынастардың пайда  болуына, жауапкершілікке әкеп соқтыратын актілер. Олар құқылы (правомерный) (мысал, арыз беру), немесе құқыққа қайшы (мысал,салык толеуден кашу) әрекеттерге бөлінеді.

      Оқиғалар-әректтерден  айырмашылығында , субъектілердің еркінен  тәүелсіз болады . Оларға туылу, өлу  фактілері, қай бір жасқа жету жатады.Туылу және өлу уақыты-бұл  азаматтардың әкімшілік өкілеттіктері  пайда болу немесе жойылуына байланысты заңды фактілер.

      Әкімшілік құқыққабілеттілік- бұл әкімшілік  құқық субъектісі болу қабілеттілігі (мемлекет мойындаған және заңда белгіленген  болу тиіс).

      Әкімшілік әрекетқабілеттілік –бұл әкімшілік  заңшығарумен ескерілген өз әрекеттерімен құқықтарына ие болу және міндеттерін орындау қабілеттігі. Толык әрекетқабілеттілік 18 жастан, жарым -жартылайы 18-ге дейін беріледі. Әкімшілік құқықбұзушылық ушін жауапкер болу қабілеттілігі (деликтқабілеттілік) тек 16 жасқа толған тұлғада ғана туындауы мүмкін.

      Әрекетқабілеттілік  заңда анық және тікелей көрсетілген  мән-жайлармен ғана шектелуі мумкін (рухани кесел, сот ұкімі т.б.).

      Құқықтық  қатынастардың құрамы үш элементтен тұрады:

      1).Субъектіден:  құқықтар мен міндеттерге ие  құқықтық қатынастардың қатысушысы.

      2).Объектіден: мемлекет басқару өрісіндегі  тәртіптілік пен үйлесімділік;

      3).материалдық  мазмұны: тараптардың құқықтары  мен міндеттерін жүзеге асырушы  тұлғалардың нақты әрекеттері .

          Әкімішілік құқықтың қайнар көздері, олардыњ түрлері:

     Әкімішілік  құқыктың қайнар көздері деп мемлекеттік  билік ресми мойындаған басқару  қатынастардағы субъектілердің жүріс-тұрыс  ережелерін білдіру мен бекітудің  сыртқы нысандары айтылады.

            Оларға мемлекеттік  биліктің әр түрлі органдарының нормативтік  актілері жатады. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне бірнеше міндетті белгілер тән:

            -белгілі субъектілер  тобымен орындалуы міндетті болатын  бір немесе бірнеше жүріс-тұрыс  ережелері болуы;

            -мемлекеттік билікпен  ресми түрде мойындалуы ;

            -қалыптасқан,әрекеттегі құқықтық жүйенің шеңберінен аспау, құқықтық саланың доктринасына сай болу;

            -субъектілердің  заңды әрекеттеріне негіз болу  және жиі қолданылу.

            Заң әдебиетінде  әр түрлі авторлар құқықтың  қайнар көздеріне  жалпы алғанда төмендегі  алты нысанды жаткызады:

      1. Құқықтық әдет- қоғамда мемлекеттік  билік араласуынсыз қалыптасқан  және көп  қайтарылу нәтижесінде   азаматтардың санасына сінген  жүріс-тұрыс ережелері- құқықтық  әдет мемлекет пен құқық дамуының  ертедегі сатыларында аса маңызды  болған . Дегенмен , 27 декабрь 1994 жылы қабылданған Қ Р –сы Азаматтық кодексінде(3-нши бап) құқықтық әдет құқықтың қайнар көздері арасында аталып өткен.

      2.Соттық  прецедент – бұл нақты іс  бойынша сотпен қабылданған   және барлық ұқсас (аналогичный)  істерді сотта қарау кезінде колдануға міндетті болып есептелетін шешім. Әкімішілік құқықтың  қайнар көзі ретінде англ-сакстардың құқықтық жүйесінде кең қолданылады. Қазақстанда құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалмаған.

      3. Сот тәжрибесінің қорытындылары  - егер республиканың Жоғары Соты Пленумының қаулысымен ресмилендірілсе, олар құқықтың қайнар көзі есебінде мойындалады. Сот тәжрибесінің корытындылары шығарылған нормативтік актілерінің кемшіліктерін толықтыруда және нормаларды жетілдіруде , нақтылауда аса маңызды болады. Соттардың іс-әрекеті , заң шығаруы, заң ғылымы оларсыз дамуы мүмкін емес.

      4. Ғылыми–құқықтық доктрина - бұл  құқықтың қайбір саласында немесе  бұкіл құқық та жалпы мойындалған  көзқарастардың, ережелердің және  принциптердің жүйесі.

      Құқықтық  доктринаның ережелеріне сүйене, құқықшығарушылық (правотворчество) іс-әрекетінде, қолданылу кезінде заңның баптарын талқылау, құқықтағы кемшіліктерді толықтыру жузеге асырылады. Дегенмен, бұл функцияларына қарамай, ғылыми құқықтық доктрина әкімішілік құқықтың қайнар көздеріне жатпайды. Өйткені, біріншіден, ол жетерлі дәрежеде нақты емес- одан жүріс-тұрыс ережелерін іздеп табу өте күрделі болады. Екіншіден, ол мемлекеттік билікпен ресми қайнар көзі есебінде мойындалмайды, басқа құқықтың ресми мойындалған қайнар көзі көрсетілмесе, оның негізінде ғана шығарылған шешім заң күшіне ие болмайды.

          Қ Р-сында әкімішілік құқық  ресми мойындаған қайнар көздері  ретінде төмендегі нысандары  белгіленген:

      5. Нормативтік акті – бұл мемлекеттік  органмен белгіленген тәртіпте  қабылданатын және өзіне құқықтық нормаларды қосатын немесе әрекеттегі нормаларды жоятын (өзгертетін) акті. Ол қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы болып тұрады.

      6. Шарт - бұл екі немесе одан көп  субъектілердің, тек өздері үшін  ғана міндетті жүріс-тұрыс ережелерін белгілеуші бітім. Горизонтальды (теңқұқықты) құқықтық қатынастардың өркендеуіне  байланысты, шарттың қолданылу өрісі кеңее барады. Осыган сәйкес, оның құқықтың қайнар көздері арасындағы маңызы арта барады.

      Әкімішілік  құқықтың қайнар көзі деп атқарушы іс-әрекет өрісіндегі құқық нормаларын талдап қорытушы, сондай-ақ субъектілердің қоғамдық қатынастарын ретке келтіруші құжаттың құқықтық  нысанын айтамыз. Нормативтік акті (мысалы, оларға Қ Р-сы Конституциясы , Азаматтық кодексі, Парламент заңдары, Жарлықтар мен қаулылар жатады)                                  - бұл құқық нормасын камтитын, атқару билік өкілетті органымен белгіленген тәртіппен шығарылған акті.

Нормативтік акті басқару өрісіндегі қатынастарды ретке келтірудің негізгі жолы болып  тұр. Жоғарыда айтылғандай, К Р-сында әкімішілік құқық қайнар көздері болып көп нормативтік актілер әрекетте. Олардың  негізгі турлері төмендегідей болады:

      1)Қ  Р-сының 1995 жылғы Конституциясы;

      2)Қ  Р-сының 2001 жылғы Әкімшілік құқықбұзушылық  туралы кодексі мен Азаматтық кодексі;

       3)Парламентпен шығарылған немесе  референдум тәртіппен қабылданған  заңдар. Олар  атқару-қарау іс-әрекетінің  негіздерін, оның принициптерін,  басқару органдарының тізімін  және олардың өкілеттіктерін  (құзыретін) белгілейді.

      4)Заң  негізінде шығарылған нормативтік актілер -әрекеттегі заңшығарудың кемістіктерін жетілдіру және заңдарды жүзеге асыру үшін шығарылады, мысалы, кейбір көбірек вертикалды құқықтық катынастарды (өзара бағыныштылығы бар органдардың, субъектілердің арасындағы қатынастарды )реттеуге сәйкестендірілген.

      Бір-біріне бағыныштылығы жоқ әкімішілік құқық  субъектілерінің қатынастарын ретке  келтіру үшін жиірек шарт нысаны қолданылады.

      Нормативтік актілер мен шарттар арасындағы айырмашылық келесіде:

      1)Шарттарда  белгіленген жүріс-тұрыс ережелері тек оны тузген тараптар ушін ғана міндетті  болады;

      2)Шарт  субъектілері өзара теңқұқылы  болады. 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды  

   Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі  бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды. Сондықтан азаматтық заңдылықтардың нормаларын түсіну және қолдану азаматтық құқықтың жалпы қағидалары ескергенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін

   Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.

     Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық  қатынастарды заңдылық қарастырмаған  жағдайларда, құқық аналогияны  негізінде қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:

Информация о работе Әкімшілік құқытың пәні мен әдістері